Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Уақыт - өмір, уақыт – алтын




Уақыт зымырап өтіп жатыр. Ол ешқашан тұрмақ емес. Бір данышпанның мынадай бір қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті.Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан, бүгінгі күннің құны мен қадірін біл.» Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана «аһ» ұрамыз. Демек,уақыт - адам баласына берілген өткінші бағалы зат. Халқымызда уақытты не үшін алтынға балайды дейсің? Өйткені уақыт – дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан. Алты- ның әзірше өзіңде. Барлық нәрсе уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алма- ған адам жетістікке жете алмайды. Уақыттың қадірін білу керек. Адамның әрбір күні, әрбір саға-ты мақсатсыз өтпеуі керек.Өмірдегі әрбір уақытын өз бойындағы қайрат-жігерін,ақыл-ойын өмірге,өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтқысыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де, өзгелер үшін де игіліктер жасауы керек. Қазіргі жастық шақ адамның өмірінің қайратты да,мүмкін- дігі мол тамаша шағы. Оны жылдың көктем мезгілімен салысты- руға болады. «Көктемнің бір күні – жылға азық» - дейді халық. Ендеше, жастықтың бір күні – сенің бүкіл өміріңе азық деуге бола-ды. Уақыт бар ғой деп, бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма. Өмірдің ұзақ екені рас, бірақ ол біреу ғана. Зымырай шапқан асаудың мойнындағы арқандай шұбатылып, ол тез өтіп кетпек,оны өз тұсыңнан өте бергенде бас салмасаң,өтіп кеткеннен кейін қусаң да жете алмайсың. Адамның қоғамдық еңбегі алдымен оның адамшылық қасиет-теріне байланысты. Ол үшін адам өзіне қатаң талап қоя білуі керек. Сосын уақытты бағалауы шарт. Шығыстың ұлы ақыны Сағди «Адам әрбір секундта бір демалады.» деген екен. Сол дема- лудың өмірде санаулы екенін ұмытпау керек. «Адам баласы байлығынан, бақ-дәулетінен айрылғанда қатты налиды, ал асыл уақытының мән-мағынасыз өтіп жатқанын елең қылмайды»- деген екен ұлы ғұлама Абул-Фарадж. Өз болашағына жауапкершілікпен қарайтын адам уақытын, парасаты мен ақылын, жан дүниесін жетілдіруге,кемелдендіруге, ізденуге жұмсайды. Уақытты босқа өткізуге болмайды, оны тиім-ді пайдалану керек. Мәдениетті адам өзінің де өзгенің де уақытын үнемдейді.

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды мына өмірді

Өшпейтіндей көретін адамдарға.

Өтеді ғой......

Өтеді барлығы да.

Күн арқалап кетеді таңды мына

Менің жаным ашиды өткендерге,

Жаңа ғана өмірге жеткендерге.

Ұран жазып аспанға қойсам ба екен

Енді сендер өмірден өтпеңдер деп.

Ақиық ақын М. Мақатаев жырлағандай, уақыттың қаталдығы- қайта айналып келмейтіндігінде, қайырылмас,қатал төрешілді-гінде. Уақытты әрбір адам табиғаттың өзіне берген тамаша сыйы деп қарап, оны мейлінше толық әрі тиімді пайдалануы,жемісті еңбекпен өткізгені абзал.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных