Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Балқаш көлінің экологиясы» туралы шағын эссе жазыныз.




Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ол Алматы, Қарағанды, Жамбыл облыстарының жерлерімен шектесіп жатады, ауданы 18200 шаршы шақырым, Каспий мен Аралдан кейінгі үшінші ағынсыз үлкен ірі айдын болып табылады. Балқашта балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі көлдің өзінде өскен балықтар. Осындай байлығы бар Балқаштың қазіргі жағдайы ауыр. Ол Арал кейпін киюде. Ағынсыз көне көл таязданып барады. Балқаштың ең бірінші қатері – көл аумағының кішірейіп бара жатқандығы. Егер су көлемі қысқарып, су мен батпақта өсетін өсімдіктер азайып кетсе, онда балық қоры да сирейді.

Қазақстан бойынша аса сирек және құрып бара жатқан құстардың 87 түрі “Қызыл кітапқа” жазылған болса, оның ішінде 47 түрі Балқаш жағалауында екен. Бір кездері көлдің бетін жауып жататын құс базары сиреген. Аққу, бірқазандар, қаздар мүлдем көрінбейді.

Балқаштың жағасындағы мыс алабы көп жылдан бері қаланы қамтамасыз етіп, оның дамуына жағдай жасап келеді. Бірақ комбинаттың айналадағы ортаны ластандырып келе жатқандығы жанға батады. БМК-ның зияны кейінгі кезде қатты сезіле бастады. Қаладағы экологиялық жағдайдың қиындауына байланысты тұрғындардың өлімі жиілеп кетті. Аталған комбинат экологияға ерекше назар аударуы қажет. Әзірше ауаға тарайтын зиянды қоспалар аса ауқымды - жылына 5000 тонна. Сондықтан да табиғат қорғау шараларына арналған нысандарды бірінші кезекте іске қосуды қолға алатын уақыт жетті.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных