Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






й тапсырмасын тексеру

Тапсырма

Мұғалім оқулықта берілген суреттерге қарап, еңбектің түр­лерін анықтау vшін балаларға тапсырма береді.

Мәтінмен жұмыс

М ұғалім еңбектің маңызын түсіндіру үшін оқулықта берілген

Б. Әділовтің «Еңбексіз өмір - сүреңсіз» деген мысал әңгімесін оқып береді. Балалар Сұрақ бойынша өз ойларын айтады.

Еңбексіз өмір - сүреңсіз

Б.Әділов

Мысал әңгіме

Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппа­ды. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас қам­далса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі «шал­қайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын.

Бір күні қара пышақ ауыр еңбектен қүтылудың оңай жолын тап­ты. Иесінің көзін ала беріп, еденнің жырығына қойды да кетті. «Бол­ды, - деді ол қуанып. - Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін!...

Ай өтті, жыл өтті. қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Онын қайда жатқанын ешкім білмейтін еді.

Бір күні:

- Әй туысқан, - деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жары­ғынан жылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарқ-жұрқ етеді. Сұлу ланып кетіпті.

- Төмен секір, - деді қара пышақ. - Бірге жатаиық. БІЗДІ ешкім білмейді.

- Ол жерде не бар?

- Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай рақат!

- Ал жұмысты кім істейді?

- Жұмыс бізсіз де істеледі..

- Рақмет! - деді Сары пышақ. - Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір - сүреңсіз. Өзің-ақ жата бер, рақа­тыңа бата бер.

Қара пышақ орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойын тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай сезінді.

• Мысал әңгімедегі қара пышақ қандай адамға ұқсайды?

• Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?

• «Еңбексіз өмір - сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз

Оқушылардың жауаптары оқулықта берілген анықтама меl/ дәйексөздің маеынасын т!)сіндірумен т!)Йінделеді.

Мұғалім тақтаға Абайдың «Еңбек - қуаныш, жалқаулық ­айырылмас азап» деген нақыл сөзін жазып қояды.

- Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш-қуатын, ақыл-ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық" epіншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек ет­сең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді ба­қытты санайсың.

Мұғалім балаларға дәптердің соңында берілген «Менің дәйек­Сөздерім» айдарындаеы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген беткe осы дәйексөзді жазуға кеңес береді.

 

Сахналау

Еңбектің адам өміріндегі мәнін рөлдік орындаулар арқылы түсіндіру үшін сахналау тәсілі қолданылады.

үш оқушы (автор, қуыршақ, бауырсақ) рөлдерде өлеңді мәнер­леп оқиды.

қайдан келдің, бауырсақ?

Ө. Тұрманжанов

Дастарқанда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып, қарап тұрып көзін сап:

- қайдан келдің, бауырсақ? ­Деп сұрады қуыршақ.

- Дүкеннен келдім

Нан сатқан, -

Деді оған бауырсақ.

- Дүкенге келдің қай жақтан?

- Наубайдан келдім нан жапқан.

- Наубайға келдің қай жақтан?

Диірменнен келдім ұн тартқан.

- Диірменге келдің қай жақтан?

- Даладан келдім кең жатқан.

Жер-анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.

Оқулықтагы суреттер бойынша (жаюлы дастарқан үстінде ша­шылып жатқан бауырсақтың, нан дүкені сөрелеріндегі неше түрлі нандардың, нан жауып тұрған наубайшының, диірменнің, егіс да­ласының) оқушылар еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы «Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?,> - деген Сұрақ аясында шығып сөйлейді.

Дәптермен. жұмыс

М ұғалім оқушыларға дәптермен Жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді.

«Еңбек - бақыт бастауы» тақырыбыңда әңгіме жазыңдар.

 

Қорытындылау
Балалар, осымен сабағымызды қорытындылайтын кезде келді. Ендеше, біз «Еңбекқорлар еліне» барып, саяхат жасап қайтайық. Ол үшін «Біз не үйрендік? Не білдік?» деген сұрақтарға жауап береміз. Әрбір дұрыс жауап берген оқушы әртүрлі суреттермен еңбекқорлар елін безендіреді.

 

Жүректен жүрекке

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып, бір- біріне Жүрекжар­ды тілектерін айтады.

Гүл өсірсең терлеп

Мұның аты еңбек.

Кесте терсең зерлеп

Мұның аты еңбек

Домбыра мен биге,

Ән мен күйге

Жүрсең күнде қатысып

Мұның аты еңбек

 

Бәрі бірге «Айгөлек» өлеңін айтады

 

Өзін-өзі тану 2 сынып 25.02

Сабақтың тақырыбы: Еңбек – бәрін жеңбек
Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: сюжетті суреттер, компьютер, түрлі түсті қағаз, қайшы.
Шаттық шеңбері
Әдепті де өнерлі,
Еңбексүйгіш баламыз.
Жаңа істің шебері,
Жасаушысы баламыз.
Әңгімелесу
1. Неліктен еңбекшіл баланы бәрі жақсы көреді?
2. Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
3. Адамға өмір сүруі үшін ең алдымен не кажет деп ойлайсындар?
Оқулықпен жұмыс. Әңгімелеу.
Еңбектің адам өміріндегі мәні рөлдік орындаулар арқылы түсіндіріледі.
Қайдан келдің бауырсақ?
Өтебай Тұрманжанов
Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
- Қайдан келдің бауырсақ?-
Деп сұрады қуыршақ.
- Дүкеннен келдім
Нан сатқан,-
Деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жапқан.
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Диірменнен келдім ұн тартқан.
- Даладан келдім кең жаткан.
Жер - анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Оқулықпен жұмыс. Әңгімелеу.
Жақсылардың жақсысы. Аңыз
Баяғыда бір адам өзі жалғыз қызымен бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау - бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды.
Кірмеген жалғыз бөлме қалыпты. Ол ылғи жабық тұрады екен.
Сонда әкесіне қызы:
- Әке маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - деді.
- Оның дұрыс қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласын, - деп жауап қайтарды әкесі.
Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыздың қуанышы қойнына сыймай, жүгіріп келіп, есікті ашып жібергенде, ол тек ұршық пен өрмек және кітапты көреді. Қыз әкесіне келіп, көз жасын, бұлап тұрып:
- Әке, сен сабақ бөлмеде «Жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, - дейді.
1 Биік, әсем үйде кімдер тұрған?
2 Үйдің бір бөлмесі неге жабық болды?
3 Неліктен әкесі ұршық, өрмек, кітапты «жақсылардың жақсысы» дейді?
4 Дүниедегінің бәрі еңбекпен табылады дегенді қалай түсінесіңдер?
Сергіту сәті
Еңбек
Нұрхан Жанаев
Қырға шықсаң өрлеп,
Мұның аты – Еңбек.
Кесте тіксең, зерлеп,
Мұның аты – Еңбек.
Сабағыңа жөндеп
Әзірленсең – Еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Шығармашылық жұмыс
1 - топ. Еңбек туралы мақал айтып, мағынасын түсіндіру.
2 - топ. Сурет құрастыру, қорғау.
3 - топ. Ребус шешу.
Дәптермен жұмыс
Мәтінді оқып, суреттерді бояу.
Дәйексөз
Бақыт кілті – еңбек
Жүректен – жүрекке
Болайықшы осындай
Сөзі мен әні – А. Меңжанованікі.

Өзін өзі тану 2 сынып 03.03

Cабақтың тақырыбы: Жүрек жылуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: адамдармен қарым-қатынаста достаса білу, өзара келісімге келу, түсінісу, тіл табысу, кешірімді, кішіпейіл, көпшіл бола білу, көңіл күйін басқара алу қасиеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қамқорлық жасай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, оқулықпен жұмыс, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: суреттері.

Сабақтың түрі: тіл дамыту.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі:

1. Сынып бөлмесін әзірлеу. 2. Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ.

Шаттық шеңбері

Балалар, бәріміз ортаға шығып «Шаттық шеңберін» құрайық.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

· Өзіңнің сүйікті оқушыларыңды «Өзін-өзі тану» сабақтарында көрген қандай жақсы.

Осындай мейірімді, ақылды, өмірге, білімге құштар балаларымды көргеніме өте қуаныштымын. Сендермен бірге болғаныма тек мен ғана емес, шуақты күн де қуанып тұрғандай. Ендеше біз де бір-бірімізге күлімсіреп, алақандарымыздың жылуын байқай отырып, сәлем берейік! Бүгінгі күніміз көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін өзімізге және келген қонақтарға жақсылық, көтеріңкі көңіл тілейік.

Балалар бір-бірімен сәлемдесіп, мұғаліммен бірге Е.Өтетілеуовтің өлеңін орындайды:

Жас дәуірдің түлегіміз

Бау, бақша, белдер,

Орман, тау, көлдер -

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан –

Көңілді ауыл, қаламыз.

Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей –

Бақытты біздер баламыз! (2 рет)

Өзіміз туған,

Көбелек қуған –

Өлкеде өсіп, толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқыл –

Білімді адам боламыз.

Қайырмасы:

Тыныштық сәті. Әуен ойналады

Мен әуенді қосқан кезде бәріміз жүрегіміздегі сиқырлы әлемге аттанамыз. Біздің жүрегімізде кішкентай адам өмір сүреді. Оның аты да дәл сендердікіндей. Қолдарыңды жүректеріңнің тұсына қойып, оның қалай соғып тұрғанын сезініңдерші (тыныс алу). Ол біздің жүрегіміздің ішіндегі «Мен осындамын», «Мен сенімен біргемін» - деп тұрған кішкентай адам ғой. Оған өздеріңнің күлкілеріңді сыйлаңдар. Жүрегіміздегі кішкентай адам әрқашанда бізбен бірге болады. Жүрегіміз бізге тек ақыл мен жақсы сөздер айтатын болады. Себебі, оны тек біз өзіміз ғана ести алатын боламыз. Жүректеріңе іштей рахмет айтыңдар. Ол сендердің ризашылық сөздеріңді естісін. Сездіңдер ме, ол одан да бетер қатты соғып кетті. Олар бізді естігенін білдіріп жатыр. Осы сәтті естеріңе сақтаңдар!

· Енді көздеріңді аша қойыңдар. Қолдарыңды жоғары, содан кейін екі жаққа

созыңдар. Терең дем алыңдар.

· Міне, тамаша!

Әңгімелесу

Мұғалім балаларға адамдардың жүректері мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы екенін және жақсылықтың бәрі жүректен шығатынын түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізеді:

· Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

· Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

· Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

 

Оқулықпен жұмыс

В.Осеева «Жай ғана әжей»

Мұғалім сабақтың тақырыбын ашу мақсатында мәтінді айтып береді. Балалар сұрақ бойынша жауап береді.

Айнұр мен Абзал көшеде келе жатыр еді. Алдарында қарт әжей кетіп бара жатқан. Жер тайғақ болатын. Әжей сүрініп кетіп, жығылып қалады.

Абзал:

· Сөмкемді ұстай тұршы! – деді де, қарт кісіге көмектесуге жүгіріп

кетті.

Абзал қайтып келгеннен кейін Айнұр:

· Бұл сенің әжең бе? – деп сұрады.

· Жоқ, деп жауап берді Абзал.

· Мамаң ба?

· Жоқ.

· Ендеше көршің шығар?

· Жоқ. Ешкімім емес. Жай ғана қарт әжей ғой, - деп жымиды Абзал.

 

Оқушылармен пікірталас ұйымдастыру

· Сендердің осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?

· Бұл оқиғадан не үйрендің?

· Абзал мен Айнұрдың ой-пікірлері туралы не айтасыңдар?

 

Дәйексөз

Балалардың жауаптары дәйексөзбен түйінделеді.

Мұғалім тақтаға «Табиғаттағы барлық жылу – күннен, Өмірдегі барлық жылу - адамнан». М.Пришвин, деп жазып қояды. Мұғалім өмірдегі барлық жақсылық, мейірімділік, қайырымдылық адамдарға байланысты екенін түсіндіреді.

· Өздеріңнің жауап бергендеріңдей қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Ал өзің біреуге қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, қуанасың, сол адамды қуантасың, қайырымды іс істей алатыныңа жақын-туыстарың, достарың, айналаң қуанады. Әрбір адамның жүрегінде сондай жылуы болса, бір-біріне қайырымдылық жасап жатса, әлемдегі адамдардың барлығы қуанышта, бақытта өмір сүреді.

Мұғалім балаларға дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазуға кеңес береді.

 

Тапсырма

Мұғалім балалардың жақсы көретін адамдары туралы әңгімелеп, айтып беруге тапсырма береді. Мұғалім бұл тапсырманы ұйымдастырғанда балалардың отбасы, туған-туысы, тәрбиешісі, т.б. жақсы көрсететін адамдары туралы ойларын біледі. Сонымен бірге әр баланың өмірде өз орны ерекше екенін, оларды да жақсы көретін адамдардың бар екенін ұғындырады.

 

Жағдаятты талдау

Мұғалім оқулықта берілген суреттерге қарап, жағдаяттарды шешуді ұсынады.

1. Сен бір құшақ газет-журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің...

2. Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досыңның ролигі жоқ...

3. Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті...

Жағдаятты топпен, жекелей орындауға болады. Балалар өз шешімдерін

жария етеді.

 

Жаңа ақпарат

Оқушылардың «қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту мақсатында мұғалім оқулықта берілген жаңа ақпаратпен таныстырады:

Мейірімді адам өзге адамға, туған-туысқандарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.

 

Дәптермен жұмыс

Мұғалім дептерде орындау үшін төмендегі үлгіде тапсырма береді:

Жүрегіңнен шыққан мейірімділік, қайырымдылық, жан ашырлық, жан жылуы кімдерге, нелерге арналатынын суретке қарап, бос торкөздерге жазыңдар.

 

Жүректен жүрекке

Оқушылар сабақ соңында өздерінің жүрек түпкіріндегі жылы сезімдеріне ризашылықтарын білдіреді.

Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер айтады:

· Менің қайырымды жүрегіме рақмет!

· Менің мейірімді жүрегіме рақмет!

· Менің жылы жүрегіме рақмет!

· Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рақмет!

· Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рақмет!

· Менің жүрегімнің қуана білетініне рақмет!

· Менің жүрегімнің жанашырлығына рақмет! және т.б.

 

 

Өзін-өзі тану 2 сынып 17.03

Тақырыбы: Жүрек жылуы
Мақсаты: «Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:

· Мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;

· Қамқорлық жасауға жетелеу;

· Мейірімділікке тәрбиелеу

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, плакаттар, бояу, шар, жүрекшелер,

дәптер,оқулық, тауық балапандардың суреті.

Шаттақ шеңбері:

Ж. Әділжанқызы

Жан-жағына нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса,

Жүрегім жыли бастайды.

 

Оралғанда сапардан

Алдымнан жақын жан шықса,

Кездескенде достарым

Құшағын маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды.

Әңгімелесу

· Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

· Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

· Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

Мәтінмен жұмыс

В.Осеева

Жай ғана әжей

· Сендердің осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?

· Бұл оқиғадан не үйрендің?

· Абзал мен Айнұрдың ой-пікірлері туралы не айтасыңдар?

Дәйексөз

«Табиғаттағы барлық жылу-күннен

Өмірдегі барлық жылу-адамнан»

М.Пришвин

-Қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Ал өзің біреуге қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, қуанасың, сол адамды қуантасың, қайырымды іс істей алатыныңа жақын-туыстарың, достарың, айналаң қуанады. Әрбір адамның жүрегінде сондай жылуы болса, бір-біріне қайырымдылық жасап жатса, әлемдегі адамдардың барлығы қуанышта, бақытта өмір сүреді.

Тапсырма Өздерің жақсы көретін адамдарың туралы әңгімелеп беріңдер.

Ойын-жаттығу. «Көмек»

· Сен досыңмен көлге шомылуға бардың Кенет досыңның «құтқар» деген даусын естідің? Сен не істер едің?

· Сен жолда келе жатырсың. Шұңқырға түсіп кеткен балапандарды көрдің. Балапан шиқ-шиқ етіп шығудың әрекетін жасайды. Бірақ оған шамасы келмейді. Осы жағдайда сен қандай әрекет етер едің?

· Әр адамның жүрегі мейірімді де қайырымды болу үшін не істеу керек?

· Жақсы тілектің адам өмірінде маңызы болатын болса, достарыңа қандай жақсы тілектер айтар едіңіз?

Жағдаяттарды талдау

1. Сен бір құшақ газет-журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің…

2. Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досыңның ролигі жоқ…

3. Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті…

Сергіту сәті «Мейірімді жүрек» жүректі жұбату.

Жүректі қуанту

1-2-3-4-5

Күн шығады келекес

Күн сәулесі төгілді

Балалар жүр көңілді.

6-7-8-9-10

Күн қарайды бізге оң

Біз ержеттік еркелеп,

Мектепке келдік еркелеп.

Жаңа ақпарат

Мейірімді адам өзге адамға, туған туысқандарыңа, табиғаиқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.

Ойланайық, пікірлесейік

· Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?

· Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

Тыныштық сәті

· Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезінесіңдер. Біздің жүрегіміз қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілік құндылықтарға толы екендігін сезінеміз. Енді көзімізді жаймен ашамыз. Ендеше жүрегіміздің жылуын, бізді мектепке келгенде білім беріп, тәрбиелеп жатқан мұғалімдерімізге арнап көрейік!

· Ақылшы ұстазым-өлеңін топпен орындайды.

Дәптермен жұмыс

· Жүрегіңнен шыққан мейірімділік, қайырымдылық, жан ашырлық, жан жылуы кімдерге, нелерге арналатынын суретке қарап бос торкөздерге жазыңдар.

Тренинг.

А4 қағазға үлкен етіп жүрек саламыз, сол жүректің ішіне гүлдің суретін саламыз сол гүлдің ішіне үйдегі адамдардың есімін жазамыз.

Оқып үйренейік

Қайырымдылық

М. Сүндетов

— Апасы неліктен Мұхтарға риза болды?

— Сендердің қайырымды іс-әрекеттер жасаған кездерің болды ма?

Сол жағдайда сендер өздеріңді қалай сезіндіңдер?

Бекіту сәті

· Менің қайырымды жүрегіме рахмет!

· Менің мейірімді жүрегіме рахмет!

· Менің жылы жүрегіме рахмет!

· Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рахмет!

· Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рахмет!

· Менің жүрегімнің қуана білетініне рахмет!

· Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет!

· Менің жан-жануарларды жақсы көретін жүрегіме рахмет!

· Менің жақсылықты сезіне алатыныма рахмет!

 

Өзін-өзі тану 2 сынып 10.03

Тақырып: Жүрек жылуы
Құндылық «Сүйіспеншілік»
Қасиеттер: қайырымдылық, мейірімділік
Сабақтың мақсаты: «Қайырымдылық», «мейірімділік», адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;
- қамқорлық жасауға жетелеу;
- мейірімділікке тәрбиелеу;
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Сюжетті суреттер, үнтаспа, ватман, түрлі түсті бояу (гуашь) Сабақ барысы
1. Мотивациясын ояту
- Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыз. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз көл жағасында суда жалаң аяқ жалдап жүрсіз. Салқын су сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз (тыныштық). Сіз көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз..... (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат - анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан және күзгі жердің суығы ағатын жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық). Қазір біз көзімді ақырын ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана - Табиғатқа «Рахмет» деп айтамыз. Сабақ барысын талқылау:
Музыка ойнап тұрады
2. Үй жұмысын тексеру:
- Үйге не берілді?
• «Жүрек жылуы» дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушылар өз ойларын ортаға салады
3. Әңгімелеу (сұхбат)
• Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?
• Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?
• Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?
- Балалар, қазір мен сендерге Валентина Александровна Осеваның ізімен жазылған «Жай ғана әжей» әңгімесін мазмұндап беремін. Мұқият тыңдаңдар.
• Сендер осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?
• Бұл оқиғадан не үйрендіңдер?
• Абзал мен Айнұрдың ой - пікірлері туралы не айтасыңдар?
Сұрақтарға толық, дұрыс жауап беруге тырысу
4. Дәйек сөз
«Табиғаттағы барлық жылу - күннен,
Өмірдегі барлық жылу - адамнан».
Михаил Пришвин
• Осы сөзді қалай түсінесіңдер?
• Неге табиғаттағы барлық жылу күннен дейді?
• Неге өмірдегі жылу адамнан дейді?
- Онда мына қағаз бетіне барлығымыз өз жылуымызды қалдырайық. Қолдарыңды бояуға малып, алақанның іздерін қалдырамыз. Талдау, естерінде сақтату

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
- Қазір біз сендермен 3 топқа бөлінеміз де, жағдаяттар шешеміз.
• Сен бір құшақ газет - журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің...
• Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досының ролигі жоқ...
• Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті... Топпен жұмыс
6. Үй тапсырмасы: «Менің жан жануарға, табиғатқа қандай қамқорлық жасадым» тақырыбында ойланып келіңдер
7. Топпен ән айту
С. Молдасаханұлының сөзіне жазылған, Ф. Жолдасованың «Бала тілегі» әнін орындау
Ән айту

 

Дүниетану. 2 сынып 11.01
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: өсімдік мүшелері және оның атқаратын қызметі, тамыр туралы түсінік қалыптастыру; өсімдіктің қоршаған ортаға пайдасы, адам өміріне маңызы және экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.
Дамытушылығы: оқушылардың ақыл – ойын, есте сақтау, ойлау, тіл байлықтарын, танымдық белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұйымшылдыққа, тазалыққа, еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау, топтастыру, топтық жұмыс, 5 жол өлең әдісі, семантикалық карта.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а). сабаққа дайындық.
ә). Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық.
3. Өткен тақырыпты еске түсіру. (сұрақ – жауап арқылы).
- Табиғат дегеніміз не?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Тірі табиғатқа жататындарды ата.
- Өлі табиғатқа жататындарды ата.
4. Үй тапсырмасын тізбектей сұрау.
(үй тапсырмасын сұрақ – жауап арқылы қорытындылау).
5. Жаңа сабақты меңгерту.
Өсімдік мүшелері және оның атқаратын қызметі жайлы түсінік беру. Тамыр – оның түрлері жайлы сурет арқылы түсіндіру. Сонымен бірге өсімдіктің тірі – ағза екенін айта отырып, еліміздің, қаламыздың көркеюіне, ауаның таза болуына Елбасымыз ерекше көңіл бөліп отырғанын айту. Қазіргі табиғаттың, экологияның нашарлап, орман алқаптарында өсімдіктердің азаюына байланысты мемлекеттік “Жасыл ел ” бағдарламасының орны ерекше. Елбасымыздың бағдарламасы бойынша қаланы көркейту, жыл сайын ағаштар отырғызу жұмыстары алға қойған мақсаттардың бірі болып отыр.
6. Топтастыру. (өсімдік мүшелерін суреттер арқылы топтау).
Өсімдік мүшелері

Сабақ
Жапырақ
Гүл
Жеміс
Тұқым
Тамыр
Тамыр - өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі. Ол өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды және топырақтағы ылғалды бойына сіңіреді. Тамыр арқылы өсімдік қорек алады.

7. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді тізбектей оқушыларға оқыту.
8. Дәптермен жұмыс.
Тамыр түрлері

Тік тамыр Ұзын тамыр Шашақ тамыр
9. Сергіту сәті:
Жел тұрды,
Жапырақтар тербелді.
Жаңбыр сіркіреді,
Жаңбыр құйып кетті.
Жаңбыр басылды,
Күн ашылды.
10. Топтық жұмыс.
1 – қатар - Өсімдіктің табиғатқа, адам өміріне пайдасы.
2 – қатар - Өсімдік туралы әңгіме жазу.
3 – қатар - Өсімдіктің суретін салу.
11. Семантикалық карта.
Атаулар ------------ Өлі табиғат ---- Тірі табиғат
Аспан
Адам
Жер
Арыстан
Гүл
Жануар
Ай
Өсімдік
Дәрігер
Көл
12. “ Бес жол өлең ” құрастыру.
1. Не? Гүл.
2. Қандай? Әдемі, хош иісті.
3. Не істейді? Өседі, гүлдейді, қурайды.
4. Сөйлем. Гүл адамға қуаныш сыйлайды.
5. Мәндес сөз. Өсімдік.
13. Сабақты қорытындылау.
Өсімдіктердің мүшелері және оның атқаратын қызметі жайлы, тамырдың түрлерімен таныстық.
Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ, - деп ақын ағаларымыз жырлағандай,
табиғатты, өсімдіктер мен жан – жануарларды қорғап, аялайық.
14. Бағалау.
15. Үйге тапсырма: мәтінді оқу, табиғаттың суретін салу.

 

 

Дүниетану 2 сынып 13.01

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: Оқушыларға өсімдік және оның мүшелері жайында ұғым қалыптастыру. Тамыр туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелігі: Табиғатты сүюге,аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, суреттермен жұмыс, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, суреттер.

Сабақтың барысы: I.Қызушылығын ояту. 1. Топқа бөліну.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1-топ: өсімдіктің балауса шағы

2-топ: өсімдіктің «жастық шағы»

3-топ: өсімдіктің «қартайған шағы» туралы әңгімелеу.

III. Білімдерін жан-жақты тексеру. Ой қозғау стратегиясы. «Бәйге ойыны»

· Табиғат дегеніміз не?

· Табиғат нешеге бөлінеді?

· Өсімдік қандай ағзаға жатады?

· Ауаның қасиетін ата.

· Өз жеріңде таза ауа болу үшін не істеуге болады?

· Судың қасиетін ата.

· Судың үш күйін ата.

· Топырақ деген не?

· Топырақтың құрамын ата.

· Қандай топырақта өсімдіктер жақсы өседі?

· Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?

· Оларды қорғау үшін не істеу керек?

IV. Жаңа білімді меңгерту.

Сұрақ-жауап бойынша:Өсімдік мүшелеріне нелер жатады?

Сызбаны оқушыларға толтырту.

гүл

Өсімдік мүшелері тамыр жапырақ сабақ жеміс тұқым

Өсімдік мүшелері

Миға шабуыл. Қызығушылықтарын арттыру. Сөзжұмбақ шешу.

1. Күзде себілетін дән.

2.Өсімдіктің барлық мүшесін бір-бірімен жалғастырып тұратын мүшесі.

3.Табиғат құбылысы.

4.Өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ қабат.

5. Ағаш.

- Өсімдіктің жер асты мүшелері қалай аталады?

Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқыту. Талдау.

Тамыр – өсімдіктің жер астындағы мүшесі. Ол өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды және өсімдікті қорекпен қамтамасыз етеді.
1. Кіріспе бөлім
- Тамыр өсімдікке қандай пайда әкеледі?
- Тамыр топырақтан суды сіңіріп, оларды сабақ арқылы жапыраққа, бүршікке, жемістерге жеткізеді.
- Тамыр өсімдікті минералды және қоректі заттармен қамтамасыз етеді.
2. Негізгі бөлім. Кідіріп оқу.
Тақырыптың 1-ші жолын оқыту. Кідіріс. Сұрақтар:
- Неге тамыр өсімдіктің негізгі және жер асты мүшесі деп аталады? (Тамыр – өсімдіктің топырақтағы бөлігі)
- Өсімдіктерге тамыр не үшін қажет? (Өсімдік өсу үшін, өсімдікті топыраққа бекіту үшін т.б)
2-азат жолын оқу. Кідіріс.
Сұрақтар:
- Қандай өсімдіктердің тамырлары шашақ тамыр болып келеді? (Жолжелкен, күнбағыс, бидай, арпа, қарабидай)
- Ылғалы жеткілікті жерлерде өсетін өсімдіктердің тамырлары қандай болады? (қысқа)
- Ал құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктердікі ше? (ұзын)
Ұзын тамырлы өсімдіктердің тіршілігі жайлы берілген деректі оқып, талдауға ұсыну. Бөлінген уақыт 2-3 мин.

· Сызба бойынша тамыр туралы түсінік беру.

· Сурет бойынша түсіндіру.

Тамыр

Негізгі тамыр (кіндік)

Шашақ тамыр

Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқыту. Талдау.

І топ: Өсімдік пайдасы туралы әңгімелеу.

ІІ топ: Тамыр дегеніміз не?

ІІІ топ: Тамыр түрлерінің суретін салу.

Сергіту сәті.

Ү. Ойтолғаныс: Әр топқа жеке тапсырмалар (топпен орындау, тақтаға ілу.)

“ Бес жол өлең ” құрастыру.

ІҮ. топ: Суреттегі өсімдіктердің тамырындағы айырмашылықты ата.

Ү. топ: Топырақтың атқаратын қызметі

ҮІ.топ: Тамырдың түрлері.

ҮІ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.

5.1. Тамырдың өсімдік тіршілігіндегі маңызы қандай?

5.2. Тамырдың түрлері (сызба толтырту)

 

Тамыр

V. Сабақты бекіту.

Г) Дәптермен жұмыс.Танымдық диктант.

Өсімдіктің жер асты мүшесін... дейміз.

Тұқымынан тікелей шығатын тамырды... дейді.

Шашақ тамырлы өсімдіктер:

Шөлді жерде өсетін өсімдіктер:

Сызба толтыру. өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды

Топырақтан түрлі қоректік заттарды тартады

 

Та м ыр

Шашақ тамыр Негізгі тамыр (кіндік тамыр)

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

- Сонымен, балалар бүгін біз қандай тақырыпты қарастырдық?
Өсімдіктердің мүшелері және оның атқаратын қызметі жайлы, тамырдың түрлерімен таныстық.
Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ,
- деп ақын ағаларымыз жырлағандай,
табиғатты, өсімдіктер мен жан – жануарларды қорғап, аялайық.
ІХ.Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Картоптың пайдасы (эссе жазу)

Х.Бағалау.

 

 

Дүниетану 2 сынып 20.01

Сабақтың тақырыбы: Жапырақ.
Сабақ жоспары:

І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Өткенді пысықтау
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІV Жаңа сабақ
а) практикалық жұмыс
б) оқулықпен жұмыс
в) суретпен жұмыс
г) дәптермен жұмыс
д) сергіту сәті
е) экологиялық тапсырма
V Бекіту, бағалау

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
ІІ. Өткен сабақты пысықтау:
Біз қазір қандай тірі табиғат иесімен танысудамыз.
- Өсімдік әлемінен
Сызбаға назар аударамыз. Өсімдіктер жарылған.
1-қатарда – қарағай-ағаш
2-қатарда – итмұрын-бұта
3-қатарда – жаңышқа-шөп
Өсімдік үш топқа бөлінеді.
Келесі сөздерге назар аудару: Тамыр, шөп, сабақ, гүл, үйеңкі, жеміс, жапырақ, ағаш.

Тапсырма өсімдік мүшелерінің астын сызу
Тамыр
Гүл
жапырақ
сабақ

Үй тапсырмасын тексеру
- Сабақ өсімдік үшін қандай қызмет атқарады?
- Сабақ пен тамырдың байланысын түсіндір
- Өсімдік сабақтары қандай болады?
- Тік сабақты қандай өсімдікті білесің?
- Оралып өтетін өсімдікті ата
Ал енді балалар мына өсімдіктердің қай мүшесімен біз қоректенеміз?
Сәбіздің – тамырын

Орамжапырақтың – жапырағын
Шиенің – жемісін
Сергіту сәті: Жел билейді у-у
Құйпес келіп билейді зу-зу
Қатты-қатты жел соқты гу-гу
Жапырақтар қол соқты ду-ду
Енді балалар мына суретке қараңдаршы, әдемі көріне ме:

- Жапырағы жоқ
- Абай атамыз: Жапырағынан айрылған ағаш – қурай.
- Сонда балалар өсімдікке сән беріп тұратын деп ойлайсыңдар. Жапырақ

а) Өсімдік жапырақтарының жиынтығымен жұмыс
- Алдарыңдағы жапырақты қарап, пішінін сипаттаңдар
- Ағаш жапырақтары қай кезде әдемі болады
- Өсімдік мүшелерін ата, жапырақ қай мүшеде орналасқан?
- Қай жыл мезгілінде жапырақ қурап түседі

б) Оқулықпен жұмыс
Әр бөлігін оқыту. Не ұқтыңдар?
Жапырақ құрылысын көрсетіп, дәптерге орналастыру.
Негізгі жапырақтың керектігі:
а) Қыста ағашты құрғақтан қорғайды
б) Жас бұтақ қатты қарда сынбау үшін
в) Жапырақ әр түстес болады
Сары түс үнемі бойында болады.

Суретпен жұмыс: Өздеріңе таныс ағаштың жапырағы бар ма? Емен, ағаш, Күзде жапырақ неге түседі?
«Бұл қай ағаштың жапырағы» ойынын ойнату.
Оқулықпен жұмыс
Оқушылардың өздігінен мәтіннің қалған бөлімін оқуы.
Жеке сөздермен жұмыс: инеше, жүрекше, жұмыртқа тәрізді.
Бекіту, бағалау

 

Дүниетану 2 сынып 25.01

Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өсімдіктердің өніп-өсуі, жетілуі жайлы ұғым беру, құрақ және шырынды жемістермен таныстыру.
Дамытушылық: Дүниетанымын, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын, ақыл-ойын, есте сақтауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Әдіс-тәсілдері: Топтастыру, түртіп алу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, суреттер, тірек сызбалар, тест, жеміс.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, қайталау.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Өтілген тақырыптарды қайталау.
а) Тірек - сызбаларды пайдалана отырып, проблемалық сұрақтарға жауап алу.
Табиғат
өлі тірі
адам, жануар, өсімдік, тамыр
Өсімдік, сабақ
Жапырақ

ІІІ. Жаңа сабаққа байланысты жұмбақтар шешу.
1. Көктемде жерге енемін,
Ылғалда өсіп-өнемін.
Менің өскен жемісім,
Қыс бойғы сенің қорегің. (Тұқым)
2. Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (Жеміс)
Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Тұқым және жеміс» деп аталады, яғни өсімдіктің көбею мүшелерімен танысамыз.
Күнделікті өзіміз жейтін жемісті ата – аналарың күтіп, баптап өсіреді. Олар неше түрлі жеміс береді.
Ал жемістер қайдан шығады?
Сызба арқылы түсіндіру:
Тұқым өскін гүлден түйін
Жеміс жемістің ішіндегі тұқым

ІV. Оқулықпен жұмыс.
А) Жемістің пайда болуы
Ә)Тұқым мен жемістің әр өсімдікте пісіп-жетілуі. Өсімдіктердің тұқымы алуан түрлі болады. (Жергілікті жермен байланыстыру)
Шыршы – бүр
АҒАШ Қарағай – бүр
Емен – жаңғақ
Тұқымы жемістің ішінде болатын өсімдіктерді атаңдар.
- Алма, қауын, қарбыз, қияр, т. б.
Шырынды Өсімдік сыйы
Дәрі-дәрмек Құрғақ

Бүкіл өсімдіктер жемістің ішінде болатын тұқымынан өседі.
(Оқулықтан оқыту)
Венн диаграммасын құру
Оқулықпен жұмыс. Теріп оқу.
1. Адамның негізгі қорегі
2. Тұқым арқылы көбею
3. Ағаштар
4. Бақбақ
5. Селеу, қара сұлы

V. Сергіту сәті.
VІ. Оқушыларды топқа бөліп тапсырмалар беру.
І топ. Тұқымның суретін салу.
ІІ топ. Түрлерін ажырату
ІІІ топ. Тест.

VІІ. Сабақты бекіту.
«Бәйге» ойыны арқылы қорыту, бағалау.
1. Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады?
2. Өсімдік не арқылы көбейеді?
3. Тұқым мен жеміс өсімдіктердің қандай мүшесі?
4. Шиенің тұқымы қандай?
5. Егістік өсімдіктерінің тұқымы қалай аталады?
6. Бақабақ, қоға өсімдіктерінің тұқымы қалай аталады?
7. Өсімдіктің тұқымы қалай аталады?
8. Жапырақтағы жасыл бояу...
9. Тұқым қалай тарайды?
10. Жемістер қалай бөлінеді?

VІІІ. Экологиялық тапсырма.
1. Әдемі қызыл гүл көрдің. Не істейсің?
2. Табиғатты қалай қорғайсың?
ІХ. Үйге тапсырма.
1. «Тұқым және жеміс» мәтінін оқу.
2. Жемістердің суретін салу.
Х. Бағалау.

 

 

Дүниетану 2 сынып 27.01

Сабақтың тақырыбы: Мәдени өсімдіктер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мәдени өсімдіктің жабайы өсімдіктен айырмашылығы неде екенін, мәдени өсімдіктерсіз адам өмір сүре алмайтынын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын ойындар ойнау арқылы, логикалық танымын, биология пәніне деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаға деген жанашырлық көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақтың типіі: Аралас
Сабақтың әдісі: Дәстүрлі. Ақпараттық технология
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, карта, бөшке, бағалау парағы т. б.
І. Сабақтың барысы:
1. Амандасу
2. Сабаққа әзірліктерін тексеру
Сыныпты 3 - топқа бөлдім.
І топ - құлпынай
ІІ топ - картоп
ІІІ топ - күнбағыс
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасы 2 бөлімнен тұрды.
1. Бөшкедегі басқатырғыштар
Әр топқа үш - үштен сұрақ қойылды. Әр дұрыс жауапқа жетон беріліп отырды.
2. Ғалымдар сөйлейді
Бұл бөлімде әр топ капитандары өз атауларын қорғауы керек. Әр топ капитандары слайд арқылы өз команда аттарын қорғады.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары:
250 мыңға жуық жабықтұқымдылардың 3 мыңдайы ғана кезінде белгілі болған. Тағамның 80% - ы негізгі алты мәдени өсімдіктен алынады: дәнді дақылдардан – бидай, күріш, жүгері; крахмалды дақылдардан картоп, батат, маниока. Тамақ үшін ең маңыздылары: қантты - қант қамысы, қант қызылшасы; көкөністер - асбұршақ, картоп; дәнді дақылдар – бидай; майлы - кокос, күнбағыс, соя; жемістер - алма, банан, жүзім, цитрустылар.
Дүниежүзілік тарихи және археологиялық деректерге сүйене отырып Н. И. Вавилов ертедегі мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын жеті топқа біріктірді.
Оңтүстік азиялық орталықтан шыққан мәдени өсімдіктер:
Шығыс азиялық орталықтан шыққан мәдени өсімдіктер:
Оңтүстік – батыс азиялық орталықтан шыққан мәдени өсімдіктер:
Жерортатеңіздік орталықтан шыққан мәдени өсімдіктер:
Абиссиналық орталықтан шыққан мәдени өсімдіктер:
Дәнді құмай, бананның бір түрінің, майлы ноқат өсімдігі, бидай мен арпаның бірқатар ерекше түрлерінің отаны.
Орталық америкалық орталықтан шыққан мәдени өсімдіктер:
Жүгері, ұзын талшықты мақта, какао, бірқатар асқабақ, үрмебұршақ мәдени өсімдіктердің отаны.
Андылық орталықтан шыққан мәдени өсімдіктер:
Картоп, дәрілік өсімдіктердің отаны.
Тарсырмалар:
№1. «Суреттер сыры»
3топқа суреттер беріледі. Сол суреттерді картаға жапсыруы керек, яғни әр орталықтың тұсына жапсырады. Дұрыс жапсырылған суретке жетон беріледі.
№2. «Сен маған - мен саған»
Бұл тапсырмада әр топтан бір - бір оқушыдан шығады. Сол оқушыларға әр топ үш - үш сұрақтан қояды. Сұраққа жауап бере алмаған оқушы ойыннан шыға береді. Қалған оқушыларға қарсы командылардан сұрақ қойылады. Соңында бір оқушы қалады. Сол оқушы жеңімпаз атанады. Жеңген оқушыға жетон беріледі.
№3. «Сызықтық диктант»
«^» - дұрыс, «-» қате. Мына белгілер арқылы сұрақтардың жауаптарын жазу керек. 6сұрақ берілді. Дұрыс жауапқа жетон берілді.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Ортаға мәдени өсімдіктің атауы беріледі. Ол сөз «Орамжапырақ» осыдан бірнеше сөздер шығаруы керек. 1минут уақыт беріледі. Көп сөз жазған командаға жетон беріледі.
V. Үге тапсырма беру.
§34. оқулықтағы кестені толтыру. 7орталықтан шығатын мәдени өсімдіктер туралы интернеттен мағлұмат әкелу.
VІ. Бағалау.
Барлық жетондарын есептеп, жеңімпаз топты анықтап, жеңген топтарды медалдармен марапаттау.

 

 

Дүниетану 2 сынып 01.02

Сабақтың тақырыбы: Мәдени өсімдіктер

Сабақтың мақсаты: а) Мәдени өсімдіктердің түрлері, жабайы өсімдіктерден айырмашылығы және мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарының дәлелдері туралы мағлұмат беру

ә) оқушылардың сабаққа белседіліктерін, ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс жасауға дағдысын қалыптастыру

б) Туған жерін сүюге, құрметтеуге, оқып үйренуге, байлықтарын, экологиясын қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың типі: Білім-білік дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ жауап

Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сынып тазалығын бақылау

Ә) Оқушыларды түгендеу

Б) оқушылардың назарын сабақа аудару

Ей, замандас! Ең алдымен досыңды ұқ!

Досың – жер, су, мөлдір ауа, өсімдік.

Ала жүріп осылардың сыйлығын,

Осыларды қорлау деген не сұмдық!

(Х.Ерғалиев)

I тур. «Кім жылдам»

II тур. «Білгім келеді…»

II тур. Тест

IV тур. Топтастыру

й тапсырмасын тексеру

I тур. «Кім жылдам»

1) Қандай мәдени өсімдіктерді білесіңдер?

2) Мәдени өсімдіктердің адам қажетіне өтейтін бағалы дақылдар туралы сипаттама

3) Азық – түлік, малазықтық, техникалыққа жататын өсімдіктерді атаңдар

4) Бидай неге «негізгі азық-түлік өнімі» деп аталады?

5) «Картоп – екінші нан» деп неге аталған?

6) Көкөністік дақылдардың маңызы

7) Өздерің тұрған жерде көкөністік дақылдарының қай түрлері өсіріледі?

3. Кестені толтыру

Мәдени дақылдар Мәдени дақылдарға жататын өкілдер
     

 

II тур. «Білгім келеді…»

Жаңа сабақ: Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары

Мәдени өсімдіктердің сан алуандылығы және шығу орталығын орыс ғалымы Н.И.Вавилов зерттеді. Ол бес континентті айналып шығып, дүниежүзінің 52 елдерінде болды. Вавилов өсімдіктердің 400-ге жуық үрінің Оңтүстік Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді. Ол осы сапарында мәдени өсімдіктердің 1000-ға түрін зерттеді.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | 


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных