Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Антамырлық шумақ құрылымы




Қан шумақтың тамырлық шетіне афферентті (әкелуші) артериола арқылы түседі және одан эфферентті (әкетуші) артериола арқылы шығады. Әкетуші артериоланың қуысы тар болғандықтан шумақ ішілік гидростатикалық қысым жоғарылайды, ол арқылы фильтрация жүреді. Шумақ ішінде афферентті артериола бірнеше тармаққа бөлінеді, олар бірнеше бөлікшенің капиллярларына бастама болады (4-А сурет). Шумақта 50 ге жуық капиллярлар өрімі бар, олардың арасында анастомоздар анықталған, ол шумаққа «диализдеуші жүйе» секілді қызмет атқаруға көмектеседі. Капиллярлар қабырғасы эпителийден, эндотелийден және олардың арасында орналасқан базальді мембранадан (БМ) құралған шумақтық фильтр болып табылады (4-Б сурет).

Молекулалардың сүзілуі олардың көлеміне және электрлік зарядына байланысты. Молекулалық салмағы >50.000Д- нан үлкен заттар сүзілмейді. Шумақта теріс заряд басым болғандықтан аниондар катиондармен салыстырғанда көптеп ұсталады. Эндотелийде диаметрі 70 нм тесіктер бар. Тесіктер гликопротеидтермен қоршалған, теріс зарядталған әртүрлі елек тәрізді, ол арқылы қан сарысуы ультрафильтрациясы жүзеге асады, бірақ қанның формалық элементтері ұсталып қалады. Гломерулярлық базальді мембрана (ГБМ) қан мен қапшық қуысы арасында үздіксіз тоқауылды құрайды, қалыңдығы ересек адамдарда 300-350нм (балаларда аз- 105-230нм) (5-1сурет). Онда да теріс зарядталған көптеген гликопептидттер бар. Ол үш қабаттан тұрады: а) lamina rara externa; б) lamina densa және в) lamina rara interna.

А Б

4-сурет. Шумақ [9]

А – шумақ, афферентті артериола (Боумен қапшығын алып тасған), сканирлеуші электронограмма (АА – афферентті артериола).

Б – шумақ капиллярлар өрімінің сызбасы.

Базальді мембрананың негізгі құрылымы бөлігіне IV-ші типтегі коллагеннен (тығыз пластинкада – α3, α4, α5, ал субэндотелийде – α1, α2 және V, VІ-шы типтегі коллаген талшықтарынан) тұрады (5 сурет). ГБМ бұзылысы бүйрек биоптатын электрондық микроскоппен тексеру арқылы табылады. Ол кезде тұқым қуалайтын нефрит (Альпорт синдромы) және т.б. аурулар анықталуы мүмкін. Дамыған елдерде тұқым қуалатын нефрит диагнозын қазіргі технологиялар арқасында биопсия жасамай, генетикалық тексеру нәтижесінде қояды.

5-сурет. Шумақ капиллярының қабырғасы – гломерулярлық фильтр [9]

Гломерулярлық сүзгі құрылысы. Төменде тесіктері бар эндотелий орналасқан, оның үстінде – ГБМ көрінеді, онда ретті орналасқан подоцит аяқшалары белгіленген.

Шумақтың эпителийі, подоциттер, шумақ архитектурасын ұстап тұрады, несеп қуысына нәруыз өтуіне кедергі келтіреді, және де ГБМ синтезіне қатысады. Бұлар жоғары мамандандырылған мезенхималық текті жасушалар. Подоцит денесінен алғашқы ұзын өсінділер (трабекулалар) шығады, олардың ұшында ГБМ -ға бекінетін «аяқшалары» бар. Қысқа өсінділер (педикулалар) ұзынға перпендикулярлы шығады және капилляр кеңістігінің ұзын өсіндімен жабылмай қалған аймағын жабады (6-А сурет). Көршілес жатқан подоцит аяқшалары арасында фильтрациялық мембрана тартылған – «саңылаулы диафрагма», бұлар соңғы он жыл ішінде жақсы зерттелді (6-Б сурет).

А Б

6-сурет. Подоцит құрылымы [9]

А – сканирлеушіэлектроннограмма.Подоцит аяқшалары ГБМ толық жауып жатыр,сонымен қоса көршіліс подоцит аяқшалары бір бірімен тор құрады.

Б – көршіліс подоцит аяқшалары арасында торлы диафрагма тартылған, сүзілудің соңғы тосқауылын құрады.

Саңылаулы диафрагма нәруыз малекулалары торымен қоршалған, олардың негізгісі- нефрин. Нефриннен басқа нәруыздар- подоцин, СД2АР молекуласы, альфа актинин-4 және т.б. Қазіргі таңда подоцит нәруыздарының гендік мутациясы анықталған. Мысалы NPHS1 деген геннің мутациясы нефриннің болмауына әкеледі (ол туа біткен финдік нефротикалық синдром ауруын туғызады). Подоциттердің вирустық инфекция, токсиндер, иммунологиялық факторлар және де гендік мутация нәтижесінде зақымдануы протеинурияның және нефротикалық синдромның дамуына әкеледі. Олардың бәрінің (себебіне байланыссыз) морфологиялық эквиваленті – подоцит аяқшаларының жоғалуы.

Шумақ құрамына мезангиальді жасушалар да кіреді, олардың негізгі қызметі – капиллярлар өріміне бекініс жасау. Сонымен қатар мезангиальді жасушалар жирылу қабілетіне ие, соның нәтижесінде шумақтық қан ағуға әсер етеді және фагоцитарлы белсенділігі бар (4-Б сурет).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных