Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бап. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары




1. Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегетін, қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары сот шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен қолданылады.

2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шара­лары денсаулық сақтау жүйесінің психиатриялық ұйымдарында:

1) амбулаториялық мәжбүрлі байқау және психиатрдың емдеуі;

2) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

3) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

4) жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде жүзеге асырылады.

3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін психиатриялық стацио­нарға орналастырылған адамдар психиатриялық стационарда болған бүкіл кезеңінде еңбекке жарамсыз деп танылады.

4. Жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақша, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің (бұдан әрі – мекеме) қолма-қол ақшасын бақылау шотына мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін аударылады.

5. Ақшаны пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

6. Мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотының қаражатын пайдалану жөніндегі есеп пен есептілік, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных