Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Портфолио» әдісінің мәнін ашыңыз




Портфолио “аутентикалық бағалаудың” нақты бір түрі болып табылады. Аутентикалық бағалау дегеніміз – тәжірибелік-бағдарлы білім беруде қолданылатын және күнделікті, кәсіби шындық өмірге біртабан жақын жағдайда оқушылардағы білік, дағдылардың қалыптасуын бағалауды қарастыратын бағалаудың түрі. Аутентикалық бағалау оқытуда құзыреттілік қатынас негізінде құзыреттіліктің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған. Шет мемлекеттердің жалпы білім беретін мектептеріндегі бейіндік оқытуда аутентикалық бағалау кеңінен қолданылады."Портфолиоға" педагогика ғылымында түрліше анықтама беріледі. Шетел тілдерінің сөздігінде portfolio ұғымы былайша түсіндіріледі:1)жазба жұмыстарын, құжаттарды сақтауға және тасымалдауға арналған құрал: а)портфель; ә)"іс", папка; 2)министр лауазымы; 3)бір тақырыпқа біріктірілген жұмыстар сериясы, құжаттар, қағаздар және т.б: а)құнды қағаздар портфелі; ә)суреттер папкасы.

1.Портфолио – оқушының белгілі бір уақыт аралығында оқудағы жеке жетістіктерінің жинағы мен бағасын тіркеу тәсілі.

2.Портфолио – оқушының түрлі салалар бойынша қажыр-қайраты мен жетістіктерін көрсететін оқу нәтижелерінің жинағы.

3.Портфолио – оқушының білім, білік, дағдыларына мониторинг жасауға арналған жүйелі, арнайы жинақталған дәлелдемелер жинағы.

4.Портфолио – оқушының жеке жетістіктері мен тәжірибесін рәсімдеп көрсететін сан алуан ақпараттарды жинақтаған жұмыс папкасы.

5.Портфолио – оқушының жеке өсуін қадағалау болып табылатын өзіндік көрме жұмыстары.

Оның дәстүрлі жүйеден айырмашылығы – оқушының оқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативті қызмет түрлеріндегі нәтижелерін ескеруге мүмкіндік береді, баланың жеке құзыреттілігін айқындайды.

Портфолио бағалаудың тиімді формасы ғана емес, бірқатар педагогикалық міндеттерді шешуге:

- оқушылардың оқуға деген жоғары қызығушылығын үнемі қолдауға;

- олардың жеке және белсенді жұмыс жасауын ынталандыруға, оқу және өздігінен ізденіп оқу мүмкіндіктерін кеңейтуге;

- оқушылардың рефлексия жасау мен бағалау дағдыларын дамытуға;

- мақсат қою, өзінің оқу әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыруға үйрену білігін қалыптастыруға негіз бола алады.

Портфолионы жасау кезінде Ресей мектептерінде міндетті 3 элемент ескеріледі екен. Мәселен:1)портфолиоға таңдап салған жұмыстың мақсатын айқындап, түсініктеме хат жазу керек; 2)портфолионың мазмұны көрсетілуі тиіс;3)оқушының өз талдауы мен болашаққа деген көзқарасы туралы мәлімет. Ал портфолионың қызметі жөнінде осындай түрлі тұжырымдарды талдай келе, мынадай қорытынды жасауға болады: оқушылардың білім, білік, дағдыларының ауқымын көрсете отырып, бағалау процесін жеделдету;оқу мақсаттарын қолдау; белгілі бір уақыт аралығында оқушының өзгерісі мен өсуін тіркеу; оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың қатынасын нығайту; оқу процестерінің сабақтастығының қамтамасыз ету; өздігінен оқуды қолдау; оқу мүмкіндіктерін кеңейту; оқыту процесін зерттеу мүмкіндіктерін кеңейту; анықталған нәтижелерге орай дамуды айқындау; алынған нәтижелерге нұсқау жасау мен бағалауға арналған ортақ тәсілді құрастыру; оқушылар өз оқуларын еркін бағалай алатын тәсілмен қамтамасыз ету; оқушылардың дамуын біркелкі қолдау мүмкіндіктері.

Портфолио баланың жұмысына баса мән беруімен қатар, оны талдау мүмкіндігінің болуымен құнды. Сондай-ақ портфолионы оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында, рефлексия мен өзін-өзі бағалау арқылы оқытуды жүзеге асыру, оқушылардың ойлауы мен жазба жұмыстарын бағалау кезінде қолдануға болады.

Портфолио – оқушының жеке жетістігін жинақтау және бағалау тәсілі. Американдық және Еуропалық білім беруде портфолио “оқушы жұмысының жетістігі мен озықтығын көрсететін коллекция” ретінде анықталады. Портфолионың мектепте пайдалану идеясы өткен ғасырдың 80-жылдары АҚШ-та пайда болды. 90-шы жылдары негізгі мектептің барлық оқушылары үшін ұсынылды. Бұл әдістеме оқушылардың қызығушылық аясын анықтауға, олардың өз бейініне сәйкес мектептің жоғарғы сатысында сауатты түрде таңдау жасауға мүмкіндік береді.

Бағалаудың 5 балдық дәстүрлі жүйесі мен тестілеу негізінен, білімдегі кемшіліктерді анықтаса, портфолио оқушының үйірме, олимпиада, жарыс, шығармашылық конкурстар, сабақтардағы жетістіктерін көрсетеді. Портфолионың негізгі мақсаты: оқушының білім алу процесі бойынша есебін ұсыну, оның оқудағы жетістігін бақылау, маңызды білім нәтижесін көру, оқушы жетістігін сапалық және сандық жағынан бағалау.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных