Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ОТБАСЫ – ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТ және қоғамның рухани тірегі дегенге келісесіз бе?

ПЕРВЫЙ БЛОК

Абайдың ағартушылық көзқарастарына байланысты бестармақ (синквейн) құрастырыңыз.

1. 1 зат есім (сіздің пікіріңізше, тақырыптың негізгі ойын айқындайтын атау, термин) ақын

2. 2 сын есім (негізгі сөзді анықтауы керек, соған сын-сипат береді) даранды, білімді

3. 3 етістік (негізгі сөзді әрекет тұрғысынан сипаттауы керек) мән береді, жетілдіреді, шығарма жазады

4. Кез келген сөз таптарынан тұратын, негізгі сөзді бағалайтын 4 сөз. Бұл сөздер сіздің негізгі сөзге деген көңіліңіз бен сезіміңізді білдіру керек. Ақын шығармаларына баға жетпес

5. 1 сөз, бұл сөз негізгі атаудың басқаша баламасы немесе синонимі болуы керек. сазгер

Адамның сын-сипатын көрсететін мына сөздерге, олардың құрылымына көңіл аударыңыз. Тізімді өзіңіз жалғастырыңыз. Осы есімшелі құрылымдармен бірнеше сөз тіркесін құрастырыңыз: оқыған, көпті көрген, кәмелетке толған, сөзге шебер, білгіш, атқыш.

Қазақстаннан шыққан білгіш, сөзге шебер ақын, көпті көрген ғалым, оқыған академик, кәмелетке толған жасөспірім, білгіш студент.

Арқылы, көмегімен, арқасында құрылымын пайдалана отырып, бірнеше сөйлем құрастырыңыз.

Құрылыс жинақ банкіне ақша салу арқылы, көптеген Алматы тұрғындары қоныс үй тойын тойлауда.

Заттың формасын білдіретін сын есімдерді оқыңыз, тізімді әрі қарай өзіңіз жалғастырыңыз. Осы сын есімдермен көшпенді халықтардың өрнек өнеріне байланысты бірнеше сөйлем құрастырыңыз. Шар тәрізді, төрт бұрышты, текше формалы, үш бұрышты, дөңгелек тәрізді, жалпақ, сопақ, конус тәрізді.

Көшпенді халық мәдениеті ол кездеде жақсы дамыған еді. әйел адамдар киіз басып, оған көптеген ою өрнектер салынды. Олар: әр түрлі формада басылады. Мысалы текше формалы, үш бұрышты ою өрнектер салынған еді. Қазіргі кезде де сол кезден қалған ою өрнектер әшекейленген киіздер әрбір отбасында бар деп айтуымызға болады.

Іс-ірекеттің аяқталуын білдіретін құрылымдарды пайдаланып, тайқазан тақырыбына бірнеше сөйлем құрастырыңыз.

Тайқазанның бірінші жоғары бөлігінде Құран кәрім аятынан үзінді жазылған. Тайқазанның соңғы бөлігінде қиылысқан доға сипатындағы өрнектер салынған. Аталмыш қазан кесененің архитектуралық сипатымен қабіртастың өлшемдерімен өзара үйлесімді ортақ геометриялық шешімге сай жасалған. Тайқазан астрономиялық мәні бар қызмет атқарған. Тайқазан арнайы жобамен жасалған.

Маңы, жаны, қасы, төңірегі, іші, беті көмекші сөздерін пайдаланып, көне түркі жазба ескерткіштері тақырыбына бірнеше сөйлем құрастырыңыз.

Сібірдегі Енисей маңынан табылған көне түркі ескерткіштері көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліппесі болып табылады. Табылған тастар бетінде көне түркі сөздер қашалып жазылған. Онда басқа ескерткіштердің қасынан басқа да мәдени ескерткіштер табылған.

Мұхамед Хайдар Дулати тақырыбы бойынша бестармақ (синквейн) құрастырыңыз.

1. 1 зат есім (сіздің пікіріңізше, тақырыптың негізгі ойын айқындайтын атау, термин) ғалым

2. 2 сын есім (негізгі сөзді анықтауы керек, соған сын-сипат береді) атақты білімді

3. 3 етістік (негізгі сөзді әрекет тұрғысынан сипаттауы керек) зерттейді, жазады,қурастырады

4. Кез келген сөз таптарынан тұратын, негізгі сөзді бағалайтын 4 сөз. Бұл сөздер сіздің негізгі сөзге деген көңіліңіз бен сезіміңізді білдіру керек. Білімді ғалымның енбектері маңызды.

5. 1 сөз, бұл сөз негізгі атаудың басқаша баламасы немесе синонимі болуы керек. ойшыл

Мына сөз тіркестерінің бірін таңдап, сөздік картаны толтырыңыз: душар болу, бағы ашылу, көз қырын салу, нәзік жандылар, құлаққа ілмеу.

Жаңа сөз:Құлаққа ілмеу

Өзге сөз формасы:Құлаққа ілмеді

Дефиниция:Тындағысы келмеді, естігісі келмеді

Синоним:Тыңдамау

Антоним:Құлақ салып тыңдау.

Ассоциация Тындамау

Өз сөйлемім:Жастар улкен адамдардын сөздерін қулаққа ілмейді, сондықтан олар көптеген қателік жасайды.

Мына сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын өз сөзіңізбен жеткізіңіз, таныс және түсінікті сөздермен анықтама түрінде тұжырымдап көріңіз. Әңгімеңізде анықтауышты сөз тіркесін пайдаланыңыз.

Алапат қақтығыстар соғыс, шабуыл жасау. Қазақ хандары елі мен жері үшін үлкен алапат қақтығыстар мен жойқын жорықтарға шықты.

Көне мәдени ошақтар ерте заманда табылған мәдени ескерткіштер. Қазақ халқының құпиялы көне мәдени ошақтарын зерттеу ғалымдардың ғана емес, жас ұрпақтардың да міндеті.

Сырын ішіне бүгу өз сырын ешкімге айтпау немесе тұйық адамдарды айтуға болады. Самал өте тұйық еді, сондықтан әрдайым сырын ішінде бүгіп жүредеі.

Мүлдем жоқтың қасы өте аз, көп емес деген мағынаны білдіреді. Тарихи жазба мұралар казіргі уақытта мұражайлар мен арнайы тарихи ескерткіштерді сақтау, қорғау орындарында мүлдем жоқтың қасы.

Мына сөздердің бірін таңдап, сөздік картаны толтырыңыз:

Білім, білік, біліктілік, кәсіп, бәсекелестік, әріптестік, өркениет, зертхана, көкейкесті, жаһандану, әлеует.

Жаңа сөз: Әріптестік

Өзге сөз формасы: Әріптестікпен

Дефиниция: Екі адамның бірлесіп жұмыс істеуі, келісімге келу.

Синоним: Келісім

Антоним: Серіктестік

Өз сөйлемім:Экономикалық әріптестік – ілгерілеу кепілі.

Мына сөздердің бірін таңдап, сөздік картаны толтырыңыз: құндану, шыңдалу, құлдық, бұрмалаушы, көзбояушы, мұрағат, жылнама, алауыздық, қарекет, шартарап.

Жаңа сөз:Көзбояушы

өзге сөз формасы: көзбояушымен

Дефиниция:өтірік. жағымпаздану

Синоним:өтірік

Антоним:шын ниетпен

Ассоциация:өтірікші адам

Өз сөйлемім:Менің ойымша,қазіргі кезде көзбояушы жігіттер көп.

Тәуелсіздік тақырыбына байланысты мүмкіндік, қажеттілік, тиістілік мағыналы сөйлемдер құрастырыңыз.

Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы біз көптеген мүмкіндіктерге қол жеткіздік. Тәуелсіз мемлекеттің негізгі қажеттілігі шет елдермен, көрші елдермен дипломатиялық қатынастар орнату болып табылады, қазіргі уақытта ол өте қарқынды дамуда. Тәуелсіздік мерекесін мемлекеттің әрбір тұрғыны асыға күтіп және осы мейрамды құрметтеу тиісті әрекеттердің бірі болып табылады.

Шарт мәнді құрылымдарды пайдалана отырып, Қорқыт ата тақырыбына байланысты бірнеше сөйлем құрастырыңыз.

Қорқыт ата өлім туралы айтса, ол қайтыс болады.

Қорқыт ата қобыз жасаса, оны біздің халқымыз мәнгі умытпайды.

Қорқыт ата тірі болса, ол кәзіргі заманнда қазақ жерінде ең әйгілі адам болатын еді.

Қорқыт атаның күйлері болмаса, ол есімізде калмас еді.

Қорқыт ата қобызды жасамаса, қазақ халқының музыкалық мұра соншама бай болмайтын еді.
Қорқыттың әндерінде рухани мағынасы болмаса, ол Әулие адам саналмайтын еді.

 

Шылауларды пайдаланып, мына сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз: айдынды теңіз, айқындала түсу, ұғым, енгізген, қасірет, ауызға алу, тартылу, зиянын тигізу, ластаушы қосылыстар, шоғырлану.

Абай атамыздың бізге қалдырған алтын мұрасының мәні де, ұғымы да өте терең.

Мен өз сайтымды құрастырдым және инернетке енгіздім.

Баласының ауыр дертінен анасы қасірет шекті де көпшілік қауымға жүгінді.

Асхат турникке тартылмасқа дейін бойы бір де алпыс болды, қазір бойы бір де жетпіс.

Экологияның ластануы адам өміріне зиянын тигізеді де ден саулығын нашарлатады.

Ауадағы фабрика және зауводтардан шығып жатқан ластаушы қосылыстар шығару арқылы ауаны ластауда.

Ертеректе ата бабаларымыз көшіп қонып, сонымен қатар жайлы жерлерге шоғырланған.

Айжан әженің немересі жерде жатқан ойыншықты ауызына алғаны үшін ұрыс естіді.

Айдынды теңіз Каспий жағалауы өз аққуларымен көз жауын алады да, тамсандыра түседі.

Қылмыскердің күнәсі айқындала түсу үшін, куәгерлер қажет болды.

 

Ырықсыз етіс тұлғалы етістіктерді пайдаланып, мына сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз: жаһандану кезеңі, ақпараттың еркін қозғалысы, экономиканың дамуы, шетелдік инвестициялар, бәсекеге қабілетті, элиталық университет, ұлттық басымдық.

Қазіргі заман ғаламтор желісі арқылы ақпараттың еркін қозғалысына айналады. Экономиканың дамуы мемлекеттің халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайының жақсаруына негізгі себеп болып табылады. Шетелдік инвестициялар Қазақстанға көптеп салынады, себебі Қазақстан дамушы мемлекеттер қатарында. Білім жүйесінде басқа мемлекет университеттерімен бәсекеге қабілетті, әрі элиталы университет қазіргі кезде Назарбаев атындағы университет қарастырылады. мәдени Жаһандану — дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі деп айтылады.

 

ВТОРОЙ БЛОК

«Абай мен Шәкәрім» деген тақырыпта әңгіме құрастырыңыз.

Қазақ әдебиетінің ірі тұлғалары Абай Құнанбаев жіне Шәкәрім Құдайбердіұлы. Олар қазақ әдебиетінің мәнгі өшпес тұлғалары. Дарынды ақындардың жазған өлеңдерімен шығармалары қазақ азаматтарының журегін тәнті қылады және әрдайым есте сақталады.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы.

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Абай мен Шәкәрім арасында тамырластық аса терең. Өз заманының келелі мәселелерін, қоғамдық шындықты қозғауда екі ақын да ерекше қуат танытқан.

«Азаттықтың ақ таңы» деген тақырыпта әңгіме құрастырыңыз.

Еліміз – көк байрақты Қазақстан – азаттықтың ақ таңы атқан ұлы мейрам жақында өтті. Тағдыр талайымен, көп бейнет-азаппен жеткен тәуелсіздігіміз баянды істермен толыға түсуде. Мемлекеттің өз алдына ел болып, ірге көтеруінің бастау алар бірнеше құжаттары болады. Оларда алдағы жүрер жолы, бағыт-бағдары екшеленеді, оның сыртқы дүниемен (сыртқы саясат) байланысы және ішкі мемлекеттік құрылыс тәртіптері (ішкі саясат) белгіленеді.

1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тә-уелсіздігі туралы» еліміздің Конституциялық Заңы қабылданды.

Біздің бұл орайдағы ауызға алар басты құжатымыз – 1990 жылы қабыл-данған «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация». Ол еліміздің өз алдына тәуелсіз ел болып қалыптасуы-на және жаңа мемлекеттігіміздің негізін қалауға түрен салғанын ерекше айтуымыз қажет.

Басқасын былай қой-ғанда, күні кеше ғана қарт құрлық Еуропа жұртын, бүкіл әлемді тамсантып, Астана төрінде ЕҚЫҰ тізгінін ұстап, Саммитін өткізудің өзі неге тұрады. Әлемді жайлаған экономикалық дағдарыс дауылына да қасқая қарсы тұрып, мемлекетіміздің бекемдігін байқатқан Қазақ елі бейбітшілік сүйгіш жасампаз ел екендігін әлем жұртына мойындатты. Мереке қарсаңында Мәскеуде бас қосқан мемлекет басшыларының кезекті бас қосуында Қазақстан Ресей және Беларус жұртымен Кедендік одақты жаңа мазмұнмен байытып, Бірыңғай экономикалық кеңістіктің уығын шанышты.
Міне, осындай қадамдарымыздың бастауы – Тәуел-сіздік. Оның басты тағылымы – тәуелсіздік жағдайында тіршілік кешудің ерекше жауапкершілігін қоғамымыздың әрбір бөлшегінің жан-жүрегімен сезінуі. Тәуелсіздік тұғырын бекемдей түсудің ұлы мұраты – елдің бүтіндігін келер заман-дарға жалғастыру, өркениеттің асқар белестеріне өрлеу болмақ.

 

«Азаттықтың ақ таңы» деген тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.

1. Еліміз – көк байрақты Қазақстан – азаттықтың ақ таңы атқан ұлы мейрам қарсаңында тұр дегенді қалай түсінесіз?

2. «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы» қашан қабылданды?

3. 1991 жылдың саяси қым-қуыт оқиғалармен басталғанын жұртшылық жақсы біледі. Сіз ол туралы не айта аласыз?

4. Тәуелсіздіктің негізгі белгілерін айтып бере аласыз ба?

5. Тәуелсіздік тұғырын бекемдей түсудің ұлы мұраты – елдің бүтіндігін келер заман-дарға жалғастыру, өркениеттің асқар белестеріне өрлеу болмақ. Осы туралы не айта аласыз?

6. Тәуелсіздік күнінің аса мәнді мереке екенін мойындайсыз ба?

7. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік, төрткүл дүние таныған, әлем мойындаған елге айналдық соған келісесіз бе?

 

Алматы қаласының экологиялық жағдайы туралы әңгімелеп беріңіз.

Жалпы Алматы қаласы географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайсыз орын тепкен. Ол негізінен ауа айналымының жоқтығымен түсіндіріледі. Бұл қаладағы жүздеген мың машинаның қала әуе аймағын улы түтінмен ластауға мүмкіндік туғызып отыр. Бұл қалада өкпе ауруларының өршуінің негізгі факторы болып табылады. Қалада әсіресі желсіз күндері демалу қиын, мұндай қиыншылықтармен күресу қазір қала билігінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Райымбек даңғылы мен Сайын көшесінің қиылысында автокөпір құрылысы жүргізіліп, оның толықтай пайдалануға берілуі қаладағы көліктердің жүріп-тұруын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік берді. Оның ел аумағында салынған алғашқы ірі автокөпір екендігін атап өткен жөн. Алматы қаласында "бір терезе" қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы жедел қызмет көрсету барысындағы алғашқы қадамдардың бірі. Бұл орталықтардың негізгі мақсаты - халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, қызмет көрсетуді барынша жеделдету, бюрократиялық кедергілерді азайту. Алдағы уақытта жоғары технологияға негізделген осындай игі жаңалықтар қатары көбейе бермек.

Қала әкімі жанынан қала құрылысы жөніндегі кеңестің құрылуы қаладағы құрылыс жұмыстарының барысын бағдарлап, қызметін үйлестіріп, сапасын қадағалап отыруға мол мүмкіндіктер ашты. Қала әкімінің Әл-Фараби даңғылының жоғарғы жағына, тау баурайына алты қабаттан асатын үйлер салуға шектеу қойған шешімі қала экологиясы мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталған игі қадам болды. 170 километрден астам жол күрделі жөндеуден өткізіліп, 600-ден астам аула, 9 парк пен 67 гүлзар, 30 су бұрқақ ретке келтіріліп, реконструкцияланды. Сонымен қатар қалада көптеген өндіріс орындарымен жылу қазандықтары да жағдайды қиындата түсуде.

 

«Ел болашағына қосар үлесім» деген тақырыпта әңгіме құрастырыңыз.

ХХІ ғасырдағы Қазақ-стан дамуының негізгі күші – білімді, сауатты жастар. Елбасы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының 20 қадамын нақтылап, оның бір міндеті ретінде жастар жайын қойды. Жастарды кәсіптік-техникалық білім алуға тарту арқылы еңбекшіл қоғам құруды қолға алған жобаның бізге ғана емес көпшілікке берері көп. Мемлекет болашағы оның жастарының ел дамуына қосқан үлесімен өлшенері анық. Осы мақсатта еліме өз үлесімді біліміммен, өнеріммен, талантыммен қоссам деймін. Адамның арманы шексіз, қиялы ғажайып қой. Армансыз адам – қанатсыз құс деген сөз тегін айтылмаса керек. Тірі жан иесі арманын іске асыру мақсатында еңбектеніп, сол жолда қажыр-қайратын жұмсайды. Бала күнімнен әлемге әйгелі биші болуды қаладым. Мектептегі кештерде би салып, аудандық жарыстарға қатыстым. 11 сыныпта мен биология пәнін таңдап, Қазақ ұлттық университетіне жоғары оқу орнына түстім. Болашақ мамандығым - психолог. Мен болашақта Қазақстанның бетке ұстар психолог маманы боламын. өз мамандығымды жоғары, әрі сапалы деңгейде көрсетемін. Болашақ жастарға, сонымен қатар әр бір азаматқа өмірге оң көзімен қарауға жәрдемдесемін. Қоғамдағы қайшылықтарға қарсы өз үлесімді қосамын. Қазақстанның болашығы үшін еңбек етемін.

 

Жаһандану ұғымына деген көзқарасыңызды ауызша білдіріңіз.

Жаһандану дегеніміз - бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол - біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Мысалы, бүгінгі Қазақстан қоғамы басқа елдермен экономикалық сауда-саттық қарым-қатынасқа түсіп, дамып келеді. Мұндай мысалдарды шексіз келтіре беруге болады. Сонымен қатар біз басқа елдерге мұнай бен газды, жүн мен мақтаны, қара және түрлі түсті металдар мен тас-көмірді т.с.с. жіберіп жатқан жайымыз бар.

 

«Жаһандану және жастар» деген тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.

· Жаһандану дегенді қалай түсінесіз?

· Жастармен қалай байланыстыра аласыз?

· Жастардың жаһандануға үлесі қандай?

· Қалай ойласыз, неге көп жастар жаһандану не екенін білмейді?

· Ел болашағы жастар дейді, болашақта жаһандануды қалай елестетесіз?

Кредиттік оқыту жүйесінің кемшіліктері мен артықшылықтары туралы әңгімелеңіз.

Еліміздегі білім беру жүйесі екі маңызды процесті жандандыруға бағытталған: ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу және әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.

Бүгінде Америка мен Батыс Еуропаның көптеген елдерінде кредиттік оқыту жүйесі қолданылады. Осы кредиттік оқытудың ережелері Қазақстанда да жетілдіріліп келеді. Болон процесіне сәйкес, жоғары және жо,ары оқу орнынан кейінгі кәсіби мынадай сатылары енгізілген:

1. Бакалавриат

2. Магистратура

3. Докторлық бағдарлама

Кредиттік технологияға көшу студенттңғ дәстүрлі бағасы мен аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарының орнына сынақ бірліктері жүйесін еңгізуді көздейді. Сынақ бірліктерінің жүйесі шеберлік пен іскерлік бағалаудың шартты бірліктерін нақтылауға мүмкіндік беретін мезанизм болып табылады.

Оқу жылы қалыптасқан тәртіп бойынша 32 аптадан тұрады, ал оның 30-ы теориялық білім беруге, 2-еуі қорытынды бақылайға арналған. Оқу орнын академиялық кезеңдерге бөлу, практика мен демалыс мерзімінің ұзақтығын анықтау құқы жоғары оқу орнының өзіне берілген. Күндізгі оқу формасы бойынша, студенттердің демалысы жылына екі рет кем болмайды, әрі қысқармайды. Оқу жылынан басы -қалыптасқан дәстүр боцынша - 1 қыркүйек, ал академиялық кезең семестр болып табылады.

 

«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – зұлымдық». Абайдың осы сөздерінің философиялық мәнін түсіндіріңіз.

· Надандық– адам бойындағы білімсіздікті, қараңғылықты, мәдениетсіздікті білдіретін құбылыс. Надандықтың адамдық асыл қасиетке көлеңке түсіретін құбылыс ретінде білімсіздік, қараңғылықтан нәр алмақ. Бірақ надандықтың тек білімсіздікпен ғана анықталмайды, надандар жоғары білімді, тіпті арнайы ғылыми дәрежесі бар адамдар ішінде де бар. Жомарт жанға адамның үш қасиеті тән, олар: ыстық қайрат, нұрлы ақыл және жылы жүрек (Абай). Осы хәлді Абай: “Естілер де ісіне қуанбай жүр, ел азды деп надандар мұңаймай жүр” деп тұжырымдаған.

· Зұлымдық –

1. дінде – имансыздық, қиянат жасау, кісі ақысын жеу, қастық іс-әрекет.

2. этикада және құқықта – жеке адамға, адамдар тобына немесе бүкіл адамзатқа қарсы жасалған қастық әрекет. Ізгілік пен зұлымдық – адам бойындағы бір-біріне қарама-қарсы сипаттар.Ұлы Абай мұндай адамдарды “жарым адам” деп атайды.

 

«Қазақстан – Азия барысы» деген тақырыпта әңгіме құрастырыңыз.

Бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Азияның ең кедей елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы мемлекеттерге айналғанын сіздердің көпшілігіңіз білесіздер. Алғашқылары Корея, Тайвань және Индонезия және Таиланд қосылды. Біздің ұлы көршіміз – қытай жоғарғы қарқын танытып отыр. Осындай табыстардың нәтижесінде бұл елдер күллі әлемде Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр.

Қазақстан өзінің күллі мүмкіндіктерімен нақ осындай нәтижеге қол жеткізе алмайды дейтін себептер ма? Ондай себептер жоқ. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін.

Барыс – өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалылығымен дараланатын Барыс болмақ. Ол қауіп-қатерден қаймықпауға, тоқшылықтан босаңсымауға тиіс.

Ендеше Қазақстандық Барыстың бойына дамудың алдындағы қатарлы үздік деңгейіне үстелген батыстың талғампаздығы да, шығыстың кемеңгерлігі де, төзімділігі де тән болуға тиіс.

Дегенмен 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігеріміз арқылы тұрғызамыз.

Өскелең болашақтың іргесін тұрғызу үшін және алған бағытымыздан ауытқымау үшін бізге өзіміздің нені қалайтындығымызды білу керек. Сондықтан ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезде біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын.

 

Қазақстанның білім беру жүйесі туралы әңгімелеңіз.

Дүние жүзінде білім берудің әр түрлі жүйесі мен түрі бар екені белгілі. Атап айсақ, еуропалық, америкалық, жапондық және т.б. XX ғасырдың соңында дүние жүзінде барлық салаларда интеграциялық үдеріс кеңінен дамып келе жатқанын білеміз. Сондықтан халықаралық білім беру кеңістігін күру, әр түрлі елдің ұлттық білім беру жүуесінің заман талабына сай озық үлгілерін теориялық әдістемелік тұрғыдан жақындастыру арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесін күру қажеттігі туындады. Осы тұрғыдан алғанда, жоғары білім жүйесін халықаралық деңгейге интеграциялау бағытындағы күнді шешім болып табылған 1997 жылғы Лиссобон конференциясы. Қазақстан бұл құжатты басшылыққа алып, оқу жүйесіне ұтымды түрде падалануға шешім қабылдаған. Ал 1998 жылы Батыс Еуропаның 4 елі білім берудің жүйелері мен құрылымдарын сәйкестендіру жөнінде Сорбон декларациясын қабылдаған болса. 1999 жылы Еуропаның 30-ға жуық елінің білім беру өкілдері Болон декларациясына қол қойды.

Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси экономиқалық таңдауына толық жауап береді.

Европа мемлекеттері қолдап, бүгінде Ресей де қасылып ықылас білдіріп отырған Болон декларациясының негізгі қағидалары қандай, кредиттік технология деген не, оның қандай артықшылығы бар? Біріншіден, білімнің бакалавр, магистратура, докторантураға негізделген үш сатысын бекіту. Екіншіден, Еуропа елдері мен университеттері арасында профессорлар мен студенттердің алмасуын өрістету. Үшіншіден, оқу үрдісін Еуропалық сапа деңгейіне көтеру. Жоғары оқу орындарында халықаралық аттестаттау мен аккредиттеуді жандандыру.

 

 

Қазақстанның экологиялық жағдайы туралы әңгімелеңіз.

Уақыт өткен сайын табиғат пен адамдардың арақатынасы айқындала түсуде. Соңғы жылдары экология туралы пікірлер жиі айтылып жүр. Алғашқы рет экология деген ұғымды ғылымға неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Экология мағынасы гректің «Эко - Ойкос» деген сөзінен шыққан, үй, біздің қоршаған орта деген ұғымды білдіреді. Демек, өзің тұрған үйді қалай таза ұстасаң, қошаған табиғатты да солай таза сақта, соған өз үлесінді қос.

Бүгінде табиғатты қорғау ісі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің экологиялық проблемаларын айтқан кезде, алдымен Арал, Балқаш, Семей қасіреттерін ауызға аламыз. Бар жоғы 30 жылдың ішінде айдынды теңіз аталған Арал тартылып, екіге бөлінді. Тұзы көтеріліп, қышқыл жауын - шашын болып жауатын болды.

Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға 145 млн тонна күкірттің қос тотығы, 250 млн тонна шаң - тозаң, 5 млн тонна көмір қышқыл газы, 1 млн тоннадай қорғасын қосылыстары ауаға бөлініп щығарылады екен. Әр түрлі зиянды заттардың биосферадағы таралуы тіршілікке көп зиянын тигізуде. Соның салдарынан атмосфераны ластаушы қосылыстар түтін тұманына айналуда. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фотохимиялық құрғақ түтін ауаның ластығын, улылығын арттыра түседі. Тянь Шань тауының баурайында орналасқан Шымкент, Тараз, Алматы, Өскемен қалаларының ауасы басқа қалаларға қарағанда бірнеше есе көп ластанған. Олардың басты себебі осы қалаларда өнеркәсіп орындараның көп шоғырлануы.

Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан әр түрлі жұқпалы аурулар көбейіп кетті. Соңғы жылдары республикамызда экология және табиғатты пайдалану жөніндегі министрлік құрылды. Ол экологиялық жағдайға жан жақты талдау жасап, еліміздің топырағы, суы, ауасының тазалығына бақылауды жақсарту ісін қолға алуда.

 

Қорқыт атаның әйел пайымына деген өз көзқарасыңызды ауызша білдіріңіз.

Қорқыт атаның пайымдауынша, əйел төрт түрлі болады. Оның бірі – ниеті қураған əйел, екіншісі – ынсапсыз əйел, үшіншісі – үйдің құты болған əйел, төртіншісі – кесір əйел. Əйел біткеннің ең жаманы осы.«Əлемді кеңістік-тер мен бағыттарға бөлу арқылы мəденилендіру құбылысын киіз үйдің еркектік жəне əйелдік тарапқа бөлінуінен де көруге болады. Бірақ киіз үйдегі ең маңызды қазық əйел болып табылады. Өйткені бұл кеңістік (ғарыш) — əйелдікі. Оның ішінде жасау, дүние де əйелдің өзіне тəн. Еркектің əлемі үйдің босағасынан шыққаннан кейін басталады. Үй – əйелдікі, түз — еркектікі.

 

«Мен 2030 жылғы Қазақстанды қалай елестетемін?» деген тақырыпта әңгіме құрастырыңыз.

2030 жылға қарай ҚазақстанОрталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшiн үлгi болады. 2030 жылдың азаматтары мемлекеттiң өздерiнiң құқықтарын қорғайтынына және мүдделерiн биiк ұстайтынына сенiмдi болады. Бұл ретте олар қолайсыз жағдаяттар себебiмен өмiрден өз орнын таба алмай, мемлекетке әлеуметтiк көмек сұрап жүгiнуге мәжбүр болған аз ғана адамдарға да мемлекеттiң қамқорлық жасайтынын бiлетiн болады.
2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдiр сулы, жасыл желектi елге айналуға тиiс. Өндiрiс қалдықтары мен радиация бұдан былай бiздiң үйлерiмiз бен бақтарымызға енбейтiн болады. Біздiң балаларымыз бен балаларымыздың балалары кiнәрәтсiз жағдайда толыққанды өмiр сүретiн болады.
2030 жылы бiздiң ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдiк оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмiр сүретiн болады. Олардың Қазақстанды Еуразияның орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың - Қытайдың, Ресейдiң және Мұсылман әлемiнiң арасындағы экономика мен мәдениеттi байланыстырушы буын рөлiн атқаратын болады.
Оны барлық ұлттар үшiн тең мүмкiндiктер барына сенiмдi, бiрақ бәрiнен бұрын өздерiн қазақстанның 2030 жылғы Қазақстан әлi де барынша кемелдене алмайды. Ол әлi әлемдегi ең бай, ең бiлiмдi, ең дамыған ел бола қоймайды, бiрақ ол күрделi жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесi кезеңiне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.

 

«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген тақырыпта әңгіме құрастырыңыз.

Күш - білімде, білім - кітапта.

Білім арзан, білу қымбат.

Дегенмақал-мәтелдер бар қазақтарда.

Біздіңқазақ «оқусызбілімжоқ, білімсізкүніңжоқ» десе, бұл — білімніңқажеттілігін
білуменқатар, оныңқадірінтүсінудегенсөз. Өйткенібілім — дүниежүзі
дамығанелдерініңнегізгібасымбағыты, әрідамудыңбастыкөрсеткіші. Оларөздерініңтауарларымен, көрсететінқызметтеріменғанаемес, құндылықтарымен, білімберужүйесімендебәсекегетүседі.

«Оқусыз – білім жоқ, білімсіз – күнің жоқ» деп халық айтқандай, білім мен ғылым - әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, бүкіл прогреске апаратын даңғыл жол. Осы даңғылды жасайтын да, бағыттайтын да – мектеп. Расында да мектеп қоғамның дұрыс бағытта дамып, өркендеуіне өз үлесін қосумен қатар, қоғамдық қарым – қатынастар жүйесіне ықпал етіп, елдің тарихи дамуына әсерін тигізетін орда болып есептеледі.Сол себепті тәрбие ошағы – мектептің дұрыс бағытта дамуын үнемі қадағалау, оған өзгерістер енгізу бүгінгі күн талабынан туындап отыр.

 

Отбасы саясаты туралы сұхбат құрастырыңыз.

ОТБАСЫ – ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТ және қоғамның рухани тірегі дегенге келісесіз бе?

· Отбасы проблемасының негізі не деп ойлайсыз?

· Отбасы саясатын жүргізу үшін осызаманғы қазақстандық отбасының тұрмысында оң бағдарлар қажет. Сіз қандай бағдар ұсынасыз?

· Ержететін адамның басты әлеуметтік қасиеттері отбасында қалыптасады дегенге қалай қарайсыз?

· нағыз шаңырақ тұтастығын қалыптастыратын негізгі себептер?

· Отбасы саясатының негізгі принциптері туралы не айта аласыз?

 

«Табиғат – тал бесік» деген тақырыпта әңгіме құрастырыңыз.

Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым.

Табиғат пен адам үнемі бір-бірімен байланыста болады. Оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Адамдар жағдайда табиғаттың ластануына өздері кінәлі деп ойлаймын. Себебі, табиғатта кездесіп жатқан оқи келексің жағдайлар адам қолымен жасалады. Мысалы, Республикамыздың Арал өңірі, Шығыс Қазақстан, Семей полигоны және Батыс Қазақстандағы Азғыр, Тайсойған, Ресеймен шекаралас «Капустин Яр» басы ашық айқын аймақ апаттар болып табылады.

1949-1989 жылдарда Семей сынақ полигонында 470 ядролық жарылыс болды, оның 26 – жер үстінде, 90 – ауада, 354 – жер астында жасалды. Осылардың салдарынан тұрғындардың денсаулығы, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің табиғи тепе-теңдігі бұзылды.

Осы өзгерістер адамдардың өзінен, яғни біздің денсаулығымызға әсер етеді. Табиғат-тал бесік деп ата-бабамыз бекер айтпаған. Атаңнан мал қалғанша, артында тал қалсын деген де мақал бар. Бұл мақалдың барлығы да осы бізге айтылған сияқты.

Қазақстанның зардапты экологиялық проблемалары көрші мемлекеттерің де наразылығын тудыруы әбден мүмкін. Сондықтан мемлекеттік деңгейдегі стратегиялық маңызды шарттардың бірі – халықтың экологиялық тұрғыдан қауіпсіздігін нақты жүзеге асыру – бүгінгі күннің ең басты да ең негізігі талабы…

 

«Тарихи жәдігерлер» деген тақырыпта әңгіме құратырыңыз.

Тарихи жәдігерлердің атап айтқанда: Сырым Датұлы, Жанқожа батыр, Кенесары Қасымұлы, Аманкелді Иманов және т.б.

Сырым Датұлы— Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Сырым 2000 шаңырақты басқарған. Сырым Датұлы өз халқының нағыз патриоты екенін таныта білген және отарлық бұғаудан елді босатуға зор үлес қосқан. Ол Ресейдің отарлау саясатын жүзеге асырған қазақтарға қарсы соғысты бастады. Сырым бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі — патша саясаты мен Жайық казактарының жүгенсіздігі, олардың қазақ халқын қанауы болды. Халық көтерілісін Сырым батырмен бірге Барақ, Тіленші, Оразбай, Жантөре султан сынды елдің беделді азаматтары басқарды. Кіші жүздің байбақты, табын, шекті, кете және шеркес рулары көтеріліске қатысты. Көтерілістің бас кезінде Сырым батырдың 2700 сарбазы, Барақ батырдың 2000 және Тіленші батырдың 1500 сарбазы болды.

Жанқожа Нұрмұхамедұлы - қазақ батыры. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.

Кенесары Қасымұлы белгілі хан Абылайдың немересі. Ресейдің отаршыл саясатына қарсы 1837-1847 ж. ұлт-азаттық көтерілістің көсемі.

Аманкелді Үдербайұлы Иманов— қазақ халқының батыры. Қазақстанда 1916 жылы өріс алған Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Торғай уезі Қайдауыл болысының 3-ауылында кедей шаруа отбасында туған. 1918 жылдан Компартия мүшесі.

 

«Тәуелсіз Қазақстан» деген тақырыпта әңгіме құрастырыңыз.

1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 20 жыл да өте шықты. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді.

 

«Түркі өркениеті» деген тақырыпта әңгіме құрастырыңыз.

Бүгін дүние елдері жаһандану үрдісіне тұтқын болған кезде, түркі тілді халықтар керісінше біртіндеп, әрқайсысы «өз қамын ойлап» жатқандай. Ғылыми басылымдарда «қырғыз цивилизациясы», «қазақ цивилизациясы» сияқты мақалалар жарияланып жатады.

Түркілер - б.з V-XIII ғасырлары аралығында өмір сүрген. Олардың алғашқы мекені Алтай аймағы болған.Олардың мәдениеті бұрын ойлағаннан да әлдеқайда бай әрі жарқын еді. Ертедегі Шығыс пен Батыстың мәдениеттері Байкалдың жағасы, Ангара мен Ленада сол кездегі өзіндік төл мәдениеттің орталығы бірде қосылып, бірде ажырасып тұрды. Яғни көне түркілердің жері мен оның шегарасы біздің дәуірге дейін анықталып болған. Түркілер өздерін Алтайдан шықтық дейді. Ол туралы көптеген аңыздар да бар. Түркілер туралы орта ғасырдағы көрнекті ғалым Махмұд Қашқаридың “Түркі тілдерінің лұғатында” былай деген: “Ұлы Тәңір (Тенгри) айтады: Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды түркі деп атап, күншығысқа қоныстандырдым. Кейбір тайпаларға ренжісем, түркілерімді қарсы аттандырамын!” Сондықтан түркілерге Тәңірдің өзі арнайы ат қойған. Жер жүзінің ең биік, ауасы таза бөлігіне қоныстандырып, “Өз қосыным” деп атаған. Оған қоса, “түркілер көрікті, өңі сүйкімді, жүзі мейірімді, әдепті, үлкендерін құрметтей білетін кішіпейіл, уәдеге берік, мәрт және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар” деген. Түркілердің тарихына зер салар болсақ, оның бізге белгілі соңғы үш мыңжылдығының әр кезінде Қытайды, Үндістанды, Таяу Шығыста Египетке дейін және Еуропаны басып алған елдерде жүргізген саясаты жаңа айтып кеткен Махмуд Қашқари анықтамасының дәлелі. Себебі, түркілер жаулап алған жерлерінде қоғамдық қатынастарды өзгертіп, жаңа прогрессивтік формация қалыптастыруға септігін тигізді. Сонымен қатар шет жерліктерді мойындай бермейтін еуропалықтардың Цезарь мен Македонскийді емес, ғұн патшасы Аттиланы “Құдайдың қамшысы” деп атауы, оларға ренжіген Тәңір жіберген түркілердің қосыны деп қарау керек. Белгілі жазушы Е.Зарубин де өзінің Атиллаға арнаған романында осындай қорытындыға келеді. Түркілердің тағы бір ерекшелігі – олар ағылшындар мен голландтықтар және испан конкистадорлары сияқты өздері жаулап алған жердегі халықтарды жаппай қырып-жойып, геноцид жасаған жоқ. Себебі, түркілер алдымен үлкенді сыйлап, аруаққа тағзым еткен және зұлымдық дегенді білмейтін табиғат діні Тәңірге30 табынса, соңынан адамды ұлты мен нәсіліне бөлмей, барлығын ағайын деп қарайтын мұсылман дінін ұстанды.

 

«Уақыт – алтыннан қымбат» деген тақырыпта әңгіме құрастырыңыз.

Жұмыр басты пенде қандай бір құдіретті күштің иесі болса – дағы, өмірді екі рет өмір сүре алмайды. Тағдыр біздің маңдайымызға біреуін ғана жазған.

Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі - уақыт. Бүгінгі күні өркениетті елдерге барсаңыз, кез келген адамның осы уақыт мәселесіне келгенде тым сараң екендіктерін бірден аңғаруға болады. Себебі олар уақыттан ұтылған жағдайда көп нәрселерден қағылатындықтарын жақсы біледі. Көлік аялдамаларында тұрғанда, жүру мезгілдерінің «12.01», «16.07», «17.08» секілді әрбір минутқа дейін есептеулі екендіктерін байқап таң қаласыз. Сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут кешігіп, я бір минут озбайды. Небәрі бәр екі минутқа кешіге қалса, жүргізуші әжептеуір сөгіс алып жатады. Ал біздегі сағат сұрағанда “Жетіден он минут” кетті десең, «Е, жеті жарым десеңші» дей салатын уақытқа деген тым ысырапшыл түсініеті оларда жоқ.

Қазіргі кезде бос уақыт пен денсаулықтың қадірін, өкінішке орай түсінбейді дер едік. Әсіресе, уақыт мәселесіне өте самарқау қарайтын сияқтымыз. Өйткені бүгінгі күні уақытты өлтіретін жаулар көп. Олар: теледидар, интернет, көп уақыт телефонмен сөйлесу, көп ұйықтау, көп қыдыру.

Бірде «Мені жарты сағаттан соң оятыңызшы» деп, көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала жалма жан сағатқа қараған ғалым жарты сағыттан соң оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Ал жарты сағатымды қайтарып беріңіз онда» депті.

 

"Уақытыңды бағалай біл" деген тақырыпта әңгіме құрастырыңыз.

Жұмыр басты пенде қандай бір құдіретті күштің иесі болса – дағы, өмірді екі рет өмір сүре алмайды. Тағдыр біздің маңдайымызға біреуін ғана жазған.

Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі - уақыт. Бүгінгі күні өркениетті елдерге барсаңыз, кез келген адамның осы уақыт мәселесіне келгенде тым сараң екендіктерін бірден аңғаруға болады. Себебі олар уақыттан ұтылған жағдайда көп нәрселерден қағылатындықтарын жақсы біледі. Көлік аялдамаларында тұрғанда, жүру мезгілдерінің «12.01», «16.07», «17.08» секілді әрбір минутқа дейін есептеулі екендіктерін байқап таң қаласыз. Сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут кешігіп, я бір минут озбайды. Небәрі бәр екі минутқа кешіге қалса, жүргізуші әжептеуір сөгіс алып жатады. Ал біздегі сағат сұрағанда “Жетіден он минут” кетті десең, «Е, жеті жарым десеңші» дей салатын уақытқа деген тым ысырапшыл түсініеті оларда жоқ.

Қазіргі кезде бос уақыт пен денсаулықтың қадірін, өкінішке орай түсінбейді дер едік. Әсіресе, уақыт мәселесіне өте самарқау қарайтын сияқтымыз. Өйткені бүгінгі күні уақытты өлтіретін жаулар көп. Олар: теледидар, интернет, көп уақыт телефонмен сөйлесу, көп ұйықтау, көп қыдыру.

Бірде «Мені жарты сағаттан соң оятыңызшы» деп, көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала жалма жан сағатқа қараған ғалым жарты сағыттан соң оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Ал жарты сағатымды қайтарып беріңіз онда» депті.

 

Шәкәрімнің "Ар іліміне "деген көзқарасыңызды ауызша білдіріңіз.

Шәкәрім өз шығармаларында «ар білімі» деген терминді қолданған. Ол ар сөзін совесть деп тәржімалаған. Ар деген сөз тек қана адамға қатысты түсінік. Ар - адамдық сананың негізі. Шәкәрім өлеңдерінде, аудамаларында ар тазалығы, имандылық, адамгершілік мәселелерін жиі көтереді Шәкәріснің пайымдауынша, өмірдегі жақсылық та, жамандық та, жеке адамның бойындағы арлылық пен арсыздықтан, қасиет кемшіліктерден бастау алады. Және кемшіліктің үлкен кішісі болмайды, оның бәрі адамдықтан айрылуға, ардан аттауға бастар жол. Қазіргі кезде адамгершілік туралы түсінікті этика деп атайды. Бірақ Абайда да, Шәкәрімдеде адамгершілік деген сөз жоқ, Абай оны адамшылық дейді, Шәкәрім адамшылық, ар дейді. Адамшылыққа қатысты білімді Шәкәрім “ар білімі” дейді. Ар білімі деген ар туралы біздің біліміміз. Яғни білуге тиісті, білуге міндетті нәрселер. Біздің түсінігімізше, ардың оянуы үшін білімді болу аз, адам алдымен тәрбиелі болуы керек. Ғылым көзі іздену, ағартушылық. Дін жолы иман жолы, имандылық жолы. Шакарим өз өлеңдерінде: “Қиянаты бардың иманы жоқ” деп жазып кеткен.

 

Шәкәрімнің білімділерге қойған бес сауалына байланысты ойыңызды білдіріңіз.

1. Алланың адамды жаратқандығы мақсұты не?

Менің пікірім алланың мақсұты адамды сынақ алу, оны тексеру.

2. Адамға тіршіліктің ең керегі не үшін?

Адамға тіршіліктің ең керегі – махаббат, отбасы және жұмыс(лауазы). Махаббат жүрекке керек, одан соң маббат отбасыны шығарады, ал жұмыс – өзі істегісі келетін іспен айналысады.

3. Адамға өлген соң, мейлі не жөнмен болсын, рахат бейнет бар ма?

Адам өлген соң не болатын білмейміз, бірақ көбісі осылай ойлайды: өлген соң адамның жаны басқа дүниеге ұшып кетеді. Сол жерде оның өмірінде жақсы, жаман істеген нәрселерді санайды.

4. Ең жақсы адам не қылған кісі?

Ең жақсы адам – өз өмірінде ешкімді алдамаған, ешкімнен ешнәрсені ұрламаған адам. Ол ешқашан өтірік пен өсекті айтпайтын. Ең маңызды,сондай адам өз отбасынды, өз ата-аналарды, өз туыстарды. Жақын адамдарды қатты сыйлайтын, қатты жақсы көретін.

5. Заман өткен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр ма?

Әрбір заманда жақсы, жаман адамдар болатын, соңдықтанн, менің ойымша, адамдардың адашылығы қатты өзгермеді, бірақ әр уақытта әр кісінің өз қылықтары болатын.

 

«Шынайы тарих халықтарды татуластырады» деген тақырыпта ауызша ақпарат дайындаңаз.

Аристотель «Азияның халқы құлдыққажаратылған» деп қаншама нықтап, мықтап айтқанымен, тарих оны бекітпеді. Оған дәлел: Алланың мерейіне ие болуының арқасында бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби адамзаттың жан дүниесің тазартатын, жан-жақты дамытатын барлық рухани ғылымдардың ірге танысынан бастап? Мұнарасына дейіп қалап кетсе, екінші шығыстық ғалам Әбу Ибн Сина адам тәнінің, денсенің саулығын қамтамасыз ететің ғылымдарды шырағынан бастап шыңына дейін шығарып кетті. Бұл ғыламдардың еңбектері алдына мың жылдан асып, соңғысына мын жылға жуық уақыт өтсе де күн өткен сайын құндана түсуде, шыңдала түсунде.

Шығыстықтардың құлдыққа ғана жаратылмағанының тағы бір айғағы –Атилла, Шыңғыс хан, Бейбарыстардың жеңістері.

Мұрад Аджидің «Қыпшақ даласының жусаны», «Еуропа, түріктер, Ұлы Дала», «Қыпшақтар», «Қыпшақтар, Оғуздар» деген кітаптарына бұл мәселе айқын да анық айтылған.

Бұл кітаптарда Мұрад Аджи сайқал саясаттардың салдарынан жалған жымысқа жылнамалар жазылып, түркі тектес, түркі тектес, түркі тілдес халықтардын- қыпшақтардың тарихы бұрмаланып, мүлде жоққа айналдырылып, бірнеше ғасыр өмір сүрген ұзындығы сегіз айшылық, көлденеңі алты айшылық Дешті Қыпшақ мемлекетін жер бетінде болмағанда

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Техніко-економічні показники складського господарства і шляхи їх поліпшення | Азіргі қазақ тілі» пәні бойынша қорытынды емтихан сұрақтары


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных