Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сабақтың хронометражы.




Мазмұны Әдістемелік жабдықтар Уақыты, мин
1.Кіріспе (ұйымдастыру кезеңі)    
2.Оқытушыдан кеңес алу Силлабус, Оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқау    
3.Студенттің жеке жұмыс жасауы Ситуациялық есептер (таратылатын материал)  
Үзіліс 10 минут
4.Берілген тапсырмалардың нәтижелерін оқытушымен бірге талдау    
5. Қиын тапсырманы талдау Жаттығулар, Тестік тапсырмалар  
6.Жазбаша сұрау Тестік тапсырмалар  
7.Қорытындылау    

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б. 239-248.

2. Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 230-254.

Қосымша:

1. Асанбаева, Р.Д. Биоорганикалық химиядан емдеу, педиатрия, санитария-гигиена, стоматология фак-ң 1 курс студент-ң өзіндік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал [Мәтін]: 1-бөлім / Р.Д. Асанбаева; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.- Алматы, 2004.- 136 б.

2. Алмабекова, А.А. Органикалық химиядан тесттік тапсырмалар жинағы. [Текст] / А.А. Алмабекова, Ш.Ж. Айтуғанова.- Алматы: Эверо, 2009.- 304 б.

Дополнительная

1. Под ред.проф. Н.А. Тюкавкиной. Биоорганическая химия: руководство к практическим занятиям [Текст]: Учебное пособие.- М.: ГОЭТАР-МЕДИА, 2012.-168 с.

Ағылшын тілінде:

1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.

Сұрақтар:

1) Амин қышқылдарының бифункционалды химиялық қасиеттері.

-СООНтобының реакциялары:

а) Аспарагин, глутамин қышқылдарының мысалында амидтердің түзілуі

б) триптофан мен гистидиннің декарбоксилденуі.

2) -SHтобының реакциялары:

а) цистеиннің жұмсақ тотығуы. Бұл реакцияның биологиялық маңызы.

б) цистеиннің соңынан декарбоксилдену реакциясы жүретін қатаң тотығуы.

Студенттердің назарын декарбоксилденгенде биогенді аминдердің түзілетініне; дисульфидтік байланыстың түзілетініне аудару қажет.

3) -NH2 тобының реакциялары:

дезаминдену:

а) тотықсызданбай;

б) тотықтыра;

в) гидроксилдену.

4)Метиламин, аланиннің НСI мен тұз түзуі.

 

5)-ОН тобының реакциялары:

а) тотығуы;

б) күрделі эфирлердің түзілуі.

6)a- амин қышқылдарына тән ерекше реакциялар:

а) биполярлы ионның түзілуі;

б) пептидтердің түзілуі. Номенклатура. Пептидтік топтардың электрондық және кеңістіктік құрылысы.

7)Трипептид глутатионның түзілуін жазу. Маңызы.

8) Пептидтердің қышқылдық-негіздік гидролизі.

Тесттер:

1. Қандай a- аминқышқылы тотыққанда дисульфидтік байланыс түзеді:

1) метионин (a- амино-g- метилтиомай қышқылы)

2) цистеин (a- амино-b- тиопропион қышқылы)

3) аланин (a- аминопропион қышқылы)

4) аспарагиновая (аминоянтар қышқылы)

5) валин (a- аминоизовалериан қышқылы)

2. Сериннің (α-амино-β-гидроксипропион қышқылы) құрылысы мен қасиеттеріне айтылғандардың қайсысы сай келеді:

1) декарбоксилденгенде этаноламин түзіледі

2) күрделі эфир түзеді

3) гетероциклді α-аминқышқылына жатады

4) тотыққанда 2- амино -3-оксопропан қышқылы түзіледі

5) алмастырылмайтын α-аминқышқылдарына жатады

3. Қандай α-аминқышқылдары фосфор қышқылымен күрделі эфир түзеді:

1) глицин

2) серин

3) валин

4) фенилаланин

5) тирозин

4. Серин (α-амино-β-гидроксипропион қышқылы)қандай реакцияларға қатысады:

1) декарбоксилдеу

2) пептидтің түзілуі

3) дезаминдеу

4) лактамның түзілуі

5) жай эфирлеодің түзілуі

5. Тотыға дезаминдену кезінде аланиннен (2-аминопропан қышқылы) түзіледі:

1) HOOC–C(O)–CH2 – OH

2) CH3 –CH2 – COOH

3) CH3 – C(O)– COOH

4) HOOC– CH2–CООH

5) HOOC–CH2–CН=О

6. Трипептидте қанша пептидтік байланыс бар:

1) 1

2) 2

3) 3

4) 4

5) 5

7. Глициннің (аминосірке қышқылы) формуласын таңдаңыз:

1) СН3 – СН(NН2) – СООН.

2) NН2 – СН2 – СН2 – ОН.

3) NН2 – СН2 – СН2 – СООН.

4) СН3 – СНОН – СН2 – NН2.

5) NН2 – СН2 – СООН.

8. Мына аталғандардың ішіндегі қандай қосылыстар дипептид түзеді:

1) CH3 – CH(NH2) – COOH

2) CH3 – CH2 –CH2 – NO2

3) HO – CH2 – CH2 – CONH2

4) HO – CH2 – CH2 – CH2 – NO2

5) H2N – CH2 – COOH

9. Мына трипептидтің атын дұрыс таңдаңыз:

O O

║ ║ O

H2N–CH2–C–NH–CH–C–NH–CH–C

│ │ OH

CH–CH3 CH2SH

CH3

1) цистеинилвалилглицин

2) цистеинвалинглицин

3) глицилвалилцистеин

4) валилглицилцистеин

5) глицилвалилцистеинил

10. Мына трипептидті атаңыз:

1) гли-сер-вал

2) ала-сер-лей

3) вал-сер-иле

4) ала-сер-вал

5) ала-гли-вал

 

ОСӨЖ №8

 

ТАҚЫРЫП: Олиго- және полисахаридтер. Тотықсыздандыратын және тотықсыздандырмайтын дисахаридтер. Гомо- және гетерополисахаридтер. Құрлысы. Биологиялық ролі.

Мақсаты:

Олиго- және полисахаридтердің қасиеттері, құрлысы туралы білімді қалыптастыру.

ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Көмірсулардың жіктелуі және құрлысы.

2. Моносахаридтердің стереоизомериясын, жіктелуін, қасиеттерін, құрлысын талдау.

3. Дисахаридтердің жіктелуін және қасиеттерін, құрлысын талдау.

ОРЫНДАЛУ ТҮРІ:

- тақырыптың сұрақтарын оқу;

- типтік тапсырмаларды орындау;

- оқытушымен консультация;

- оқытушымен тапсырманың орындалуын талқылау.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1. Берілетін сұрақтарға жауап ретінде конспект дайындау.

2. Оқытушы берген, тапсырманы орындау.

ТАРАТЫЛАТЫН материал:

Тапсырма:

1. Лактоза, мальтоза және сахарозаның түзілу реакциясын жазыңыз. Бастапқы моносахаридтерді және реакция нәтижесінде түзілген, гликозидтік байланыстарды атаңыз.

2. Лактоза, мальтоза, сахароза дисахаридтердің қай түріне жатады және оны қандай сапалық реакция арұылы дәлелдеуге болады?

3. Лактозаның a-метилгликозидінің түзілу реакциясын жазыңыз.

4. Лактозаның сірке қышқылының артық мөлшерімен әрекетесу реакциясын жазыңыз.

5. 1) Фелинг реакциясы; 2) гликозидтер түзу; 3) жәй және күрделі эфирлер түзу реакцияларындағы сахароза, мальтоза, лактозаның ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

6. a,Д-глюкопиранозаның екі молекуласынан алуға болатын барлық дисахаридтерді атаңыз.

7. Гетерополисахаридтердің гомополисахаридтерден айырмашығы қандай?

8. Хондроитин-6-сульфатының дисахарид фрагментінің түзілу схемасын жазыңыз.

9. Гиалурон қышқылының дисахарид фрагментінің түзілу схемасын жазыңыз.

10. Гепариннің дисахарид фрагменті түзілу схемасын жазыңыз. Ағзада гепарин қандай роль атқарады?

ОҚЫТУ әдістері:

Әдіс- үйлескен түрде:

1) үйлесімді сұрау (оқытушының жетекшілік етуімен студенттер арасында ситуациялық есептер шығару, консультация өткізу).

2) Үй тапсырмасын шығару.

Оқыту құралдары: оқу кестелер, тақырып бойынша сызба нұсқалар, тақырып бойынша дәрістер, тесттік тапсырмалар, билеттер.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б. 254-259.

2. Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 217-229.

Қосымша:

1. Асанбаева, Р.Д. Биоорганикалық химиядан емдеу, педиатрия, санитария-гигиена, стоматология фак-ң 1 курс студент-ң өзіндік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал [Мәтін]: 1-бөлім / Р.Д. Асанбаева; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.- Алматы, 2004.- 136 б.

2. Алмабекова, А.А. Органикалық химиядан тесттік тапсырмалар жинағы. [Текст] / А.А. Алмабекова, Ш.Ж. Айтуғанова.- Алматы: Эверо, 2009.- 304 б.

Дополнительная

1. Под ред.проф. Н.А. Тюкавкиной. Биоорганическая химия: руководство к практическим занятиям [Текст]: Учебное пособие.- М.: ГОЭТАР-МЕДИА, 2012.-168 с.

Ағылшын тілінде:

1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.

 

БАҚЫЛАУ:

Сұрақтар:

1. Күрделі көмірсулар- олигосахаридтер. Жіктелуі.

2. Дисахаридтер: тотықсыздандыратын (мальтоза, лактоза), олардың құрлысы, байланыс түрі, бос гидроксил тобына байланысты реакциялар.

3. Тотықсыздандырмайтын дисахарид (сахароза), құрлысы, қасиеттері, байланыс түрлері. Сахароза неге Троммер, күміс айна реакцияларына түспейді?

4. Полисахаридтер. Химиялық табиғаты. Гомополисахаридтер және гетерополисахаридтер, өкілдері.

5. Крахмал. Құрамы, крахмалдың біріншілік құрылымы. Крахмалдың маңызы және қолданылуы.

6. Амилозаның құрлысы. Амилозаның кеңістіктік құрылымы. Амилозаның дисахаридтік фрагменті.

7. Амилопектиннің құрлысы. Тармақталған жеріндегі байланыс түрі және негізгі байланыс түрі.

8. Крахмалдың физико-химиялық қасиеттері. Крахмалды декстринденуі. Сапалық реакция.

9. Гликоген. Құрамы. Гликогеннің біріншілік құрлымы.

10. Гликогеннің құрлысы. Тармақталған жеріндегі байланыс түрі және негізгі байланыс түрі. Гликогеннің қасиеттері.Сапалық реакция.

11. Клетчатка (целлюлоза).Клетчатканың біріншілік құрылымы. Құрлысы. Целлюлозаның биозды фрагменті.

12. Қосалқы тіннің полисахаридтері. Гиалурон қышқылының дисахарид фрагментінің түзілу схемасы. Фрагменттердің араларында және ішінде қандай байланыс түрлері бар? Гиалурон қышқылы ағзада қандай функцияны орындайды?

13. Хондроитин-4-сульфаты, хонроитин-6-сульфатының дисахарид фрагменттерінің түзілу схемасы. Фрагменттердің араларында және ішінде қандай байланыс түрлері бар? Хондротинсульфаттардың биологиялық ролі.

14. Гепариннің түзілу схемасы. Фрагменттердің араларында және ішінде қандай байланыс түрлері бар? Гепариннің маңызы.

 

Тесттер:

1. Моносахаридтерге жатады:

1) рибоза

2) сахароза

3) фруктоза

4) галактоза

5) крахмал

2. Дисахаридтерге жатады:

1) сахароза

2) целлобиоза

3) мальтоза

4) дезоксирибоза

5) амилоза

3. Мальтозаның гидролизі нәтижесінде түзіледі:

1) глюкоза және галактоза

2) глюкоза және манноза

3) галактоза және фруктоза

4) глюкозаның 2 молекуласы

5) глюкоза және фруктоза

4. Лактозаның гидролизі нәтижесінде түзіледі:

1) глюкоза және галактоза

2) глюкоза және манноза

3) глюкозаның 2 молекуласы

4) галактоза және фруктоза

5) глюкоза және фруктоза

5. Сахарозаның гидролизі нәтижесінде түзіледі:

1) глюкоза, галактоза

2) глюкозаның 2 молекуласы

3) глюкоза және фруктоза

4) галактоза, манноза

5) глюкоза, манноза

6. Берілген қосылыстардың ішінен дисахаридті таңдаңыз:

1) целлобиоза

2) амилопектин

3) гликоген

4) амилоза

5) гиалурон қышқылы

7. D-глюкозаның әлсіз тотығуы нәтижесінде түзіледі:

1) глюкон қышқылы

2) глутар қышқылы

3) глюкурон қышқылы

4) глюкар қышқылы

5) гиалурон қышқылы

12. D-глюкозаның күшті тотығуы нәтижесінде түзіледі:

1) глюкар қышқылы

2) глюкон қышқылы

3) глюкурон қышқылы

4) гиалурон қышқылы

5) гликозид

9. Лактозадағы моносахаридтер арасындағы байланысты көрсетіңіз:

1) α-1,4-гликозидтік

2) β-1,4-гликозидтік

3) β-1,3-гликозидтік

4) α-1,6-гликозидтік

5) α-1,2-гликозидтік

10. Сахарозадағы моносахаридтер арасындағы байланысты көрсетіңіз:

1) α-1,4-гликозидтік

2) β-1,4-гликозидтік

3) β-1,3-гликозидтік

4) α-1,6-гликозидтік

5) α-1,2-гликозидтік

 

ОСӨЖ №9

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных