Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кәсіпорын алаңын жоспарлау және жайластыру, санитарлы қорғаныс аймағы




Кәсіпорынның бас жобасы өндірістік нысандарды жобалаудың өртке қарсы және санитарлық нормаларына жауап беруі керек. Өндірістік кәсіпорын алаңын жобалау кезінде келесі қағидаларды ескеру қажет:

а) бөлінетін зияндылықтар (газ, шаң, түтін, шу т.б.) түрлеріне және атмосфераға лақтырылатын шығарылымдарды тазалау дәрежесіне байланысты технологиялық үрдіс сипаты;

Осыған сәйкес кәсіпорын класы белгіленіп, кәсіпорын мен жақын маңайда орналасқан тұрғын аймақ арасындағы санитарлық қорғаныс алаңының ені таңдалады. Санитарлық қорғаныс аймағының алаңын көгалдандырылу және жайландыру көзделеді.

б) құрылыс алаңы бетінің күйі (орналастыру, көлбеулер, шалағай және сарқынды суларды шығаруды қамтамасыз ету);

в) кәсіпорын алаңында жолдардың орналасуы және адамдардың қауіпсіздігін ұйғару бойынша оларға қойылатын талаптармен қамтамасыз ету;

г) алаң бойына адамдардың жүруі үшін аяқжол ұйымдастыру (аяқжолдардың ені, жабындысы, авто көлік пен темір жол көлігіне қатысты орналасуы);

д) адамдар мен көліктердің жұмыс істеу және қозғалыс алаңдарын жасанды жарықтандыру.

е) кәсіпорын алаңында орналасатын өндірістік ғимараттар, үймереттер, жабық қоймалар және қосалқы ғимараттар арасындағы негізгі өртке қарсы алшақтық (кесте 2);

ж) өндірістік зияндылықтар бөлінетін барлық өндірістік ғимараттар басқа ғимаратттар мен тұрғылықты кварталдарға қатысты алғанда басым желдердің бағытына сәйкес орналастырылуы керек;

з) кәсіпорынның бас жоспарында өртке қарсы іс-шаралар кешеніне кіретін барлық ғимараттар, оның ішінде гидранттардың орналасуымен өртке қарсы су құбырлары да белгіленуі қажет

Бас жобада ғимараттар мен үймереттер өндірістің өрт қауіптілігіне, құрылыс бөлшектерінің отқа төзімділігіне, қоршаған ортаға бөлінетін зиянды заттардың (шаң, газ, зиянды сәулеленулер және т.б.) бар болуына және сипатына байланысты бір-бірінен және жақын маңайда орналасқан тұрғылықты аймақтардан белгілі ара-қашықтықта орналасуы қажет. Өндірістік ғимараттар мен тұрғылықты аймақ арасындағы алшақтықтар бөлінетін зияндылықтардың сипаты мен көлеміне байланысты, өндірістің бес кластың біріне жатуына орай санитарлық қорғаныс аймағының шамасына тәуелді анықталады.

Кәсіпорын алаңына кіруге негізделген автокөлік жолдарының ені қолданылатын автокөліктердің енінен плюс 1,5 м ге кем болмауы керек, демек барлық жағдайларда 4,5 м ден кем болмауы тиіс. Темір жол қақпаларының ені 4,9 м ден кем емес.

Автокөлік жолдарының беттік қабаты берік және барлық ғимараттарға өрт сөндіруші көліктері кіре алатындай мүмкіндігі болуы қажет. Ғимарат немесе үймерет ені 18 м-ге дейін болған жағдайда барлық ұзындық бойына бір жағынан ғана бір кіре беріс ұйымдастырылса жеткілікті, ал ені 18 м-ден көп болса кіре беріс міндетті түрде екі жағынан, сонымен қатар барлық ұзындық бойына да ұйымдастырылуы шарт.

Құрылыс ошағының аумағы 10 гектардан көп немесе ені 100 м-ден көп ғимараттар үшін кіре берістер барлық жақтарынан да болуы қажет.

Бір жақтық бағыттағы жолдардың ені 3,75 м-ден, ал екі жақтық бағыттағылар үшін 7,5 м ден кем болмауы тиіс.

Өндірістік аймақ алаңындағы жолдар мен өтпелдер тұйық, сақиналы және аралас жүйелі болуы мүмкін. Тұйық жүйелі жолдарда тұйықталу соңында радиусы 10 м-ден кем емес топсалы айналып өту жолдарын немесе өрт сөндіруші көліктердің бұрылысы үшін өлшемі 12x12 м болатын алаң ұйғарылуы керек.

Өрт сөндіру мақсатында пайдаланыла алатын суаттарға немесе табиғи су көздеріне өту үшін ені 3,75 м, аумағы 12x12 м болатын өтпелдер ұйымдастыру қажет.

Кәсіпорынның шекарасы аумағынан жолдардың шетіне дейіңгі ара-қашықтық 1,5 м-ден кем, ал эстакадалар мен тіреуіштердің сыртқы бөліктеріне дейіңгі ара-қашықтық 0,5 м-ден кем болмауы қажет.

Жобаланатын нысанның бас жоспарында ғимараттар мен үймереттер арасындағы алшақтықты минималды етіп, яғни санитарлы және өртке қарсы талаптарға сәйкес жолдар, аяқжолдар, инженерлік жүйелер мен коммуникациялар өткізуге лайықты етіп ұйымдастру қажет.

Өндірістік аймақта әрбір ғимаратқа жоба бойынша бос жатқан аумақ бойымен өрт сөндіруші машиналар кіре алатындай кем дегенде екі жағынан ені 6 м-ден кем емес, ал ауданы 10 гектардан көп ғимараттар үшін барлық жақтарынан да кіре берістер ұйымдастырылуы керек.

Кәсіпорынның бас жобасында гидрант жүйесі ұйымдастырылған сыртқы су құбырының сақиналы желісі жобаланады, олар сәйкесінше бір-бірінен 150 м-ден алшақ болмауы, ғимарат дуалдарына 5 м-ден артық жақын болмауы, жолдардан 2 м алшақ орналастырылмауы қажет. Өрт болған жағдайға резервті су қорын қарастыру қажет (жер қойнауында орналасуы жағдайында бас жоспарда ол пунктир сызығымен көрсетіледі).

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных