Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Салауатты өмір салты




Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.

Салауатты – деген сөздің мағынасы парасатты,байыпты, зерделі,ақылды,ойлы,білімді және сабырлы деген ұғымды білдіреді. Өмір салты – дегеніміз әрбір жеке адамнан бастап,бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп,қалай тұрмыс құрып,бос уақытында демалатыны,қысқасы,олардың қалыптасқан өмір тіршілігі. Яғни, адамның өмір салты қандай болса,өзі де сондай. Бірінші байлық –денсаулық. Денсаулық – тән, рухани және әлеу – меттік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі шынықтыру,ширық – тыру,сананың сапа деңгейін көтеру,рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді. Қазіргі уақытта әлеуметтік – экономикалық жағдай,тіршілік деңгейінің құлдырауы,экологиялық қолайсыздық Қазақстан Респуб- ликасы халқының әсіресе ұрпақтарымыздың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Елбасымыздың «Қазақстан – 2030» жолдауындағы «Қазақс- тан азаматтарының денсаулығы,білімі мен әл-ауқаты» - тарма – ғында азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазіргі кезде халықтың табиғи өсімі төмендеп, ауру, өлім-жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы алаңдаушылық туғызуда. Темекі тарту,ішімдік ішу,есірткі құмарлық,ерте жыныстық қатынас кең таралуда. Сонымен қатар денсаулыққа кері әсерін тигізетін себептер: қозғалыс күшінің кемуі, дене салмағының артуы, артық тамақтану,қорша- ған ортаның улы заттармен ластануы. Елбасымыз: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» - деп атай отырып, келешекте атқарылатын басты стратегиялық бағыттарды көрсетті: 1. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу 2. Халықты қол жетерлік және саналы медициналық көмекпен қамтамасыз ет 3. Отандық медицина ғылымын дамыту Салауатты өмір салтын ұстанбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайды. Ауру адам қандай іс тындырады? Салауатты өмір сүру дегеніміз – тек арақ ішпеу және темекі шекпеуден ғана тұрмайды. Бұл ұғымның ауқымы кең. Салауатты өмір салтына дене шынықтыру, спорт, дене тәрбиесі,туризм, табиғатқа серуен,таза ауада жүру жатады. Оның басты бөлігі дене шынықтыру болуы шарт. Себебі денсаулықты сақтауда денені шынықтыру ең негізгі орын алады.Әсіресе айнала,қоршаған ортаның экологиялық апатқа ұшырап,күн көру қамымен әр адам- ның жүйкесі күйзелген заманда, әрбір адам күнделікті дене шынықтыру және спортпен шұғылданып,денесін шынықтырғанда ғана денсаулығын ойдағыдай сақтай алады. Дене шынықтыру бұлшық етті нығайтады,буындардың созылғыштығы мен беріктігін сақтайды. Тұлғаны сымбаттандырады. Қан айналымын жақсартып, жүрек, өкпенің жұмысын, зат алмасу процесін жақсартады. Салмақты жеңілдетіп,семіруден сақтайды. Адамның ауруға қарсы қабілетін күшейтеді.Кешкі тамақтан кейін таза ауада 1-2 сағат серуен құрып,ұйықтаудың пайдасы зор.Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Сондай-ақ адамды еңбек тәрбиелейді.Жалқаулыққа салын – бай,еңбек етуден қашпаған дұрыс.Жыл сайын еңбек демалысын тиімді пайдаланған жөн. Сонымен,кез келген адам салауатты өмір сүру үшін парасатты,зерделі,білімді болуы керек. Әсіресе денсаулық жайында білімді болғаны жөн.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных