Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Билет. Ұлттық аспаптар.




Қазақ халқының ұлттық аспаптары: шертпелі аспаптар, ыспалы аспап, үрмелі аспаптар болып бөлінеді.

Шертпелі аспаптар: домбыра, шертер, жетіген, адырна.

Ыспалы аспап: қобыз.

Соқпалы-сілкімелі аспаптар: дабыл, шыңдауыл, дауылпаз, даңғыра, асатаяқ, қоңырау, тоқылдақ.

Қазақ халқы ұлттық аспаптарға бай халықтардың бірі. Ұлттық аспаптарда күй, термелерді орындайды, халық әндерін айтады. Оларды орындайтын адамадарды күйші, термеші деп айтады. Ұлттық аспаптарда жырлайтын әуендерде халықтың өмірі, табиғат, махаббат, батырлар ерлігі көрініс алады.

Домбыра – екі ішекті, шертпелі аспап. Бұл – көне аспаптың бірі. Онымен күй тартады, халық әндерін сүйемелдейді.

Қобыз – киелі аспап. Ертеде осы аспапта бақсылар ғана ойнаған. Қобызды жасаған-Қорқыт ата.

Жетіген – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Үні өте нәзік.

 

8 билет. Ұлттық киімдері. (Ерлердің киімдер.)

Қазақтың ұлт киімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттарымен де айырып айтылады. Мысалы, арғын тымақ, найман тымақ, қызай бөрік, ноғай бөрік. Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, бір киер делініп төрт топқа бөлінеді. Іштік киімдерге — көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей, сырттық киімдерге — шапан, күпі, тон, шидем, сулық киімдерге — шекпен, қаптал шапан, брезент, кебенек, кенеп, сырттық жатады. Халық арасында белгілі бір топтар үйде де, түзде де, күнделікті тұрмыста да ұдайы жақсы киініп жүрген. Олар бойжеткендер, бозбалалар, салдар, ән-күй, күрес өнерпаздары еді. Сол сияқты келіншектер де тұңғышын тапқанша өте сәнді киініп жүрген. Кестелі, зерлі, жалтырауық киімдерді қадырлы қарттардың да үнемі киіп жүруі ел рәсіміне тән сиымды салт деп саналған.

Еркек киімдерінің ең қымбаттысы — аң терісінен істелген ішіктер.

Тымақ – ерлердің қысқы бас киімі. Оны аңның, малдың терісінен тігеді. Тымақтың түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең тымақ, пұшпақ тымақ деген түрлері бар. Тымақ – биік төбелі, екі құлағы бар жылы бас киім.

Бөрік – қазақтын ұлттық бас киімі. Оның жазғы, қысқы түрлері болады. Қымбат бағалы аң және мал терілерінен тігеді. Бөріктің құндыз бөрік, түлкі бөрік, кәмшат бөрік деген түрлері болады. Бас киімді ерлер де, қыздар да киеді.

Шапан – қазақтың ежелгі әрі кәделі киімі. Оның арасына жүн немесе мақта салып әдемі матадан тігеді. Шапанның жағасы тік немесе қайырма болып келеді. Жағасы, өнері, жеңі ұлттық өрнектермен әшекейленеді.

Шекпен – түйе жүнінен токылатын сырт киім. Оған қайырма жаға, тік жаға салады. Шекпеннен су, жел өтпейді. Ол жеңіл, тез тозбайды. Киюге ыңғайлы. Шекпен ботаның немесе тайлақтың жүнінен тоқылады.

Ішік – сәнді, әрі жылы киім. Ішекті берік матадан, аңның. Малдың терісінен тігеді. Ішік ұзын және кең болады. Ішіктің күзен ішік, қасқыр ішік, бұлғын ішік, түлкі ішік, қарсақ ішік, суыр ішік деген түрлері болады. Ішекті әйелдер де, ерлер де киген.

Қалпақ – ақ киізден немесе қалың матадан тігіледі, төбесіне салбырап тұратын шашақ салады. Ұлттық ою-өрнектермен безендірілерді. Көбінесе ауқатты адамдар киген.

Тақия – ерлердің, әйелдердің жеңіл бас киімі. Тақия биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі болады. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ болмайды. Өрнектермен кестеленеді. Тақияны асыл матадан, түрлі жіптермен әшекейлеп тігеді.

Жарғық шалбар – ешкі терісінен тігілетін, еркектердің бағалы киімі. Балақтың алдыңғы және сыртқы жақтарына түрлі-түсті жібек жіптермен ою-өрнектер салынады. Байлар, мырзалар, жас жігеттер сәндік үшін. Шалбар өте әдемі, әрі жеңіл болады.

 

9 билет. Ұлттық киімдері. (Әйелдер киімдері.)

Әйел киімдерінің де әр аймақта әр түрлі үлгілер мен әр алуан атаулар бар. Солардың ішінде қазақ елінің бәріне тән түрлері: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекше сияқты заттар. Әйел киімдері әшекей, ажар жағынан ел салты бойынша төрт топқа арналып тігілген. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері. Бұлардың әрқайсысының тігілу мәнері де әшекейі де әр қилы. Қыз киімдерінің кеуделері тар, қынамалы, омырауы мен жаға-жеңдері кестелі, көйлектері қос етекті, бас киімдері үкілі, моншақты, аяқ киімдері биік өкшелі, жеңіл және қай киімі болса да алтын, күміс, меруерт моншақтармен әшекейленеді. Қыздар көбінесе құндыз бөрік, қатипа тақия киіп, шолпы тағып жүреді.

Сәукеле – ұзатылған қыз киетін қымбат бағалы бас киім. Сәукеленің пішіні конус тәрізді биік болады. Қымбат маталармен қапталады. Оған алтын, күміс, маржан, бет мойыншақ, асыл тастар. Қымбат жіптерден әшекейлеп тігеді. Сәукеленің артқы жағына ұзын ақ желек тағады.

Ішік – сәнді, әрі жылы киім. Ішекті берік матадан, аңның. Малдың терісінен тігеді. Ішік ұзын және кең болады. Ішіктің күзен ішік, қасқыр ішік, бұлғын ішік, түлкі ішік, қарсақ ішік, суыр ішік деген түрлері болады. Ішекті әйелдер де, ерлер де киген. Әйелдер, жастар киетін ішікке әшекейлер, түрлі ою-өрнектер салады.

Тақия – ерлердің, әйелдердің жеңіл бас киімі. Тақия биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі болады. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ болмайды. Өрнектермен кестеленеді. Тақияны асыл матадан, түрлі жіптермен әшекейлеп тігеді.

Қамзол – әйелдердің асыл маталардан әшекейленіп тігілетін сырт киім. Алтын, күміс зерегрлік бұйымдары тағылады. Жағасында, етегіне қымбат жіптен өрнектер салады. Қамзол жағалы, жеңді және жеңсіз болады.

Жаулық – әйелдердің бас киімі. Олардың ажары, беделі, көркі. Жаулық шашты, мойынды, иықты арқаға дейін жауып тұрады. Егде әйелдер кимешек киген, от түрлі-түсті ою-өрнектері болады.

Қазақша көйлек – әйелдер киімі, түсі ашық қымбат маталрдан тігіледі. Тік жағалы, жеңді, етегі ұзын болған. Мұндай көйлекті қос етек көйлек дейді. Көйлектің сыртынан ою-өрнек салынған, асыл тастармен безендірілген бешпет киеді.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных