Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Инновациялық оқыту әдістерін қолдана отырып, семинар құрастырыңыз.




«Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы приортитетінің бірі ұлттық білім моделін қалыптастыру тенденциясымен және Қазақстан білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруіне сипатталатын білім беру саласы болып табылады. Кәзір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын информациялық қоғамға, яғни, негізгі рөлді информацияны алу, өңдеу, сақтау, тасымалдау, тарату және пайдалану істерді атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр.
Инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ақпарттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау.
Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» – деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты.
Сондықтан ақпараттық технологиын қолдану және ашық бағалау жүйесін қолдану оқытушының студенттерге пәнге деген қызығушылығын жоғарлатуының тиімді жолдары:
• оқушылармен материалды игеру үрдісін психологиялық түрде женілдетеді.
• Пәнге деген танымдылық қызығушылығын тудырады.
• Оқушылардың көз қарасын кенейтеді.
• Сабақ үстінде көрнекілікті қолдану мүмкіндігі өседі.
• Теориялық материалды толық игеру болады.
• Ақпаратты табу, оны компьютерлік технология арқылы өндеу.
• өз көз қарасын нақты және қысқаша қалыптастыру дағдысы.
• Сабақ үстінде студенттің еңбек өнімінің жоғарлауы болады.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:
1. Олар студенттерге тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір-бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.
3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіру
Бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеріске ұшырауы анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа моделдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады. Прогрессивті концепциялардың пайда болуы, білім беру үрдісінде алға кеткен мемлекеттердің тәжірибесімен танысу және соның нәтижесінде ұлттық білім беру моделін құрастыру бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып табылады, өйткені нарықтық экономикаға негізделген мемлекетіміздің келешегіне мамандар қажеттігінен туындайды. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, оқытушы тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар студенттіңң өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде кәзіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады.
Оқыту процесін жоғары деңгейге көтерудің негізгі әдісі ретінде проблемалық шығармалық әдісті пайдаланамын. Бұл әдісті қолдану барысында өтілген әрбір сабақ сұхбат болып өтіп, сабақ беру барысында зерттеушілік үрдісті жетекшілікке аламын. Бұл әдістің ерекшелігі оқушыны оқыту процесіне қызықтырады. Сабақтың белгілі бір тақырыбын бастау барысында оқушыларға проблемалық сұрақ немесе проблемалық тапсырма беремін. Проблеманы шешу барысында оқушының біліміне қойылатын талаптар мен оны түсінуі арасындағы қарама-қайшылықты мен болдыртпауға тырысамын. Оның үстіне негізгі проблемалар оқушылардың өздерімен көтеріп, сол проблемаларды шешу оқушылардың өздеріне жүктеймін
Инновациялық әдісті, оқытудың ақпараттық технологияларын тәжірибеде қолдану барысында өзінің тежеуші жақтары, кемшіліктері, қарама-қайшылық жақтары да кездеседі.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

«Білім туралы заңда» оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндетіайқынкөрсетілген.
Ақпараттық технологияның жедел қарқынмен дамуына байланысты түрлерінің қызметі де өзгеруде. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты әлемдік ақпараттық кеңістікке ену. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін интернет желісіне қосылу және пайдалануқажет.
Қазір компьютерлер біздің өміріміздің барлық салаларына, оның ішінде білім беру салаларына да енді. Бұған дәлел 1997 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру»мемлекеттікбағдарламасы.

Семинар -меңгеріліп жатқан мəселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық талқылау формасында өтетін оқу дəрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан өзгешелігі - оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекеттері көбіне олардың өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылады. Семинар желісінде тұңғыш дерек көздерінен, құжаттардан, қосымша əдебиеттерден, оқудан тыс ізденістер барысында алынған оқушылардың білімдері тереңдетіледі, жүйеге келтіріледі жəне бақыланады; дүниетанымдық бағыт-ұстанымдары, бағалау-сұрыптау ой-пікірлері жүйелі бекімге келтіріледі.

Жүргізу тəсіліне орай семинарлардың бірнеше түрі бар. Олардың ішінде аса кең тарағаны – семинар-сұхбат: оқытушының қысқа кіріс сөзі жəне қорытындылауымен жоспарға сəйкес кең əрі ашық сұхбат-əңгімелесу формасында өтеді. Кейде семинар қатысушылары сұрақтарды өзара бөліп алады да, баяндамалар, хабарламалар дайындайды, кейін олар семинар сабағында тыңдалады жəне талқыланады. Семинардың ерекше түрі семинар- сөз-жарыс. Ол қандай да бір проблеманың шешілу жолдарын айқындау мақсатындағы ұжымдық талқыға арналады. Семинар сабақтарын инновациялық түрде жүогізілуде балык немесе SWOT анализ әдісімен жүргізеді. Мыс, семинар тақырыбы: “Кредиттік технология” болса, Балык жүйесімен талқылайтын болсак:

Балықтың басы -мәселе

Балықтың сүйегі- шешу жолдары

Балықтың құйрығы- нәтижесі






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных