Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бақылау сұрақтары.




  1. Сұйытылған ерітінділердің коллигативті қасиеттері.
  2. Раульдің бірінші заңы. Рауль заңынан шығатын салдарлар.
  3. Осмос. Осмостық қысым. Вант-Гофф заңы. Тірі және өсімдік ағзаларында осмостың биологиялық ролі.Онкотикалық қысым.
  4. Электролит ерітінділерінің коллигативті қасиеттерінің ерекшеліктері. Изотонды коэффициент.
  5. Изотонды ерітінді деген не? Қан плазмасына изотонды, медицинада қолданылатын ерітінділерге мысалдар келтіріңіз.
  6. Гипер- және гипотонды ерітінділер деген түсініктерге анықтама беріңіз. Медициналық практикада гипертонды ерітінділердің қолданылуы неге негізделген? Жасушаны гипо- және гипертонды ерітінділерге батырғанда қандай құбылыстар байқалады? Тургор, гемолиз, плазмолиз, деплазмолиз деген түсініктерге анықтама беріңіз.
  7. Осмолярлық, осмоляльдік дегне түсініктерге анықтама беріңіз. Бұл шамалар қалай есептеледі?

Тесттер

1. Эквиваленттің молярлықконцентрациясы

1) формуласы бойынша анықталады

2) формуласы бойынша анықталады

 

3) формуласы бойынша анықталады

 

4) өлшем бірлігі - моль/л

5) өлшем бірлігі - моль/кг

2. Байланыстырғыш зат ретінде және іріңдеуге қарсы қолданылатын мырыш хлоридінің 5 грамын 100 грамм ерітіндіде еріткендегі мырыш хлоридінің молярлық және моляльдік концентрациясын анықтаңыздар. (ерітінді тығыздығы 1 г/мл)

1) С = 0,368 моль/л

2) С = 3,68∙10-4 моль/л

3) b = 3,87∙10-4 моль/кг

4) b = 0,387 моль/кг

5) b = 0,368 моль/кг

3. Тірі ағзада диффузия арқылы жүретін процестер

1) ағзадағы қорекьтік заттардың тасымалдануы

2) жүйке импульсінің жеткізілуі

3) биохимиялық реакциялардың жеделдетілуі және баяулатылуы

4) ағзаның ұлпалары мен мүшелеріне дәрілік заттарды жеткізу қызметі

5) метаболизм өнімдерінің тасымалдануы

4. Ерітіндінің коллигативті қасиеттері

1) еріткіш табиғатына тәуелді

2) еріген зат табиғатына тәуелді

3) температураға тәуелді

4) еріген зат бөлшектерінің санына тәуелді

5) еріген зат табиғатына тәуелсіз

5. Бейэлектролиттердің сулы ерітінділері

1) 100 0С-тан төмен температурада қайнайды

2) 100 0С-тан жоғары температурада қайнайды

3) 0 0С-тан төмен температурада қатады

4) 0 0С-тан жоғары температурада қатады

5) 100 0С-тақайнап, 0 0С-та қатады

6. Бір-біріне изотонды болатын ерітінділер

1) 0,1 моль/л Na2SO4

2) 0,1 моль/л NaCl

3) 0,1 моль/л К3РО4

4) 0,1 моль/л KCl

5) 0,1 моль/л глюкоза ерітіндісі

7. Қан плазмасына гипертонды ерітінділер

1) 10% NaCl

2) 0,9 % CaCl2

3) 0,1 % NaCl

4) 0,01 % NaCl

5) 0,9 % NaCl

8. Электролит ерітінділерінде

1) i>1

2) α > 1

3) i< 1

4) α ≤ 1

5) α = 0

9. Судың эбуллиоскопиялық константасы 0,520-ге тең. Калий хлоридінің 1 моляльдік ерітіндісі толық (100%) диссоциацияланды деп санағанда, оның қайнау температурасы тең болады

1) 100 0С

2) 99,48 0С

3) 100, 52 0С

4) 98,96 0С

5) 101,04 0С

10. Ішті жүргізетін препаратттардың (ащы тұзMgSO4∙7H2Oжәне глаубер тұзыNa2SO4∙10H2O) әсерінен ағзада

1) осмос процесі жүреді

2) ішекте гипертондық орта пайда болады

3) ішекте гипотондық орта пайда болады

4) судың көп мөлшері жасушааралық кеңістіктен ішекке өтеді

5) су ішектен жасушашаралық кеңісмтікке қарай өтеді

 

Әдебиет:

Негізгі:

1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б.4-31.

2. В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 150-229.

3. Л.Г. Веренцова ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Оқу құрал. - Алматы: Эверо, 2009.- б. 48-66.

Қосымша:

1. ЕсімжанА.Е. Жалпыхимияпрактикум [Мәтін]: Оқулық.- Алматы, 2004.- 296 б.

2. А.С. Қожамжарова и др. Бейораникалық химия практикумы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / КазНМУ им.Асфендиярова.- Алматы: Эверо, 2013.- 280 б.

3. Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидтыжәнефизикалықхимия [Мәтін]: Бақылаутестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.

Дополнительная

1. Б.А. Бірімжанов. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық.-Алматы: Ана тілі, 2001.- 640 б.

Ағылшын тілінде:

1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.

 

 

ОСӨЖ №3

 

ТАҚЫРЫП: Күшті және әлсіз электролиттердің сулы ерітінділерінің рН-н есептеу. Ағзаның буферлік жүйелері: құрылымы, әсер ету механизмі. Ацидоз. Алколоз

МАҚСАТТАРЫ:

· ағзадағы протолиттік тепе-теңдіктер және процестерді сипаттайтын негізгі түсініктерді қалыптастыру;

· Ағзаның буферлік жүйелері және олардың қышқылдық-негіздік гомеостазды бір деңгейде ұстап тұруда атқаратын рөлі жайлы түсініктер қалыптастыру;

· адам денсаулығының бір факторы ретінде - ағзадағы қышқылдық-негіздік гомеостазды бір деңгейде ұстап тұру механизмін қарастыру арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу.

оқыту міндеттері:

· қышқылдар, негіздер және буферлікерітінділердің сутектік көрсеткішін рН-н есептеу білудің дағдыларын қалыптастыру;

· буферлік жүйелержәне олардың жіктелуі туралы түсінікпен таныстыру және ағзадағыбуферлік жүйелердің мысалында буферлік әсер ету механизмінің мәнін ашу;

· нормада және патология күйінде болатын адам ағзасындағы әр түрлі сұйықтықтардың рН мәндерінің интервалдары туралы ақпарат беру;

· қышқылдық-негіздік гомеостаздың мәнін және оны ағзада бір деңгейде ұстап тұру механизмін түсіндіру, ацидоз мен алкалоз күйлерін адам ағзасындағы патологиялық ауытқулар ретінде сипаттау;

· есептерді шығару нәтижелерін талдауды ұйымдастыра білу.

ОҚЫТУ әдістері:

- дискуссия (қиындық туғызған сұрақтарды талқылау)

- есептер шығару;

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных