Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бақылау сұрақтары




  1. Комплекс түзуші атомдардың электронды қабатының құрылысының қандай ерекшеліктері болуы тиіс?
  2. Нақты мысалдар арқылы ковалентті байланыстың пайда болудың алмасу және донорно-акцепторлы механизмдерін түсіндіріңіз. ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттаңыз. Сутектік байланыс. Молекулааралық және молекулаішінаралық сутектік байланыс.
  3. Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыстың ерекшеліктері.Аммоний катион мысалға ала отырып, донорлы-акцепторлы байланыстың түзілу механизмін қарастырыңыз.
  4. Вернердің координациялық теориясының негізгі ережелерін айтып шығыңыз.
  5. Комплексті қосылыс деген не? Қандай элементтердің атомдары мен иондары комплекс түзушінің ролін атқарады? Неліктен? Комплекс түзушінің координациялық саны.
  6. Лигандалар деген не? Лигандалар ролін атқаратын иондар мен молекулалардың электронды құрылысының ерекшеліктері қандай? Лиганданың дентанттылығы дегеніміз не? Комплексті қосылыстың ішкі сферасы неден тұрады?Ішкі сфераның зарядын қалай есептейді?
  7. Комплексті иондар қалай жіктеледі?Комплексті қосылыстарда изомерияның қандай түрі кездеседі? Нақты мысалдар арқылы көрсетіңіз.
  8. Комплексті қосылыстар номенклатурасының негізгі принциптері.
  9. Комплексті бөлшектің диссоциациясы. Тұрақтылық және тұрақсыздық константалары. Комплексті қосылыстардың құрамына және тұрақтылығына қандай факторлар әсер етеді?
  10. Хелаттар деген не? Хелаттардың медицинада қолданылуы. Ауыр металдардың улылығы немен түсіндіріледі? Ауыр металдар тұздарымен уланғанда антидот ретінде қандай қосылыстар пайдаланылады?
  11. Металлоферменттер және басқа биокомплекстердің (гемоглобин, хлорофилл және т.б.) құрылысының ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Тесттер

Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Батырбаева А.Ә., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия: оқу құралы - Алматы: «Эверо», 2009.- 98-103 б.

№2 СӨЖ

ТаҚЫРЫБЫ: s-, p-, d- элементердің және олардың қосылыстарының медициналық-биологиялық маңызы

МАҚСАТЫ:

1. Биогенді эементтер және олардың жіктелуі туралы түсінікті қалыптастыру.

2. Биогенді элементтердің иондары мен электрондық құрлыстарын жаза білу.

3. Биогенді s-, p-, d-элементтердің биологиялық білімдері туралы білімді қалыптастыру.

4. Биогенді s-, p-, d- элементері, олардың қасиеттері, биологиялық ролі және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы.

5. Студенттердің биогенді элементтердің ролін қарастыру арқылы химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу және олардың қосылыстарының медициналық практикада қолданылу.

6. Ақпаратпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

ОҚЫТУ ТҮРІ:

1) қазіргі атом құрлысының теориясымен таныстыру және биогенді элементтердің атомдарының құрлысынан және БСЭ- нің жағдайына тәуелді екенін негізделу;

2) биогенді элементтердің мүшелері бойынша топографияларымен, тканімен және ағзадағы биосұйықтығымен таныстыру;

3) химиялық элементтердің иондарының және атомдарының электрондық формулаларын құрастыру дағдыларын қалыптастыру;

4) биогенді s-, p-, d-элементтердің биологиялық ролімен таныстыру және s-, p-, d-элементтердің медицинада қолданылуы мысалымен безендіру;

5) эндемиялық аурулардың шығу себептерімен таныстыру;

6) СӨЖ ді орындау үшін нәтижелерін қорғауды ұйымдастыру.

ОРЫНДАУ ҮЛГІСІ:

· Оқу материалын өз бетімен оқу;

· Оқытушының нұсқауы бойынша, реферат жазу (презентация құрастыру).

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Атомның квантты-механикалық моделі. Квант сандары. Атомның электрон бұлттарын толтыру.

2. Биогенді элементтер.Биогенді элементтердің жіктелуі.

3. Биогенді элементтер атомдары құрылысының ерекшеліктері.

4. Биогенді s-, p-, d- элементері, олардың қасиеттері, биологиялық ролі және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы.

5. Адам денсаулығына экологиялық факторлардың әсері.

СТУДЕНТТЕР ҮШІН ТАПСЫРМА:

1. Әртүрлі ақпарат көздерін қолдана отырып қарастырылатын тақырыптың материалын жоғарда көрсетілген сұрақтар бойынша (төменде келтірілген әдебиетті қолдануға болады).

2. Оқытушының нұсқауы бойынша тапсырманы орындауға және реферат жазуға болады (презентация құрастыру). Тапсырманы таңдау студенттің дайындалу деңгейіне байланысты.

ТАПСЫРМА:

Электрондық формула жазу (оқытушының нұсқауы бойынша):

а) биогенді элементтер атомдарының: натрий, калий, магний, кальций, селен, хлор, фтор иод, темір, кобальт, мырыш, мыс, молибден, марганец, никель.

б) биогенді элементтер иондарының: Na+, K+, Mg2+, Ca2+, Se2+, Cl-, J-, F-,Fe2+, Co2+, Zn2+, Cu2+, Mo2+, Mn2+, Ni2+.

Оқытушының нұсқауы бойынша биогенді элементтердің қысқаша сипаттамасын келесі жоспар бойынша құрастыру:

  • элементтің топографиясы
  • элементтің биологиялық ролі
  • элементтердің артық мөлшерінен немесе жетіспеуінен ағза тіршілігінің бұзылу

· оның қосылыстарының медицинада қолданылуы.

Реферат тақырыптарының мысалға алынған нұсқалары:

· Органогенді элементтердің биологиялық ролі және өсідік пен жануар әлеміндегі олардың қосылыстары.

· «Өмір металдары» және олардың қосылыстарының тірі ағзадағы ролі.

· Эндемиялық аурулар: себептері, пайда болуы және профилактика әдістері.

· Құнсыз тамақтанудан туындайтын ауру себептері.

· Адам және биосфера. Адам денсаулығына техникалық прогресстің әсері.

· Биогенді s- элементерінің биологиялық ролі және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы.

· Биогенді р- элементерінің биологиялық ролі және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы.

· Биогенді d - элементерінің биологиялық ролі және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы.

 

ОРЫНДАУ КритериЙЛЕРІ:

Тапсырманы орындауға қойылатын шарттар:

· Әр бір студент үшін тапсырма санының орындалуын оқытушы анықтайды;

· Тапсырма СӨЖ дәптерінде орындалады;

· Орындалған тапсырма алынған ақпарат бойынша жазылуы тиіс

 

Рефератты орындау және безендіру үшін қойылатын талаптар:

● реферат 4-5 бет болуы керек (қосымшалар беттің санына кірмейді);

● рефератты орындағанда әдебиеттер саны 8-10 болуы керек,

● реферат мәдениетті тілді сақтай отырып, қатесіз орындалуы тиіс;

● мәтінін жазғанда пайдаланған әдебиеттерге ңұсқауды келтіріп отыру керек,

● әдебиеттердің жазылу реті дұрыс сақталуы тиіс.

Рефераттың құрылымы:

мұқаба бет,

мазмұны (рефераттың тарауларын білу үшін, басталатын парағынан бастап бет нөмерлері көрсетілуі тиіс),

кіріспе (рефераттың мақсаты мен міндеті, қойылған сұрқтардың өзектілігі көрсетілуі тиіс),

негізгі бөлім (рефераттың осы бөлімінің әрбір тарауы бойынша қойылған сұрақтар дәлелденген алдыңғы тараудың логикалық жалғасы болып табылады, нұсқалар, сызбанұсқалар, графиктер, суреттер және т.б. келтірілген болуы керек),

● қорытынды (реферат тақырыбы бойынша дұрыс тұжырым жазылады, ұсыныстар беріледі),

әдебиеттертізімі.

БАҒАЛАУ КритериЙЛЕРІ:

СӨЖ орындағаны үшін максимальды балл жинаудың критерийлері:

· СӨЖ бойынша тапсырмаларды кестеге сәйкес тапсыру;

· тапсырманы орындау – дұрыс орындау және сәйкесінше өңдеу, оқытушының сұрағына жауап бере білу, ұқсас тапсырманы орындай білу қабілеті;

· тест-бақылауды (карт-бақылау) орындау жолымен СӨЖ-н қорғау, СӨЖ-ң зерттелінген тақырыбы бойынша оқытушының сұрағына жауап бере білуқабілеті.

Тапсырманы орындағаны үшін максимальды балл жинаудың критерийлері:

  • барлық тапсырмалар дұрыс орындалынса;
  • жазба толық, дұрыс, қажетті логикалық кезектілікте баяндалынса;
  • студент тақырыптың негізгі түсініктерін біледі, биогенді элементтердің биологиялық ролін және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуын сипаттауға қабілетті;
  • студент басқа тақырыптарды, сондай-ақ, басқа пәндерді оқып-үйренуде алған білімін пайдалана біледі;
  • студент оқытушының сұрағына жылдам және дұрыс жауап бере алады.

Рефератты жазуда максимальды балл жинаудың критерийлері:

· СӨЖ бойынша тапсырмаланы кестеге сәйкес тапсыру;

· рефератты жазу, бектілген талаптарға сәйкес өңдеу, оны қорғау;

· тест-бақылауды (карт-бақылау) орындау жолымен СӨЖ-н қорғау, СӨЖ-ң зерттелінген тақырыбы бойынша оқытушының сұрағына жауап бере білуқабілеті.

Рефератты орындағаны үшін максимальды балл жинаудың критерийлері:

· рефераттың мазмұны тақырыпқа және қойылған міндеттерге сәйкес болуы тиіс;

  • тақырыптың толық ашылуы және жаңашыл мәлімет көздерінің саны жеткілікті болуы керек;

· материал жеткілікті түрде жалпыланған, нақты және айқын түрде қорытындылар жасалынған болуы тиіс;

  • графиктер, иллюстрациялар ақпаратты түрде берілуі және жақсы сапада болуы тиіс;
  • рефераттың өңделінуі қойылатын талаптарға толығынан сай болуы керек (төменде берілген);
  • студент тақырыптың материалын терең меңгере алады; қойылған сұрақтарғажүйелі, негізді түрде жауап бере алады.

ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ: Төртінші сабақ

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б.119-125.

2. В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 296-326.

3. Л.Г. Веренцова ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Оқу құрал. - Алматы: Эверо, 2009.- б. 103-128.

Қосымша:

1. ЕсімжанА.Е. Жалпыхимияпрактикум [Мәтін]: Оқулық.- Алматы, 2004.- 296 б.

2. А.С. Қожамжарова и др. Бейораникалық химия практикумы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / КазНМУ им.Асфендиярова.- Алматы: Эверо, 2013.- 280 б.

3. Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидтыжәнефизикалықхимия [Мәтін]: Бақылаутестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.

Дополнительная

1. Б.А. Бірімжанов. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық.-Алматы: Ана тілі, 2001.- 640 б.

Ағылшын тілінде:

1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.

 

СӨЖ №3

ТАҚЫРЫБЫ: Органикалық қосылыстардың номенклатурасы, изомериясы және жіктелуі.

МАҚСАТЫ:

1. студенттердің көмірсутектер жайлы оқып үйренгендерін бір жүйеге келтіру,

2. студенттердің көмірсутектер жайлы оқып үйренгендерін бір жүйеге келтіру,

3. ИЮПАК номенклатурасы бойынша органикалық қосылыстардың атауларын және химиялық реакция теңдеулерін жазуға үйретіп дағдыландыру,

4. биология, экология, биохимия, биология, химия курстарының пәнаралық байланыстарын негізге ала отырып студенттердің танымдық белсенділігін арттыру.

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

1) Құрылымдық формуласы бойынша функционалдық топтарының бар екенін және органикалық қосылыстың қай класынаа жататындығын анықтуға уйрету.

2) органикалық қосылыстың атауын ИЮПАК номенклатурасы бойынша, немесе атауы бойынша құрылымдық формуласын жазуға үйрету.

3) Көміртегі қаңқасының құрылымына орай органикалық қосылыстың класын анықтауға үйрену.

4) Жаңа тақырыптарды меңгеріп, олардық ішінен ең маңыздысын бөліп алу қабілеттілігін дамыту;

5) Ақпаратттарды қабылдау, талдау және алдына мақсат қоя білуге, оған жету жолдарын таңдай білу қабілеттерін дамыту.

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

1.

1) Органикалық қосылыстардың жіктелуі: көміртегі қаңқасының құрылымына және функционалды топ табиғатына орай. Функционалды топ.

2) Құрылымдық формула, құрылымдық изомерлер. Органикалық радикалдар.

3) Органикалық қосылыстар үшін номенклатура бойынша атауды құрастырудың негізгі ережелері. Органикалық реакциялардың типтері. Реакция механизмдері. Мезомерлік және индуктивтік электронды эффектілер.

2. Тақырып бойынша конспект.

3. Тапсырманы орындау:

1. 4-метилпентен-2; циклогексан; 2,4-диметилпентан; орто-метилэтилбензол; пентадиен-1,3 формулаларын жазыңыз.

2. ИЮПАК номенклатурасы бойынша келесі қосылыстарды атаңыз:

3. Гексанның үш изомерін жазыңыз және атаңыз. Біріншілік, екіншілік, үшіншілік, төртіншілік көміртек атомдарын көрсетіңіз.

4. Құрамы С5Н10 алкеннің барлық изомерлерін жазыңыз және атаңыз. Олардың қайсысы цис- және транс- изомер түзеді?

5. Пропанның, бутанның, бензолдың радикалдарын атаңыз және жазыңыз.

6. Этил спиртінің молекулярлық формуласы С2Н6О бар. Тағы қандай қосылыс осы формулаға сәйкес келеді? Бұл құрылымдық изомерлерді жазыңыз және атаңыз.

Пропенге: а) бромды, б) бромсутекті қосу реакцияларының схемасын жазыңыз. Реакция механизмін талдаңыз.

ОРЫНДАЛУ ФОРМАСЫ:

· оқытушының нұсқауы бойынша,оқу материалын өз бетінше оқыту арқылы тапсырманы орындау;

· берілген сұрақтар бойынша тақырып бойынша конспект жазу.

ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ: Алтыншы сабақ

ОрЫндалу КритериЙлері:

КРИТЕРИЙДІ БАҒАЛАУ:

СӨЖ орындағаны үшін максимальды балл жинаудың критерийлері:

· СӨЖ бойынша тапсырмаларды кестеге сәйкес тапсыру;

· Қойылған ұсыныстарға сәйкес конспекті жазу, және оны қорғау;

· есептерді шығару;

· тест-бақылауды (карт-бақылау) орындау;

· СӨЖ-ң зерттелінген тақырып бойынша оқытушының сұрағына жауап бере білу қабілеті.

 

Бақылау:

Осы сабақта компетенцияны бағалау әдісі төмендегідей:

«Өзін өзі дамыту және даму»: бағалау компетенциясы ауызша сұрау бойынша сұрақтарға жауап беру (тесттілеу және карт.бақылау); тапсырманы орындау; тақырып бойынша конспекті тексеру; сөзжұмбақ құрастыру арқылы өткізіледі.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ:

1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б. 173-211.

2. Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 13-72.

Қосымша:

1. Асанбаева, Р.Д. Биоорганикалық химиядан емдеу, педиатрия, санитария-гигиена, стоматология фак-ң 1 курс студент-ң өзіндік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал [Мәтін]: 1-бөлім / Р.Д. Асанбаева; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.- Алматы, 2004.- 136 б.

2. Алмабекова, А.А. Органикалық химиядан тесттік тапсырмалар жинағы. [Текст] / А.А. Алмабекова, Ш.Ж. Айтуғанова.- Алматы: Эверо, 2009.- 304 б.

Дополнительная

1. Под ред.проф. Н.А. Тюкавкиной. Биоорганическая химия: руководство к практическим занятиям [Текст]: Учебное пособие.- М.: ГОЭТАР-МЕДИА, 2012.-168 с.

Ағылшын тілінде:

1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.

 

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

Сұрақтар:

1) Көмірсутектер, жіктелуі.

2) Функционалды топтар. Органикалық қосылыстардың кластары.

3) Қаныққан көмірсутектер (алкандар, циклоалкандар).

а) Алкандар. Гомологтық қатары, жалпы формуласы, радикалдар. Құрылымдық формулалары. Бірінші, екенші, үшінші және төртінші реттік көміртегі атомдары туралы түсінік. Электрондық құрлымы, химиялық табиғатының байланысы және гибрид түрлері. Изомериясы мен номенклатурасы.

б) Циклоалкандар. Құрылымы туралы түсінік.

в) Алкандар, циклоалкандардың кеңістіктік құрлымы. Циклогексанның, бутанның конформациялары.

4) Қанықпаған көмірсутектер (алкендер, алкадиендер).

а) Алкендер. Гомологтық қатары, жалпы формуласы, радикалдар. Құрылымдық формулалары. Электрондық құрлысы, химиялық байланыстың табиғаты және гибрид түрлері. Бутеннің мысалымен изомерлер түрлері. Қанықпаған көмірсутектердің кеңістіктік құрылымы.

б) Алкадиендер. Бутадиен, электрондық құрылымы,қабысу жүйесіне түсініктеме.

5) Ароматты көмірсутектер. Ароматтылық критерилері. Бензолдың гомологтық қатары,жалпы формуласы. Радикалдар. Құрылымдық формулалар. Гибридтену түрлері. Бензолдың екі орын басушылары бар туындыларының изомериясы, номенклатурасы.

Тесттер:

1. Төмендегі формулалардың қайсысы пентен-2 –ге сәйкес келеді?

1) СН2=СН-СН2-СН2-СН3

2) СН3-С=СН-СН3

СН3

3) СН3-СН2-СН=СН-СН3

СН3

4) СН3-С-СН2-СН3

 


СН3

5) СН3-СН=СН-СН2-СН2-СН3

2. Қандай атау радикалдың құрылымдық формуласына сәйкес келмейді?

1) С6Н5- фенил

2) С6Н5-СН2- бензил

 


3) СН3-СН2-СН-СН2-СН2-СН3 үшіншілік гексил

4) СН2= СН- винил

5) СН3- метил

3. Қос заттың құрылымдық изомері:

1) пропанол и пропаналь

2) пропен и пропан

3) пропен и пропин

4) пропанол и метоксиэтан

5) пропан и 2-метилпропан

4. Қосылыс халықаралық номенклатура бойынша аталады:

1) 2,5-диметилгексан

2) 3-метил-5-этилпентан

3) 3,5-диметилгексан

4) диизобутилметан

5) 2,4-диметилгексан

5. Көмірсутек қалдығы CН2=СН- аталады:

1) бензил

2) фенил

3) аллил

4) винил

5) ацил

6. Көмірсутек қалдығыCН2=СН-СН2- аталады:

1) аллил

2) винил

3) фенил

4) пропил

5) изопропил

7. Фенол молекуласындағы көміртек атомының гибридтену түрін көрсетіңіз:

1) Sp

2) Sp2

3) Sp3

4) S2p

5) S3p

8. Қосылыс рационалды номенклатура бойынша аталады:

1) метилэтилбутилметан

2) этилизобутилметан

3) пропилизобутилметан

4) изопропилбутилметан

5) метилэтилпропилметан

9. Қосылыс халықаралық номенклатура бойынша аталады:

(СН3)2СН – СН(СН3) – СН2 – СН3

1) 2,3-диметилпентан

2) 2,2-диметилпентан

3) 2,2,3-триметилбутан

4) 2,3-диметилбутан

5) 3,3-диметилпентан

10. Қосылыс рационалды номенклатура бойынша аталады:

1) изопропилпентан

2) 3 – этилпентан

3) триэтилметан

4) метилэтилпропан

5) метилэтилпропилметан

11. Көміртегі атомының біреуі sp – гибрид жағдайында болатын, қосылыс:

1) бутан

2) метилацетилен

3) ацетальдегид

4) ацетон

5) пропилен

12. Этанол, пропанол, бутанол – бұл:

1) изомерлер

2) радикалдар

3) гомологтар

4) функционалды топтар

5) сипаттама тобы

13. ИЮПАК номенклатурасы бойынша коламин СН22 – СН2ОН аталады:

1) 2-аминэтаналь

2) 2-аминэтанол

3) 2-метилпропаналь

4) 2-аминпропаналь

5) 2-аминпропан қышқылы

14. ИЮПАК номенклатурасы бойынша акролеин СН2=СН–С= О аталады:

 


1) пропаналь Н

2) пропиналь

3) пропеналь

4) пропион альдегиді

5) пропанон

15. Қосылыстың классы анықталады:

1) күрделі эфир

2) қышқыл

3) кетон

4) альдегид

5) жәй эфир

16. Радикалды көрсетіңіз:

1) дивинил

2) нафталин

3) этан

4) бензил

5) фенол

17. Изомерлерді көрсетіңіз:

1) этан, этен, этин.

2) пропанол-1, бутанол-2.

3) метанол, этанол, пропанол.

4) хлор, бром, йод, фтор.

5) пропаналь, пропанон-2.

18. н-пентандағы біріншілік көміртек атомдарының саны:

1) 1

2) 2

3) 3

4) 4

5) 5

19. ИЮПАК номенклатурасы бойынша дивинил СН2 = СН – СН = СН2 аталады:

1) бутен-2

2) бутадиен-2,3

3) бутен-1

4) бутадиен-1,3

5) бутадиен-1,4

20. Халықаралық номенклатура бойынша аталады:

1) 5,5 - диметилгептин –3

2) 3,3 - диметилгептин– 4

3) 5,5 - диметилгептен– 3

4) 5-метил-5-этилгептин-3

5) 3,3 - диметилгексин– 4.

 

 

№4 СӨЖ

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных