Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Эдвайзердің іс әрекеті мен қызметінің негізгі бағыттары қандай? Мысал келтіріңіз.




Куратор-эдвайзердің қызметін оқытушының кәсіби қызметінің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде қарастыру қажет. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әкімшілігі және оқытушы арасында бекітілген еңбек келісім шарты оқытушының оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысын атқаруын қарастырады (3 тармақ).

1.3 Куратор-эдвайзерлер факультет деканының өкімімен оқу жылының басында тағайындалады.

1.4 Куратор-эдвайзерлердың жұмысы университет оқытушыларының кәсіби қызметінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады және алдағы жылға жеке еңбек келісім шартын бекіту барысында және жыл сайынғы аттестация барысында ескеріледі.

1.5 Куратор-эдвайзерлердың тәрбиелік жұмысы олардың ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстарымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ куратор-эдвайзерлерінің рейтингінде көрініс табады.

1.6 Куратор-эдвайзер міндетін атқарудан босату факультет деканының өкімімен жүзеге асырылады.

1.7 Куратор-эдвайзерлер кафедраның (мамандықтар) аға куратор-эдвайзерлеріне бағынады, олар куратор-эдвайзерлердың қызметін реттейді және факультет бойынша шығарылған өкімдерді назарларына жеткізеді. Өз кезегінде кафедраның (мамандықтар) аға куратор-эдвайзері деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына бағынады. Кафедра меңгерушісі кафедраның аға куратор-эдвайзерімен бірлесе отырып, академиялық топтарға куратор-эдвайзерлерді тағайындау туралы ұсыныстар береді.

 

52. Кикілжіңнің алдын алуға кеңес түрлерін сипаттаңыз. Мектептегі жасөспірімдердің арасындағы туындайтын кикілжіңдерін түгелдей болдырмау мүмкін емес. Мектепте баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын түсіну арқылы оқушылар арасындағы кикілжіңдердің интенсивтілігін өзгертуге болады.

Кикілжіңдерді алдын алу жолында маңызды роль алатын – тәртіп болып табылады. Тәртіп – белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.

Оқушылардың кикілжіңді қылықтарына мұғалімнің жеке тұлғасы үлкен әсерін тигізеді. Оның әрекеттесуі әртүрлі аспектілерден көрінуі мүмкін.

Біріншіден, мұғалімнің басқа оқушыларымен әрекеттесу стилі баланың өзімен жасты балалармен әртүрлі қарым-қатынасқа түсуінің алғы шарты болып табылады. Зерттеулердің көрсетуі бойынша оқушының алғашқы мұғалімінің педагогикалық тактикасымен қарым- қатынасқа түсу стилі, оның ата-анасымен және сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуін және жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді екен (О.Осадько). Мұғалімдердің жеке тұлғалық қарым-қатынасқа түсу стилі және педагогикалық іскерлестік тактикасының әсері балалардың бір-бірімен кикілжіңді қарым-қатынасқа түспеуінің алғышарты. Бірақ мұндай стильмен тек төменгі сынып мұғалімдерінің санаулылары ғана қолданады (15%). Бастауыш сынып оқушыларының мұғалімдерінің қарым-қатынасқа түсуінің айқын функционалды стилі (85%) бойынша, олар бір тактиканы қолданады (диктат). Бұл әрекет сыныптағы жеке тұлғалық қарым-қатынастардың арасындағы кернеуді күшейтеді. Кикілжіңдердің көбісі «авторитарлы» мұғалімдердің қол астында және жоғары сынып оқушыларының арасында байқалады.

Екіншіден, мұғалім оқушылар арасындағы болып жатқан кикілжіңдерге араласуға міндетті. Бұл, әрине, кикілжіңдерді басып тастау емес. Ситуацияға байланысты әкімшіліктік араласу немесе қарапайым кеңес болуы да мүмкін.

 

 

Жоғары мектепте белсенді оқытудың ерекшеліктерін атаңыз. Белсенді оқытудың күшті және әлсіз жақтары қандай? Белсенді оқыту әдістерін атаңыз

 

Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру және 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамаларында көрсетілген негізгі міндеттер – бүгінгі күннің талаптарына жауап беретін сапалы маман даярлау, яғни болашақ ұстаз тек өзінің пәнін жақсы біліп қоймай, педагогикалық процеске қатысушылардың әрқайсысының орнын білуге, оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастыра білу, оның нәтижесіне болжау жасау, жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану, біліктілік пен шеберлікті жетілдіру болып табылады. Осы талаптарды жүзеге асыру педагогикалық жаңа технологияларды меңгеруді қажет етеді.Еліміздің білім беру саласында соңғы жылдары жақсы нәтижелерімен белгілі бола бастаған жаңа педагогикалық технологиялар баршылық. Соның ішінде төмендегілерін атап айтқымыз келеді: дамыта оқыту;деңгейлеп – саралап оқыту;модульдік оқыту;проблемалық оқыту:Оқу мен Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту; т.б.Осылардың ішінде “Оқу мен Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” жобасына (технология) тоқталайық. Біріншіден, аталған жоба өзінің философиясы тұрғысынан гуманистік педагогиканың идеяларын енгізген әдіс – тәсілдер жиынтығы болып табылады. Яғни: балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқытушының басымдылық көрсетпеуі, оқыту мен тәрбиенің бірлігі, оқытушы да студент те субъект т.б.“СТОД”- студенттердің оқу материалын терең білуін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың бойында ізгілік, парасаттылық т.б. сияқты адамгершілік қасиеттердің қалыптасып, дамуына ықпал етеді. Сонымен бірге: әрбір студенттің болашақ маман ретінде ғана емес, ең алдымен адам ретінде дамуына ықпал етеді; қарым – қатынаста демократиялық стильге үйретеді; студенттің күші мен мүмкіндігіне сенуге жағдай туғызады.Екіншіден, бұл жоба “Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының тұжырымдамасында” көрсетілген: біліктілігі жоғары, инновациялық тұрғыда ойлайтын, әлемдік еңбек нарығында бәсекелестікке түсе алатын маман даярлауды толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді.“Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” оқыту жобасының негізгі бір ерекшелігі – студентті өз бетінше білім алуға бейімдеу. Жоғары оқу орындарындағы оқыту процесіне сипаттама жасауда студенттердің өз бетінше дайындығына байланысты оқу түрлерін атап айтар болсақ:Өзіндік тапсырмаларды орындау, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс, реферат, конспект, ғылыми баяндама, практика, емтиханға, сынаққа, ағымдық, аралық бақылауға дайындық. Бұл топтастыруда лекция сабағы көрсетілмеген. Өйткені, көпшілікке тараған пікір бойынша лекцияға студенттер тек тыңдаушы ретінде қатысады. Ал оқытушы лекция барысында өзі ғана белсенді әрекетте болады.
Оқытудың жаңа технологияларының кейбір элементтерін қолдану лекцияның қызықты, мазмұнды әрі нәтижелі болуына әсер етеді. Осы орайда “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” технологиясының тиімді жақтары көп. Мәселен, “Кең ауқымды лекция” стратегиясын қолдану кезінде екі жақта (студент – оқытушы) белсенді әрекетке түседі. Сұрақ – жауап арқылы оқытушы студенттердің білімді терең меңгеруіне ықпал жасаса, студенттер диалог барысында өзіндік білімін жетілдіруге мүмкіндік алады. Бұл процесте ізденіс, шығармашылық екі жаққа да тән.Оқытушының сұрақтарды, тапсырмаларды, ұсыныстарды лекция барысында жан – жақты білім алуды қамтамасыз ететіндей дайындауы студенттерді өз бетінше ізденіске жетелейді. Лекцияның атқаратын негізгі қызметі қарастырылып жатқан мәселе бойынша студенттерге дайын ақпарат беруді көздемейді, керісінше оларды білімді өз бетінше іздеп табуға бағыттайды. Лекция барысында студенттер негізінен жазу әрекетімен шұғылданады. Біздің байқауымызша, өкінішке орай бүгінгі таңдағы студенттердің көпшілігінде жазу мәдениеті қалыптаспаған. Оның себебін мектептен іздейміз. Өйткені, жоғары білікті маман дайындау үшін сауатты жазуға үйрету бастауыш мектептен басталады.Төмендегі кестеде жазу мәдениетін қалыптастырудағы бірізділікке көңіл аударайық. Кестеде көрсетілген жазу стратегиялары студенттердің кәсіби біліктілігін арттыруға тиімді ықпал етеді. Осы стратегияларды пайдалану барысында студенттер пікірлерін, көзқарастарын жазбаша түрде жазуға дағдыланады.Тапсырмаларды құруда оқытушының шығармашылық ізденімпаздығы қажет. Аталған жоба әртүрлі тапсырмаларды әзірлеуге жетелейді. Мәселен, студенттердің өз бетінше кітаппен жұмыс істеу барысында оларға тапсырманы нақты берген жөн болар. Лекция, семинар сабақтарында біздер студенттерге пайдаланатын әдебиеттер тізімін береміз. Әрине, дәстүрлі оқыту барысында көбінесе бағыт берудің мәні тізімдегі әдебиеттердің аталуын, шыққан жері мен уақытын хабарлаумен шектеледі. Ал, енді “сын тұрғысынан ойлауды дамыту” жобасының стратегияларын пайдалана отырып, студенттерге түрлі кестелер, сұрақтар, диаграммалар т.б. тапсырмалар орындауға бағыт беруге мүмкіндік алды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных