Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Елімізде 12 жылдық білім беру жүйесін басқару.




12 жылдық білім беру жүйесін тиімді басқару мен сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін мектептің, жергілікті қауымдастықтың, әлеуметтік әріптестер мен мемлекеттік басқару органдарының қызметін нақты бөлу қажет.Мектепті басқаруда білім берудің сапасын үнемі өзіндік тәртіппен бағалауды қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады. Жаңа жағдайда сапалы білім беру білім алушылардың түрлі саладағы қызметте проблемаларды өз бетімен шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін олардың білімдік және жеке жетістіктері деп түсіндіріледі.Тұтастай алғанда қазақстандық жалпы орта білім беру мемлекеттің даму міндеттерімен сәйкес келуі тиіс және қазіргі замандағы бәсекелестікті қамтамасыз етуі қажет. Білім беру сапасын арттырудың ықпалы мынадай болуы тиіс:

есеп беру және басшылық, басқару, тиісті құжаттарды әзірлеу жүйесін жетілдіру;

білім сапасын диагностикалау мен мониторингтеу мектеп қызметінің жүйесіне;

тұлғалық-қызметтік, құзыреттілік тәсілдерге негізделген оқытудың әдістемелік жүйесіне;

ойластырылған әкімшілік орталықтандыруды, мектептерді басқаруды жүзеге асыруға;

әр түрлі қажеттіліктермен бірге балалардың құқығын қаматамасыз ету мақсатында балаларды ерте жастан диагностикалау үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға және оларды дамыту үшін білім беру орталарын құру;

білім сапасын бағалаудың жаңа рейтингтік жүйесін енгізуге.

Білім беру ұйымдары білім беру процесіндегі өзін өзі дамытуға көшуіне ықпал ететін жетекші технологияларды игеруі тиіс.

 

 

Әлемнің озық елдері қоғам дамуының өскелең сұраныстарына жауап беретін 12-13 жылдық орта мектептің жаңа үлгісін таңдағанда кеңестік 10 жылдық мектептің отраңғы 3 жылдық сатысын да, соңғы 3 жылдық сатысын да ең тиімді әрі ең оңтайлы құрылым ретінде өзгеріссіз қабылдады да, 5-6 жасар балаларды оқу үдерісіне тартатын бастауыш мектепті жетілдіріп, оған 1-2 жылды өосып берді.Сөйтіп,әлемнің дамыған елдерң қоғамның саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыра алатын толымды жүйе ретінде 12-13 жылдық мектептің 1-кестеде көрсетілген 3 сатылы құрылымын таңдап алды:

Елдер Оқыту құрылымы мен ұзақтығы.
Жапония 6+3+3=12 6 жастан
Франция 5+4+3=12 6-7 жастан
Корея Республикасы 6+3+3=12 6 жастан
Ақш 6+3+3=12 6 жастан
Италия 5+3+3=13 6-7 жастан  
Канада 6+3+3=12 6 жастан
Ұлыбритания 6+5+2=13 5-6 жастан
Қытай 6+3+3=12 6 жастан
Испания 6+4+2=12 6 жастан
Австралия 6+4+2=12 6 жастан
Үндістан 5+5+2=12 7 жастан

 

12 жылдық орта білім беру артықшылығы мен кемшілігі
Артықшылығы. Өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі тұрақты өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын қамтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың қарқынын арттыру қажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
Кемшіліктері Көп ата-аналар қарсы. Қазіргі Қазақстан жағдайында мемлекетіміздің жүргізіп отырған көптілді және көпмәдениетті саясатының ауқымды мазмұнына 12 жылдық орта білім берудің 6 жастан оқытатын 4+6+2=12 түріндегі құрылымдық формасы қайшы келеді. Өйткені мұндай формадағы құрылым монотілдік саясатты жүзеге асыруға бейімделген 4+5+2=11 формасынан ешқандай айырмашылығы жоқ деуге болады.  


Орытынды.

Қорыта келе, менің айтарым Қазіргі дамыған Тәуелсіз Қазақстанда білім беру жүйесіне ерекше маңыз берілуде. Білімді жастар ел болашағы. Елімізді дамыған 30-елдің қатарына қосатын,көркейтіп,гүлдендіретін осы білімді жастар. Елбасының Қазақстан 2030 жолдауы негізінде еліміздің біртұтас мемлекеттік білім беру саясатының концепциясы мен стратегиясы және негізгі бағыттары айқындалды. Әлемдік Еуропалық білім беру стандарты негізінде 12 жылдық білім беру ісі қолға алынуда. Бұл жүйеге көшудің ерекшелігі жалпы орта білім беру мен бірге кәсіби-техникалық тұрғысынан дайын болу. Білім беру түжырымдамасына орай педогогтарға да үлкен талап пен жауапкершілік жүктеліп отыр. Жаңа инновациялық оқыту үрдісі жас ұрпақты ұлттық-рухани,адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу, шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру міндеттері тұр. Педогогтардың үздіксіз білімін көтеру мақсатында Кембридждің 3 сатылық оқыту әдістемелік кешенінен білім деңгейлерін жоғарылату жұмысы жүріп жатыр. Ұлы ғұлама Әл-Фараби «Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы» дегендей білім берумен бірге тәрбиеге зор көңіл бөлу қажет. «Тәрбие бастауы отбасынан басталады», мектепке дейінгі тәрбие мекемелері (балабақша), бастауыш білім, орта білім, арнаулы орта білім, жоғарғы білім беру мекемелерінде болашақ ұрпақты тәрбилеуге ерекше талап қойылуда. 12 жылдық білім беруге көшу мақсатында елімізде эксперименттік Н.Ә.Назарбаев атындағы зияткерлік мектептер жұмыс жасауда. 2015 жылы осы бағдарлама толыққанды жүзеге асады. Қазақстан Республикасы халықаралық стандарт негізінде білім беретін елдер қатарына қосылады. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.[6;40]

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных