Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып: Ірі кәсіпорындық авариялар мен аппаттарды дүлей зілзала зардабын жоюдың тәртібі және ұйымдастырылуы




ТЖ зардабын жою адамның өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, қоршаған табиғи ортадағы шығынның мөлшері мен материалдық ысырапты төмендету, сондай-ақ ТЖ аймағын оқшаулап шектеу, оларға қауіпті факторлар сипатының іс-қимылынтоқтату үшін жүргізіледі.

Ірі өнеркәсіптік авариялар және апаттар, дүлей зілзалалар зардаптарын жою мынаны қамтиды:

- халық пен шаруашылық нысандарын авария мен апаттардың қаупі туралы құлақтандыру;

- барлық жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де мәліметтерді анықтау;

- дүлей зілзаланың (авария, апат) әсерінен қауіп төнген тұрған пункттері мен шаруашылық нысандарын анықтау;

- құтқару және басқа да жұмыстар үшін іске қосылған ТЖ және АҚ күш топтамасы мен құралдар санының құрамын анықтау;

- зілзала (авария, апат) болған ауданда ТЖ және АҚ күштері мен құралдарын басқаруды ұйымдастыру;

- зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету және оларды медициналық мекемелерге жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғандарды қауіпсіз орындарға шығарып, қоныстандыру.

- құтқару жұмыстарын жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;

- зілзала (авария, апат) болған ауданда және оған шакаралас аудандарда коменданттық қызметті ұйымдастыру;

- АҚ күштерін материалдық, техникалық және көлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, сонымен қатар зілзаланың (авария, апат) зардабын жоюға бағыттанлған құтқару жұмыстарындайындап және жүргізу шаралары.

Лақтандыру

Құлақтандырудың мақсаты – уақытында басқарушы құрамға, қала тұрғындарын және ауыл тұрғандарын төтенше жағдайдың қаупі мен одан қорғану шараларын қолдану жөнінде хабарлау. Құлақтандыруға АҚ-ның «Тындаңыздар бәріңізге!» ескерту дабылы қолданылады.

Төтенше жағдай болған аудан мен нысандағы кешенді барлау:

Барлаудың мақсаты – зақымданған ошақтарда құтқару жұмысын сәтті жүргізіп, негізделген шешім қабылдау үшін уақытылы жағдай туралы деректерді табу.

Барлау жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Халықты қорғау шаралары мен АҚ құрылымының құтқару жұмысын жасауы туралышешім қабылдап, ауданның, нысанның жағдайы жөнінде жылдам деректер беріп отыру үшін жалпы барлау жүргізіледі.

Дүлей зілзаланың мөлшері туралы дерек алу үшін, жалпы зақымданғансипатына қарай әуе, темір жол, көлік және өзен (теңіздік) барлау жүргізіледі.

Арнайы барлау төтенше жағдайлар аймағындағы және зақымданған ошақтарындағы жағдайдың сипаты, радиоактивті, химиялық, бактериологиялықзақымданудың сипаты туралы толық мәлімет алу үшін жүргізіледі.

Аранайы барлаудың түрлері мыналар:

ü инжинерлік

ü өрт

ü радиациялық және химиялық

ü медициналық

ü мал дәрігерлік

ü эпидемиологиялық (бактериологиялық)

Күштер мен құралдардың топтамасы

ТЖ және АҚ күші менқұралдары ТЖ-ның зардабын жою үшін құрылады. Күш пен құралтобына мыналар жатады:

u АҚ әскери бөлімі;

u аумақтық, нысандық құрылым және ТЖ мен АҚ қызметтік құрылымы;

u республикалық және облыстық жедел құтқару отряды;

u ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен бөлімшелері, ҚР ПМ-сы, ведомствалық арнайы авариялық-құтқару, авариялық-қалпына келтіру, әскери және басқада құрылымдық;

u жедел медициналық көмек көрсету қызметі, ол жетпеген жағдайда үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктер, агенттіктер орталық атқарушы органдардың және ұйымдардың медициналық күші;

u республика, облыстар мен қалалардың авариялық-құтқару қызметі.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных