Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәрістерге ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар. Дәрістік материалдарды толық ұғып, тиянақты меңгеру үшін Коморов




Дәрістік материалдарды толық ұғып, тиянақты меңгеру үшін Коморов, Родионова, Мазуров секілді ғалымдардың еңбектерін пайдалану керек.

Әдебиеттер:

1.Радионова И.А., Бунакова Т.М. Экономическая и социальная география мира. М., 2008.

2.Комаров М.П. Инфраструктура регинов мира. СПб., 2007.

3.Бабурин В.Л., Мазуров Ю.Л. Географические основы управления: курс лекций по экономической и политической географии. М., 2007.

4.Копылов В.А. География промышленности. М., 1999.

5.В.В. Вольский, И.М. Кузина. Социально-экономическая география зарубежного мира, Москва,2000.

 

 

 

ДӘРІС

Тақырып: Ұлыбританияға экономикалық географиялық сипаттама.

Мақсаты: Біріккен Ұлыбритания Корольдігіне географиялық тұрғыдан сипаттама бере отырып, экономикадағы, өнеркәсіптегі, қаржы саласындағы алатын рөлі анықтау.

1.Географиялық жағдайына жалпы шолу.

2. Мемлекеттің нарықтық экономикадағы жағдайы.

3.Ұлыбритания және ЕуропалықОдақ бірлестігі.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: экономика, табиғат байлықтары, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы.

 

Ұлыбритания – Британия, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі. Ұлыбритания - Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында (ең ірісі — Ұлыбритания), Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Ландшафты мен табиғаты алуан түрлі. Ғылыми зерттеулер бойынша Ұлыбритания аралдары ертеде Еуропаның бөлігі болған, жазықтарды су басқаннан кейін бөлініп кеткен, құрлықтан Ла-Манш (Ағылшын каналы) және Па-де-Кале (Дувр) бұғаздары арқылы бөлінген.

Тарихи көзқарастар бойынша Ұлыбритания географиялық факторлары, халқының орналасуына, халықтың миграциясына қарулық жаулаушылық үлкен әсер еткен. Олар осымен қоса өндірістің орналасуы мен транспорт жүйесін, ауыл шаруашылығын, балық шаруашылығын, орман, энергоресурстары мен коммуникациясын жұмыс күшін анықтаған. Географиялық орналасуы Ұлыбританияның нөльдік мередиан белгісінде, онда халықаралық уақыт белгісі белгіленетін Гринвич бойынша Шығыс Лондонға дейінгі белдеу өтеді. 50 С0солтүстік ендік оңтүстік шығысында Англия, 60 С0 солтүстік ендіктен Шотландия аралдары жатыр. Осылай Ұлыбритания Европа елдерімен тек 10 СО шектеседі, бұл оны Европаның басқа мемлекеттерімен салыстырғанда кішкентай екенін көрсетеді. Бірақ та, осындай кішкентай территорияда ландшафтың алуан түрлілігі таралған. Мемлекет келген туристерді таң-тамаша қылады, кез-келген жерден оңай әрі тез демалатын жерлерге шығып кетуге болады. Англия мен Уэльсте 10 ұлттық парктер және Шоландия мен Солтүстік Ирландияданың шынайы табиғаты көз алдырмайды.Ұлыбританияның аумағы 244, 11 мың км² құрайды, көп бөлігін құрлық құрайды, қалғаны өзендер мен көлдер. Англияның ауданы – 129634 мың км², Уэльс- 20637 мың км², Шотландия- 77179 мың км², Солтүстік Ирландия- 13438 мың км². Англияның оңтүстік жағында Шотландия мен Солтүстік нүкте арақашықтығы 960 км², ал Англияның шығысынан батыс Уэльске дейін – 480 км². Осы кіші арақашықтықтар политикалық бірлестік құруға және аралдардың тығыз байланыстығына және сонымен қатар бір әлеуметтік - экономикалық және мемлекеттік жүйе құруға ықпал етті. Бірақ 18 ғасырдың ортасына қарай алыс орналасқан елді мекендер мен трассалардың әлсіздігі кері әсер етті. Осындай географиялық байланыстардың алуан түрлілігі Ұлыбританияның геологиялық және климаттына әсер етті. Уақыт өте келе жер қыртысының қозғалуы өзгерді, және ауқымды батпақты ормандар жазықтарға айналды. Ұлыбритания климатының теңіздік сипаты жыл бойғы қалың тұмандар мен өтімді желдер болатын орнықсыз ауа райының басым болуынан байқалады. Қысы өте ылғалды және қалыптағыдан тыс жұмсақ. Оңтүстік батыстан келетін жылы теңіз ауасы қысқы температураны көтергенмен күшті теңіз желдері болатын құбылмалы жауын-шашынды ауа райын қалыптастырған.

 

 

Шығанақтардың әсерінен жағалаудағы өзендердің толысуы көптеген су басуларға алып келеді. 1984 ж Лондонда қорғанатын бөгет салынды. Жағалаудағы теңіздер 90 метрден терең емес, себебі Британ аралдарының көпшілігі континеттік қайраңда жатыр, бұл теңіз түбінің көтеріңкі аймақтары континентпен жалғасып жатыр. Гольфстрим жылы ағысы қайраң жолдарындағы теңіз бен ауа райын жылытады. Солтүстікке жақын орналасқандықтан аралдағы климат едәуір жұмсақ. Ағыс сонымен қатар жағалаулық суларға әсер етеді, мұнда балық шаруашылығымен айналысуға үлкен рөл атқарады.

Ұлыбританияның құрлығын төбешіктер мен жазықтарға бөлуге болады. Таулар мен төбешіктер солтүстік пен батыста орналасқан. Жазықтардың көпшілігі, шотландия жазығы мен Солтүстік Ирландияның орталық бөліктерін қоспағанда, мемлекеттің оңтүстік және шығыс бөлігінде жатыр, онда тек кейбіреулері 300м жетеді.

Солтүстік және батыс аймақтары ежелгі және қатты тау жыныстарынан тұрады, ежелгі жер қабығының қозғалысынан құралған, олардың көпшілігі жер жыртуға жарамды. Оңтүстік пен шығысы Тау жыныстарының үгілуінен құралған аймақтар. Бұл жерлер ауыл шаруашылығына өте қолайлы және құнарлы. Жазық жерлердің көп бөлігі, қала мен өндіріс аудандарын қоспағанда, ауыл шаруашылығымен айналысады.

Англия (халқы – 42 млн.адам) негізінен таулы немесе жазықты аудандардан тұрады, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында таулы аймақтар араласқан.

Бірақ аласа жоталар елдің үлкен бөлігінмен шектеседі, бірте –бірте жазықтармен жалғасып кетеді.

Халқы негізінде үлкен қалаларда қоныстанған: Лондон мен оңтүстік –шығыс Англияда. Батысында Бирмингем, Лидс, Бредфорда және Шеффилд, солтүстік- батыс өндірісті. аймақтарда Ливерпуль мен Манчестерде, солтүстік- шығысында Ньюкасла мен Сандерланда.

Климаты.

Қаңтардағы орташа температура қиыр солтүстік-шығыста 3,5°С-тан төмен түспесе, ал оңтүстік-батыста 5,5°С-қа жетеді, мұнда өсімдіктер бүкіл жыл бойы өседі. Оңтүстік-батыстан келетін жылы теңіз ауасы қысқы температураны көтергенмен күшті желдер мен теңіз дауылдары болатын құбылмалы және жауын-шашынды ауа райын қалыптастырған. Шығыс пен солтүстік-шығыстан суық ауа жеткен кезде аязды ауа райы ұзақ мерзімге орнығады. Қыста ел аумағына қар біркелкі түспейді, қар жамылғысы шамалы уақыт қана сақталады. Англияның оңт-нде, әсіресе, оңт.-батысында қар өте сирек түседі. Шығыс аудандарындағы қыс неғұрлым суық және құрғақ. Шілдедегі орташа температура оңтүстік-батыста 16°С-қа, ал қиыр солтүстік-батыста 12°С-қа тең. Атлант мұхиты жағынан соғатын жылы әрі ылғалды ауаның әсерінен Ұлыбританияның батыс аудандарына жауын-шашын мол түседі. Бұл аймақта оның жылдық орташа мөлшері 2000 мм-ге жетсе, шығыс Англияда 600 мм, кей жерлерінде 500 мм шамасында ғана болады.

Ұлыбританияға түсетін жауын-шашын мөлшерінің басты себептері төменгі қысымды облыс болып табылады. Шығыста Атлант мұхиты арқылы өтеді, жыл бойы оңтүстік-батыс желдері әсер етеді. Батыс жағалауларында Атлант мұхиты ашық, барлық таулы және жоталар осында орналасқан. Жауын-шашын мөлшері солтүстікте байқалады. Батыстағы биіктіктер оңтүстік пен шығысындағы жазықтарды қорғап тұрады, сондықтан жауын-шашын мөлшері (30 дюйма немесе 800мм) жазды күндері көбейеді. Жалпы орташа жауын – шашын мөлшері жылына 40дюйма (1100мм). Наурыз бен маусым аралығы ең құрғақ кезең болып есептеледі, қыркүйек пен қаңтар ең ылғалды кезең. Бірақ, сол өңірдегі фермалар мен тұрғындарға қиындық туғызады. Бұндай ауа райы Британ аралдарында байқалады, оңтүстік-батыс желдері жыл бойы соғады, нәтижесінде ауа райы желді, жауын-шашынды. Жоғарғы қысымды облыстар климаты қолайлы, жылы, құрғақ, жел әлсіз соғады.

Табиғаты

Шотландияның солтүстігін қоспағанда, таулы мекендер солтүстігінде және шығысында батпақты, британ жағалаулары табиғи-жапырақты орманды ағаштарқалыптасқан.

Адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты жабайы табиғатының қоры жылдан жылға азаюда. Осы ормандардың ішінен азғана жайылымдар мен тоғандар, жабайы болып көрінбейді, олар шын мәнінде табиғи өсімдіктер әлемі сақталған. Ормандардың көпшілігі жойылған, қазіргі кезде мемлекеттің тек 10% жамылған. 1919 жылы мемлекет қоршаған ортаны қорғауға қарамастан орманның 3/2 бөлігін жекеменшік иелерінде. Ең үлкен ормандар солтүстік-шығыс Шотландияда (Килдер және Нортумберландтың басқада ормандары), Эшдаун Форест Шығыс Саксекстегі, Гвинед Уэльстегі және Брекланд Норфолктегі.Тоғандар мен жайылымдар Біріккен Корольдігінің шамамен төрт бөлігін алып жатыр. Ол жерлерде шынайы артикалық өсімдіктер өседі, сонымен қатар аршагүл, қара жидек ағашы, мүк шөптесін өсімдіктер бар. Осындай өсімдік жамылғысын Солтүстік Ирландияның биік жерлерінде байқауға болады. Құмды жазықтарда доминантты өсімдік болып кәдімгі көкбұта, түсі мәңгі күзгі ауылды береді. Жер сызығы теңізбен шектесетін адамдар мен жануарлардың әрекетінен сақтанған, сондықтан ол жерде шынайы теңіздік өсімдіктер кең таралған. Біріккен Корольдігінде жабайы жануарлардың тіршілік ету қасиеттері, амфибиялары мен рептилиялары қорғануы сол жерге бейімделуіне байланысты және де қоршаған ортаның өзгерістеріне шыдай алуы дұшпандардан сақтайды. Ертеден көп кездесетін жануарлар жабайы кабан, солтүстік маралдар мен қасқырлар, жоғалып кетті, бірақ тау маралдары Шотландияда мекендейді. Елік - Шотландия ормандары мен оңтүстік Англияда мекендейді. Жанат, тулкі, камшат, аққалақтар адам жоқ жерде мекендейді. Сонымен қатар жыртқыштар кең таралған (егеуқұйрық, тиін, тышқан) және де құрттар (құрт-құмырсқа) (кірпі, көртышқан, жерқазғыштар), қояндар (үй қояндар) барлық жерді мекендейді және олардың саны артуда. Осы түрдің басқа өкілі қоян тауларда да, жазықтарда да мекендейді. Амфибиялардың (құйрықты бақа), бес түрлі құрбақалар, сонымен қатар рептилияларда үш түрлі жыландар, олардың ішінде тек улы сұр жылан, және кесірткенің үш түрі бар.

Солтүстік Ирландияда жыландар жоқ. Аралдар көші-қондық жүйенің тізбегінде жатыр, жағалаулық, ауылдық және қалалық ортада құстардың тіршілік етуі мүлде басқаша. Ұлыбританияда құстардың 200 түрін кездестіруге болады, олардың жартысынан көбі басқа елдерден ұшып келеді. Құстардың көп түрі қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделуі оңай, ормандарға қарағанда қала маңындағы жерлерде құстардың түрлері көп мекендейді. Көп кездесетін түрлеріне: торғай, құзғын, және бозторғай.Батпақтардың кебуі су құстарын көптеген қорықтарға көшіруге әкелді.Құстарды қорғайтын ұйымдастырушылар қолдауымен көптеген қорықтар құрылды.

Бірақ бұл көшірулер көптеген жабайы жануарларға кері әсерін тигізуі мүмкін.

Британияның көптеген өзендері– ласось, фарель, плотвой, окунем, сазан және қараауыз кезінде әлемге әйгілі болған, ластанған сондықтан ішкі балық шаруашылығының шектелуіне алып келді. Солтүстік теңіздің жағалаулары ғасырлар бойы Еуропаның ірі балық шаруашылығымен айналысатын аймақ болған. Негізгі түрлері – нәлім, сүйекті теңіз балығы, пикша, мерланг, майшабақ және камбала.

Экономикасы.

Ұлыбритания қазіргі кезде жоғары дамыған, мықты және тәуелсіз экономикасымен көзге түседі. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін экономиканы қайта қалпына келтіру шамамен қырық жылды алды. Ішкі ресурстардан басқа, қайта қалпына келу процестері Британия Еуропа Достастығына 1973 жылы бәсекелестікке қабілетті елдер қатарына кірді. Енді Ұлыбритания жоғары дамыған өңдіруші, өңдеуші және бәсәекеге қабілетті елдердің алғашқы қатарында тұрды. Машина құрылысы Екінші Дүние жүзілік соғыстан кейінгі жылдары бес есе төмен түсіп кетті. АҚШ пен Жапония – Ұлыбританияның жақын сауда әріптестіктері, ал Жапон компаниялары көпшілігінде Еуропа елдер арасында әріптестік ретінде Ұлыбританияны таңдайды. Басқада Шығыс- Азия экспорттаушы елдері дүние жүзілік саудада ашық қарым-қатынас жасайды. Сонымен Ұлыбритания тек Еуропа достығының елдерімен ғана емес, сонымен қатар – Еуропа, Азия және Солтүстік Америка елдерімен ашық саудаға түседі.

80 жылдары мемлекеттік үлкен маштабты кәсіпорындарды жекешелендіру куәгері болды. Сонымен қатар өмір сүру деңгейі жоғарлады, бірақ сонда да аумақтық оңтүстік- шығыс бөлігінде бөлінулер болды. Жұмыссыздық пен құнсыздану деңгейі жаймен төмен түсе бастады, бірақ сонда да жоғары болды. Ел дүние жүзілік қаржы көшбасшы рөлін ойнады, Солтүстік теңізде газ бен мұнайдың жерлерін табуына байланысты, және де ұлттық жарықпен қамтамассыздандыру тәуелділігі төмендеді, елдің ішкі экономикасының жағдайы жақсарды және экономикалық саясаты да жоғарлады.

Саяси экономиканың негізгі орны болып пайыздық көрсеткіштердің жоғарлануы және біртіндеп салық салу төмендеді, кәсіптік акция ұстанушыжеке тұлғалардың бөлігінің жоғарлануына, білім жүйесінің жақсаруына және де қазіргі заманға лайықты жүйе құруға ықпал жасады.Қарқынды күштер қызмет пен тауарлардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру үшін қолданылады. Осы топтың ішіндегі адамдардың біразы басқада жұмыстармен айналысады, басқалары әскери сектор мен үкіметпен айналысады. Жалдамалы жұмысшылардың үш бөлігі қызмет секторында, олардың біразы қаржы секторында жұмыс жасайды. Өңдеу соңғы жарты ғасырда төмендеуіне қарамастан жұмысшылардың бестен бір бөлігін құрайды. Жалдамалы жұмысшылардың біраз бөлігі құрылыста, энергетика өңдіру, ауыл шаруашылығымен шұғылданады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных