Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫ




Ещанова Г

Еліміздің егемендік алуы ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы көрнекті қоғам қайраткерінің педагогика ғылымына қосқан үлестерін, тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерін көрсететін бай мұраларын ғылыми тұрғыдан, жаңа қырынан бүгінгі заман талаптарына сай ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Солардың ішінде Байтұрсынов Ахмет ғалым-лингвист, әдебиет зерттеушісі, ақын-аудармашы, пубицист ғана емес, ағартушы педагог ретінде ерекше орын алады. Оған А. Байтұрсыновтың өз бетімен педагогикалық іс-әрекетке қатысқаны нақты дәлел бола алады.

А.Байтұрсыновтың еңбек жолын ағартушылықтан бастауының үлкен мәні бар. Оның ағартушылық ісі сол кезеңдегі қазақтың әлеуметтік тіршілігінде ең қажетті, игілікті әрекет еді. Ол 1895-1909 жылдары Қостанай, ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде бала оқытып, екі сыныптық училищелерде сабақ берді және оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санады. Бұл мақсатын өз өлеңдерінде, публицистикалық мақалаларында бейнелі тілмен «Надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орнынан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты» деп жеткізген.

А. Байтұрсыновты қазақтар үшін өз әліпбиін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп оқулықтар жазуына да, тіпті қоғамдық-әкімшілік істеріне араласуына да алып келген – осы ағартушылық мақсаты. Оның ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген істері тек оқу-білімге шақырумен тынбайды. Ол қазақ даласындағы мектептердің жайы, бала оқытудың жолдары туралы жиі мақалалар жазды. Соның бірі – 1913 жылы «Қазақ» газетіндегі «Оқу жайы» мақаласы. Бұл еңбегінде ол «Қазақта балаларды оқытатын әзірге жосықтар (программалар) мен кітаптар (оқулықтар) жоқ» дей келіп, оларды жазу қажеттігін және арнаулы педагогтік білім алатын оқытушылар даярлау керектігін, «білімнің бас құралы – кітап» деп, «білім конкурсы» дегенді жариялау арқылы да оқу-ағартуды жандандыруға болатынын айтады.

А. Байтұрсынов ағартушылық қызметін Алашорда үкіметі кезінде де, Қазан төңкерісінен кейін де ешбір оқтатпаған. Бұл айтылғандар А.Байтұрсынлвтың халықты оқуға шақырған, білім-ғылымның қажеттігін түсіндірген жалаң үгітші емес, қазақ арасында ағартушылық жұмыстарын, жалпы мектеп ісін жолға қоюға күш салған, бала оқытқан, тәжірибелі-ұстаз, ғалым-ағартушы екендігін дәлелдейді.

Сондықтан А. Байтұрсынов қалдырған мұралар да әр тектес. Мысалы, «Маса», «Қырық мысал» деген қазақ тілін оқытып-үйретуге арналған оқулықтары мен хрестоматиялары, оқыту әдісіне арналған әдістемелік құралдары, оқу әңгімелейтін мақалалары, графика мен терминология мәселелерін әңгімелейтін мақалалары мен баяндамалыр, саяси-әлеуметтік тақырыпты қамтитын публицистикалары. Ал оның педагогикалық идеялары «Қазақша оқыту туралы», «Мектептер қажет», «Бастауыш мектеп», «Баяншы», «Тіл жұмсар», «Қай әдіс жақсы», т.б. еңбектерінде де айқындалған.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных