Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстанның тарихи орындары» мәтін мазмұнын баяндау.




Түркістан, Иасы – Қазақстан Республикасындағы қала, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданының орталығы. Сырдарияның оң жақ жағалауында, Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Қаланың іргетасы б.з. 1-мыңжылдықтың орта шенінде қаланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы тас дәуірі ес-керткіштері – Шоқтас, Қосқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Б.з.б. 2-мың-жылдықтан бастап Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты – Иасы. Археологтар ертедегі Иасының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. VІІ-ХІІ ға-сырларда Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. ІХ ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол ас-тында болды. Бұл өңірге 809-19 жылдар аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, Х ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. ХІІ ғасырдың бірінші ширегінде қидандар шабуылының Шауғар құлағаннан кейін, Иасы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Иассауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ даңққа бөленді. Қожа Ахмет Иассауи қайтыс болған кезде оның қабірі басында мазар тұрғызылды. Ол қасиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы адамдардың мазарға тәуәп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті. ХV-ХVІІ ғасырларда зираттың төңірегінде ақсүйектер күмбездері салынып, олардың ішінде Рабиға сұлтан Бегім (ХV ғ.), Есім хан (ХVІІ ғ.) күмбездері ерекше маңызды болды. Юнеско шешімімен Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтілді. Отырар, Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб - Сырдарияның орта алқабында орналасқан көне қаланың орны. Отырар VІІІ ғасыр басынан Тарбанд деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түрік руна жазбаларында кездеседі. VІІІ ғасырдағы араб географы Якут Тарбанд Тұрар, Тұрарбанд, Отырар – бір қала деп жазады. Х ғасырдың география-лық жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне аймақ қала екені әл-Магдисидің еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қаласы аймақ есімімен Фараб аталған. Х ғасырдан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных