Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






АЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ПЕДАГОГІ




Әбуова Б.

 

Ы. Алтынсарин (1841 - 1889) - қазақтың көрнекті ағартушысы, тұңғыш педагогі. Ы.Алтынсаринның педагогикалық қызметі қазақ халқының сол кездегі қоғамдық прогрестегі бетбұрыс кезеңіне тура келді. Ендеше көршілес жатқан орыс халқының алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін, артта қалған адамдарда халыққа білім берудің демократиялық идеяларын қазақ халқына жеткізуде, қазақ балалары үшін оқу орындарын құруда Ы.Алтынсаринның сіңірген еңбегі орасан зор.

Ы.Алтынсарин озық ойшылдар мен орыс педагогтері К.Ушинскийдің, Я.Коменскийдің, Н.Чернышевскийдің, Н.Добролюбовтың, А.Герценнің еңбектерін терең әрі мұқият талдап оқып үйренген. Сондықтан Ыбырайдың бүкіл шығармашылық іс-әрекеті олардың идеялары мен ой-пікірлерін қамти жүргізілген. Бұған Н.Ильминскийдің мына сөздері дәлел: “...қажымас Алтынсарин әдеби журналдарды өзіне алдырып отырды. Және оларды түні бойы көз алмай оқитын...»

Ы.Алтынсарин қашанда өз түйсік-түсінігін кеңейтіп отырды, ал ол үшін білімін толықтыруды мақсат тұтты. Сонымен бірқатарда орыс және қазақ халқының тарихын оқып үйренді. Осынау тынымсыз ізденіс нәтижесінде Ыбырай тіл мен ғылымды меңгеруде ірі жетістіктерге қол жеткізді. Білімге деген аңсарлық, жақсыға деген талпыныс, озық мәдениетке деген іңкәрлік Ы.Алтынсаринге үлкен ой туғызды. Ол - өз халқына жақсы білім беру керектігі қажеттігі еді. Бұл ой оның мәңгі бұлжымас арманына айналды.

Бұл мақсатты өмірде іске асыру үшін көптеген қиындықтарды көруге тура келді. Өйткені, мектептер ашуға алғашқыда ешқандай мүмкіндіктер болмады, тіпті биліктің өзі білім беруге немқұрайды қарады. Мұны Ыбырайдың Н.Ильминскийге жазған хаттарынан байқауға болады.

Ы.Алтынсаринге тек 1864 жылдан бастап қана педагогикалық жұмыстарға біржола ден қоюға мүмкіндік туады. 1869 жылдың 1 қыркүйегінен өмірінің ақырына дейін Торғай облысында халықты сауаттандыру бойынша нұсқаушы лауазымында жұмыс істеді, нақтысы осы саланың жетекшісі болды. Міне, осы кызметте ол өзінің нағыз ұйымдастырушы, талантты педагог, қазақ халқының белгілі ағартушысы екенін танытып, тарих қойнауына мәңгілікке енді.

Ол таңдаған жолының дұрыстығына кәміл сенді. Өйткені, қалың бұқара тарапынан қолдау тапты, қазақ халқының ерекше қабілетіне арқа сүйеді. Бұл жөнінде Ы.Алтынсариннің замандасы Б.Юзефович “О быте киргизов в Тургайской области” деп аталған мақаласында ашық жазады.

Торғай уезіндегі алғашқы қазақ мектебі 1864 жылы ашылып, оның мұғалімі болып Алтынсарин Ыбырай тағайындалды. Ол қазақ балаларын оқытуға ерекше ықыласпен кірісіп, аздаған уақыт ішінде жақсы жетістіктерге қол жеткізеді. Я.Яковлев Орынбор-Самара генерал-губернаторы атына жіберген 1864 жылдың 5 маусымдағы рапортында осы жағдайларды хабарлай келіп, Ы.Алтынсаринге атақ беруді ұсынған.

Ал 1869 жылдың 1 қыркүйегінен Торғай облысының халық училищелері нұсқаушысы болып тағайындалып, жаңа жұмысқа кіріседі. Бұл лауазымға барысымен Ы.Алтынсарин қазақ мұғалімдерін даярлайтын мекеме құрмайынша, болыстық мектептерді ұйымдастыруды шегере тұруды ұсынады. Бұған басты себеп: даяр мұғалімдердің жоқтығы болса керек. Сондықтан ол уақытша болыстық мектептерді құруды тоқтатып, уездік екі сыныптық училище-мекемелерін тез арада ашу қажет деген түйінге келеді.

Мұндай училищелерді қазақ тұрғындары ортасында 50 қазақ баласын қамтитын интернатпен ашуды ойластырады. Сондай-ақ, ол алғашқы уақытта бұларға мұғалім ретінде Қазан мұғалімдері семинариясы түлектерін пайдалануды ұсынады, себебі, олардың арасында қазақ немесе татар тілін білетіндер аз емес еді.

Ы.Алтынсарин қазақ-орыс мектептеріне де үлкен сенім артты. Алға қойған мақсат-мұраты, бүкіл өмірінің мән-мазмұны өз халқын мәдениетке қарай жетелеу болды. Соның жолында күресті, сондықтан қазақ-орыс мектептері қалың көпшіліктің талғамына сай келуін талап етті.

Қазақтың тұңғыш педагогі Ы.Алтынсарин сол кездегі оқу-ағарту ісінде бар жақсы нәрселердің бәрін қазақ мектебіне енгізуге күш салды. Тарих, география, жаратылыстану оқулықтарын жинақтап сұрыптап беруді, ал бұл маңызды мәселеде әрбір мұғалім өз қалауынша жұмыс істеуіне тыиым салуды ұсынды. Мектеп ісі жүйесін бір қалыпқа келтіру қажеттігі туралы жиі қайталайтын. Осы ұстанымдарды басшылыққа алған Ы.Алтынсарин оқу әдебиеттерін нақты әрі толық зерттей оқып, өз педагогикалық бастауларын артта қалған ауылдарда жүзеге асырды, тіл мәселелерін шешуде, атап айтқанда, мектептегі ана және орыс тілі мәнінің рөлі туралы жаңашылдықпен амалдар тауып отырды.

Ыбырай ашқан мектептер сол уақыттың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына сайма-сай келді. Өйткені, Ы.Алтынсарин ол жүйені өңдеудің негізіне халықтық ұстанымды қоя білген еді. Бұл жүйенің басты жетістігі сол, барлық мектеп типтерінің сабақтастығына әкеп тірейді. Неге десеңіз, К.Ушинский сияқты Ы.Алтынсарин де мектеп жүйесі мен тәрбие беру тетіктері экономика және мәдениеттің, халықтың тұрмыстық өмір ерекшеліктері мен педагогиканың тарихи даму жағдайымен сәйкес болуы керек деп есептеді.

Сондықтан Қазақстанның барлық аймағында Ы.Алтынсарин құрған ұйымдастырушылық-педагогикалық құрылым жүйесіне жақын мектеп түрлері тарай бастады. Көзі тірісінде ол төрт екі сыныптық орталық орыс-қазақ училищесін, бір қыздар училищесін, бес болыстық училищені, қоныс тепкен орыс балалары үшін екі училище ашып үлгерді. Көп жылдық тәжірибе Ы.Алтынсарин ашқан орыс-қазақ мектептерінің өміршеңдігін, өзі жасаған педагогикалық негіздерінің дұрыстығын дәлелдеп берді.

Бұл мектептік білім беру жүйесіне Т.Тәжібаев мынадай баға береді: “Ы.Алтынсарин халықтық мектеп негіздерін құруда демократиялық ұстанымдарға иек артқан, атап айтқанда:

- әр түрлі ұлттардың балаларын бірге оқыту;

- әр түрлі ұлттардың халықтық салт-дәстурлеріне, діни сенімдеріне құрметпен қарау;

- балаларға ізгілікті көзқарас;

-әр түрлі тілдегі балаларды оқыту мен тәрбиелеу;

- оқыту мен тәрбиелеудің тегін болуы”.

В.Белинскийдің ізін жалғастыруға талпынған Ы.Алтынсарин адамгершілік тәрбиесінде мектептің үлкен рөлі барлығына айрықша мән берген. Бұған көрнекті ағартушының таңдамалы шығармаларына үңілген адам айқын көз жеткізе алады.

Облыс мектептерін аралай жүріп Алтынсарин Ыбырай барлық мұғалімдерді жете танып, олардың жақсы жақтары мен жаман тұстарын байқап отырды, сол себепті олармен ашық әңгімелесіп, достық кеңестері мен аманаттарын айтып жеткізе білді. Олардан “оқушылардың жалпы сипаттамасы мен ақыл-ойына” терең үңілуді, қазақ балаларының орыс тілін үйренуіне ерекше көңіл бөлуді талап етті. Ең бастысы, мұғалімдердің белгілі педагогикалық әдепті қатаң сақтауын қатты қадағалады.

Қазіргі заманда да бұлар әлі өз мәнін жойған жоқ, жойылмақ та емес. Сондықтан да Ы.Алтынсаринның педагогикалық мұраларын қандай да бір идеологияға телімей, рухани-адамгершілік құндылықтарын терең әрі көрегенділікпен сезіне білгеніміз ләзім.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных