Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Лы Жібек жолы» тақырыбына эссе жазыңыз.




«Ежелгі байланыс» тәсілдерінің бірі Ұлы Жібек Жолы еді. Ол тұрақты дипломатиялық және сауда-саттық, қарым-қатынас жасалатын күре жол қызметін атқарып келді. Қытай жібегі тиелген кеуендер шығыстан батысқа қарай, ал Орталық Азиядан, Таяу және Орта Шығыстан, Жерорта теңізінен тауар тиелген керуендер батыстан шығысқа қарай тап осы түркілердің жерін басып өтетін. Бұл байланыс көпірінің маңызы дүниенің екі бөлігі арасындағы материалдық ауыс-түйіспен ғана шектеліп қалмай, оның шеңберінен өте-мөте алысқа кетіп жатты. Ол алуан түрлі мәдениеттер мен халықтарды бір-бірімен байланыстырып, сонау ежелгі заманнан бері идеялар алмасудың тұрақты да маңызды факторы ретінде қызмет етіп келді», – дейді елбасы Н.Назарбаев.

Ұлы Жібек Жолы – адамзат өркениеті жасаған тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы ІІ ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның – Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында 6 – ғасырдан бастап екі бағыт кең өрістеген: Сырдария және Тянь-Шань керуен бағыттары. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан арқылы Жетісуға, әрі қарай өткен. Бұл бағыттағы Батыс пен Шығысты жалғастырған өзен Сырдария болған. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы сауда қалалары – Суяб, Навокент, Құлан, Тараз, Испиджаб, Отырар, Шавгар, Янгикент. Екінші жол Шығыс Түркістаннан басталып Жетісу жағалап, Шашқа (Ташкентке) өткен. Одан Азиямен, Византиямен жалғасқан. Бұл жолдағы қалалар - Суяб, Баласағұн, Тальхир, Тараз, Газгирд (Қазығұрт). Бұл қалалар көне орта ғасырларда Жапониядан, Корея мен Қытайдан Орталық Азияға, содан Ресей мен Византияға сапар шеккен саудагерлер жолының орталықтары болған.

Бұл жолмен әр түрлі тауарлар – жібектер, бағалы тастар мен күмістер, дәрілер мен бояулар тасымалданған. Құл саудасы да өркендеген. Жібек Жолы бойында өнер (би, музыка, сурет, сәулет өнерлері) мен дін (ислам, христиан, будда, манихей) дамыған. 14-15-ғасырларда Түркістанда түркі халықтары табынатын атақты ғұлама ақын Қожа Ахмет Иассауиге үлкен кесене – кешен орнатылған.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных