Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Терең сезімталдықты тексеру




 

  Тексеруді жүргізу Балдары
  Бұлшық ет - буын сезімталдығы. Дәрігер сырқаттың қол-аяғының буындарын бүгіп, жазып, екі жағына қарай қайырып байқайды. Тексеру саусақ ұштарынан басталады, соңынан жоғарғы буындарды қозғалтуға кіріседі де сырқаттан «қай саусағыңды немесе қай буыныңды ұстап отырмын», «қай жаққа қарай козғап (қимылдатып) отырмын» деп сұрайды. Егер сырқаттың нерв жүйесінің сезімталдыққа қатысты құрылымдары зақымданбаса ол дәрігердің әрекеттерін дұрыс бағалайды. Ал жауап дұрыс болмаса тексерілушінің сезімталдыққа қатысы бар нерв жүйесінін, белгілі бір құрылымдары зақымданған болып есептеледі. Тексеру арқылы алынған деректерге сүйене отырып, дәрігер сырқатта бұлшық ет-буын сезімталдығы қол немесе аяқ ұшы саусақтарында немесе иық, жамбас-сан буынына т. б. дейін бұзылғандығы туралы тұжырым жасайды.       0,25     0,5 0,5   0,5 0,5     1,0 1,0   1,0
  Дене бөліктерінің орналасу сезімі: а)сынама науқастың көзін жұмып жасалады б) дәрігер науқастың қол аяқтарын әр түрлі жағдайда қояды в) науқас дене бөліктерінің орналасуын анықтап айтады     0,5   0,25   0,5 1,0   0,5   1,0
  Кинестетикалық сезім (сезімталдық). Дәрігер саусағымен сырқаттың терісін әр тұсынан қатпарлап ұстап, жоғары-төмен, оңға-солға қозғайды. Сырқат тері қатпарының қозғалу бағытын ажырата білуге тиіс.   0,5 1,0
  Батыру-сығуды сезіну. Дәрігер сырқаттың денесі мен аяқ-қолдарының әрбір бөлшектерінің симметриялы тұстарын саусағымен немесе барэстезиометр деп аталатын арнайы аспаппен батыра сығып байқайды. Адам қалыпты жағдайда батырудың әр түрлі деңгейін ажырата алады.   0,5 1,0
  Салмақты сезіну. Дәрігер сырқаттың екі қолын алдына созғызып, алақанына әр түрлі салмақтағы таразы тастарын қойып бақылайды. Қалыпты жағдайда салмақтың 15-20 г шамасында айырмашылығы анықталады.   0,5 1,0
  Діріл сезімталдығы. Дәрігер дірілдеп тұрған камертонның сирағын адам денесіндегі қақ сүйектерге (толарсақ, тізе тобығы, жамбас сүйегінің қыры, омыртқалардың қылқанды бұтақтары[тармақтары, өсінділері], біз тәрізді өсінділер, шынтақ өсіндісі, бұғана, бас сүйектегі еміздік тәрізді өсінді) жанастырады да сырқаттан дірілдің сезілу немесе сезілмеу деңгейін симметриялык екі жағын сұрап біліп отырады. Осындай жерде тексерістер кезінде сырқат камертонның дірілін сезбеуі (апаллестезия) немесе оны болар-болмас қана сезінуі (гипопаллестезия) мүмкін.     0,5 1,0
  БАРЛЫҒЫ:   5,0 10,0

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных