Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тқару және жедел жұмыстар




Құтқару және шұғыл жұмыстары зақымданған ошақтар адамдарды құтқару және зардап шеккендерге көмек көрсету, аварияны жою және ававриялық-қалпына келтіру жұмыстарын жасауға жағдай жасау мақсатында жүргізіледі.

Құтқару жұмыстары – ТЖ болған аймақта адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды аман алып қалу бойынша іс-әрекет, қоршаған ортаны қорғау, ТЖ-ны жою немесе оның қауіпті факторларының әсерін мүмкіндігінше аз деңгейдге түсіру.

Құтқару жұмыстарына мыналар датады:

Ø қозғалыс бағыты мен жұмыс учаскілерін барлау;

Ø қозғалыс бағыты мен жұмыс учаскілерінде (нысандарда) болған өртті жою мен өшіру;

Ø уланған және түтінденген үй-жайларда, басылып не қамалып қалған орындарда, зақымданған және жанып жатқан ғимараттан зардап шеккендерді іздеп, шығарып алу;

Ø қираған, зақымданған және қопарылған қорғаныс ғимараттарын ашып, сол жерде қалып қойған адамдарды құтқару;

Ø сүзгі желдеткіш жүйесімен зақымданған, қопарылып жатқан қорғаныс ғимаратына ауа беру;

Ø зақымданғандарға алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек көрсету, оларды емдеу мекеммесіне көшіру;

Ø тұрғындарды қауіпті жерден қауіпсіз аудандарға көшіру;

Ø киімдерді санитарлық өңдеу және залалсыздандыру, техниканы, көлікті және қорғаныс құралдарын газсыздандыру және белсенсіздендіру, аумақ пен ғимараттарды, сату орындарын, тағамдық шикі заттар мен суды және жемді залалсыздандыру.

Жедел жұмыстарға мыналар кіреді:

Ø қираған және зақымданған участкілерге колонналық жолдар төсеу және жол құрылғыларын жасау;

Ø құтқару жұмысының мүддесіндегі газ, энергетика, су құбыры, канализация және технологиялық жүйелердегі аварияларды жою;

Ø құтқару жұмыстарына және қауіпсіз жүруге кедергі келтіріп тұрған қирау қаупі бар құрылымдарды нығайту немесе қопару;

Ø құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында, зақымданған және құлап қалған байланыс торабын және коммуналды-энергетикалық торабын жөндеу және қалпына келтіру;

Ø қарсыластың қайта болуы мүмкін ядролық соққысынан қорғану үшін, зақымданған қорғаныс ғимаратын жөндеу және қалпына келтіру.

Құтқару жұмыстарын енгізгенде қауіпсіздік шаралары.

Қауіпсіздік шаралары мақсатында құрылыс алаңшасында көтеретін крандар орналастырылады, өндіріс үй-жайларныда басқа құрылыс-монтаждық жұмыстар ұйымдастырылады немесе тоқтатылады

Темір жол станцияларында, өзен аймақтарында министрліктердің нұсқаулығы мен ережесі бойынша аэропорттарды жүкті тиеу-жүкті түсіру механизмінқорғау шаралары және басқа да шаралар жүргізіледі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных