Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстан Республикасындағы туризм саласының дамуына талдау.




Қазақстандағы туризмнің тарихи алғышарттары б.э.д. ІІІ мыңжылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.

Қазақстан КСРО-ның құрамында болған уақытта туризм де басқа экономика салалары сияқты орталықтан келетін қатаң ережелерге бағынып, тек сол ережелер аясында ғана өз қызметін жүзеге асыратын. Шетелдіктер үшін Қазақстан мешеу елдердің санатында еді. Себебі, кеңестік кезеңде Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметті атқарған мәдени-ағарту жұмысы жүйесі элементтерінің бірі болып саналды және оның басым рөліне қарамастан қалдықтық қағидатпен қаржыландырылды және елеулі экономикалық маңызға ие болмады.

Қазақстандағы туризм индустриясының дамымай қалуының негізгі себептерінің бірі оған экономиканың саласы ретінде мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінбеді және шындап қолға алынбады. Туризмді аймақтық ұйымдастыруға және мемлекеттік емес туристік құрылымдарды кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан, жергілікті басқару органдарының туристік қызметті болашағы бар сала ретінде мойындамаулары болып табылды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшін негіз қаланды.

Отандық туризмнің дамуын төрт кезеңге бөлуге болады:

1. КСРО кезеңіндегі туристік қызмет – саланы орталықтан қатаң қадағалап отырды.

2. 1992-1996 жылдар аралығы – 1992 ж. үшінші шілдеде Қазақстан Республикасының тұңғыш «Туризм туралы» №1508-ХІІ заңы қабылданды; 1993 жылы Бүкіләлемдік туристік ұйымға толық мүшелікке қабылданды, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар халықаралық келісімдер жасалды.

3. 1997-2000 жылдар 1997 жылы Қазақстан Республикасы түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясына қатысты. Ұлы Жібек жолының Қазақстан территориясындағы бөлігінде туристік инфрақұрылымды дамытудың алғышарттары жасалына бастады. Жібек жолы бойындағы тарихи орталықтар қалпына келтіріле бастады.

4. 2000 жылдан қазіргі кезге дейін – 2000 жылдың 30 қазанында «Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесі» құрылды. Туризмді дамытудың негізгі бағыттары айқындалып, республикадағы курорттар, санаторийлер, емдеу-сауықтыру орындары, демалыс аймақтары, басқа да туристік нысандар толық жөндеуден, қайта құрастырудан өткізілді.

Қазақстан Республикасындағы туристік нарықты дамытудың алғашқы кезеңдерінде негізінен шығу турлары жетілдірілді. КСРО құрамында болған кездегі шығу туризміне деген көп жылдық мұқтаждық сыртқы туристік өнімнің жоғары сұранысқа ие болуына әкелді. Кейбір елдер қазақстандық туристерді еліктіру мақсатында бірқатар шаралар қабылдады:

— бұрынғы социалистік достастық елдеріне визасыз кіру (Чехия, Болгария, Венгрия, Сербия және тағы басқалар).

— Визалық рәсімдерді жеңілдету нәтижесінде Германия, Испания, Италияға бару оңайлығы;

— кейбір елдерде қазақстандық туристер үшін экономикалық үнемді турлар (Фарнция, Қытай).

Үлкен сұранысқа сол кездері көп турлар, танымдық сипаттағы турлар: Туркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Италия, Грекия мемлекеттеріне демалыс және ойын-сауықтық мақсаттағы туризм, жастар туризмі, емдеу-сауықтыру туризмі, теңіз круиздері ие болды.

Шығу туризмнің жалпы сипаты келесі себептермен түсіндіріледі:

— қазақстандық тұтынушылардың шетелдік туристік өнімге деген асқан жоғары қызығушылығы (КСРО-да шығу туризмнің болмауынан);

— шығу ережелерінің жеңілдетілуі;

— сыртқы іскерлік байланыстар аясының кеңейтілуі;

— төлем құралдары артықшылықты жеке азаматтар мен кәсіпорындар санының өсуі;

— шығу туризмінің қол жетімді бағалары;

— шетелдік туристік өнімнің жоғары бәсеке қабілеттілігі (қонақ үй сервисі мен орналастырудың барлық шарттарының аса жоғары деңгейде болуы, турлардағы ыңғайлы да қол жетімді көліктер).

Ішкі туризмнің артықшылықты бағыттары Қазақстанның оңтүстік аймақтарына шоғырланды: курортты – санаторийлі аймақтар,и мәдени-тарихи орталықтарға танымдық мақсаттағы туризм (Отырар қаласы, Түркістан қаласы, Есік қорғаны, шырын шатқалы және тағы басқа); экологиялық туризм, сафари турлар (аң аулау, балық аулау), емделу:

Бастапқы кезде кіру және шығу туризмдерінің дамуын тежеуші факторлар мыналар еді:

— ішкі саясаттың тұрақсыздығы;

— көлік инфрақұрылымының халықаралық стандартарға сай келмеуі;

— қонақ үй және тағы басқа орналастыру құралдарындағы сервистік қызметтің әлемдік стандарттармен деңгейлеспеуі;

— мемлекеттік және жергілікті органдар тарапынан кіру және шығу туризмдерін құқықтық және экономикалық жағынан ынталандырудың жетілмегендігі;

— нақты туристік орталықтың, сонымен қатар бүтіндей мемлекеттің кері немесе оң әсерлі имиджін қалыптастыратын қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жеткілікті маманданбауы;

— туристік ел ретінде Қазақстанның оң имиджін қалыптастыруда мемлекеттік және жергілікті біліктің арасында ортақ саясаттың болмауы.

Дегенмен, тәуелсіздіктің алғашқы қиын жылдары артта қалып, Қазақстан Республикасы дамудың накты бағыттарын айқындап, тура жолға түсе бастағаннан бері (1990 жылдардың аяғына қарай) туризм де экономиканың басқа салалары секілді аяғына нық тұра бастады.

Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 2002 жылғы дерегі бойынша елде 655 туристік ұйым болды, қазақстандық кәсіпорындар 80 елдің туристік фирмаларымен шарттық қатынастар орнатқан, төрт алматылық және он үш облыстық туристік фирмалар сегіз мемлекетке чартерлік әуе рейстерін жүзеге асырды.

Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы, сондай-ақ, Алматы және Астана қалаларындағы туристік фирмалар желісі неғұрлым жақсы дамыған болып табылады. Осы облыстардың және қалалардың туристік ұйымдары жыл сайын туристердің және экскурманттардың 88%-ына дейін қызмет көрсетеді.

Туристік ұйымдармен 2002 жыл барлығы 228,3 мың туристке қызмет көрсетілді, Қазақстанның туристік фирмалардың қызметін 55,9 мың шетелдік азамат пайдаланды. Саяхаттарын туристік фирмалар арқылы ресімдеген 146 000 Қазақстан азаматтары шетелдерге шықты.

Кейінгі жылдары туристік фирмалардың саны көбеюде.

Кесте 1

Туристік фирмалардың саны

Жылдар Қазақстанның аймақтары    
Қазақстан Республимкасы    
Ақмола    
Ақтөбе    
Алматы    
Атырау    
Шығыс Қазақстан    
Жамбыл    
Батыс Қазақстан    
Қарағанды    
Қостанай    
Қызылорда    
Маңғыстау    
Павлодар    
Солтүстік Қазақстан    
Оңтүстік Қазақстан    
Астана қаласы    
Алматы қаласы    

Кестеден көріп, отырғанымыздай, туристік фирмаларының саны жағынан үлкен үлесті Алматы қаласы және Алматы облысы одан кейінгі орында Қарағанды облысы, Астана қаласы және Шығыс Қазақстан облысы тұр. Ал ең азы бұл Қызылорда, Қостанай, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары болып тұр. Егер 1999 жылы бүкіл Қазақстан Республикасында 425-ақ туристік фирма болған болса, 2003 жылы бір ғана алматы қаласының өзінде 494, ал 2004 жылы 500 фирма болғанын көруге болады. Сәйкесінше туристерге қызмет көрсетуі жағынан да Алматы қаласы озық тұр.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных