Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәрістерге ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар




Дәрістік материалдарды толық ұғып, тиянақты меңгеру үшін Коморов, Родионова, Максаковский секілді ғалымдардың еңбектерін пайдалану керек.

 

Әдебиеттер:

1.Радионова И.А., Бунакова Т.М. Экономическая и социальная география мира. М., 2008.

2.Комаров М.П. Инфраструктура регинов мира. СПб., 2007.

3.Бабурин В.Л., Мазуров Ю.Л. Географические основы управления: курс лекций по экономической и политической географии. М., 2007.

4.Копылов В.А. География промышленности. М., 1999.

5.В.В. Вольский, И.М. Кузина. Социально-экономическая география зарубежного мира, Москва,2000.

 

 

ДӘРІС

 

Тақырып: Қытайдың экономикалық аудандары, даму ерекшеліктері.

Мақсаты: Қытайдың ішкі экономикалық аудандары мен сыртқы мемлекеттермен байланысы және Қытаймен қарым-қатынасы негізінде түсініктер мен көзқарастарын меңгеру.

1.Ішкі айырмашылықтары және экономикалық аудандары.

2. Экономикалық аудандары.

3. Шығыс аудан.

4. Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс аудан.

5. Батыс және Солтүстік-Батыс аудан.

6. Сыртқы экономикалық байланысы.

7. Қазақстанның Қытаймен қатынасы.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: округ, уездер-сомондар.

 

Ішкі айырмашылықтары. Қытайдың ішкі айырмашылықтары 23 провинцияда, 5-автономиялық ауданда, 4-орталыққа бағынатын қалаларда, 2-әкімшілік аудандарда (Сянган мен Аомынь) айқын байқалады. ҚХР-да сондай-ақ 30 автономиялық округ және 124 автономиялық уездер-сомондар бар. Мұндай айырмашылықтар болуы әртүрлі жағдайларға байланысты. Бұл біріншіден қатал табиғат жағдайларының әртүрлілігі. Тибет таулы қыратының, Тянь-Шань, Гималай, Куньлуньның биік таулы және шөлді территориялары, екіншіден халықтың этникалық әртүрлілігі және ханьцылардың мәдени ерекшеліктері, үшіншіден ел аумағының экономикалық игерілуі қатты әсерін тигізеді.

Экономикалық аудандары. ҚХР-да экономикалық аймақтарға бірнеше провинциялар кіреді.Аумағы және халқының саны бойынша әрбір аймақ шетелдік европалық мемлекеттерге теңбе-тең деп айтуға болады.

Солтүстік-Шығыс Қытай (Дунбэй, бұрынғы Маньчжурия) РФ шекаралас аудан. Бұл өңірде Қытайдың ауыр индустриялық базасы − ауыр машина жасау, металлургия, тас көмір өндіріледі. Ірі орталықтарының қатарына Шэньян − ауыр машина жасау, әскери өнеркәсіп, Аньшань, Бэньси − қара металлургия, Чансунь − автомобиль жасау, Далянь – кеме жасау, Харбин машина жасау қалалары жатады. Ауданның ауыл шаруашылығы соя өсіруге маманданған. Сонымен қатар гаолян, жүгері, тары, бидай, ал, оңтүстік аудандарында күріш өсіреді. Мал шаруашылығында шошқа шаруашылығының маңызы ерекше.

Шығыс аудан солтүстігінде Ұлы Қытай қабырғасынан басталып оңтүстігінде Наньлин жотасына дейін жағалаулары Сары және Шығыс- Қытай теңіздерімен жалғасады. Ауданда халықтың негізгі бөлігі қоныстанған. Тяньцзин қаласы қара металлургия, машина жасау, химия және тоқыма орталығы. Шаньси провинциясында тас көмір бассейні, ал Таюань қаласы қара металлургия және ауыр машина жасау орталығына жатады.

Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс аудандары ел аумағының 6-дан бір бөлігін ғана алып жатыр, минералды ресурстарға бай және кен өндіруші аудандардың қатарына жатады. Чунцин қаласында станок жасау, дизель, турбиналар, электроприборлар, металлургия жақсы дамыған.

Батыс және Солтүстік-Батыс бөлігінде халық аз қоныстанған, шекарасы Монголия, Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан, Үндістан, Непал және Мьянма елдерімен шектеседі. Қытайдың батысы мұнай мен газға бай, сондай-ақ металлургия, машина жасау және мұнай өңдеу кәсіпорындары жұмыс жасайды. Батыс Қытай бөлігі мұнай мен газға бай.

Сыртқы экономикалық байланысы. Қытай мен Азия, Африка, Латын Америкасы мемлекеттері арасындағы эконмикалық қатынасы сыртқы сауда және көмек салаларына байланысты жүзеге асады. Қытай дамушы елдермен сыртқы экономикалық байланысын қатынастардағы жаңа үлгі ретінде көрсетуге тырысады. Соңғы 20 – 25 жылда Қытай экономикасы жоғары қарқынмен дамыды. Сыртқы сауда ел экономикасының 45%-дан астамын құрайды. Негізгі сауда серіктесі – Жапония, онан кейін АҚШ пен Оңтүстік Корея.

Шетел инвестициясын тартудан Қытай АҚШ-тан кейінгі 2-орында. 1997 жылы 1 шілдеде ҚХР-ға бұрын Ұлыбритания отары болып келген Сянган (Гонконг) аралы қайтарылды. Оған арнайы әкімшілік аудан мәртебесі берілді. Сянганның қосылуы Қытай экономикасының дамуын жеделдетті. Бұл аудан дүние жүзіндегі аса ірі сауда және қаржы орталығы болып табылады. Онда әлемдегі аса ірі 100 банктің 85-інің бөлімдері орналасқан.

Қазақстанның Қытаймен қатынасы. Қазақстан мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 3 қаңтардан бастап орнады. 1992 жылы ақпанда Алматыда Қытай елшілігі, Пекинде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел арасында сауда-экономикалық мәдени, әскери байланыстар дами бастады.

Қытай Халық Республикасының XX ғасырдын соңы XXI ғасырдың басындағы сыртқы саясатын және Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынасына талдау жасау – өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. ҚХР-ның сырткы саясаты Қытайдың мыңдаған жылдар бойы жалғастырып келе жатқан дәстүрлі дипломатиялық ұстанымыныңнегізінде жаңа заманға сай үйлестірілген саясат. Қазіргі кезеңдегі ҚХР-ның халықаралық деңгейде жүргізіп отырған сыртқы саясатының басты мақсаты – өздерінің ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету негізінде мемлекетінің халықаралык беделін арттыру, елінің ішкі саяси жағдайын тұрақтандырып, әлеуметтік деңгейін жақсарту арқылы мемлекетінін жалпы қуатын нығайтуға бағытталған. ҚХР үшін бейбіт тұрақты халықаралық жағдайдың сақталуы мен ішкі өнім құнының үрдіс артып отыруы тиімді болмақ.

Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының қарым-қатынастарында мемлекеттік шекара туралы, сауда-экономика, энергоқорлар саласындағы ынтымақтастық мәселелері едәуір зерттелгендігіне қарамастан, екі мемлекеттің саяси және әскери саладағы қарым-қатынастарына, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шараларының кеңесі шеңберіндегі ынтымақтастығына назар аударуда. ХХІ ғасырда құрлық жолдарының маңызы артады деуге негіз бар.

Қытай Халық Республикасының бастамасымен «Қарақорым», «Батыс-Қытай-Батыс Еуропа» тас жолдары салынуда. Соңғысының Қазақстан территориясы арқылы өтуі елдің транзиттік маңыздылығын арттырып отыр. Кедендік одақтың құрылуы да осы жолдың үдесінен шығуда десек қателеспейміз. Өйткені батыстан-шығысқа жеткізілетін жүк ұлан-ғайыр аймақты кедергісіз өтуі қажет.

Қазақстан-Қытай арасындағы тауар айналымы 2010 жылы 20 млрд. АҚШ долларынан асты.. Осынау сауда қатынастарында «Батыс Қытай-Батыс Еуропа жолының» маңызы артпақ.

Қытай портынан шыққан кеме Еуропаға жеткенше 40 − 45 күнді алады. «Батыс Қытай − Батыс Еуропа жолы» Қытай мен Еуропа арасындағы тауарды 10-12 күнде жеткізеді деп жоспарлануда. 2010 жылдың қорытындысы бойынша Еуропа мен Қытай арасындағы тауар айналымы 500 млрд. АҚШ долларын құраған. Бұл тауардың белгілі бір бөлігі «Батыс Қытай − Батыс Еуропа жолы» арқылы тасымалданса транзиттік үлесі ретінде Қазақстанға пайдалы болмақ.

Соңғы кездері «Бейжің-Лондон темір жолын» салу жайлы да мәселелер көтеріле бастады. Сағатына 380 шақырымды бағындыратын жүрдек пойыз 17 мемлекеттің территориясынан өту арқылы Бейжіңнен Лондонға дейін 48 сағатта жетеді деп күтілуде Аталмыш екі қала арасындағы тіке қашықтық 8200 шақырымды құрайды. Ал темір жолдың ұзындығы 11000 шақырым болады деп жоспарлануда. Аталмыш темір жолы желісінің түрлі тармақтары болады деп күтілуде. Мәселен, «Бейжің-Лондон темір жолы» Бейжіңнен Сібір территориясы арқылы Астанаға, одан Мәскеу мен Петербургқа өтіп Еуропаның басты қалаларына, ең соңында Ла-Манш арқылы Лондонға дейін созылады деп күтілуде. Тағы бір тармақ - Бейжің мен Сингапурды қосатын болады. Бұл бойынша Лондон мен Сингапурдың арасын жүрдек пойыз үш күнде жүреді деп есептелуде. «Бейжің-Лондон темір жолының» тағы бір тармағы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін (Түрікменстан, Иран,Үндістан, Въетнам, Таиланд, Йемен, Бирма, Малайзия және Сингапур) байланыстырады деп жоспарлануда. Қырғызстан мен Тәжікістан жобаға қосылуға ниетті екендіктерін ресми түрде мәлімдеп те үлгерді. Темір жолдың барлық тармақтарын қосқандағы жалпы ұзындық 35,5 мың шақырымға созылады. Құрылыс жұмыстарына 100 млрд. АҚШ доллары кетеді деп жоспарлануда. Жобаны қаржыландыру алып компаниялар мен транзит елдердегі жеке секторлардан тарту көзделуде. «Бейжің-Лондон темір жолы» құрылысы 2020 немесе 2025 жылға дейін толықтай аяқталады деп күтілуде

 

Орытынды

Қытай Қазақстанның негізгі сауда әріптесі. Қазіргі таңда Қазақстан экономикасы ҚХР-ң экономикасымен тығыз байланысты, Қазақстанға келетін өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің басым көпшілігі, машиналар мен жабдықтар және электроника бұйымдары Қытайдан келеді. Қазақстанның мұнай-газ саласында Жаңажол және Құмкөл кен орындарында Қытай және Қазақстан бірлескен компаниялары жұмыс жасайды. Кейінгі жылдары экспортының 80% дайын өнімдер құрайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных