Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ысқа химиотерапия курсының (ҚХК) негізгі ерекшеліктері.

Ф КГМУ 4/3-04/02

ИП №6 УМС при КазГМА

От 14 июня 2007 г.

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы

 

 

ДӘРІС

 

Кредит

 

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы туберкулездің өзекті сұрақтары. Туберкулезді алдын алу мен күресуге қазіргі заманғы көзқарас».

Пәні: «Эпидемиология»

Мамандығы: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Курс: 5

Уақыт: (ұзақтығы) 1 сағат

 

АРАҒАНДЫ – 2011ж.

 


 

Кафедраның мәжілісінде бекітілді

Хаттама № __ 1 ____

"__ 01 ___" ____ 09 ______ 2011ж.

 

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының

меңгерушісі к.м.н., доцент _______________ Шайзадина Ф.М.

 


● Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы туберкулездің өзекті сұрақтары. Туберкулезді алдын алу мен күресуге қазіргі заманғы көзқарас».

● Мақсаты: егу ісініңтеориялық және әдістемелік негіздерін меңгеру

● Дәріс жоспары:

1. Туберкулездің этиологиясы, факторлары, берілу механизмі және эпидемиялық процестің біліну.

2. Туберкулездің қазіргі заманғы өзекті мәселелері.

3. Қазақстан Республикасында туберкулезбен күресудің принциптері.

4. Туберкулез кезіндегі эпидемиологиялық қадағалаудың мазмұны және ұйымдастырылуы.

 

● Дәріс тезистері:

Туберкулез ауруы - бүл бүкіл әлем бойынша актуальді және денсаулық сақтау министрлігінің жете бағалай отырған мәселелерінің бірі болып табылады.

- Туберкулез ауруының микроорганизмдері жер бетіндегі тұрғындардың 1/3 бөлігін зақымдайды.

- Жыл сайын 9 млн-ға жуық адам туберкулез ауруынан қайтыс болады, өлім саны көбейіп отыр.

- Қазақстанда барлық өлім саны бойынша туберкулез ауруы 3-ші орында тұр.

1. Қан айналымы аурулары 100 мың тұрғынға - 483 жағдай,

2. Ас қорту органдарының аурулары - 100 мың тұрғынға - 36,0 жағдай,

3. Туберкулез - 100 мың тұрғынға - 34,6 жағдай.

Әртүрлі аурулардың өлім нәтижелерінің қауіпті индексі мынадай:

· Туберкулез - 105

· Қан айналу жүйесінің аурулары - 21,9

· Қатерлі ісік - 22,3

· Сынақ - 7,5

· Басқа инфекциялар - 2,5

· Қалпы өлім көрсеткіші - 1,0

Кейінгі 10 жылда 30 млн адам туберкулезден ауырып, қайтыс болған және 90 млн туберкулез ауруының жаңа жағдайлары пайда болады. Қайтыс болғандардың 80% - 15-59 жастағы адамдар.

 

Туберкулез ауруының қайта айналып кеелуінің негізгі себептері:

· Туберкулез ауруымен күресу бағдарламаларына көңіл аудармау, үкімет басшыларының шындықты елемеуі, ТБ аурумен күресу жүйесінің кері кетуіне, кейбір жерлерде тіпті жаппай жайылуына әкеп соқты.

· Туберкулез ауруымен күресу жолдарын дұрыс ойластырмағандықтың және нашар басқарғандықтан, бұл аурудың деңгейі жоғарылап, кеңінен таралады. ТБ микобактериясы төзімді болғандықтан емдеу де қиынға соғуда.

· Құрғындар санының көбеюі де, ТБ ауруының санының көбеюіне алып келеді. Демографиялық өсу көрсеткіштері жоғары аудандарда, кейінгі 10 жылдың ішінде сырқаттанушылық және өлім көрсеткіші жоғары деңгейде тұр.

· АИВ инфекциялары мен туберкулез ауруларының арасындағы байланыс аурудың өсуіне себебін тигізуде.

· Тұрғындардың қоныс аударуы және шекарадан өтуі де сеебеп болады.

Туберкулез - жұқпалы ауру, микобактериялардың әсерінен пайда болады, созылмалы ағыммен, клиникалық білінулерінің әр түрлігімен және көптеген органдарды, оның ішінде тыныс жүйесін зақымдаумен сипатталады.

 

Туберкулез қоздырғыштары - патогенді микобактериялардың әр түріне жатады, Сырқаттанушылықтың еекі түрлі нозологиялық формаларын тудырады.

1.Антропонозды туберкулез - адам микобактериясы бактерия Кохха арқылы пайда болады және тыныс алу жолдарын зақымдайды

2.Эпидемиологиялық маңызы жағынан бұқа типі екінші орында тұр, қоздырғышы ірі қара малдан, үй жануарларынан бөлінеді - бұл зоонозды туберкулез, адамдар арасында сырқаттанушылық жағдайы 10%-ке жуық.

3.Адамдар арасында бірен - саран сырқаттанушылықты құс типті микобактериялар тудырады.

Адам типті микобактериясының (бактерия Коха) формасы таяқша тәрізді, ұзындығы 5нм, полиморфизмдігімен ерекшеленеді. Сыртқы ортада төзімділігіжоғары, бөлме температурасында кептірілген түрде айлар бойы сақталады, ылғалды қақырықты кептіргенде 75 градуста 30 минут, 100 градуста 5 минутке дейін сақталады. Кепкен қақырықта 100 градуста 45 минутта өлледі. Дезинфекциялық заттардың ішіндегі бактерицидтік қасиеті жоғары хлор қосылған препараттар (хлорамин мен хлорлы әктің активті ерітіндісі).

Даму механизмі.

Дем алу органдарына таралған қоздырғыштарды бөлетін ауру адам инфекция көзі болып табылады. Ауру адам жөтелген кезде қоршаған ортаға диаметрі 1-5нм микобактерияны бөледі. Өкпенің макрофактары микобактерияларды жұтады, бірақ олардың көбеюін тоқтата алмайды, сонымен клеткалы иммунитет микобактериялардың тек дамуын тежеиді.

Аурудың жұқпалы кезеңі ашық формада сыртқы ортаға бацилланың бөлінуімен анықталады. Өкпеде 109 микобактерияға дейін болуы мүмкін. 30 күн ішінде 1 микобактерия көбею кезінде 109 дочерни клетка береді. Көктем-күз айларында ауру асқынған кезде қоздырғыштың бөлінуі жиілейді. Жануарлардың зақымдалуы лактация кезінде жоғарылайды. Қоздырғыштардың беріллуі аэрозольді механизммен іске асады. Ауа-тамшы берілу жолында аурудың қақырығы мен мұрын-жұтқыншақ шырышы негізгі фактор болып табылады, олар сөйлеген кезде, түкіргенде, жөтелген кезде сұйық аэрозоль түрінде блінеді. Микобактериялардың жоғары төзімділігі ауа-тамшы жолы қамтамассыз етеді. Сонымен қатар жанасу-қатынасу жолы, әр түрлі тұрмыстық заттар арқылы іске асады. Халықтың тығыз орналасуы, экономикасының артта қалуы, санитарлық мәдениетінің төмен деңгейде болуы, маман дәрігерлердің жетіспеушілігі туберкулез ауруының таралуына қолайлы жағдай туғызады.

Жануарлар мен құстардан тағам жолы арқылы ауру жұқтырады, бұлардың берілу факторларына сүт, сүт тағамдары, ет, жұмыртқа жатады. Адамдардың туберкулез ауруына қабылдағыштығы жоғары, 3-жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер, жас буындар, қартайған адамдар.

Қауіпті фактор боллып табылады:

· Ұзақ уақыт, 8 сағат науқаспен қатынаста болса (от басында, жұмыс орынында, жатақханада және т.б.).

· Бөгде заттарды қолданып, өздеріне қиянат жасаушылар (токсикомандар, алкоголь, нашақорлар және т.б.).

· Туберкулез сырқатының жиілігі жоғары аудандарда тұрушылар.

· Қосымша аурулары бар (АИВ инфекциясы - 10%, қант диабеті, бүйрек аурулары, қатерлі ісік аурулары және т.б.) үлкен жастағы адамдар.

· Жекелеген кәсіптік топтар: денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері, мал шаруашылығының жұмыскерлері, кеншілер.

Айқын маусымдылық білінбейді, бірақ рецидивпен қайталап ауырғандар көктемнің басында байқалады. Ер адамдар әйелдерге қарағанда 2-4 рет жиі ауырады. Аймақ бойынша туберкулез біркелкі таралмаған. Жоғары сырқаттанушылық Оңтүстік-Шығыс, Азия елдерінде (Индия, Индонезия, т.б.) 100 мың тұрғынға 100 жағдайдан тіркеледі. АҚШ-да, Канада да, Австралияда, Скандинавияда, Батыс Европа елдерінде сырқаттанушылықтың деңгейі төмен.

Қазақстанда 80-жылдардың аяғында туберкулез ауруының деңгейі жоғарыллады, 100 мың тұрғынға 100 жағдайдан келеді. Сырқаттанушылық төмен облстарда өлім саны өте жоғары екені байқалды, бұл - туберкулездің жаңа жағдайларын анықтау нашар екенін дәлелдейді. Туберкулез ауруының алғашқы кезеңінде көптеген ауру адамдардың өкпелерінде арнайы ошақ пайда болады (кеңірдек - лобульді пневмония). Ол ошақтан микобактериялар қоршаған ортаға бөлінеді. Инкубациялық кезеңі 3 күннен 12 жұмаға дейін. Ауру адамдар дәрігердің қабылдауына бармас бұрын кәдімгі жедел ауру симптомдары анықтап 12 ай бойы дамиды. Сондықтан барлық профильді дәрігерлер, қарапайым емге көнбейтін, симптомдардың дамуы ақырындап үндейтін, клиникалық белгілері ұқсас барлық жағдайларға сақ болуы қажет.

Туберкулездің әр түрлі формаларында микобактериялардың бөлініп шығу қарқындылығы әр түрлі болады (кесте). Өкпе туберкулезінде, оның кавернозды және фибринозды-кавернозды формасында микобактериялардың ең қарқынды бөлінуі байқалады.Бронходенит және кеңірдек - лобулярлы пневмония кезінде микобактериялар үнемі бөлінеді. Қоздырушылар милиарлы туберкуллезде каверна түзгеннен кейін ғана бөлінеді, ал өкпе циррозы дамыған кезде бацилланың бөлінуі ақырындап төмендейді.

Туберкулездың өкпеден тыс формасында бацилланың бөлінуі нәжіс, зәр, көз секреті және тері арқылы жүреді. Туберкулездің сүйек - буынды формасымен симптомсыз ағымы кезінде микобактериялар бөлінбейді және аурулар қоршаған ортаға қауіп төндірмейді. Туберкулез кез келген мүшелер мен тіндерді зақымдайды. Туберкулездің әр түрлі формаларының таралуында мынадай құрылым байқалады:

· өкпе аурулары - 70%

· өкпеден тыс аурулар - 15%

· біріккен (өкпе мен өкпеден тыс) аурулар - 15%

иммунды тапшылық пайда болған кезде өкпеден тыс таралу өршиді.

Балалардың басқа да мүшелерін зақымдайды және ауыр фоормалары дамиды: олар миллиарлы туберкулез және туберкулезді менингит. Миллиарлы туберкулез кезінде қанның қарқынды тұқымдануы өтсе де терінің туберкулинді сынамасы теріс реакция көрсетеді. Туберкулезді менингитпен 6-айлықтан 24 айлыққа дейінгі балалар ауырады, жиі өліммен аяқталады. Жұлын сұйықтығын бактериологиялық егудің 50%-тен азы дұрыс сынама көрсетеді. Туберкулез ауруын анықтайтын 2 тәсіл бар: активті және пассивті.

Туберкулезді анықтаудың активті тәсілі - бұл денсаулық сақтау органдарының ауруларды анықтау шаралары, оған тұрғындарды әр түрлі тәсілдермен жоспарлы тексеру жатады.

Туберкулезді анықтаудың пассивті тәсілі - бұл аурулардың өздігінен ынта-ықыласы, медициналықмекемелерге келгендерді туберкулездің белгілері бар аурулардан тексерілу.

Ауру адамдардыңаурудың асқынған сатысында ғана дәәрігерге келуі, пассивті тәсілдің негізгі кемшілігі болып табылады, сонымен қатар осы тәсіл мыналарды қамтамасыз етеді:

- туберкулезді талдау процесіне барлық профильді дәрігерлердің кірісуі,

-тұрғындар арасында тәрбиелік және санитарлық-ағарту жұмыстарының артуы,

-денсаулықты сақтандыру және ауруларды анықтауға көмектесетін заңдарды құрастыру.

Ауру адамды ерте анықтаудың клиникалық белгілері анық білінбейтін немесе шамалы білінетін сатыдағы анықтау активті тәсілдің артықшылығы болып табылады. Анықталған ауру адам өзін сау деп санап, сондықтан оның толық емдік курсын өтуіне және қоршаған ортамен ара-қатынасына және гигиена тәртібін сақтауына көндіру қиындығы активті тәәсілдің кемшілігі болып табылады. Бұндай аурулар жиі анықтайды.

Төмендегідей клиникалық және эпидемиологиялық белгілері болған жағдайда, медицина қызметкерлері (әсіресе жалпы профильдегі) туберкулез ауруының болу мүмкіндігін ескеру қажет:

Үлкендерде:

- 3 аптадан артық жөтелу,

- қақырғанда қанның болуы,

- 1 айдан астам уақыт бойы кеуденің ауруы,

Балаларда:

- туберкулездің жұқпалы формасы бар аурумен тікелей жанасу,

- туберкулинді сынаманың дұрыс бағалануы,

- жүдеу - себепсіз салмақ жоғалту,

- себепсіз 2 немесе одан көп рет дене қызуының көтерілуі және т.б. аурулардың болуы.

Туберкулездің лабораториялық диагностикасы, клиникалық, микробиологиялық және иммунологиялық зерттеулер құралы. Қазіргі кезде БДҰ туберкулезді диагностикалаудың негізгі принцптерін осы зерттеулердің экономикалық тиімділігі мен эпидемиологиялық маңыздылығы тұрғысынан қарастыруды ұсынды. Туберкулездің негізгі диагностикалық тәсілдеріне жатады:

· қақырықты бактериологиялық зерттеу,

· микобактериялардың культурасын егу және бөлу,

· тері ішілік туберкулинді тест,

· тыныс мүшелерін рентгенологиялық зерттеу.

Өкпе туберкулезінің нақты шешімін көрсететін, оңай әрі арзан туберкулез диагностикасыныңбағалы тәсіліне қақырықтың мазогын бактериологиялық зерттеу жатады. Өкпе туберкулезінің жұқпаллы формасымен ауыратын көптеген адамдарды осы тәсілдің көмегімен анықтайды. 1 мл қақырықтың 104 дәрежелі клеткаға қатынасы тәсілдің сезімталдығын құрайды. Клиникалық белгілердің ауырлығы, бөлінген қоздырушының санымен байланыспайды. Медицина мекемелеріне көрінуге келген мынадай адамдарға бактериологиялық зерттеу жүргізу қажет:

- аурудың анық симптомдарының болуы,

- кеуде тұсының аурушаңдығымен, қақырықтың бөлінуімен және қақырықта қанның болуымен қоса жүретін созылмалы (3 аптадан артық) жөтелдің болуы,

- өкпеде туберкулезге ұқсас рентгенологиялық өзгерістердің болуы.

Бронхоскопия немесе сорылған асқазанның ішіндегісіне бактериоскопия бөлінген қақырық аз болғанда жүргізіледі. Циль-Нильсен немесе Киньюн бойынша боялу + қақырықта тура бактериоскопиялау қолданылады. Флюорохроммен боялғаннан кейін люминисцентті микроскопиялау нақты мәлімет беретін тәсіл болып табылады. Бұл жерде ұлғайту мүмкіншілігін қолдануға болады және зерттеу жылдам жүреді, бірақ қымбат тұратын люминисцентті микроскопты талап етеді.

Қақырық үлгісін жинау әдісі өте маңызды. Мүмкіндігінше ауру адамнан 24 сағаттың ішінде қақырықтың 3 үлгісін жинау қажет.

1. Медициналық мекемеге келген аурумен бірінші сөйлескенде,

2. Ертеңіне таңертең аурудың үйінде,

3. Екінші рет дәрігерге келгенде.

Қақырықтың екі үлгісін бактериоскопиялағанда екі дұрыс нәтиже болуы туберкулез диагнозын дәлелдеуге жеткілікті. Үшінші рет анализді екі зерттеудің бірі дұрыс бірі теріс нәтиже болғанда жүргізеді. Қақырықтың бір үлгісін бактериологиялық анализі теріс бағалануы туберкулез диагнозын жоймайды. Барлық жағдайда зерттеулерді аяғына дейін жүргізу қажет. Қақырықтағы туберкулез микобактерияларынң динамикалық жойылуы бойынша ауру адамның сауығуын бағалау үшін де қақырықты бактериологиялық зерттеу қолданылады. Арнайы тығыздалған жұмыртқалы- сулы - тұзды Левенштеин - Иенсен ортасына егу (яично-водно-солевая среда).

Туберкулез диагнозының өте оңды варианты болып табылады, бірақ диаметрі 3-5мм, түссіз колониялар өсіп шығу үшін бірнеше жұма керек (2-4 жұма). Бұл әдіс өте қымбат және рутинді зерттеу әдісінің тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайда дәрі-дәрмекке тұрақтылығын анықтау үшін қолданылады.

Одан басқа тері-оң (кожно-полож) егулер нәтижесі мүмкін болады, егер:

· үлгіні қате жинау (жинау қателігі және жиналған қақырықтың ластануы)

· лабораторияда зақымдалған үллгіге аэрозольді тасымалы және құрал жабдықтардың стерилизациясы жеткіліксіз,

· судың туберкулезді-қышқылға тұрақты қоздырғыштарымен зақымдануы,

Жалған теріс егулер пайда болады:

· мөлшерден тыс залалсызданғанда,

· материалдың нашар үлгісі,

· үлгіні қате жинау,

· материалдың 37 С ден жоғарыда қызуы.

Рентгенологиялық зерттеу әдісі (флюорография, рентгеноскопия, рентгенография).

Туберкуллезбен күресудегі медициналық қамсыздандыру үшін бөлінетін қаржының айтарлықтай бөлігі жұмсалатын, өте қымбат әдіс болып табылады.

Әдістің жағымды факторлары:

- тұрғындардың 90%-ке жуығын тексеруге болады,

- туберкулез ауруының бастапқы сатысында анықталуы (активті анықтау),

- тұрғындар арасында туберкулез кең таралған жағдайда тиімді болады,

Әдістің жағымсыз факторына жатады:

- тұрғындардың 10% тексерілмейді, себебі тап осы бөлігі қауіпті топқа жатады, олар: үйсіздер, нашақорлар және т.б.

- сырқаттанушылық төмендеген жағдайда анализдің тиімділігі тез түседі. Қақырықтың мазогын бактериоскопиялағанда 1000 адамға 17%-ке дейін көрсеткен уақытта тіпті туберкулездің деңгейі жоғары кезде флюорография арқылы анықтау, 1000 анализге 1-2 жағдай құрайды.

- ауру адам пассивті болып қалады, себебі олар өздерін саумын деп есептейді, оларды санитарлық насихатқа және емделуге көндіру қиын.

- өкпеде қосымша зерттеулерді талап ететін спецификалық емес өзгерістер анықталады. Туберкулез ауруымен байланыспайтын өкпенің оншақты аурулары бар (түбірлі аденоппатия, фокальді инфилльтрат, вирусты инфекциялар, пневмаканиоздар, плеврит, өкпе абсцесі және т.б.).

- АИВ ауруларындағы өкпенің көрінісі туберкулез ауру үшін өзгешелігімен сипатталады.

Туберкулин мен терілік аллергиялық сынау.

Скарификационды сынау - Пирке сынамасы немесе тері-ішілік - Манту сынамасы да туберкулез ауруларын анықтаудағы төмен тиімділігімен қатар қымбат тұратын шаралар болып табылады.

- БЦЖ вакцинасын қолдану туберкулинді терілік сынама конверциясымен (вираж) қатар жүреді.

- БЦЖ-ға қойылатын туберкулинді терілік сынама әсерін табиғи инфекция әсерінен аыруға реальді тәсіл жоқ.

- гиперсезімталдықтың ұзақтығын қамтамасыз ететін туберкулинді - терілік сынама (ТТС) кең көлемде өзгереді, ал инфильтраттың көлемі уақыт өткен сайын кішірейеді.

- қорғаныс иммунитеті мен папулалардың көлемдері немесе конверсия жиілігі арасында шамалы түзілулер бар.

Тұрғындарды осы зерттеумен жеткіліксіз қамту нәтижесінде қолданылатын (ТТС) туберкулинді терілік сынаманың (р-я Манту) тиімділігі төмендейді. 1996 жылы Қазақстан Республликасы бойынша 1 жастан 14 жасқа дейінгі балаларды Манту сынамасымен қамту 57,4% құрайды, соның ішінен туберкулез күдігімен (вираж арқыллы) тек 1,8% анықталды. Облстар бойынша тербеліс 1 жастан 14 жасқа дейінгібалаларды тексергенде 9,5%-тен Павлодар облсы - 97,3%ке дейін Жезқөазған облсы, ал вираждылардың саны 0,4%-тен (Оңтүстік Қазақстан облсы) 9,5%ке дейін (Павлодар облсы) құрады.

Қауіпті топтарды, әсіресе әлеуметтік нашар халдегі жанұяларды (78,7%) және ауруханада гормонды терапия жүргізер алдында (45,8%) тексерумен толық қамту қарастырылмаған. Бұл жерде виражды балалардың анықталуы 0,3%-тен 1,4%-ке дейін құрайды. 6-7 жастағы балаларды Манту сынамасымен қамту кезінде де осындай көрініс байқалады. Республика бойынша виражды анықталғандардың орташа деңгейі 1,2%-тен 10,1%-ке дейінгі тербелісі мен 3,3% құрайды.

Манту сынамасын жүргізу үшін стерильді шприц пен ине қажет; тері ішілік енгізуге (күлдіреудің болуы) арнайы үйретілген медицина қызметкерлері және инфильтраттың диаметрін миллиметрде (эритеманың емес) 48-72 сағат өткеннен кейін бағалауды қажететеді. БДҰстандарты бойынша 5 немесе10 туберкулин бірлігін енгізген кездегі Манту сынамасын түсіндіру төмендегі ережелер бойынша жүргізіледі:

· көптеген активті туберкулезді аурулардың инфильтратының диаметрі 15мм-ден жоғары болуымен ерекшелленеді.

· туберкулезге күдіктілер мен қауіпті топқа жататын адамдарды тексергенде инфильтраттың диаметрі 10мм және одан жоғары болса, оң нәтижелі деп бағалауға болады.

· өте қауіпті топқа жататын адамдарға (мысалы АИВ-инфекциясы кезінде), туберкулез ауруымен тығыз араласқанда, бұрын ауырған, бірақ емделмеген туберкулез ауруының белгіллері бар адамдарға 5 ТБ (туберкулин бірлігі) сынамасын жасағанда инфильтраттың диаметрі 5мм және одан жоғары болас, оң нәтижелі деп бағалауға болады.

Манту сынамасының жалған-оң нәтижелі болуының себебтері:

· қоршаған ортада микобактериялардың боллуы

· БЦЖ вакцинасы

· вакцинадан кейінгі тері-туберкулинді сынамаға реакция едәуір түрленуі мүмкін

· БЦЖ вакцинасын туберкулез микобактерияларымен зақымдану реакциясынан айырмашылығын көрсететін нақты тәсіл жоқ

· ертеректе жасалған вакцинадан кейінгі тері-туберкулинді сынама реакциясын туберкулез ауруымен жақында жанасқан кезде ТМБ (туберкулез микобактерияларымен) зақымдануы және отбасында туберкулез жағдайының болуы есебінен деп есептееуге болады.

Манту сынамасының оң нәтижелі болуының себебтері:

· сынама ауру адаммен жанасудан кейінгі ерте өткізілген (иммунды жауаптың дамуы үшін 2-10 жұма уақыт керек).

· төмен иммунды жүйелі 6 айдан жас балаларда

· сырқат ауру түрінде өткенде

· АИВ инфекциясы кезінде

· иммунды реактивтік бұзылған кезде (депресанттар мен кортикостероидтарды қолданғанда)

· тамақтану бұзылған кезде

· сынама өткізу кезіндегі вирусты және бактериалды инфекциялар (эпид. паратит, бруцеллез, жел шешек, безгек, қызылша, және т.б.).

· дұрыс өткізілмеген индикация.

 

Қазіргі кезде рентген-флюорографиялық зерттеуге альтернатива ретінде қаупті топтарды профилактикалық тексеру үшін комерциялық диагностикалық тест-жүйе өңделіп шығарылған. Оларға жатады:

· "ИФА -Туберкулез" - ТМБ антиденелрін анықтау үшін. Тұрғындарды жаппай тексеруге арналған. Әр түрлі таралу процесіндегі сезімталдық -68-100%, арнайылық (спецификалық) - 94%. Сенсибирленген планшеттер. Анализдің уақыты 1-2 сағат. Сақталу мерзімі - 6 ай. Екі вариантта шығарылады:

- Комплект - 1:12 стриптен тұратын талданатын планшет (1-10 анализге).

- Комплект - 2:2 талданбайтын планшет (90 немесе 180 анализ жасауға).

· "Ампллитуб - К" - тест-жүйе қатерлі топқа жататын адамдарды профилактикалық тексергенде полимеразды сатылы реакция көмегімен туберкулез микобактерияларын табуға арналған. Бұл тест-жүйе әр түрлі биологияялық сұйықтықтардағы (қан, қан сары суы, қақырықта, эксудатта, кеңірдектің шайылған суында, синовиальді сұйықтықта және тіндерде (бүйрек)) туберкулез микобактерияларын табуға мүмкіндік берді. Сезімталдығы - 500 геном, экв/мл, арнайылық - 100%. Әр бір жиынтық 50 анализге арналған. Зерттеу ұұзақтығы - 5-6 сағат. Тест-жүйесінің сақталу мерзімі - 6 ай.

Туберкулезбен күресу флюорографиялық және санитарлы-эпидемиологиялық қызметтер маңызды орын алатын, эпид. қадағалау жүйесі мен эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыруға негізделген. Туберкулез мәселесінің шиеленісуіне байланысты 90 - жылдардың басында БДҰ барлық жерде осы аурумен күресудің жаңа стратегиясын өңдеп шығарды.

БДҰ - ның туберкулезбен күресудегі басты міндеті: - бұл жаппай тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіруін тоқтатуға дейін, туберкулез сырқаттынлығы мен аурудың берілу жолдарын қарастыру және өлімді азайту болып табылады.

БДҰ-ның туберкулезбен күресудегі глобальді мәселелерінің мақсаты:

- туберкулездің барлық жағдайын 2000-шы жылға дейін 70%-ін анықтау,

- Анықталған туберкулез ауруының 85%-ін емдеу,

- туберкулез мәселесін елемей отырған еліміздің үкімет басшыларына экономикалық және әлеуметтік зардабын көрсету,

- туберкулез кең таралған елдерге көбірек көңіл бөлу.

 

БДҰ-ның туберкулезбен күресудегі негізгі принцптері:

1. Меемлекеттің тұрғындардың денсаулығын сақтауға бөлінген қаржыны тиімді пайдаланып және мемлекет аралық денсаулық сақтау құрылымдарымен бірлесе отырып, бүкіл елді қамтитын, туберкулезбен күресудің глобальді мәселесінің үлттық бағдарламасын жасау арқылы еліміздің үкімет басшыларының қатысуын күшейту.

2. Туберкулез сырқаттылығының пассивті әдісі бойынша анықтау, яғни медицина мекемелеріне өз еркімен келген адамдарды толық тексеру. Диагностикалық жабдықтардың жетіспеушілігі мен қауіпті топтардың білімі аздығынан, туберкулез ауруларын активті әдіс арқылы анықтау қаржы-қаражатбойынша тиімсіз деп есептеледі. Ауруларды пассивті әдіспен анықтағанда - оларды мамандандырылған медициналық бақылауға алып, бірінші орында диагнозды дәлелдеу үшін микроскопиялық тексеруден өткізеді.

3. Туберкулез мәселесі бар барлық елдер, қақырықтың анализі дұрыс бағаланған ауруларды стандартталған химиотерапияның қысқа курсымен (ХҚК) қамтамасыз ету қажет. Стандартталған химиотерапияның қысқа курсы ауруды айықтырады және туберкулездің жұғуын тоқтатады. "Айығу - бұл ең жақсы алдын алу (профилактика)". Егер қаражат жеткіліксіз болса, онда клиникалық белгілері айқын және қатерлі ауруларға (менингит, миллиарлы ТБ және т.б.) назар аудару қажет, себебі бұл топтар аурудыңтаралуы мен өлімге әсерін тигізеді. Негізінде бұл стандартталған химиотерапияның қысқа курсын барлық туберкулез ауруымен ауырған адамдарға жүргізілуі қажет.

4. Барлық туберкулезге қарсы препараттармен үздіксіз қамтамасық ету жүйесін құру (олар - изониазид, рифампицин, пиразинамид, стрептомицин және т.б.). Аймақтар өткен жарты жылдықта тіркелген жағдайлардың санына қарай, препараттарды жүргізу мен сатып алуды ертерек ойластыру қажет.

5. Үкімет басшылар үшін мониторинг жүйесін құру, стандартты критерилер мен нақты орындалған есеп алып, бағдарлама жасау және оның тиімділігін бағалау.

 

Бағдарламаның негізгі бөлімдеріне тоқталсақ:

1. Біздің Республика туберкулезбен күресудің глобальді бағдарламасына белсенді кірісіп кетті. 1997 жылдың қазан айында туберкулез бойынша халықаралық семинар өткізілді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында туберкулезбен күресудің мемлекеттік бағдарламасы дайындалып жатыр.

2. Ауруларды пассивті әдіспен анықтағанда әр бір жағдайда тиянақты бақылау жасап отыру қажет. Осы анықтаудың негізгі мақсаты:

- ауру адаммен қатынаста болғандарды анықтау,

- туберкулез таяқшаларымен зақымданған адамдарды анықтап, оларды тексеруден өткізу және сырқатты болдырмау үшін профилактикалық емдеу.

- туберкулездің көзін анықтау - сырқаттылықтың таралуы үшін. Бұл туберкулез жағдайы балаларда пайда болғанда өте маңызды орын алады.

 

Туберкулез ошағын эпид. тексергенде алда жүретін факторларын мынадай бағыттар бойынша анықтау:

Дербес факторларға жатады:

1. Анықталған аурудың жұқпалылығы, адам жұқпалы болып саналады, егер;

- ауру ыдырауымен болса (мысалы, өкпенің ыдырауы),

- жөтелсе

- қақырық мазогында микобактериялар бойынша дұрыс нәтиже берсе

- ем қабылдамаған болса

- емге әлсіз клиникалық немесе бактериологиялық тиімсіз болса.

 

Адам жұқпалы емес деп саналады, төмендегі критерилерге жауап берсе,

- 2-3 жұма бойы тиімді ем қабылдаса

- емге клиникалық жауабы сәтті болса

- әр түрлі күндері жиналған қақырық мазогында қатарынан 3 теріс нәтиже алынса

2. Туберкулез ауруымен ауыратын адамдар мен олармен қатынаста болғандардың жеке гигиена ережелерін орындаудағы реті.

3. Жанасқан адамдардың ауруға қабылдағыштығы (І және ІІ иммунды жетіспеушілік, басқа да созылмалы аурулар).

4. БДҰ бойынша туберкулезбен күресудің жетекші звеносы ауруларды тиімді емдеу болып табылады. Бұрынғы кезде 12-13 айлық емдеу курсынан өту керек болатын. Қазіргі кезде жаңа туберкулезге қарсы препараттар ашылғаннан кейін "қысқа химиотерапия курсы" деп аталынатын өте тиімді қысқа емдеу курсы өңделді.

ысқа химиотерапия курсының (ҚХК) негізгі ерекшеліктері.

1. Алғашқы анықталған ауруларды қатаң стандартталған схема бойынша емдеу: 2 ай ауруханалық ем, 4 ай емханалық ем. Туберкулез ауруымен ауырған адамдардың өздігінен емделуі - дәрі-дәрмектерді ретсіз қабылдауы мен, жағдайы жақсарғаннан кейін дәрі-дәрмектен бас тартуына алып келеді - ал бұл тұрақты микобактериялар штаммасының дамуына тура жол болып табылады.

2. Емделудің барлық сатыларында ең азы 3 препаратпен, содан кейін 2 препаратпен емделу қажет. Бір ғана препаратпен емделу - микобактериялардың тұрақтылығының дамуына әкеліп соғады.

3. Емделудің барлық сатыларында медицина қызметкерлерінің ауру адамның дәрі-дәрмекті қабылдауын қатаң бақылауын ұйымдастыру.

4. Сырқаттыллықтың әр бір жағдайын қадағалау, ауру адамның сауығу динамикасын және оның тиімділігін бағалау.

5. Ауруларға тағайындалған барлық препараттармен үздіксіз қамтамасыз ету жүйесін құру.

6. Ауру адамды емдеу стратегиясын өңдегенде тек қана химиотерапиялық мәселелерін емес, сондай-ақ толық курс орындаллуын қамтамасыз ететін әлеуметтік сұрақтарды шешу қажет.

ҚХК-тың негізгі артықшылығы болып табылады:

· аурулардың сауығу үлесінің айтарлықтай жоғарылауы, алғашқы емделгендердің 85%-нен көбі толығымен айығады.

· инфекцияның таралуынан тиімді сақтап қалады, емделмеген ауру адам жылына 10-15 адамды зақымдайды (эпидемияға қарсы тиімділік).

· микобактериялардың тұрақты штаммаларының пайда болуы қауіпін қысқартады, сондай-ақ емделмеген аурулар мен өлім жағдайларын қысқартады.

· денсаулық сақтау жүйесіндегі өте рационалды және экономды әдіс.

- денсаулық сақтау құрылымдарының барлығында қолданылады;

- әр түрлі жағдайларда қолдануға болады;

- үлкен қаражат жұмсалады, госпитализация уақытын күрт қысқартады;

- ҚХК пациенттің өмір шартына беиімделуіне мүмкіндік береді, емнің негізгі принцптерін сақтауды жеңілдетеді.

· Мемлекетіміздің экономикасының дамуына жағдай жасайды..

- аздаған инвестиция кезінде миллиард долларды үнемдейді;

- зақымдануды болдырмай, жұмысшы күштерді қорғайды;

- жылдам әрі көптеген ауруларды бір қаллыпты өмірлері мен жұмыстарына қайтарады. Қолданатын тактикаға байланысты туберкулезбен күресу тиімділігінің айтарлықтай өзгешеліктерін зерттеулер көрсетті.

Туберкулездің созылмалы аурулары - микобактерияларын қоршаған ортаға интенсивті бөлуі және жанасқанда зақымдауына байланысты эпидемиологиялық қауіпті топтар болып саналады. Ұсынылған күресу бағдарламасы тиімді, әрі үнемді, мемлекетіміздің бөлген қаражатына сәйкес ұлттық бағдарламаға бейімделуіне мүмкіндік туғызады.

● Иллюстрациялы материалдар: (слайдтар)

 

Дебиеттер

1. Әміреев С.Ә, Темірбеков Ж.Т. Эпидемиология. Т.1. Жалпы эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000.- 551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.

3. Амиреев С.А. Эпидемиология. 2 т. Алматы, 2002.

4. Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии – М.:Медицина, 2001. – 560 с.

5. Покровский В.И., Пак С.Г., Брико Н.И. и др. Инфекционные болезни и эпидемиология. Учебник для медицинских вузов. 2-е издание.-М.-ГЭОТАР.-МЕД, 2007.- 816с.

6. Белозеров Е.С., Иоанниди Е.А. Курс эпидемиологии: Учеб. пос. для леч. и пед. фак. медвузов // Элиста: Джангар, 2005.-136с.

● Бақылау сұрақтары (кері байланысы)

1. Қазіргі кездегі туберкулездің эпидемиялық процесінің ерекшеліктерін атаңыз.

2. Туберкулез жағдайын стандартты анықтаудың белгілерін атаңыз (болжамалы оқиға, ықтимал оқиға, дәлелденген оқиға).

3. Туберкулез кезінде егудің мерзімін атаңыз.

4. Туберкулезді жою мүмкіндігінің алғы шарттарын атаңыз.

 

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Третий закон термодинамики | Задания для подготовки к семинару. Для студентов очно-заочной ускоренной формы обучения


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных