Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ




1. Термодинамикалық жүйе. Қоршаған ортамен байланысуына қарай, фазалар саны бойынша термодинамикалық жүйелердің классификациясы. Негізгі түсініктері мен заңдары.

2. Термодинамикалық жүйенің күйі: тепе-теңдіктегі, стационарлы, ауыспалы.

3. Термодинамикалық жүйенің параметрлері: негізгі, күй функциялары, экстенсивті және интенсивті параметрлер.

4. Термодинамикалық жүйенің күй функциялары: ішкі энергия, энтальпия, энтропия, изобара-изотермиялық потенциал.

5. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Изобаралық және изохоралық процестердің жылуы.

6. Термохимия. Химиялық реакцияның жылу эффектісі. Термохимиялық есептеулер.

7. Стандартты түзілу жылуы. Жану жылуы. Бейтараптану жылуы.

8. Лавуазье-Лаплас заңы.

9. Гесс заңы және одан шығатын салдарлары. Термохимиялық есептеулерді химиялық және биохимиялық процестердің энергетикалық шамалары үшін қолдану.Тағам өнімдерінің калориялығын санау принциптері.

10. Химиялық реакция жылдамдығы. Орташа және шынайы реакция

жылдамдықтары.

11. Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар: әрекеттесуші заттар табиғаты, реагенттер концентрациясы (әсер етуші массалар заңы), температура (Вант-Гофф ережесі, Аррениус теңдеуі), катализатор қатысы.

12. Реакция реті. Нөлінші, бірінші, екінші және үшінші ретті реакциялардың кинетикалық теңдеулері.

13. Реакция молекулалығы.

14. Катализ. Каталитикалық процестердің негізгі заңдылықтары.

15. Ферментативті катализ. Ферментативті катализдің ерекшеліктері.

16. Михаэлис – Ментен теңдеуі көмегімен ферментативті реакция жылдамдығын сипаттаңыз.

17. Реакциялардың кинетикалық классификациясы. Реакциялар: қарапайым, күрделі, қайтымды, параллельді, кезектес, қосарланған, тізбекті.

18. Ле-Шателье принципі. Химиялық тепе-теңдіктің әрекеттесуші заттар концентрациясы, реагенттер концентрациясы, температура, қысымның өзгерісі кезінде жылжуы.

19. Ерітінділер. Ерітінділердің классификациясы.

20. Газдардың сұйықтарда еруі. Генри, Дальтон және Сеченов заңдары.

21. Ерітінділердің құрамын өрнектеу тәсілдері.

22. Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері. Рауль заңы және одан шығатын салдар.

23. Осмос. Вант- Гофф заңы. Осмостық және онкотикалық қысым.

24. Осмостың медицина мен биологиядағы ролі. Гипо-, гипер- және изотонды ерітінділер. Гемолиз. Плазмолиз.

25. Электролит ерітінділерінің коллигативтік қасиеттері.

26. Электролиттік диссоциациялану теориясы. Оствальдтің сұйылту заңы.

27. Күшті электролиттер теориясы.

28. Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш рН.

29. Ағзадағы буферлік жүйелер. Буферлік әсер ету механизмі.

30. Буферлік ерітінділердің рН-ын есептеу. Гендерсон-Гассельбах теңдеуі.

31. Буферлік сыйымдылық.. Буферлік сыйымдылыққа әсер ететін факторлар.

32. Биогенді элементтердің жіктелуі.

33. Биогенді элементтер атомдары құрылысының ерекшеліктері.

34. Биогенді s-, p-, d- элементері, олардың қасиеттері, биологиялық ролі және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы.

35. Химиялық байланыс типтері және валеттілік байланыс әдісі тұрғысынан оларға сипаттама беру.

36. Вернердің координациялық теория тұрғысынан комплексті қосылыстардың құрылысы: комплекс түзуші, оның кординациялық саны, дентанттылығы, ішкі сфера және сыртқы сфера.

37. Комплексті қосылыстардың классификациясы. Комплексті косылыстардың изомериясы.

38. Комплексті қосылыстардың номенклатурасының негізгі принциптері.

39. Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы. Біріншілік және екіншілік диссоциациялануы. Тұрақтылық және тұрақсыздық константалары.

40. Хелаттар. Хелаттардың медицинада қолданылуы.

41. Металлферменттер мен биокомплекстердің құрылысы. Олардың биологиялық ролі.

42. Комплексті қосылыстардың санитарлы-гигиеналық анализде қолданылуы.

43. Электрод. Электродтық потенциал. Электродтық потенциалдың түзілу механизмі. Нернст теңдеуі.

44. Электродтар классификациясы: І және ІІ текті электродтар, анықтаушы және салыстырушы электродтар. Хлоркүміс электроды – медициналық-биологиялық зерттеулердегі салыстырушы электрод.

45. Тотығу-тотықсыздану электродтық потенциалы. Редокс-электродтар.

46. Гальваникалық элемент. Гальваникалық элементтің электрқозғаушы күші.

47. Диффузиялық және мембрандық потенциалдардың пайда болу механизмі. Олардың биологиялық ролі.

48. Ион таңдамалы электрод. Биологиялық сұйықтықтарда иондар концентрациясын анықтау үшін қолданылуы.Шыны электроды – сутек иондарының концентрациясын анықтайтын анықтаушы электрод.

49. Потенциометрлік титрлеу. Медицина-биологиялық зерттеулерде қолданылуы.

50. Беттік құбылыстар. Адсорбция. Негізгі түсініктері.

51. Қозғалмалы фаза жанасу бетіндегі адсорбция. Гиббс теңдеуі.

52. Беттік активті заттар. Беттік қабаттағы молекулалардың бағытталуы. Биологиялық мембраналар құрылысы.

53. Қозғалмайтын фаза бөлу бетіндегі адсорбция. Лэнгмюр және Фрейндлих теңдеулері.

54. Ерітіндіден адсорбцияланудың негізгі заңдылықтары. Ионалмасу адсорбциясы. Медицинада қолданылуы.

55. Хоматографиялық талдау әдісінің негіздері. Биологияда және медицинада қолданылуы.

56. Дисперсті жүйелер. Негізгі түсініктері. Дисперсті жүйелердің дисперсті дәрежесі, дисперсті фаза мен фисперсті ортаның агрегатты күйі, дисперсті фаза мен фисперсті ортаның өзара әрекеттесу күші бойынша классификациясы.

57. Коллоидты ерітінділердің алыну әдістері.

58. Дисперсті жүйелердің қасиеттері: молекулярлы кинетикалық, электркинетикалық, оптикалық қасиеттері.

59. Мицелланың құрылысы.

60. Коллоидты ерітінділерді тазалау әдістері.

61. Электрофорез. Электроосмос. Медицинада қолданылуы.

62. Коллоидты жүйелердің тұрақтылығы және коагуляциясы. Коллоидты қорғау. Ағзадағы ролі.

63. Дөрекі жүйелер: суспензиялар, эмульсиялар. Медицинада қолданылуы.

64. Жоғары молекулалы қосылыстардың табиғаты және құрылысы бойынша классификациясы.

65. Ісіну. Шекті және шексіз ісіну. Ісіну дәрежесі.

66. ЖМЗ ерітінділерінің тұрақтылығы. Қоймалжыңдану, тұзсыздану, тиксотропия, синеризис, коацервация. Биологиялық мәні.

67. ЖМЗ ерітінділерінің осмостық қысымы. Галер теңдеуі. Плазма мен қан сары суының онкотикалық қысымы.

68. Доннанның мембраналық тепе-теңдігі.

69. Ақуыздардың изоэлектрлік нүктесі (ИЭН) және оны анықтау әдістері.

70. ЖМЗ ерітінділерінің тұтқырлығы. Штаудингер және Марк-Кун-Хаувинк теңдеуі. Қанның және тағы басқа да биологиялық сұйықтықтардың тұтқырлығы.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных