Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Халықаралық товар айырбасындағы дамушы елдердiң экономикалық сипаты.




Халықаралық еңбек бөлiсiнде шаруашылық қызметiнiң көптеген түрлерi қатысады. Соның iшiнде ең алдымен шикiзат пен дайын өнiмдер өндiрiсiн атап айту керек. Себебi, бұлар халықаралық сауданың негiзiн қалайды, сөйтiп дамушы және басқа елдер арасында экономикалық ресурстардың ауысуын қамтамасыз етедi. Дамушы елдер үшiн, әсiресе, олардың ең кедей топтары үшiн бұл қаржы-валюталық табыстың сенiмдi көзi. Дегенмен, өнеркәсiбi дамыған елдер экономикасында материал және энергия сыйымдылығының төмендеуiне байланысты халықаралық саудадағы табиғи ресурстардың ролi кему үстiнде. Мысалы, 90-жылдардың басында табиғи шикiзаттық дүниежүзiлiк экспорттағы үлесi 25% болды. Сонымен қатар дамушы елдердiң өздерiнiң арасында да дәстүрлi тауарлар үлесiнiң арасалмағы айтарлықтай өзгерiстерге ұшырап жатыр. Айталық, 80-90-жылдары дамушы елдердiң жалпы экспорты көлемiнде Африка елдерiнiң үлесi азайды. Олардың үлесi екi еседен артық, 17%-дан - 8%-ға дейiн кемiп кеттi. Керісiнше, азиялық елдердiң үлесi үнемi арту үстiнде. Шикiзатты экспорттаушы дамушы елдер қазiрдiң өзiнде дүниежүзiлiк рыноктағы позицияларын тұрақтандыру үшiн қосымша экспорттық мүмкiндiктердi шұғыл iздестiруде. Бұл орайда басты бағыт экспортты диверсификациялау болып отыр. Экспортты диверсификациялаудың мәнi шетке шығарылытын шикiзатты барынша өңдеу, ұқсату, сөйтiп дүниежүзiлiк рынокқа өнеркәсiп өнiмдерiнiң жаңа түрлерiн ұсыну.

Көптеген проблемаларға қарамастан дәстүрлi тауарлар экспортын кеңейту iсiнде дамушы елдердiң дүниежүзiлiк рыноктағы үлесi бiрте-бiрте және үздiксiз артып келедi. Мысалы, 2003 жылы дәстүрлi тауарлар экспорты 1999 жылмен салыстырғанда 2,7% -ке жеттi. Ал, 2004 жылы экспорт көлемiнiң тағы да 10%-ке өскенi белгiлi болды.

Соңғы жылдарда дамушы елдерде жиынтық экспорттық құрылымын қайта қарау процесi жүрiп жатыр. Айталық 90-жылдардың орта кезiнде дамушы елдердiң экспорттағы өнеркiсiп өнiмдерiнiң үлесi 57,7-ке жеттi. Бұл үлес тұрақты түрде өсiп келедi. 90-жылдардың ортасында дүниежүзiлiк экспортағы олардың үлесi 25% -дан асты. Өнеркәсiп өнiмдерi экспортында машиналар мен жабдықтар экспортының маңызды рол атқарғаны белгiлi. Соңғы 20 - жылда олардың экспорттағы үлесi 90 есеге дейiн жеттi.

Дамушы елдердiң жалпы көрсеткiштерiнiң сыртында жекелеген мемлекеттердiң экспорттық мүмкiндiктерi жасырын қалмас үшiн кейбiр мәлiметтердi келтiрейiк. 1999-2002 жылдары Иран, Конго, Лаос, Боливия, Парагвай сияқты елдердiң халықаралық еңбек бөлiнiсiндегi үлесi шикiзатты шетке шығару арқылы өстi. Басқа бiр елдер дүниежүзiлiк экспорттағы өз үлестерiн ұқсатушы өнеркәсiп өнiмдерiн қарқынды түрде шетке шығару нәтижесiде арттырып отыр. Осы топтағы елдердiң жетiстiктерiнiң өзi әрқилы. Айталық, алғы шепте "жаңа индустриалды елдер" келе жатса, басқалары өздерiнiң экспорттық мүмкiндiктерi көлемiн бiршама төмендетiп жiбердi. Ондай елдердiң қатарына, мысалы, Африкадағы ең iрi мемлекет Нигерия жатады. Бұл ел дүниежүзiлiк экспорттағы өз үлесiнiң кемуiне жол бередi.

Дүниежүзiлiк экономикадағы дамушы елдердiң жалпы сипаттамасына қарасақ, онда ең нашар дамушы елдер халықаралық экономикалық қатынастар жүйесiнен бiрте-бiрте ығыстырылатын жағдайға душар болуы әбден мүмкiн. Мұндай қорытындыға сауда және даму жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымы конференциясының (ЮНКТАД) 1999 жылғы баяндамасының авторлары келген. Олардың пiкiрiнше Бүкiл дүниежүзiлiк Сауда ұйымының (БСҰ) Уругвай раунды шеңберiндегi қабылданған әлемдiк сауда фактi бойынша ауыл шаруашылығы өнiмдерiн экспорттау үшiн берiлетiн субсидиялар (жәрдем ақша) қысқарды. Бұл шешiм нашар дамушы елдер үшiн күштi соққы. Себебi, астықтың, қанттың, еттiң т.б. азық-түлiктiң өзiндiк құны жоғарлайды да соған сәйкес ең кедей елдердiң жыл сайын сауда дефицитi (тапшылығы) 2008 жылға қарай 300-600 млрд.долларға түседi деген болжам бар.

Дүниежүзiлiк саудадағы шикiзат пен азық-түлiк үлесiнiң азаюы оларды өндiруге маманданудың рөлiн бiраз кемiтiп тастады. Экономикалық өсудiң шикiзаттық бағыты ендiгi уақытта тек көмекшi рөл атқаратын болды. Сондықтан, дамушы елдердiң экономикалық өсуiне қажеттi қарқын беру үшiн еңбектi көп қажет ететiн қарапайым тауарлар өндiрiсiн және оның рыногын игеруге тура келiп тұр.

Халықаралық сауданың даму тенденциясы соңғы онжылдықта әртүрлi қызмет көрсетулер рыногының маңызы мен көлемiнiң өте жедел өсiп келе жатқанын көрсетедi. Дамушы елдер бұл саладағы өз мүмкiндiктерiн толық пайдалануы қажет, ал қайсыбiрi білім¸селенi мықтап қолға алды да. Мысалы, туризмдi жандандыру, жұмысшы күшiн жалақысы төмен лас жұмыстарды iстеу үшiн экспорттау т.с.с.

Көптеген дамушы елдер үшiн туризм шетелдiк валютаны келтiретiн негiзгi арнаға айналып отыр. Египетте туризмнен түсетiн валюта өз көлемi бойынша бұл елдiң шетелдерде жұмыс iстейтiн адамдардың ақша аударуы мен шетелдiк көмек арқылы келетiн қаражаттардан кейiнгi үшiншi орында тұр. Соңғы жылдары шетелдiк туризм Туркияда да ерекше қарқын алып, жедел дамуда. Егер, соңғы жылдары дүниежүзiлiк туристiк алмасулар 4%-ке артса, Түркияда бұл көрсеткiш 8%-ға көбейдi. ұлттық экономиканың тристiк секторы жедел дамып келе жатқан дүние жүзiндегi 5 елдiң бiрi – Түркия.

Жұмысшы күшiн экспорттаудан келетiн валюталық түсiмдер бойынша ең жоғарғы қарқын (жылына 10%) дамушы елдердiң үлесiнде. Жыл сайын табыстың осы көзiнен мол пайда тауып отырған көптеген дамушы елдер еңбек ресурстарын экспорттауға әбден машықтанып алды. 80-жылдардың басынан берi жұмысшы күшiн экспорттаудың ұлттық экономикаға келтiретiн пайдасы бойынша Пәкістан бiрiншi орында келедi. Пакистан жұмысшылыарының шетелден аударатын валюталарының сомасы тауарлар мен қызмет көрсету түрлерiн экспорттаудан түсетiн валютадан 5 есе артық. Египетте бұл көрсеткiш – 40%, Мароккада – 50%, Түркияда – 60%, Үндiстанда – 80%.

Кедейлiк құрсауынан шығуға ұмтылыс дамушы елдердi экономиканың жоғары технологиялық салаларын дамытуға ынталандыруда. Ол үшiн қолайлы инвестициялық ахуал мен қажеттi инфрақұрылымдарды қалыптастыру және арнайы экономикалың аймақтар құру мәселелерi дамушы елдердiң күн тiртiбiнде тұр. Дамушы елдердiң бұл бағыттағы шаралары өздерiнiң алғашқы жемiстерiн де бере бастады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных