Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР




КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША

 

 

Курстық жұмыс студенттің нақты пән бойынша өз бетінше машиналық жазба мәтінінде 30-35 бет көлеміндегі қолжазба түрінде әзірлеген ғылыми-зерттеу жұмысы. Қосымшалар көрсетілген курстық жұмыс көлеміне енгізілмейді.

Курстық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтері:

· Бірінші беті

· Мазмұны

· Кіріспе

· Негізгі бөлім (теориялық, сараптамалық және ұсынымдық бөлімдер)

· Қорытынды (қорытындылар мен ұсыныстар)

· Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

· Қосымша (лар)

Курстық жұмыстың бірінші беті нөмірленбейді, бірақ жалпы беттер санына кіреді. Бірінші беттің үлгісі 1 қосымшада келтірілген.

Курстық жұмыстың мазмұнына кіріспе, барлық тараулар (бөлімдер) мен параграфтардың (тараушалардың) реттік сандары мен атаулары, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардың атауы кіреді.

Мазмұнында курстық жұмыстың әрбір элементінің (тарау, параграф) қарсысына ол басталатын беттің номері қойылады. «Мазмұнының» үлгісі 2 қосымшада келтірілген.

Кіріспеде курстық жұмыс тақырыбының маңыздылығына негіздеме, ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік маңызы, шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау, сонымен қатар курстық зерттеудің мақсаты, міндеттері және нысаны қалыптастырылып, курстық жұмысты жазудың теориялық және әдіснамалық негізі мен тәжірибелік базасы суреттелуі қажет. Кіріспенің көлемі 1,5-2 бетті құрауы мүмкін.

Курстық жұмыстың негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен негізгі нәтижелерін бейнелейтін мәліметтер беріледі. Курстық жұмыстың негізгі бөлімі, әдетте, тараулар мен тараушаларға (бөлімдер мен параграфтар) бөлінеді. Курстық жұмысқа (жобаға) 2-3 тарау енуі мүмкін.

Бірінші тарау - теориялық, оған 2-3 параграф кіруі мүмкін. Аталмыш тарауда ғылыми, заңнамалық, статистикалық, тәжірибелік және басқа да әдеби деректерді шолу негізінде зерттеліп отырған мәселенің теориялық аспектілері мен мәселелері қарастырылады. Әдеби деректерді шолу барысында аталмыш тарауда қарастырылатьын мәселенің мағыналық аппараты, әдіснамалық негіздері ашылып, зерттеліп отырған тақырып бойынша отандық сияқты шетелдік ғалымдардың да әр түрлі көзқарастарына салыстырмалы баға берілуі және қойылған міндеттерді зерттеуде және шешуде өз тәсілі мен үлесі анықталуы қажет.

Екінші тарау – сараптамалық. Бұл тарауға 2-3 параграф енуі мүмкін, оларда арнайы ақпаратты (ғылыми, анықтамалық, нормативті-заңнамалық, техникалық, статистикалық, тәжірибелік және т.б.) меңгеру негізінде зерттеліп отырған нысанға жан-жақты кешенді талдау жасалады, зерттеу нысаны мен пәніне жіті сипаттама беріліп, зерттеліп отырған нысанның факуторлары мен заңдылықтары, қолданыстағы тәжірибедегі даму тенденциялары, кемшіліктері және оларды әрі қарай шешу жолдары анықталады.

Үшінші тарау – түйіндік, ұсынымдық. Бұл тарау 2-3 параграфтан тұруы мүмкін,оларда зерттеліп отырған мәселені теориялық және тәжірибелік талдау негізінде зертттеліп отырған мәселенің кемшіліктері, аталмыш саладағы шешілмеген мәселелер, моделдеу мен жағдайды қолдану арқылы әрі қарай даму келешегі мен мәселені шешу жолдары анықталады, сонымен қатар зерттеу нысанының қызметін ұйымдастыру және басқарудың жеке бағыттарын жетілдірудің басқа да мүмкіндікті жолдары ұсынылады.

Қорытындының көлемі 2-3 беттен тұрып, курстық зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша қорытындыларды, қойылған міндеттерді шешу толықтығын бағалауды, талданатын зерттеу нысаны бойынша нақты ұсыныстарды қамтуы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген пайдаланылған ғылыми, оқу, мерзімдік, заңнамалық-нормативтік, статистикалық, электрондық және басқа да көздердің тізімін сипаттап, құрамына 15-тен кем емес дерек көздері енгізілуі қажет. Пайдаланылған әдебиеттер тізімін ресімдеу үлгісі 3 қосымшада көрсетілген.

Қосымшаларға негізгі бөлімде көрініс таппаған және кестелер, суреттер, нұсқаулықтар, техникалық сипаттамалар, бағдарламалық өнімдер, есептеулер және т.б. түрінде ұсыныла алатын, курстық зерттеуді орындауға байланысты материалдар енгізіледі.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных