Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ОҚУ, ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕЛЕРДЕН ӨТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР, ЕСЕПТІК ҚҰЖАТТАУ НЫСАНДАРЫ




 

Студенттерді тәжірибеден өткізу оқу процесіндегі маңызды құрамдас бөліктің бірі болып табылады. Сол себепті, оқу орындарында Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес барлық оқу түрлері бойынша әрбір студент тәжірибеден өту қажет.

Студенттің тәжірибеден өту мақсаты-яғни алған теориялық білімін тәжірибеде жүзеге асырып бекіту болып табылады.

Оқу және өндірістік тәжірибені ұйымдастыру экономикалық мамандықтар бойынша ОӘБ бекіткен тәжірибені өтудің Типтік бағдарламаларында көрсетілуі тиіс. Жоғары оқу орнында тәжірибенің екі түрі бар:оқу және өндірістік тәжірибе.

Оқу тәжірибесі:

- тәжірибені өту орындары ретінде тауарларды өндіретін және әртүрлі қызмет түрлерін көрсететін ұйымдар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, сонымен қатар оқу орындары және ғылыми –зерттеу институттары бола алады;

- тәжірибе оқу-әдістемелік материалдармен (бағдарлама, күнделік және т.б.) қамтамасыз етілуі керек;

- тәжірибе өткізуге жетекшілік жасау және бақылау жоғары оқу орындары мен кафедра, сонымен қатар тәжірибе орындарымен жүзеге асырылады;

- жазбаша есеп беру және оны қорғау тәжірибені өту нәтижесі болып табылады.

Өндірістік тәжірибе:

- кәсіби тәжірибе түрін, мерзмін, мазмұнын көрсететін оқу-әдістемелік жабдықтау;

- тәжірибе базасы мамандық кәсібіне сай болу керек;

- білім ұйымдары мен студенттерді жабдықтаушы ұйымдардың шығындарды өтеуі;

- тәжірибе өтуге жетекшілік жасауды және бақылауды қамтамасыз ету;

- кәсіби тәжірибенің нәтижелерін бағалау.

Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны және ролі. Экономикалық дамудың негізгі мәселелері. Материалды игіліктерді және қызметтерді өндіру, бөлістіру, айырбастау және тұтыну процесіндегі адамдардың экономикалық тәртібі. Экономикалық дамудың негізгі түсініктері, категориялары, заңдары. Экономикалық процесстерді оқыту әдістері. Экономикалық дамудың негізгі модельдері және экономикалық дамудағы тауар ақша қатынастарының ролі. Нарықтың қалыптасу заңдары және постсоциалистік елдерде оның қалыптасу ерекшеліктері, нарықтың негізгі категориялары мен заңдары. Жеке ұдайы өндірістің негізгі принциптері, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері және олардың түрлері. Өндіріс факторларының нарығы. Микро және макроденгейдегі экономикалық проблемалардың өзара байланысы, макроэкономиканың негізгі заңдары, экономикалық өсу және оның типтері, экономикалық цикл және әлеуметтік экономикалық ауытқу проблемалары.

Оқу-тәжірибелік сабақтардың мақсаты – теориялық материалдарды нығайту, сонымен қатар кәсіпорында баға белгілеумен қатысты болған мәселелерді шешу, дағдылық пен ептілікті қалыптастыру. Әрбір сабақ сәйкес келетін тақырыптарға студенттердің дайындығын сұрау және тексеруден басталады. Ол ауызша немесе тест түрінде болады. Оқытушы нұсқауымен студенттерге өздік жұмыс ретінде жеке тапсырмалар беріледі.

Дәрістік сабақтың тәжірибелік тапсырмаларын орындау, тәжірибелік сабақтың жүргізілу жоспары келесідей болады:

1) қарастырылып отырған тақырыптың негізгі сұраулары бойынша студенттерден мини-сұраулар жүргізу;

2) тәжірибелік сабаққа тапсырма беру;

3) тапсырманың орындалуы;

4) тапсырманы орындалғаннан кейін қорғау;

5) кейбір жағдайларда үй жұмысына келесі тәжірибелік сабаққа тапсырмалар беру қажеттілігі.

Оқытушы тәжірибелік сабақты жүргізуде студенттердің рефераттемалары бойынша дайындығын және жоспар тапсырмаларын келесідей талқылауы мүмкін:

1) доклад тақырыбының қысқыша тезисті мазмұны арқылы;

2) мәселелерді талқылау;

3) реферат тақырыптары бойынша конспекттерді тексеру.

Тәжірибелік сабақтың тапсырмалары ағымдағы бақылаудың материалдары болып табылады. Тәжірибелік сабақты іске асырудың барысында тәжірибелік тапсырмалардың мәселесін шешу ағымдағы бақылаудың материалдары болып есептеледі. Тәжірибелік сабақтың барысында студенттердің рефераттар тақырыптарына дайындығын тексеруде ағымдағы бақылаудың реферат тақырыптарының конспектілері болып саналады.

Студент тәжірибелік сабақ басталу алдында міндетті:

- сабақ тақырыбына сәйкес келетін дәрістік материалдарды және ұсынылған әдебиеттерді оқу;

- өзіндік жұмысқа берілген тапсырманы орындау.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных