Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Батпақты жердің өсімдігі – нағыз жасыл мүктер туралы айтыңыз




Шымтезек мүгі ылғалды, батпақты жерлерде, әсіресе солтүстік ендіктерде кездеседі. Шымтезек мүгін ақ мүк деп те атайды. Ақ мүк дейтін себебі - су жиналатын жапырақтары ақшыл-жасыл түске айналады. Жапырақ көлемінің 2/3 бөлігі судан құралады. Ал құрғақшылық күндері өлі жасушаларының іші ауаға толы болатындықтан, өсімдіктің түсі ақ болады. Бұл мүк сабағының түп жағынан қурап, шымтезек түзетін болғандықтан шымтезек мүгі (сфагнум - латынша атауы) деп аталады.

Шымтезек мүгі - сабағы жиі бұтақталған көпжылдық өсімдік. Негізгі сабағынан таралған жанама бұтақтарының ұштары шоғырланып тұрады. Жасыл мүктен және басқа да мүктерден айырмашылығы - оның ризоиды болмайды. Су мен онда еріген минералды тұздарды сабақ арқылы сіңіреді. Сабағында ақшылдау-жасыл түсті жапырақтары бар. Шымтезек мүгінің жапырақ жасушалары екі түрлі болады:

1. ұзын, жіңішке, хлорофилл дәндері бар жасыл түсті тірі жасушалар;

2. ішінде цитоплазмасы жоқ өлі жасушалар. Жасыл жасушаларда фотосинтез үдерісі жүреді және олар арқылы жапырақтан сабаққа ағзалық заттар өтеді. Екіншісі - өлі, түссізжасушаларының қабырғаларында көптеген саңылаулары бар, сәл ірілеу, онда су қоры жиналады. Бұл жасушалардың тек қабықшалары ғана сақталған. Шымтезек мүгі тұтасып, тығыз болып өсетіндіктен, топырақтан; батпаққа айналуына себепші болады.

Мүктер - тұщы су қоры. Батпақты жерлерде мүктер судың жиналуына қатысады.

Шымтезек мүгінің 350-ден астам түрі бар. Ол - бір үйлі өсімдік. Өте ылғалды жерлерде тамырсыз және ризоидсыз, тікелей суды сабағы және жапырағы арқылы сіңіреді. Шымтезек мүгі суды өз салмағынан 20-25 есе көп сіңіре алады. Құрғақшылық кезінде, су болмағандықтан, өлі жасушалардың іші ауаға толады да мүктің түсі ағарып кетеді. Сондықтан ақ мүк деп те аталады. Шымтезек мүгінің сабағы түпкі бөлігінен қурайды. Сөйтіп шымтезек түзеді. Шымтезек мүгі латынша сфагнум деп аталады.

Шымтезек мүгі жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жынысты көбеюі споралар арқылы жүзеге асады.

Шымтезек - өте пайдалы өсімдік. Одан шымтезек, шымтезектен спирт, карбол қышқылы, балауыз, парафин өндіріледі. Шымтезек батпақты жерде тұщы судың жиналуына себепкер болады.

Шымтезек мүгі ғаламшардың құрлық бетінде 1 % аумақты алып жатыр. Ол - тек шымтезек көзі ғана емес, тұщы су қоймасы және аумақта судың орнығу тәртібін реттеуші. Жазғы және қысқы жауын-шашынды губкаша сіңіріп, батпақтағы су топыраққа, одан ағып шығып үлкен өзендердің көзіне айналады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных