Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бақылау сұрақтары. 2. Су еріткіш ретінде. Сулы ерітінділердің ағза тіршілігіндегі маңызы




  1. Ерітінді, еріткіш, еріген зат түсініктеріне анықтама беріңіз. Еріитінділердің жіктелуі.

2. Су еріткіш ретінде. Сулы ерітінділердің ағза тіршілігіндегі маңызы. Диффузия дегеніміз не?

  1. Тіршілік процесіндегі диффузияның атқаратын рөлі. Мысалдар келтіріңіз.
  2. Массалық үлес. Анықтамасы, есептеу формуласы, өлшем бірлігі.

5. Молярлық концентрация дегеніміз не? Молярлық концентрацияның өлшем бірлігі.

6. Зат эквиваленті дегеніміз не? Эквиваленттік факторы. Қышқылдар, негіздер, тұздардың эквиваленттік факторы.

  1. Эквивалентінің молярлық концентрациясы. Анықтамасы, есептеу формуласы, өлшем бірлігі.
  2. Ерітінді титрі. Еріген заттың молялдық концентрациясы.Еріген заттың мольдік үлесі.

 

Әдебиет:

Негізгі:

1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б.32-37

2. В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 62-77, 240-295.

3. Л.Г. Веренцова ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Оқу құрал. - Алматы: Эверо, 2009.- б. 48-66.

Қосымша:

1. ЕсімжанА.Е. Жалпыхимияпрактикум [Мәтін]: Оқулық.- Алматы, 2004.- 296 б.

2. А.С. Қожамжарова и др. Бейораникалық химия практикумы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / КазНМУ им.Асфендиярова.- Алматы: Эверо, 2013.- 280 б.

3. Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидтыжәнефизикалықхимия [Мәтін]: Бақылаутестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.

Дополнительная

1. Б.А. Бірімжанов. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық.-Алматы: Ана тілі, 2001.- 640 б.

Ағылшын тілінде:

1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.

 

 

ОСЫМША

 

Лабораториялық жұмыс «Берілген концентрациясы бойынша ерітінді дайындау»

1-ші тәжірибе.«Концентрлі тұз қышқылы ерітіндісінен сұйылтылған ерітінді дайындау»

Жұмыстың мақсаты: шамамен концентрациясы 0,1 моль/л 250 мл ерітінді дайындау (оқытушы ерітінді көлемі мен концентрациясын топқа немесе әр студентке жеке беруі мүмкін)

Жұмыстың жүргізілуі: Концентрациясы 0,1 моль/л 250 мл ерітінді дайындау үшін тұз қышқылының массасын (г) молярлық концентрацияның формуласы арқылы есептейді:

Сұйылтылған ерітіндінің тығыздығын 1,00 г/мл деп алуға болады (кестені қараңыз)

 

Ареометрмен тұз қышқылының бастапқы ерітіндісінің тығыздығын өлшейді де кесте бойынша концентрациясын анықтайды Ареометр ерітінділердің меншікті тығыздығын өлшеуге арналған құрал. Өлшеу үшін ерітінді құйылған цилиндрге ареометрді цилиндр қабырғаларына тигізбей батыру керек. Ерітінді тығыздығын ареометрдің қандай тереңдікке батқанын көрсететін шкала бөлігінен қарайды. Суретте ареометрдің цилиндрге дұрыс батырылуы және шкала бойынша анықтау көрсетілген.
Тұз қышқылы ерітіндісінің тығыздығы мен концентрациясы

 

Тығыздық
Тығыздық
Тығыздық

 

Массалық үлестің формуласы бойынша:

ерітінді массасын есептейді.

Ерітіндінің көлемін келесі формула арқылы есептейді: .

Концентрлі ерітіндінің есептелген көлемін кішкентай цилиндрмен өлшеп алады да тығыны бар таза шыны ыдысқа құяды. Үлкен цилиндрмен судың қажетті мөлшерін өлшеп алады да шыны ыдыстағы ерітіндінің үстіне құйып араластырады. Шыны ыдысқа атауы және концентрациясы жазылған этикетка жапсырылады.

Қорытынды: қажетті есептеулер арқылы ерітіндінің концентрациясын есептеп шығарады.

 

2-ші тәжірибе.«Құрғақ тұздан ерітінді дайындау және оның концентрациясын анықтау»

Жұмыстың мақсаты: Шамамен 100 мл 0,9%-дық NaCl ерітіндісін дайындау (оқытушы ерітінді көлемі мен концентрациясын топқа немесе әр студентке жеке беруі мүмкін)

Жұмыстың жүргізілуі: Құрғақ тұзды ақырындап, төгіп алмай өлшеуін колбаға салады. Колбаның 2/3 деңгейіне дейін су құйып, тұз ерігенше араластырады. Ары қарай суды колбаның жіңішке мойнындағы белгіге 1-1,5 см жетпейтіндей деңгейге дейін құяды. Қалған суды пипеткамен алып белгіге жеткенше тамшылатып құяды.

Дайындалған ерітіндінің массалық үлесін келесі формула бойынша есептейді:

Кесте бойынша ерітінідінің тығыздығын анықтайды.

 

 

Барлық есептеулерді жүргізіп, алынған мәліметтерді кестеге жазады.

Ерітінді Концентрация
Тұздың массасы, г Судың массасы, г ρер-ді, г/мл ω, % С(х), моль/л Сэ(х), моль/л b(x), моль/кг Т, г/мл Мольдік үлес
                 

 

Қорытынды: дайындалған ерітіндінің концентрацияларын есептеп шығарады.

   

 

№3 тәжірибелік сабақ

ТАҚЫРЫБЫ: Протолиттік тепе-теңдік және процестер. Ерітінді рН-н колориметрлік әдіс арқылы тәжірибелік жолмен анықтау. Ерітінділердің буферлік сиымдылығын анықтау

МАҚСАТТАРЫ:

· ағзадағы протолиттік тепе-теңдіктер және процестерді сипаттайтын негізгі түсініктерді қалыптастыру;

· әр түрлі ерітінділердің сутектік көрсеткішін есептеуді және оны тәжірибелік жолмен колориметрлік әдіспен анықтауды үйрету;

· рН-ы әр түрлі буферлік ерітінділерді дайындау үшін есептеу білудің және ерітінділердің қышқыл мен негіз бойынша буферлік сыйымдылығын анықтай білудің дағдыларын қалыптастыру;

оқыту міндеттері:

· ерітіндідегі протолиттік тепе-теңдіктер және процестерді сипаттайтын негізгі түсініктерді қалыптастыру;

· буферлікерітіндінің рН-н колориметрлік әдіспен іс жүзінде анықтауды көрнекілікті көрсету;

· рН-ы әр түрлі буферлік ерітінділерді дайындау үшін есептеу білуді үйрету;

· ерітіндінің буферлік сыйымдылығын қышқыл мен негіз бойынша есептеуді көрнекілікті көрсету;

· есептеу үшін қажетті мәндерді табу үшін анықтамалық әдебиеттерді дұрыс қолдана білуді дағдыландыру;

тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш рН – орта қышқылдығының сипаттамасы ретінде.

2. Буферные системы.Определение, классификация, состав.

3. Буферлік ерітінділердің рН-н есептеу (Гендерсон-Гассельбах теңдеуі). Буферлік әсер ету механизмі.

4. Ерітіндінің қышқыл мен негіз бойынша буферлік сыйымдылығы.

5. Қандағы буферлік жүйелер, олардың ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз етудегі биологиялық ролі. Ацидоз. Алкалоз. Буферлік сыйымдылық.

ОҚЫТУ әдістері:

Үйлескен түрде:

- материалды мәселелік түрде баяндау;

- кіші топтарда жұмыс (лабораториялық жұмыс жасау)

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных