Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Шығармашыл тұлғаның моделін құрастырыңыз




Шығармашылық – барлық әрекеттің сапа белгісі, ал шығармашыл мұғалім – барлық реформаның негізігі кейіпкері.Шығармашылық – мәселені белгілі тәсілдермен шешуге болмайтын жағдайда туындайды. Дегенмен, бұл қисынсыз әрекет емес. Жаңа тапқыр шешім қабылдауға әкелетін әрекет - әр түрлі деңгейде, бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Осы мәселені зерттеген ғалымдар педагогикалық шығармашылық төмендегідей кезеңдерден тұратынын анықтаған:

1. педагогикалық ойдың пайда болуы;

2. түпкі ойды талдау;

3. педагогикалық ойды әрекетке айналдыру;

4. шығармашылықтың нәтижесін талдап бағалау

Бұл кезеңдерде қызығушылық, интеллект, қажетті білімді тез арада меңгере білу, байқампаздық, ойлау операцияларын іске қоса алу, тапқырлық, энтузиазм, табандылық, еркіндік пен өзіне деген сенушілік сияқты тірек сапалардың болуы шығармашылық әрекетті нәтижелі етеді.

Сонымен қатар шығармашылықта мұғалімнің төмендегідей психологиялық сапалары дамиды: жалпы білімнің тереңдігі, сараланған арнайы білімдер, дамыған ақыл-ой қабілеттері мен икемділігі, өнертапқыштыққа және еңбектегі жаңалыққа қуана білу, мәселені терең түсіне білу және оны шешудің ең тиімді жолын таңдай алу, эмоциядағы қалыптылық, шыдамдылық, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алу, тәуекелге бел байлай білу, саналылық, белсенді өмірлік позиция. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту теориясы үшін әдіснамалық қағидалардың негізгілерінің бірі әрекеттік ұстаным болып табылады. Әрекет – іс-қимыл бірлігі, саналы түрдегі, мақсатқа жетуге бағытталған тікелей жасалатын, еркін ниеттілік, белсенділік. Әрекетте адам субъект ретінде танылып, оның жасампаздығы, іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады. Осы авторлар әрекеттің төмендегідей ішкі құрылымдардан тұратынын белгілейді: қажеттілік және мотив, мақсат, құрал, амал-тәсіл, нәтиже, рефлексия. Шығармашылықты әрекет ретінде қарастыру адам дамуының мүмкіндігінің шексіздігін танытады. Шығармашылық сөзсіз мұғалімнің өзінің даралығын, жасампаздығын қалыптастырады.

Прогрессивті даму моделі шеңберінде мұғалімнің шығармашылық әлеуеті: бейімделу, өзін-өзі айқындау және өзін-өзі іске қосу кезеңдерінен тұрады. Бейімделу кезеңіне шығармашылықтың әлеуеттің құндылықтары туралы бастапқы білімдерді жинақтау жатады. Бұл кезеңде ойлау стилін және дүниетанымды қайта құру орын алады. Мұғалім әрекетінде болашақ шығармашылыққа негіз болатын репродуктивті элементтер молаяды. Шығармашылыққа бейімделу кезеңі оған белсенді араласумен алмасады. Бұл кезеңде мұғалім өз тәжірибесіне жаңа талаптар мен өзінің ішкі қажеттіліктері тұрғысынан баға беріп, оның шеңберінен шығып, жаңа, нақты өмір сұраныстарына сәйкес қызмет етуге бет бұрады. Өзін-өзі іске қосу кезеңінде мұғалім шығармашыл әрекеттің мәнін түсіну, сол жолда өзін сынап көру, өзінің ашылмаған мүмкіндіктерін, шығармашылық қабілеттерін іске қосады.

Бұл шығармашылық – адамды дамытады, шебер етіп шыңға көтеретін факторлардың бірі екеніне – дәлел бола алады. Біліктілікті арттыру ісінің әлемдік тәжірибесі мазмұндық, процессуалдық, жеке адамның сұранысын қанағттандыруға бағытталған тәсілдеріне негізделген. Бірінші жағдай дәріскердің мазмұнды тыңдаушысына жеткізуді мақсат етеді; екінші тәсіл – оқыту үрдісін білім алушының өз әрекеті арқылы ұйымдастыруды көздейді, ал соңғысында оқыту білім көтерушінің сұраныстарына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл үш тәсілдің қазіргі талаптарына сай келетіні – мұғалімді субъектілік жағдайға қоятын, тұлғаға бағытталған, белсенді танымдық әрекетке негізделген, тұлғаға бағытталған – оқытудың андрагогикалық үлгісі. Тұлғалық-бағдарлы оқыту – адам бойындағы адами қасиеттерді іздеу, табу, олардың әрі қарай дамуына барынша қолдау көрсету. Оның өзін-өзі жүзеге асыру, ретке келтіру, дамыту, өзінің тұлға ретіндегі болмысын жасаудың механизмдерін меңгеруін қамтамасыз етеді.Қоғамдық санада шығармашылық іс-әрекеттің негізгі басымдылық ретінде танылуы жаңаша педагогикалық ойлауды, білім беру деңгейлерінде мұғалімнің өзін-өзі, өзінің бар күш-қуатын іске қосуға бағытталған шығармашылығын дамытуға жағдай жасауды талап етуде.

Оқыту теориясы – мұғалімнің шығармашылығының негізі. Ал, педагогикалық технология – оқыту теориясын мұғалім мен оқушы әрекеті түрінде жобалау, қойылған нақты мақсаттарға сәйкес оқыту процесін тиімді құрып, жүзеге асыру болып табылады. Дұрыс мақсат қойып, нәтижені интутивті түрде жобалай алу, оның оқушының дамуының іргелес аймағына сәйкес болып, қызыға еңбек етуге әкелетін сабақ жоспарын құру, ұйымдастыру алу – сөзсіз, шығармашылықтың нәтижесі.

Қорыта келе айтарымыз, “шығармашылық – проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті ” деген тұжырым жасауға болады. Мұғалімнің өз білімін көтеруге қатысуы оның педагогикалық, әлеуметтік, кәсіби әрекетіндегі мәселелерді табысты шешуін қамтамасыз етеді, басқаша айтсақ, кәсіби шығармашылығын дамытады.

Жоғары мектепте белсенді оқыту мен инновациялық оқыту әдістерін салыстырыңыз. Жоғары мектепте инновациялық оқыту әдістерін қолдану не үшін қажет деп ойлайсыз? Жауабыңызды дәйектеңіз

Тұтас педагогикалық процесс құрайтын екі процестің бірі - оқыту. Ол объективті шындықтың күрделі процесі, сондықтан оған толық және жан-жақты анықтама беру өте қиын. Қазіргі түсінік бойынша оқытудың екі жақтылығы айтып өтуге болады: оқушы мен мұғалімнің біріккен іс-әрекеті; мұғалімнің басқаруы; арнайы ұйымдастырылуы; бірлігі және тұтастығы.

Қазақстанда оқыту әдістерін зерттеу мәселелерімен Р.Лемберг, Қ.Бержанов, А.Бейсенбаева т.б. айналысты. Оқыту әдістері белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді. Сол кезеңде Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынды. М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды.

Олар: білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін студенттердің іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген Жаңа білім беру жүйесі дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі өзгертуді және оқытудың жаңа технологияларын оқыту үдерісіне тиімділікпен енгізу жолын негіздейді. Бұл жаңа бағыт оқудың нәтижесін алдын ала болжап және сол арқылы білімгерлердің өзін-өзі дамытуға қатысуын мүмкін етеді. Жаңа педагогикалық технологиялар жүйесін қалыптастырған еңбектер мен зерттеулерде қазақстандық мектептердің болашағына игі ықпалын тигізер жолдар мен бағыттар да айқын танылады. Студенті білім беру үдерісінің нысаны ғана емес, сол үдеріске қатысушы маңызды субъектісі деп санап, оның ана тілінде терең ойлай алуы мен шебер сөйлеуін, сауатты жазу тілін дамытып, оқу барысында алған білімі мен игерген машық-дағдыларын өмірдің қажетті жағдаяттарына сай әрі дұрыс қолдана алатын дәрежеге жеткізу – жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаты.
Инновациялық технологиялардың ішінде өзіндік орны бар технологияның бірі – дамыта оқыту технологиясы болып отыр. Бұл технология қазақстан мектептерінде біртіндеп қолдана басталды. Енді аталған жаңа технологияның дәстүрлі оқыту технологиясынан айырмашылықтарына көз жүгіртсек:
Дамыта оқытудың негіздері таным теориясы мен диалектика ілімінде жатыр. П.П.Блонский дамуға индивидтің абстрактіден нақтыға және керісінше, нақтыдан абстрактіге қарай қозғалыс жасай алуын жатқызса, Д.Н.Богоявленская мен Н.А.Менчинская – оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды нәтижелі етеді деп есептейді: байқампаздық, ойлау және практикалық әрекеттер жасай алу. В.В.Давыдов дамудың негізгі көрсеткіші ретінде тұлғаның жинақтай, қорытындылай алу дағдысын жатқызады.
Л.С.Выготскийдің идеясын ұстана отырып, дамыта оқытудың мәні –оқушылардың теориялық ойлауын дамытуда деп тұжырымдаған Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов, Л.В.Занков өз зерттеу еңбектерінде негізгі орталық ұғым ретінде – ойлау және сонымен байланысты даму ұғымдарын мәселе етіп қойды.
Ойлау – таным теориясының негізгі философиялық категориясы. Дүниені танудың екі жолы бар. Оның бірі - затты дерексіздендіру арқылы немесе абстрактылы ұғым арқылы ойлау болса, екіншісі – ұқсату, елестету, сезім арқылы ойлау. Дамыта оқыту бұл екеуін бірлікте қарай отырып, оқушылардың теориялық білімі мен ойлау қабілеттерін арттыру арқылы дүниені танудың ғылыми-теориялық және логикалық әдістерімен қаруландыруды көздейді.

Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылады. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснама жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Қорыта айтқанда, дамыта оқыту технологиясында басты назарда теория мен практиканың бірлігін ұстанады. Меңгерген теорияны практикада қолдана отырып, ол сол теорияны жақсылап меңгереді. Ал дәстүрлі оқытуда тек теорияны жаттауға негізделеді де, оны есте сақтау қабілеті жоғары балалар ғана меңгереді.

Интерактивті оқыту деп психологияға негізделген адамдардың өзара қарым-қатынасын мен өзара әрекетін айтады. Мұғалімнің әрекетінде басты орталық орынды оқылатын бір индивид емес, өзара әрекетке түсіретін, бір сауалды шешу барысында қарсы пікір білдіріп немесе келісетін, бірін-бірі жігерлендіріп, белсендіретін белгілі бір топ. Интерактивті технологияны қолдану барысында, ол әсіресе, адамдар ұжым болып шындықты іздеуде интеллектуалдық белсенділік рухын, жарыс, бәсекелестік, бақталастықты туғызады. Сонымен қатар ең қызықтысы интерактивті оқыту технологияны қолдану кезінде «жұғу» деген психологиялық феномен бар, яғни, еліктеу емес жұғу. Бұл жұғу процесі көршісінің пікірі мен ойы еріксіз өзінің жеке көршісінікіне ұқсас, я жақын аналогиялық пікірін тудырады. Мұндай оқыту процесі кезінде мұғалім тарапынан кітап оқып, оның түсінігін айту сабағындағыдай енжарлық емес, аса үлкен белсенділік танылуы керек. Мұғалім сөз етілген тақырыпқа ғылыми нақты дәлелдер мен осы жағдайға қатысты өзінің жеке тұлғалық дүниетанымы мен құлықтық көзқарасын білдірген сәтте, интерактивті технологияны оқыту тұрғысынан, сонымен бірге тәрбиелеуде де айтарлықтай нәтежиелілігін көрсете алды. Бұл пікірсайыс кезінде мұғалімнің үлес қосу формасы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде ол өз ойын оқушыға міндеттеп, жүктемеуі қажет. Бұл әдістер оқыту барысында тәрбиеленушілерді тұлға ретінде қалыптасуға бірден-бір әсер етеді. Осылайша әр сабақта демократиялық принцип шын мәнінде орын алады.

Сабақта интерактивті әдістерді пайдалануда төмендегі шарттар орын алулары тиіс. Мақсатты нақты белгілеу. Мұғалім студенттердің топпен жасалатын жұмыстарының мәнін, ережесін түсініп, топпен жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық сенімді болуы керек.

Бұл үшін практикалық сабақтарда индивидуалдық, топтық, екі адамды қатыстыратын зерттеу проектілері, рөлдік ойындар жүргізіп, білім алушыларды әртүрлі ақпарат көздері мен қызықты құжаттар, шығармашылық жұмыстармен жұмыстанады. Соның ішінде топтық ең тиімді топтық оқыту формасына нақты жағдайды талқылау, “ми шабуылы”, проектіні орындау және жүзеге асыру (ақпараттық, ойындық, зерттеу және шығармашылық), еркін пікірталас және т.б. жатқызуға болады. Бұл формалар өз нәтежиесінде жаңа оқу мәлімет туғызатын ақпарат алмасу жағынан интерактивті.

Интерактивті әдістердің шартты түрде тренинг, рольдік ойын деп бөлінуі оның белсенді сипаттамасын дәлдей түсіп, ұстазға оқыту мақсатына жету үшін аз сағат ішінде көп көлемді материалды меңгертуге оқушы мен оқытушының синхрондық әрекеттерін арнайы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

44 «Педагогтың қарым қатынас мәдениеті» тақырыбына тірек сызба құрыңыз. Педагогтің қарым-қатынас тәсілі – бұл байланыс тәсілі және балаларға басшылық жасау процесіндегі өзара әсер сипаты. Олар төмендегілер: - шығармашылық еңбекке, қызығушылыққа бірге негізделген қарым-қатынас; - достық байланысқа негізделген қарым-қатынас; - қарым-қатынас – алшақтық; - қарым-қатынас – шошу, сескену; - қарым-қатынас - әзілдесу, ойын, ойнақылық. Балалармен ынтымақтастықта болу – ынтымақтастық педагогикасының негізгі принциптерінің бірі. Ең жиі кездесетін тәсіл - бұл қарым-қатынас-алшақтық, яғни педагог пен оқушылар өзара байланыстары комплексінде жеке тұлға ретінде алшақтық сақтауы қажет. “Сен білмейсің, мен білемін”, “Мені тыңда, мен үлкенмін” және т.б. Мұндай педагог балалармен жалпы ұнамды байланыста болуы мүмкін, бірақ өзінің еңбегін ұйымдастыру авторитарлық стильге жақындап кетеді, нәтижеде сырт көрінісімен ұнамды көрінсе де, бұл қарым-қатынас тәсілі кемшілік, олқылықтарға алып келеді. Қарым-қатынас – қорқыту, шошу, сескенуде оқушыларға деген ұнамсыз байланысты бірлестіріп, басқарудың ұйымдастырылуы авторитарлық стильдің өзі. Қарым-қатынас – қорқыту тәсілінің типтік формалары: “Зейін қойып, құлақ сал, болмаса тақтаға шақырып “2” қоямын, “Әлі мен сендерге көрсетемін, көрсетіп қоямын!”. Мұндай тәсіл көбінесе сабақта күйгелектікті, көңіл-күйдің бұзылуына алып келеді, шығармашылық еңбекке кедергі болады. Либерализм көріністегі, балаларға талап қоя білмеу – қарым-қатынас - әзіл тәсілі болып табылады. Ол жалған, арзан абырой, ізет алуға әрекеттену. Бұл тәсілдің келіп шығу себебі, біріншіден – тез байланыс орнатуға, сыныпта көбінесе жазуға ұмтылу, екіншіден – кәсіптік іскерлік, тәжірибенің жетіспеуі.

Алтын дидактика ережесін жасаған кім? Ол қай теорияның негізін қалаған? Осы ережені қолдайтын қазіргі заманғы қандай теорияларды білесіз?

Оқыту принциптерінің ең негізгі ұстанымы – көркемдікті пайдалану. Я. А. Коменский осыған қатысты «Дидактиканың алтын заңдарын» қалаған: «сырттан келген ақпаратты қабылдау Сезім арқылы қабылданады: көрінетін –көз арқылы; естілетін-құлақпен; иістер-мұрынмен қабылданады». Коменский бойынша көркемділік сезу мүшелері арқылы қабылданатын дүние. Бүгінгі таңда көркемдік принципі негізінде адамның сыртқы ортаны қабылдау мүмкіншілігі қарастырылады: сезім арқылы; сезім мүшелерінің қатысуынсыз. Тікелей сезім мүшелері арқылы: құрылғыларсыз анықталмайтын түрлі құрылғыларды пайдалану арқылы оларды бақылау; ертеректе болған оқиғаны баяндайтын фото, кино, аудиожазба арқылы тарихи деректерді игеру. Көркемділікті пайдаланудың «7 алтын заңы»:-қабылдауға болатынның барлығын сезім мүшелері арқылы қабылданыздар; -аса көп көркемділікпен шұғылданбаңыз; -көркемділікті пайдалану арқылы оқушылардың қабылдау, ойлау, қортыныдылау, бақылау қасиеттерімен қоса, оқыға деген қызуғушылығын арттыруға тырысыңыз; -көркемдік әдістерді ауыстырып пайдаланып, негізгі қасиеттерін толықтауыш қасиеттен айыруына мүмкіндік беріңіз; -оқушылардың бақылауы өтіп жатқан сабақтың мақсаты мен міндетіне бағытталғандығын ескеріңіз; көркемділікті өз бетінше оқу кезінде де пайдаланыңыз; -жас келген сайын пәндік көркемділік символдық көркемділікке ауысуы қажеттігін ескеріңіз. Көрнекілік принциптің құралдары: нақты объект; көлемді құралдар (модель, макет, муляждар және т.б.); көркем сурет (картиналар, фото суреттер, диафильмдер, т.б.); аудио,видио аппараттар және т.б. жеткіліктілік принципі;саналылық, белсенділік принципі; жүйелілік, бірізділік принципі; өмірмен байланыстылық принципі. Қазіргі кезде де көркемділік принципі мектеп қабырғаларында да, ЖОО қабырғаларында да көптеп қолданылады. Себебі физиологтардың пайымдауынша көру анализаторы арқылы адам айналадағы 75пайыз ақпаратты қабылдайды. Бүгінгі таңда осыған орай әсіресе ЖОО-да дәрістер, СОӨЖ жұмыстары, үй тапсырмалары көркемдік стильде презентация көрсету арқылы түсіндіріледі. Көркемдік стилі пайдаланылатын жаңа технологиялардың бірі Кейс технологиясы немесе Кейс әдісі. Мұнда алдыға қойылған мәселені шешу мақсатында оқушылар бар білімін ортаға салып, өзінің көзқарасын дәлелдеуде сызбалар, схема, кесте, суреттерді көптеп пайдаланады. Көркемдік принцип әсіресе, медицина салсында оқитын білімгерлер үшін өте қажетті, себебі адамның бойындағы 62 тамырды, 12 мүшені, барлық клеткаларды біліп, түсіну үшін оларға суретттер, тірек сызбалар нұсқалар, презентациялар мен видеожазбалар көптеп көмегін тигізеді. Қорыта келе, 100 рет естігенше 1 рет көр демекші, көркемдік әдіс немесе принциптің нәтижесі жемісті болары сөзсіз дегім келеді..

 

46. Дәріс сапасын анықтайтын өлшемдерді құрастырыңыз Оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестің тиімділігі мен нәтижелігін көрсетеді. Сондықтан, жалпы оқыту процесіндегі оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру мен бағалаудың қандай орын алатын, онда оқыту және тәрбие үшін қандай потенциалды мүмкіндіктер барын, бұл мүмкіндіктерді оқу іс әрекетімен белсендіру үшін қалай дамытып, пайдалану керектігін, оқыту жемісті болу үшін нәтижесіне не ықпал ететінін қарастыру қажет. Оқыту нәтижесін тексерудің мәні оқытушылардың белгілі бір бағдарлама пән бойынша білім беру стандартына сай білімді меңгеру деңгейін анықтау. Алайда, қазіргі педагогикада тұтас педагогикалық процесті тексеру мен бақылау ұғымдарының ауқымы айтарлықтай кең. Оқытуды бақылау дегеніміз, бір жағынан, мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің әкімшілік-ресми тәртібі, нәтижелерін басқару шешімдерін қабылдау үшін қызмет ету. Ал екінші жағынан, оқытуды бақылау дегеніміз мұғалімнің оқушылар білімін тексеру мен бағалауы. Отандық ғылымда «педагогикалық диагностикаң атауының қолдану аясы тар және көбінесе тәрбие саласында көбірек қолданылады, онда ол тәрбиелік деңгейдің өлшемі мен талдауын білдіріп, психодианостикаға жақындай түседі.[1] Оқыту процесіне қатысты «педагогика диагностикасың атауын жоғарыда келтірілген мағынада қолданылған орынды. «Бақылауң, «педагогикалық процесс нәтижелерін тексеру мен есепке алуң сияқты дәстүрлі атаулармен де қолдануға болады. Бақылаудың үш түрі бар:Алдын ала бақылау: сабақ өткізу үшін әзірленген жоспарлар, материалдармен танысу; түсіндіру, бекіту әдістері мен формалары туралы, оқушылардың өзіндік жұмысының тәсілдері туралы әңгіме жүргізу. Күнделікті бақылау: сабақты немесе сабақтардың өтуін бақылау, оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексеру, оқушылар жұмысын текскру.Қортынды бақылау: белгілі бір уақыт аралығындағы мұғалімнің оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысының нәтижелерін зерттеу. Журналдар, мәлімет тізімдерді тексеріп, бақылау жұмыстары, сұрақ-жауап өткізу. Бақылау мазмұнының мәні ерекше. Тексеріске ұшырайтын оқушылардың білім, білік және дағдылары болып есептелінеді. Білімдерден басқа шәкірттердің әлеуметтік және жалпы психологиялық дамуы мектеп жетсітіктерін тексерудің мазмұны болып табылады. Мектеп тек білімдерді қалыптастырып қана қоймай, тәрбиелеп, дамытатын болғандықтан, мектеп жетісткітерін тексеру бағыттарында да жүргізілуі керек. Осылайша, тұтас педагогикалық процесте оқу-тәрбие жұмысы нәтижелерін есептеу мен бағалау мұғалімдер мен оқушылар қызмет-әрекетіндегі құбылыстардың барлық жағын қамтуы керек.

Мектептерде педагогикалық қызмет-әрекеттің нәтижелерін есепке алу мен бағалау мектеп ішіндегі бақылау жүйесіне енгізілген. Мектеп ішіндегі бақылау қойылған міндеттерге сәйкес тұтас педагогикалық процеске түзетулер енгізу мақсатында оқу-тәрбие процесін жан-жақты зерттеу мен талдау. Мектеп ішіндегі бақылау-күрделі де көп жақты процесс, ол да барлық тұтастықтар сияқты заңды тәртіп ретінде, бір-бірімен тығыз байланысты және әрқайсысы белгілі бір қызмет атқаратын бөліктердің тұтастығынан тұрады.[2] Мектеп ішіндегі бақылау жүйесі белгілі бір дидактиалық талаптарға негізделеді. Бақылаудың мазмұны мен әдістеріне деген бұл талаптар үйлесімді, басқару қызметін жүзеге асыруға мүмкіндк беретін жағдайларды анықтайды. Қазіргі зерттеушілер бақылауға төмендегідей дидактикалық талаптар қояды:1Бақылау мазмұнының бағдарламалық талаптарға сәйкес болуы. Егер талаптар төмен болса, білім беру деңгейі де төмендейді; ал талаптар жоғары болған жағдайда оқушыларға шамадан тыс салмақ түседі. 2Алдыңғы ақпарат мазмұныны объективтілігімен анықталады.3 Оқушылар дайындығының негізгі элементттеріне талдау жасау қажеттігі. 4Бақылау шапшаңдығы, жүйелілігі мен жариялылығы. 5Бақылаудың даралық және ұжымдық формаларын үйлестіру. Алынған ақпарат көлемі бойынша бақылаудың келесі түрлерін ажыратуға балады: А) жаппай бақылау, мұғалім мен оқушының жұмыс жүйесінің негізгі компоненттері зерттелінеді; Ә) тақырыптық бақылау, кез келген процестің бөлігі болып келетін мәселенің талдауымен байланысты. Мектеп ішіндегі бақылаудың белгілі бір формалары бар және ол тиісті әдістер арқылы жүзеге асырылады. Бақылау әдістері мен формаларының алуан түрлілігі оның объективтілігін арттырып, әрбір мұғалім мен тұтас педагогикалық ұжым іс-әрекетінің ұжымдық бағлауы үшін жағдай жасайды. Бақылаудың әрбір формасының мақсаты болуы керек, ол оқу-тәрбие жұмысының әртүрлі кезеңінде пайда болуы мүмкін қиыншылықтардың алдын алуа жағдай жасауы тиіс. Мектеп ішіндегі бақылау жүйесіндегі педагогикалық процестің жай-күйін зерттеу келесі мәселелерді тексеруді керек етеді: мектеп жасындағы балалардың барлығына толық білім беру туралы белгіленген талаптарды орындау; мемлекеттік оқу бағдарламаларын толық көлемде орындау; оқушылардың білім, білік және дағдыларының деңгейі (тексеру жұмыстары негізінде анықталады); оқушылардың тәрбиелік деңгейі. Аталып кеткен қорытындыға байланысты мектеп құжаттамасын жүргізу, оқытудың тәрбиелік сипатының болуы, сабақтар мен сабақтан тыс жұмытрадың сапасы, барлық оқушылардың үйлесімді ақыл-ой және жекелік дамуын қамтамасыз ететін оқыту процесінің даралануы (мектеп психологінің қатысуымен жүргізіледі) тексеріледі.Оқыту процесінің құрамды бөлігінің бірі болып келген оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің мақсаты оқушылардың оқу жұмысын бақылау мен олардың үлгерімін есептеу. Мұғалімге оқушылардың білім, білік және дағдыны толық және сапалы түрде меңгеру аз.[3] Оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді анықтап, мұғалім оны жоюға тырысады, оқушыларға ақыл-ой және практикалық жұмыс тәсілдерін үйретеді. Білім сапасына ерекше мән беріледі, ол мына қасиеттермен сипатталады: білімнің толықтығы мен ғылымилығы-белгілі бір оқу пәнінің мектеп бағдарламасына сәйкес өзегі болатын негізгі мағлұматтар, түсініктер мен ұғымдар, ережелер, заңдар, теориялар: білімдерді меңгеру саналылығы – оқушының ғылыми заңдар негізінде фактілерді, құбылыстарды, материалдық әлем заттарын түсіндіре алуы, білімдерді ұқсас жағдайларда қоладана алу және білімдер мен іс-әрекет әдіс-тәсілдерін жаңа жағдайларға көшіре алуы; білімдер жүйелілігі-жаңа түсініктер мен ұғымдардың оқушы санасындағы бұдан бұрын игерген білімдермен тығыз байланысы; беріктік - жинақталған білім саны мен іс-әрекет әдіс-тәсілдерінің оқушы есінде сақталуы. Оқушылардың оқуға қатынасы, дербестік, еңбекқорлық, ынталылық, берілген тапсырманы дер кезінде орындау мен оның сапасына деген жауапкершілік сияқты оқушы жеке тұлғасының басты қасиеттерінің қалыптасуы оқушылардың білімін тексеру мен бағалау қалай жүргізілгеніне байланысты.Осылайша, тексеруге тек бақылаушылық қана емес, сонымен қатар, тәрбиелеушілік және дамытушылық кызметтері де тән.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных