Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәрістерге ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар. Дәрістік материалдарды толық ұғып, тиянақты меңгеру үшін Коморов




Дәрістік материалдарды толық ұғып, тиянақты меңгеру үшін Коморов, Родионова, Мазуров секілді ғалымдардың еңбектерін пайдалану керек.

 

Әдебиеттер:

1.Радионова И.А., Бунакова Т.М. Экономическая и социальная география мира. М., 2008.

2.Комаров М.П. Инфраструктура регинов мира. СПб., 2007.

3.Бабурин В.Л., Мазуров Ю.Л. Географические основы управления: курс лекций по экономической и политической географии. М., 2007.

4.Копылов В.А. География промышленности. М., 1999.

5.В.В. Вольский, И.М. Кузина. Социально-экономическая география зарубежного мира, Москва,2000.

ДӘРІС

Тақырып: Жапония мемлекетіне сипаттама.

Мақсаты: Жапония мемлекетінің экономикалық – географиялық жағдайы мен геосаяси жағдайына, табиғат жағдайлары мен ресурстары, өнеркәсібі туралы түсініктер мен көзқарастарын меңгеру.

1. Жапонияның экономикалық-географиялық жағдайы.

2. Геосаяси жағдайы.

3. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.

4. Өнеркәсібі.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: геосаясат, халқы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы.

 

Жапония − Азиядағы жоғары дамыған бірден-бір мемлекет. Мемлекет астанасы – Токио. Жерінің аумағы − 372,8 мың км2. Халқының саны – 128 млн адам. Ресми тілі – жапон тілі. Мемлекеттік құрылымы – конституциялық монархия. Мемлекет басшысы – император. Үкімет басшысы премьер-министр. Заң шығарушы органы – парламент. Ұлттық валютасы – жапон йені. Елдің құрылымы − конституциялық монархия. Заң шығарушы жоғарғы органы − парламент. Жапондықтар өздерін «Күншығыс елі» деп атайды. Қазіргі кезде өнеркәсіп тауарларын өндіру жөнінен - автомобильдер, кемелер, электроника, электротехника, өнеркәсіп роботтары, металл өңдейтін станоктар және т.б. бұл ел дүние жүзінде жетекші орындарда. Елдің құрылымы − конституциялық монархия. Заң шығарушы жоғарғы органы − парламент.

Төрт ірі аралда (Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю) және Еуразияның шығыс жағалауына жақын көптеген ұсақ аралдарда орналасқан, ел батысында Жапон теңізімен, шығысында Тынық мұхитпен шектеседі. Аралда орналасқан жағдайының теңіз шаруашылығының дамуына, ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарының сипатына және т.б. әсері өте көп.

Халықтың қоныстанып, шаруашылық жүргізуіне неғұрлым жайлы ойпаттар теңіз жағалауларының бойларында және аралдардың ауданының жартысына шамалас. Ең үлкен Канто жазығы Токио шығанағын бойлай жалғасқан.

Елде пайдалы қазбалар мардымсыз. Сондықтан өзге табиғи ресурстардың маңызы ерекше. Оңтүстік Жапонияның субтропиктік және тропиктік өңірлерінде ықпал мен жылу мол болғандықтан жылына екі рет өнім алуға болады (күріш пен көкөніс). Аумағының үштен екісін алып жатқан ормандар ерекше бағалы. Өзендер көп. Қайраңды және қысқа болып келетіндіктен кеме қатынасына қолайсыз, әйтседе су энергиясын алуға және алқаптарды суаруға пайдаланылады. Жапонияның айналасындағы теңіздердің фаунасы алуан түрлі әрі мол.

Аумағының құрамы. Жапония Тынық мұхиттың батыс бөлігінде орналасқан ірі аралдық мемлекет. Елдің негізгі бөлігін Жапон топаралының аралдары құрайды. Олардың ең ірілері – Хонсю (231 мың км2), Хоккайдо (79 мың км2), Кюсю (42 мың км2), Сикоку (19 мың км2) аралдары. Бұлардан басқа ел аумағына 4 мыңға жуық ұсақ аралдар енеді. Жапония аралдары Азияның шығыс бөлігін бойлай, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ұзындығы 3000 км-ден астам доға түрінде созылып жатыр.

Жапония жерінің аумағын Батыс Еуропаның барынша ірі елдерімен және АҚШ-тың үлкен штаттарымен салыстыруға болады. Ел аумағы Азия жағалауларынан Шығыс Қытай, Жапон және Охот теңіздері арқылы бөлінген. Шығысы мен оңтүстік-шығысында Жапония жағалауларын Тынық мұхит сулары шайып жатыр. Жағалау сызығының жалпы ұзындығы 29751 км.

 

 

Аралдың алып жатқан орны елдің ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарының сипатын, шаруашылық мамандануын және өзіндік экономикалық, мәдени келбетін анықтап берді.

Экономикалық-географиялық жағдайы. Еуразия құрылығы мен Тынық мұхиттың түйіскен жеріндегі және Азия – Тынық мұхиты аймағының дәл ортасындағы Жапония орналасқан аралдар тізбегінің (доғасының) ұзындығы 3,5 мың км-ге созылады. Бұл Жапонияның халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысуы үшін өте үлкен мүмкіндік береді.

Жапония таулы ел − аумағының 75%-ы таулар. Шаруашылық мақсатта құрлықтық акватория пайдаланылады. Жапония жері активті сейсмикалық және вулкандық аймақ.

Мемлекеттік құрылымы. Жапония – конституциялық монархия, мемлекеттің бұл құрылымы 1947 жылы қабылданған конституция негізінде анықталған. Мемлекет басшысы император болып есептеледі, іс жүзінде мемлекетті премьер-миинистр басқарады. Унитарлық мемлекет болып саналатын Жапония әкімшілік жағынана 47 префектураға бөлінеді.

Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Шығыс Азия жағалауларына жақындығы, бойлық бағытта созылып жатуы, жер бедерінің күрделілігі және елдің жеке бөліктеріндегі климат айырмашылықтары Жапонияның табиғат жағдайларының өзіндік бет-бейнесін қалыптастырды.

Жер бедері, негізінен, таулы сипатта; ел аумағының ¾ бөлігін құрылысы күрделі, онша биік емес таулар мен қыраттар алып жатыр. Жапонияның ең биік нүктесі – Фудзияма тауы (3776 м). Тау шыңдарының көпшілігі жанартау болып табылады, олардың жалпы саны 150, сөнбегені – 15. Құрылымы жағынан тынықмұхиттық геосинклинальдық белдеуге енетін Жапония жерінде жылына 1,5 мыңға жуық жер сілкіну оқиғалары болады, әсіресе, ел астанасы орналасқан Токио шығанағы сейсмикалық жағынан қауіпті аудандар қатарына жатады.

Тау беткейлерінің тік, жартасты болып келуі, қарқынды сейсмикалық әрекет, вулканизм көптеген таулы аудандардың шаруашылық игерілуін қиындатады.Жапония жағалауларына жақын орналасқан терең сулық шұңғымалар аумағында жиі байқалатын су асты сілкінулері нәтижесінде апатты алып толқындар – цунами пайда болады.

Жапония пайдалы қазбалаға аса бай емес, ел аумағында кездесетін тас көмірдің, мыс пен қорғасын-мырыш кендерінің, мұнайдың қоры мардымсыз болумен қатар өндірісі қиындықтар тудырады. Шикізат пен отын ресурстарын басқа елдерден сатып алуға мәжбүр Жапония соңғы жылдары Дүниежүзілік мұхиттың ресурстарын игеруге кірісті.

Жапонияның климат жағдайлары жалпы алғанда адамдардың өмір сүруі мен шаруашылық әрекетіне қолайлы болып табылады. Жалпы алғанда, ел аумағын 3 климаттық белдеу (қоңыржай, субтропиктік және тропиктік) қиып өтеді. Жапония климатын қалыптастыруда муссондардың маңызы зор. Бұған қоса Жапон аралдары Тынық мұхиттың батысында пайда болатын тайфундардың жолында орналасқан. Жаз айларында өтетін тайфундар тоқтаусыз нөсер жаңбырлар әкеліп, егістіктер мен елді мекендер су астында қалады.

Оңтүстік-шығыс жағалаулар бойымен өтетін Куросио жылы ағысы климатты жұмсартуға өзіндік ықпал етеді. Жапонияның орталық бөлігінде меридиан бойымен созылып орналасқан тау тізбектері теңіз бен құрлық арасындағы ауа алмасуына аздап та болса кедергі келтіреді.

Субтропиктік және тропиктік белдеулер арасында ауыл шаруашылығына өте қолайлы, бұл белдеулерде көптеген дақылдардан жылына екі рет өнім жинауға мүмкіндік бар. Жер бедері мен климатының ерекшеліктеріне орай Жапония өзендері қысқа және мол сулы болып келеді. Ең ірі өзені – Хонсю аралындағы Синано өзені (367 км). Өзендер су энергиясына бай келеді, сонымен қатар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында, тұрмыстық қажеттерге кеңінен пайдаланылады.

Жапон аралдарының 2/3 бөлігін ормандар мен бұталар алып жатыр. Хоккайдо аралында, негізінен, қылқан жапырақты ормандар басым болса, Хонсю аралында емен, шамшат және үйеңкіден тұратын жалпақ жапырақты ормандар, ал оңтүстіктегі аралдарда мәңгі жасыл ормандар тараған. Жер тапшылығына қарамастан Жапония жерінің 14-ға жуығын қорғалатын аумақтар алып жатыр, мұнда 400-ге жуық табиғи саябақтар жұмыс істейді.

Халқы. Қазіргі кезде Жапония халқының саны жөнінен (128,0 млн адам) дүние жүзінде оныншы орын алады. Жапонияда халықтың туу көрсеткіші төмен (9‰), халықтыңтабиғи өсімі жылына 0,16‰ ғана. Әлеуметтік-экономикалық ахуалдақсаруына байланысты адамның өмір жасының орташа ұзақтығы да артуда. Мысалы, бұл көрсеткіш бойынша жапон әйелдері дүние жүзінде бірінші орын алады (85,3 жас). Туу көрсеткішінің күрт төмендеуі, жасы ұлғайғандар санының артуы, елде Батыс Еуропа елдеріндегі сияқты «ұлттың қартаюы» мәселесін тудыруда.

Халықтың ұлттық құрамы біркелкілігімен сипатталады: ел халқының 99,3 %-ын жапондар құрайды. Саны аз басқа ұлттар қатарында корейлер мен қытайлардың, айндардың үлесі біршама. Жапон аралдарының байырғы халқы болып есептелетін айндардың ұрпақтары Хоккайдо мен солтүстіктегі ұсақ аралдарда тұрады. Жапондар арасында кең тараған діндер – буддизм мен синтоизм.Ұлттық дін болып саналатын синтоизмнің жапон ұлтының өзіндік келбетінің қалыптасуына ықпалы зор болды.

Экономикалық белсенді халықтың жалпы халық санындағы үлесі өте жоғары, ЭБХ Жапония халқының 54% -ын құрайды. Олардың 60%-дан астамы қызмет көрсету саласында, 22 %-ы өңдеуші өнеркәсіпте жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіпте жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіпте жұмыс істейтіндер саны жыл сайын азайып келеді.Елдің жұмыс күшінің біліктілігі өте жоғары.

Жапон аралдары – дүние жүзіндегі халықтың ең тығыз қоныстанған аймақтарының бірі, ел аумағында орташа тығыздық 1 км2-ге 341 адам шамасында болады. Халықтың басым көпшілігі, яғни 76 %-қалаларда тұрады. Қала халқының көпшілігі Тынық мұхит жағалауында Токио шығанағынан Осака шығанағына дейін 600 км болып тұтасып кеткен орасан зор Токайдо мегаполисінде тұрады.Әсіресе, Тынық мұхит жағалауындағы жазықтарда халық өте тығыз орналасқан, мұнда ел халқының 2/3 бөлігі шоғырланған.

Жапония дүние жүзінің екінші өнеркәсіпті держава болды, өнім экспорты жөнінен АҚШ пен ГФР-ден кейінгі үшінші орында, оның сауда балансы кейінгі жылдардың бәрінде экспортының импорттан орасан басымдылығымен ерекшеленеді. АҚШ-пен және Батыс Еуропамен қатар Жапония экономикалық бәсекенің үшінші орталығы болып отыр.

Қазір өркендеудің аса маңызды секторларына ғылыми зерттеулер мен талдамаларға көп қаражат жұмсалуы болып отыр. Жапония университеттері 19 технополис, жаңа ғылым қалаларын құрып, өнеркәсіптің ғылымды неғұрлым көп қолданылатын салаларын дамытуда. Дүние жүзіндегі ең ірі қалалардың бірі – Токио елдің аса маңызды индустриялық, көліктік, сауда және қаржы-қаражат орталығы. Егер Токионың қалалық шекарасында 9 миллионға жуық адам тұратын болса, Токио-Иокогама агломерациясының шеңберінде 20 миллиондай адам бар. Мұнда автомобиль зауыттары, электроника, мұнай химиясы кәсіпорындары, ірі ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары шоғырланған. Жапонияда халық саны миллионнан асатын 11 ірі қала бар. Елдегі аса ірі қала агломерацияларының тұтасуынан дүние жүзіндегі ең алып мегалополис – Токайдо қалыптасқан. Токайдоның аумағында 60 млн-нан астам адам тұрады, бұл ел халқының 48%-ға жуығын құрайды. Токайдо мегалополисіне Токио, Иокогама, Осака, Нагоя тәрізді ірі қалалар енеді.Басқа агломерациялардың қатарында Кэхин (Токио-Иокогама) 25 млн астам, Хансин (Осако-Кобе –Кито) және Тюке (Нагая т.б).

Иокогама − Токионың аванпортты ірі кеме верфтерінің, болат қорыту және мұнай-химия комбинаттарының қаласы.

Токиодан оңтүстік-батысқа қарай Тынық мұхит белдеуінің енді бір индустриялық ауданы − Нагоя бар, ол автомобиль жасаудың электр техникасы мен электрониканың, металлургия мен мұнай-химиясының орталығы.

Осака-Кобе ауданы өнеркәсіптік қуаты жөнінде Токио-Иокогамадан кейінгі екінші аудан. Мұнда қара металлургия, мұнай химиясы, электроника кәсіпорындары басым, елдің дәстүрлі тоқыма өнеркәсібі ішінара осында сақталған. Жапонияның ежелгі астанасы Киотада фарфор ыдыс, ағаш бұйымдардың ұлттық жартылай қолөнер өндірістері де сақталған.

Хонсюдің оңтүстік бөлігі мен оған іргелес Кюсюдің Солтүстік бөлігі өнеркәсібінің құрылымы жөнінен Орталық Хонсю аудандарына жақын, алайда экономикалық даму деңгейі және өнеркәсіптің шоғырлануы дәрежесі мұнда төменірек. Китакюсю металлургиясымен және ауыр машина жасау саласымен ерекшеленеді.

Кюсюдің оңтүстік бөлігі бүкіл Сикоку және Хоккайдо сияқты елдің дамуы қалыңқы бөлігі. Мұнда Жапонияның басқа аудандарына қарағанда ауыл шаруашылығы көбірек рөл атқарады. Хоккайдо көмір өндірумен ерекшеленсе, аралдардың бәрінде балық ұқсататын бірқатар орталықтар бар.

Шаруашылығы.

Жапония – дүниежүзінде АҚШ-тан кейінгі экономикасы жоғары дамыған, постиндустриялы ел. «Үлкен жетілікке» кіретін Азиядағы жалғыз ел.

Жапонияның экономикасы 4 негізгі ұстанымға негізделген.

1. Экономиканы мемлекет тарапынан қатаң түрде реттеп отыру,

2. Қаржыны жинақтау және инвестициялық қорын жасау мақсатында экономиканы экспортқа бағдарлау,

3. Шетел қаржысын кеңінен тарту,

4. Өнім сапасын ұдайы арттыру.

Кемел дамыған өнеркәсіптің өз минерал шикізат базасы жоққа тән. Жапония мұнай мен табиғи газды түгелдей дерлік, көмірдің, қара және түсті металл рудаларын, бокситтің денін сырттан алады.

Отынды сырттан әкелуге негізделген отын-энергетика шаруашылығы үнемдеу режимімен, энергияны тұтыну көлемін шектеумен сипатталады. Мұнай импорты 80-90 шы жылдары шектелсе де, оның абсолют шамасы 200 млн т. Отын тұтынуда оның үлесі азайып келеді, көмір мен атом энергиясының үлесі артуда. Елде 30-дан аса АЭС жұмыс істейді.

Жапонияның өнеркәсібін шартты түрде екі топтағы салаларға бөлуге болады. Бірінші топқа: материал көп кететін, металды және басқа шикізатты көп тұтынатын өндірістер: болат қорыту мен мұнай химиясы, автомобиль және кеме жасау салалары кіреді. Екінші топқа: ғылым ең көп қолданылатын роботтар, компьютер, жартылай өткізгіштер, тұрмыстық радиоэлектроника жасайтын салалар жатады. Бұл салаларда Жапония озық техникалық бәсекелестері үшін АҚШ-пен Батыс Еуропамен қатаң күрес жүргізуде.

Қара металлургия импорттық кен мен көмірді пайдаланады. 100 млн.тоннаға жуық болат қорытып, ел дүние жүзіндегі алдыңғы орындардың бірін алды. Металлургия комбинаттары мұнай-химия зауыттарымен ұштастырылып, біртұтас кешендер түзеді. Әр алуан түсті металлургия,соның ішінде аллюминий қорытып шығару дамыған.

Автомобиль өнеркәсібі дүние жүзінде бірінші орын алады − жылына 12 млн. автомашина, соның ішінде 8 миллиондай жеңіл автомобиль жасалады. «Тойота», «Ниссан», «Хоно» автомобиль концерндері американ және батысеуропалық концерндерімен бәсекелесіп, шетел нарықтарын қаратып алды. Жапон кеме жасау саласы дүние жүзіндегі кемелердің жартысына жуығын жасайды.

Ғылым көп қолданылатын екінші топтағы салалардың арасында да Жапония дүние жүзіндегі алдыңғы орынды иеленген салалар көп. Бұл ең алдымен тұрмыстық радиоэлектроника, электроника, радиотехника жасау жөнінен Жапонияға теңесер ел жоқ. Ол роботтар жасау және шаруашылықтың олармен жарақталуы жөнінен де әлемде алда келеді. Жапонияда өндірістің бәрін дерлік роботтар қамтамасыз ететін бірнеше зауыт бар.

Жапон ғылымы мен индустриясы биотехнология, жартылай өткізгіштер жасау, энергияның жаңа негіздерін табу және пайдалану жөнінен жетекші орындарда келеді.

Кюсюдің оңтүстік бөлігі бүкіл Сикоку және Хоккайдо сияқты елдің дамуы қалыңқы бөлігі. Мұнда Жапонияның басқа аудандарына қарағанда ауыл шаруашылығы көбірек рөл атқарады. Хоккайдо көмір өндірумен ерекшеленсе, аралдардың бәрінде балық ұқсататын бірқатар орталықтар бар.

Тынық мұхиттық белдеу шеңберінде, әсіресе Токио-Иокогама ауданында халықтың және өнеркәсіптің шектен тыс шоғырланғандығы проблемасы көптен бері өте-мөте келелі проблема болып келеді. Өйткені, айналадағы ортаны сақтауға көп қаражат жұмсалғанымен, алып мегаполис халқының тұрмыс жағдайы нашарлап барады.

Ал Қазақстан Жапония нарығына негізінен ферроқорытпа, болат, титан, жерасты сирек металдарын экспорттаса, бұл ел бізге автокөліктер мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ электр жабдықтары мен тұрмыстық техникаларды импорттап келеді. Біраз жылдардан бері Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі Қазақстанда несие беру арқылы бірқатар жобаларды жүзеге асыра бастады. Олардың ішінде темір жол көлігінің тасымал қуатын арттыруға, Ертіс өзені үстінен көпір құрылысын салуға, Астанадағы халықаралық әуежайды қайта жөндеуден өткізуге, Батыс Қазақстанда көлік жолдары жүйесін дамытуға, Атыраудағы мұнай өңдеу зауытын күрделі жөндеуден өткізуге арналған жобалар бар. Бүгінде солардың бірқатары жүзеге асырылды.

Өнеркәсібі. Жапон экономикасының қозғаушы күші болған өнеркәсіп постиндустриялық кезеңде де өзінің маңызын жоғалтқан жоқ. Өнеркәсіп өнімінің көлемі жөнінен Жапония ХХ-ғасырдың 70-жылдарынан бері дүние жүзінде АҚШ-тан кейін екінші орынды алады. Қазіргі кезде өнеркәсіптің жиынтық ішкі өнімдегі үлесі 38% шамасында, елдегі жұмыспен қамтылғандардың 1/3-і өнеркәсіпте жұмыс істейді.

Жапония өндірістік роботтар, сандық бағдарламалар арқылы басқарылатын станоктар, кеме жасау, микропроцессорлардың кейбір түрлерін жасаудан дүние жүзінде алдыңғы орынды алады.

Сонымен қатар Жапония жеңіл автомобиль, электроника мен электр техникасын жасауда, жоғары сапалы болат балқытуда әлемдегі жетекші орнын сақтап келеді. Отын-энергетика саласының дамуы жергілікті ресурстарды тиімді пайдалану, энергия алудың балама көздерін игеру және энергия үнемдеуге мүмкіндік беретін техникалық құралдарды жетілдіру бағытында жүзеге асырылуда.

Жапонияда 2010 жылы 1059 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілді, оның жалпы көлемі жөнінен дүние жүзінде АҚШ, Қытайдан кейін үшінші орынды алады. Электр энергиясының 60%-ы жылу электр станцияларында, 30%-ы атом электр станцияларында өндіріледі. Су электр станцияларының үлесі бар болғаны 10 шамасында. Сонымен қатар елде 16 геотермалдық станция жұмыс істейді.

Өңдеуші өнеркәсіп салаларын шартты түрде екі топқа: материалды көп қажет ететін және ғылымға негізделген өндіріске бөлуге болады. Алғашқы топқа жататын салалар (болат балқыту емн мұнай химиясы, автомобиль және кеме жасау) өңдеуші өнеркәсіп өнімінің 1/3-ін береді. Екінші топты электрондық есептеуіш машиналар мен робот техникасын жасау, тұрмыстық радиоэлектроника салалары құрайды.

Қара металлургия саласы шеттен әкелінетін (негізінен, Аустралиядан) шикізатқа негізделген. Сондықтан, металлургия зауыттары Тынық мұхит жағалауындағы өнеркәсіпті белдеуде шоғырланған. Дүниежүзілік нарқытағы қара металлургия өнімдерінің 23%-ы Жапонияның үлесіне тиесілі. Жапония жылына 103 млн т болат балқытады.

Машина жасау кешенінің құрылымы аса күрделі. Машина жасау кешені жалпы өнеркәсіп өнімінің 44%-ын береді, оның 20%-ы радиоэлектроника мен электр техникасын жасау өнеркәсібіне тиесілі.

Жапония аса ірі танкерлер мен алып жүк кемелерін жасауға маманданған, кеме жасаудың ірі орталықтары Иокогама, Кобэ, Нагасаки қалаларында орналасқан. Жүк сыйымдылығының жалпы көлемі жөнінен Жапония дүние жүзінде жасалатын кемелердің 42%-ы шығарылады.

Жапонияның автомобиль өнеркәсібі өнім көлемі жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады, оған әлемдік автомобиль экспортының 14%-ы тиесілі. Автомобиль жасау орталықтары Нагоя маңында, Хиросимада және Токио маңындағықалаларда шоғырланған. Жапония өнеркәсіп роботтарын шығарудан және оларды өндірісте пайдаланудан әлемде бірінші орын алады.

Ауыл шаруашылығы. Жапонияда ауылды жерде халықтың 21%-ы тұрады, бірақ ауыл шаруашылығында ЭБХ-тың тек 5%-ы ғана қамтылған. Жалпы ауыл шаруашылығы Жапонияның ЖІӨ-нің 2%-ын береді, Ауыл шаруашылығы ел халқының азық-түлікке деген сұранысының 68%-ын қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығы өндірісінде ауданы 1га-дан аспайтын ұсақ шаруашылықтар басым.

Ауыл шаруашылығының салалық құрылымында өсімдік шаруашылығы басым. Өңделетін алқаптар ел аумағының 14%-ын құрайды. Жапонияның кейбір аудандарында жылына 2-3 рет өнім жинауға болады. Сонымен қатар елде өсімдік шаруашылығын механикаландыру және химияландыру деңгейі өте жоғары. Жапония пияз бен жасыл бұршақтың, күріш пен қант қызылшасының, темекі мен тәтті картоптың (батат) өнімділігі жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін алады.

Негізгі ауыл шаруашылығы дақылы – күріш, Жапония бұл өніммен өзін-өзі толығымен дерлік қамтамасыз ете алады. Ел шаруашылықтары жылына 12-14 млн т күріш жинайды. Аса ірі күріш алқаптары Хонсю аралында орналасқан. Бидай, қытайбұршақ дақылдары жергілікті тұтыну қажетін ішінара ғана қамтамасыз етеді. Жабық грунт жағдайында (жылыжайлар) көкөніс өнімін жыл бойы жинауға болады. Жапония жылыжайлардың ауданы жөнінен дүние жүзінде жетекші орын алады. Мұндай шаруашылықтар елдегі қызанақ пен қияр, тәтті бұрыш өнімінің жартысына жуығын, құлпынайдың 85%-ын береді. Кюсю мен Сикоку аралында субтропиктік дақылдар өсіріледі. Мал азықтық және техникалық дақылдар, астық өнімдері шеттен әкелінеді. Орталық Хонсю жібек шаруашылығымен әйгілі.

Мал шаруашылығының қарқынды дамуы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары басталды. Бұл осы кезеңде жапондардың күрішті бұрынғыдан азырақ пайдаланып, оның орнына ет пен сүт өнімдерін көп тұтына бастауымен байланысты болды.

Соңғы онжылдықтарда елде ет өнімдерін пайдалану 5-6 есе өскен. Қазіргі кезде Жапония құс етімен өзін-өзі толық қамтамасыз ете алады, оның өндірісі жөнінен тіпті дүние жүзінде алдыңғы орынға шықты. Хоккайдо аралында сүтті-етті бағыттағы ірі қара мал жайылымдарда бағылады.

Балық пен теңіз өнімдері жапондардың күнделікті пайдаланатын тағамдарының қатарына жатады. Жапония Дүниежүзілік мұхиттың барлық дерлік аудандарынан (әсіресе көршілес теңіздерден) жылына 6 − 7 млн т теңіз өнімдерін аулайды. Теңіз өнімдерін аулаудан дүние жүзінде төртінші оын алатын Жапонияның балық аулау флотында 400 мың кеме бар. Сонымен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына қарамастан Жапония оның өнімдерін сырттан сатып алатын аса ірі елдердің бірі болып отыр. Ауыл шаруашылығы халықтың азық-түлікке деген қажетінің төрттен үшіне дерлік қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығының негізі ұсақ шаруашылықтар және дәстүрлі егіншілік, әсіресе негізгі дәнді дақыл – күріш өсіру болған күйінді қалып отыр. Ауыл шаруашылығының кемел химиялануы және жапон шаруасының еңбекқорлығы біршама мол өнім алуға мүмкіндік береді. Түсімі жөнінен басымы − күріш, бұдан соң соя, көкөністер келеді. Жапония балық аулау жөнінде дүние жүзінде алда, сонымен қатар ішкі су көздерінде балық өсіру және «теңіз плантацияларында» моллюскілер өсіру шаруашылығын дамытып отыр. Осының өзінде ел ауыл шаруашылығы өнімдерін, әсіресе астық пен мал жемін көп импорттайтын ел болған күйінде қалып келеді.

Көлік қатынасы. Жапония экономикасының алға басуы көлік түрлерінің жетіліп, көлік қатынасының жоғары деңгейде дамуымен тікелей байланысты болды. Қазіргі кезде Жапонияның негізгі төрт аралы арасында тоқтаусыз көлік қатынасы (темір жолдар мен тас жолдар) орнаған. Аралдар бір-бірімен алып көпірлер (Хонсю мен Сикоку) және туннельдер (Хоккайдо мен Хонсю, Хонсю мен Кюсю) жүйесі арқылы байланысқан. Хонсю мен Хоккайдо арасындағы дүние жүзіндегі ең ұзын туннель 54 км-ге созылған.

Елде әсіресе тас жолдар жүйесі күшті дамыған, олардың жиілігі (1 км2-ге 3 км) жөнімен Жапония дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін алады. Ірі қалалардың барлығы дерлік бір-бірімен жылдамдығы аса жоғары тас жолдармен байланысқан.

Темір жол көлігі экономикадағы маңызы жөнінен автокөліктен кем түспейді, оның үлесіне елдегі жолаушы тасымалының 1/3 тиесілі. Жалпы ұзындығы 20 мың км болатын темір жолдар ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктерімен жабдықталған.

Жапония темір жолдарының 1/10 бөлігін аса жүрдек «Синкансэн» экспрестері қызмет ететеін жылдамдығы жоғары жолдар құрайды.

Алғаш рет 1964 жылы Токио мен Осако аралығын ғана жалғастырған «Синкансэн» маршруты барған сайын шалғай аудандарға тарала бастады, пойыздардың жылдамдығы да артты. Қазіргі кезде сағғатына 300 км жылдамдықпен жүретін жаңа пойыздар пайдалануға берілген. Елдің сыртқы байланыстарында теңіз көлігінің маңызы зор, оның үлесіне жүк тасымалының 40%-ы тиесілі. Аса ірі порттары – Тиба, Кобэ, Нагоя, Иокогама, Осака, Китакюсю.

Жапония − техникалық тұрғыдан озық көлік елі. Ішкі тасымалдардың бәрінде автомобиль көлігі мен темір жол көлігі басты рөл атқарады. Темір жолдардың 60 % электрленген, пойыздардың орташа жылдамдығы сағатына 120 км-ден асады. Соғыстан кейінгі жылдарда әуелі Хонсю және Кюсю аралдары суасты түннельдерімен жалғастырылды, ал 1988 жылы Хонсю және Хоккайдо аралдары арасында Сангар бұғазы арқылы дүние жүзіндегі ең үлкен «Сейкан» су асты туннелі қатарға қосылды. Барлық сыртқы сауда байланыстары мен ішкі байланыстардың бір бөлігі жүк көтергіштігі жөнінен дүние жүзінде бірінші орындағы теңіз көлігімен тасылды. Жапонияда жүзден астам порт, соның ішінде дүние жүзіндегі ең ірі порттар бар. Халықаралық байланыстарда әуе көлігінің маңызы зор.

Сыртқы байланыстары. Сыртқы сауда көлемі жөнінен Жапония дүние жүзінде АҚШ пен Германиядан кейін үшінші орынды алады, оның үлесіне әлемдік экспорттың 6,8%-ы, импорттың 5,4%-ы тиесілі. Өнеркәсіптің кейбір салаларының экспортқа бағдарлануы нәтижесінде елде өндірілетін компьютер жабдықтарының, тұрмыстық электрониканың жартысынан астамы, автомобильдердің 2/5-сі, болат пен шойынның ¼-і шетке сатылады. Импортта шикізат пен машина өнімдерінің, азық-түліктің үлесі жоағры. Жапонияның негізгі сауда әріптесі – АҚШ, соған қарамастан жапон тауарларының сауда айналымында басым болуы себепті екі ел арасында сауда «жанжалы» жиі болып тұрады. Жапония көршілес Кытай, Корея Республикасымен, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен тығыз сауда байланыстарын жасайды. Жапонияны мұнаймен қамтамасыз етуде Таяу Шығыс елдерінің маңызы зор.

Жапония – дүние жүзіндегі ең ірі несие беруші және қаржы экспорттаушы ел. Оның шетелдерді тікелей қаржыландыру көлемінің 34%-ы Азия елдеріне (соның ішінде Индонезияға – 15), 27%-ы Солтүстік Америка елдеріне, 16%-ы Латын Америкасына,12%-ы Еуропаға, қалған бөлігі басқа елдерге тиесілі болады.

Қазақстанның Жапониямен қарым-қатынасы. Біраз жылдардан бері Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі Қазақстанда несие беру арқылы бірқатар жобаларды жүзеге асыра бастады. Олардың ішінде темір жол көлігінің тасымал қуатын арттыруға, Ертіс өзені үстінен көпір құрылысын салуға, Астанадағы халықаралық әуежайды қайта жөндеуден өткізуге, Батыс Қазақстанда көлік жолдары жүйесін дамытуға, Атыраудағы мұнай өңдеу зауытын күрделі жөндеуден өткізуге арналған жобалар бар. Бүгінде солардың бірқатары жүзеге асырылды да.

Жапонияның Қазақстанмен де қарым-қатынасы даму үстінде. Жапония үкіметі Қазақстанда «Семей аймағында медициналық көмек көрсетуді жақсарту», «Алматы облысының денсаулық сақтау жүйесін жақсарту», «Батыс Қазақстанның автомобиль жолдарын қалпына келтіру» жобаларын қаржыландырды. Сонымен қатар жапондар Арал теңізі мен Арал маңында экологиялық жағдайды жақсартуға, Семей қаласында Ертіс үстіндегі көпірді салуға қомақты қаржы бөлді.

 

ЕҰУ Ф 703-08-14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Төртінші басылым

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Силлабус (оқу жұмыс бағдарламасы) Басылым: төртінші

 

Орытынды

 

Жапония Ниппон, Нихон (“Күншығыс елі”) — Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхитаралдарында орналасқан мемлекет. Ел 6852 аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку,Кюсю. Жер аумағы 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы — Токио қаласы (11,9 млн.). Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония — бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синтожәне будда діндері. Жапония — конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император — “ мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі ”. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғарғы заң шығарушы орган парламент — екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных