Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстан Республикасындағы туризм дамуының негізгі тенденциялары.




Жоғарыда қарастырғандай, туризм Қазақстан Республикасында жылдан-жылға дамып, қызмет аясын кеңейтіп келеді. Соның арқасында әлемнің көптеген елдері қатысатын Қазақстанның өзіндік туристік нарығы қалыптасуда. Оның ары қарай дамуына әсер етуші негізгі факторлар экономикалық және әлеументтік болып табылады, бұл ең алдымен негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру шектерінен азаматтардың (әлеуетті туристер) жеке табысының асуы.

Субъективті себептерге елден шығу мен оған кірудің, оның территориясында шетелдік азаматтардың ьолуы тәртіптерін реттейтін мемлекеттік органдардың қызметтері жатады. Солардың қызметін нақты арнаға бұру мақсатында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев туристік индустрия қызметінің мемлекет қазынасына айтарлықтай кіріс әкелуге қабілетті, болашағы зор экономика саласы ретінде көріне алатындығы жайлы өзінің стратегиялық бағдарламасында атап өткен болатын. Сонымен қатар, дәстүрге еніп, қалыптасып, келе жатқан Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында еліміздің әлеументтік-экономикалық әлеуетін дамыту мақсатында атқарылатын істер мен алда тұрған міндеттер анықталып отырады. Әрине, халықтың әл-ауқатының артуы мен рухани және гармониялық жағынан дамуы, өмір сүру жағдайларының сапалы түрде жақсаруы мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін, халық тұтынатын игіліктердің маңызды бөлігін құрайтын демалыс және ойын-сауықтық бағдарламалармен қамтамасыз ету мен байланысты қызметтердің маңызы сөзсіз.

Бүгінде көптеген адамдардың күнделікті тұрмысынан орын алған «ХХІ ғасыр көрнісі» атанып кеткен туристік қызмет индустриясы өзінің мемлекеттік қазынаға қосқан экономикалық салымы бойынша химиялық өнеркәсіптен алға озып, автокөлік саласымен теңесті. Ол әлемдік жалпы өнімнің 12% үлесін ала отырып, өзіне жұмыскерлердің алып армиясы мен ірі қаржыларды жұмылдыруда.

Еліміздің туристік-рекреационды әлеуетіне негізделген шаруашылық, өндірістік және әлеументтік қызметтердің сан қырлы, күрделі жүйесін білдіретін туристік қызмет индустриясы адамдардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға және демалу мен көңіл көтеруге деген сұранымын жан-жақты қанағаттандырып, еңбек ресурстарына жұмылдыруға қабілеттілігімен халықтың тұрмыс деңгейін көтереді. Мысалы: негізінен туристерді қабылдауға маманданған елдерде туризмнің дамуына аса көңіл бөлу шет елдік валютаның ағымын көбейтуге және жаңа жұмыс орындарын құруға ұмтылумен түсіндіріледі.

Туризм арқылы көптеген елдер өздерінің төлем тепе-теңдігі мәселелерін шешуге тырысады. Туризмнен түсетін табыстарға шетелдік туристердің болған елдерінде өздеріне көрсетілген қызметтер мен тауарларға төлеген ақылары жатады, оған тек сол елде қосымша жұмыс істегеніне алған ақысы және халықаралық көлік ақылары жатпайды.

Туризмдергі шығындарға бір елдің тұрғындарының шетелде көрсетілген қызметтер мен тауарларға, өнімдерге төлеген ақылары жатады.

Әдетте, шетелдік турист бір елге келіп, одан қайта кетуіне шығаратын шығындарынан басқа, тамақтануға өз шығындарының 40%-ын, тұрғын жайына — 30%, ел ішіндегі сапарларға — 8%, басқа шығындарға 22% жұмсайды деп саналады.

Шетелдік туристердің келген елінде шығарған шығындары нәтижесінде, біріншіден, туристік фирмалардың табысы артады, бұл – тура эффект, екіншіден, жабдықтаушылардың тауарлары мен қызметтеріне экономиканың туристік секторы жағынан сұранысы өседі, ол кезегінде өз жабдықтаушыларының тауарлары мен қызметтеріне сұранысын көтереді, осылайша барлық секторларда табыс артуына әкеледі, бұл – жанама эффект, үшіншіден, туристік бизнеспен тура немесе жанама байланысты тұрғындардың жеке табысы өседі, ол тұтынушылық сұраныстың өсуіне себепші болады, бұл – мәжбүрлік эффекті. Жанама және мәжбүрлік эффекттері бірге алғанда екінші қатардағы эффект деп аталады.

Туризмнің маңыздылығында бірінші орын ұлттық шаруашылықта валютаның елге келуіне берілгенімен, табыс алу мен қатар валютаның елден едәуір кетуі де мүмкін.

Қонақ үй шаруашылығын басқару, қаржыландыру және әсемдеу өз кезегінде, оған салынған инвестицияларға, қызметкерлерді қонақ үй шаруашылығын басқарудың қазіргі заманғы талаптарына сай даярлауға және оқытуға тәуелді. Егер бұл секторға 2000 жылы 2,5 млрд. теңге салынса, 2003 жылы 5 млрд. 309 млн. 271 мың теңге, ал 2004 жылы 6 млрд. 426 млн. 880 мың теңге бөлінген (2-кесте). Сәйкесінше, жоспар туристік лагерьлері мен тау туристік базарларына 2003 жылы 3 млн. 986 мың теңге, 2004 жылы 5 млн. 107 мың теңге, кемпингтерге 2003 жылы 7 млн. 486 мың теңге, 2004 жылы – 4 млн. 677 мың теңге бөлінген.

 

Туризм саласына жұмсалған инвестициялар

Жылдар Секторлар    
мың теңге мың теңге
Барлығы    
Туристік фирмалар қызметі    
Қонақ үйлер мен мейрамханалар көрсететін қызметтер    
Жастар туристік лагерьлері мен тау туристік базалары    
Кемпингтер    
Мейрамханалар    
Түнемелік өзге орындар    
Барлар    
Асханалар    
Дайын тамақ жеткізу қызметі    
Санаторийлі-курорттық мекемелер қызметі    
Демалыс пен ойын-сауықты, мәдениет пен спортты ұйымдастыру бойынша қызмет    

Туристік фирмалар, қонақ үйлердің және қысқа мерзімге тұруға арналған өзге орындардың өндірістік-қаржы қызметін қарастырайық (11-кесте).

Жұмыс күші нарығы үшін де туризмнің маңызы зор. Америкалық мамандардың мәліметтері бойынша туризм индустриясы (ішкі туризмді қоса) көптеген елдердегі жұмыс орындарымен қамту жағынан ең ірі болып табылады, бүкіл әлемде туризм индустриясы 100 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Туризм дамуының және жалпы экономикалық дамудың тенденциялары арасында айқын байланыс бар. туристік өсу кез-келген экономикалық өзгеріске аса сезімтал болып келеді. Егер баға өзгеріссіз болса, онда жеке тұтынудың 1 %-ына жалпы алғандағы көрсеткіштердің өсуі саяхат шығындарының жалпылама тұрып қалуына әкеледі; тұтыну 2,5 %-ға өскенде туризм дамуы 4 %-ға артады; ал тұтыну 5 %-ға өссе, туризм шығындары өсуінің көрсеткіші 10 %-ды құрайды. Егер тұтыну 1 %-дан төмен болатын болса, онда туризмде құлдырау сезіледі.

Халықаралық туризм Қазақстан үшін, жалпы дамушы елдер үшін шетелдік валюта келуінің және жұмыс орындары құрылуының қайнар көздері болып табылады. Бір мезгілде ол қосымша тәуелділік тудыра отырып, елдің дәстүрлі әлеуметтік жүйесі мен табиғат ортасына өзгерістер енгізеді. Біздің елімізде қазір халықаралық туризм табыспен де, қиындықтармен де байланысты экономиканың қазіргі заманғы құралы ретінде мойындалады. Барлық дамушы елдер туризмді дамытудың мақсаттылығын түсінеді. Дамушы елдердің үкімет орындары туризм дамуын жоспарлағанда туризм базасы болып табылатын экономикалық, әлеуметтік, мәдени қажеттіліктеріне және қоршаған орта талаптарына көңіл бөледі, олар енжар туризмнің үлесі ретіндекөрінеді және өнеркәсіптік дамытуды қажет етеді.

Туризм базасы ретіндегі қоршаған ортаның маңыздылығы өсуде. Бұған қоршаған ортаға соңғы онжылдықтағы ел үкіметінің ғана емес, сонымен қатар «мәнді туризм» жасау мақсатында туристік операторлар мен туристік өнімді өндірушілердің де айрықша көңіл аударуы дәлел.

Саяхат динамикасы экономиканың шыңда тұрғандығына немесе құлдырауда екендігіне өте сезімтал болып келеді. Экономикалық жағынан туризмнің тенденцияларын қарастырайық.

Сауданың дамуы. Қазақстан Республикасында сауда қазір қарқынды даму үстінде. Бұрынғы КСРО кезеңінде біздің еліміз тек шикізатпен жабдықтаушы рөлінде болып келсе, қазір әлемдік экспортта да, импортта да үлесі көбейіп келеді.

Көлік инфрақұрылымы. Туризм дамуының күтілген масштабтары туристер талап ететін құрылымдар мен ойын-сауықтарға ықпал етеді. Осы жолдағы ең үлкен қиындықтар көлік инфрақұрылымы сферасында туындайды (әуежайлар, автожолдар және теміржол желілері). Дәл осы инфрақұрылым Қазақстанға үлкен пайда әкелуі керек, өйткені ол барлық негізгі транзиттік бағыттардың қиылысында және бір ерекшелігі Азияны Батыс Еуропамен жалғастыратын және ең табысты саналатын жолдарда орналасқан. Бүгінгі таңда Қазақстанның тікелей әуе жолдары Германияға, Үндістанға, Біріккен Араб Әміршіліктеріне, Түркияға, Италияға, Қытайға, Тайландқа және тағы басқа елдерге сапар шегуге мүмкіндік береді. Авиатасымалдау тек отандық тасымалдаушылармен ғана емес, сонымен қатар шетелдік тасымалдаушылармен де жүзеге асырылады. Сонымен бірге, Қазақстан территориясынан бес теміржол, төрт автокөлік, жеті әуе дәліздері өтеді. Елді шығыстан батысқа қарай талшықты-оптикалық байланыс желісі кесіп өтеді, ол бастауын Тынық мұхит жағалауларынан алады және Еуропаның түкпіріне кетеді. 2002 жылы Шымкент – Қызылорда – Ақтөбе – Атырау – Ресей шекарасы, ұзындығы2473 кмбатыс талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы салынды. 2003 жылы ұзындығы 2350 км-лік Петропавл – Көкшетау – Астана – Павлодар – Семей — Өскемен –Талдықорған шығыс байланыс желісі салынды.

Қазақстанның теңіздік көлігі Ақтау аймағымен, сондай-ақ Атырау, Баутино аймақтарының дамуымен байланысты. Ақтау, Атырау, Баутино арқылы республика әлемдік теңіздік коммуникацияларға шыға алады. Күшті аймақтық кешендер, қазіргі заманғы теіңіз және өзен кемелері, кемелерді жалдаудың халықаралық жүйелері Қазақстанның әлемдік шаруашылық жүйесіне 6-8 жылда енуіне мүмкіндік береді.

Негізгі теміржол тасымалдаушысы – «Қазақстан теміржолы» мемлекеттік кәсіпорны – 14 бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдауда.

Автомобиль көлігі шағын және орта арақашықтықтағы аймақішілік байланыстардың негізгі құралы бола отырып, аймақаралық және халықаралық тасымалдар бағытында дамуы керек, ол үшін республикалық маңызы бар автожолдарды түбірлі жөндеу, халықаралық маңызы бар жылдамдықты автомагистральдарды жасау қажет.

Жолсапарлардың қауіпсіздігі. Туризм дамуымен бірге саяхаттың қауіпсіздігі мәселесі маңызды да күрделі бола түсуде. Саяхат пен жолсапарлар қатысушылары белгілі дәрежеде тәуекелге баратындықтан, туризм секторы туристерге қауіп төну деңгейін төмендетуге көмектесетін құрлдармен жабдықталуы керек. Бұл бағытта, ең алдымен, Үкімет орындары мен туристік ұйымдар туристік қауіпсіздіктің барлық бағыттарында бірлесе жұмыс атқарулары керек.

Нарық ресурстары. Туризмге тура немесе жанама әсер етуші және туристік өнім мен қызметтерге қажеттіліктің, ұсыныс пен сұраныстың қалыптасуына байланысты жағдайларды шартты түрде нарық ресурстары деп атауға болады. Бұл бағыттың құраушылары болып қажеттілік, сұраныс және ұсыныс үрдістері; нарық сегменттері; туристік өнім мақсаттарының дамуы; жеке туристік сектор және адам ресурстары табылады.

Қажеттіліктер, сұраныс және ұсыныс. Қазір біздің елімізде де, жалпы әлемде де өзінің жеке қалауы бойынша саяхаттауға, яғни дискрециялық туризмге қажеттілік өсуде, ол жаңа, тартымдырақ және көптүрлі туристік өнімдер мен қызметтерге қажеттілікті тудырады. Туристік өнімдер мен қызметтердің дәстүрлі кең масштабты түрлері (мысалы, жағажайдағы демалыс, қалалық турлар) туристік нарықтағы негізгі таңдау болып қалуда.

Нарық сегменті. Халықаралық байланыстардың өсуі саяхат және туризм нарығы сегменттерінің өсуіне әкеледі. Бұл жекелей алғанда халықтың демографиялық сипатындағы, өмір сүру бейнесіндегі және топтық қызығушылықтары факторларымен байланысты.

Аймақішілік туристік сегменттің өсуі Азияда, Еуропада және Таяу Шығыс пен басқа да аймақтарда да байқалуда. Соның ішінде Қазақстанға шетелдіктердің қызығушылығы артып келеді. Сондай-ақ, елімізде туризмнің келесідей жаңа түрлері де дамуда: алыс жерлерге сапарлау, каникул мен демалыстың ойластырылған нарығы (яғни, мазмұны мен қажетті ыңғайлылығы сай); тартымды туризм (яғни, қоршаған ортамен байланысты кез-келген екі немесе одан да көп элементтермен қанағаттандыратын); рақаттану құралдарын және үйден тыс демалу құралдарын қолданумен ұйымдастырылатын қысқа демалыс.

Біріккен Ұлттар Ұйымының туризм және саяхат жөніндегі конференциясында (Бүкіләлемдік туристік ұйымның ұсынуларын есепке ала отырып) елдердің туризмдегі табыстары мен шығыстары есебінің методикасы жасалды және қабылданды. Халықаралық валюталық қордың ұсынуына сәйкес «Туризм» бабының төлем балансының активіне келесі табыстар кіреді:

— келуші және ішкі туристерге сатылған тауарлар мен туристік қызмет көрсетулерден түскен табыстар;

— туристік сұраныс тауарларын және туристік өндіріске қажетті құрылғыларды экспорттаудан түскен табыстар;

— басқа қызметтерді сатудан түскен табыстар (кадрларды даярлау, ел мамандарының шетелдік серіктестіктеріне қызмет көрсетуі);

— келуші туристердің ішкі және халықаралық көліктерге келген елінде жұмсайтын шығындары;

— отандық туризм индустриясына шетелдік капиталдың инвестициялануы;

— басқа елдерге туризмді дамыту ұшін берілген несиелерден түскен табыс (капиталдың пайызы мен қайтарымы (өтелуі)).

«Туризм» бабының төлем тепе-теңдігінің пассивтеріне келесі шығындар енгізіледі:

— шығушы туристердің барған елдерінде алған туристік тауарлары мен қызметтеріне жұмсалған шығындар;

— келуші туристерге қызмет көрсетуге қажетті тауарлар импортына жұмсалатын шығындар;

— басқа қызметтерді алуға жұмсалатын шығындар (кадрларды шетелде даярлау, туризм сферасында қызмет етуші шетелдік жұмысшылар мен мамандардың еңбекақысы);

— шығушы туристердің шетелдік көлік компанияларына төлейтін шығындары;

— басқа елдердің туризмін дамытуға инвестициялар салу;

— отандық туризмді дамытуға салынған ұзақ мерзімді несиелер (капитал пайызы мен өтелуі).

Бүкіләлемдік туристік ұйым сарапшыларының болжамы бойынша, әлемдік туризм өнеркәсібі қазір саяхат пен экскурсияның көлемі үнемі артуы, аймақтар мен келу елдерінің арасындағы бәсекенің үнемі күшеюі кезеңінде тұр. Сонымен бірге, ұсынылған турдың сапасы мен қауіпсіздігіне баса назар аударушы жақсы ақпарат алған туристік қызметтерді тұтынушылардың қатары өсуде. Туристік нарықтың одан ары дамуы жаңашыл ақпараттық технологиялармен анықталуда.

Бүгінгі таңда ТМД бойынша туристерді еліктіруде бәсекестік байқалуда. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты көршілес мемлекеттерде туризмді дамытуға бар мүмкіндіктерді қолдануда және олар көрсеткіштері жағынан Қазақстанды басып озуда. Мысалы,Өзбекстан мен Қырғызстанның Қазақстан алдындағы ерекшелігі: біріншіден, біздің елде визалар құны 40 америка долларынан 100 америка долларына дейін, ал тез орындалған жағдайда баға екі еселенеді; Өзбекстан мен Қырғызстанда болса, визалар сұраныс жасалған күні дайын болады; екіншіден, бізде туристік фирмалардан алынатын салықтан көлемі жоғары; үшіншіден, кедендік процедуралар өте күрделі






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных