Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстанның дамушы елдермен экономикалық қатынастарының болашағы.




Ұлттық экономиканың дамуының, оны реформалаудың кезек күттiрмес мәселелерi Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын мейлiнше күшейтудi талап етедi. Бұл байланыстар халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң артықшылықтарын пайдалануға жетелейдi.

Қазақстанның экономикалық мүдделерiнiң күрделiлiгi және көптүрлiлiгi дүниежүзiк қоғамдастықтың даму дәрежесi әр деңгейлi елдермен экономикалық ынтымақтастықты қалыптастыруды талап етедi. Дүниежүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, әрбiр елдiң халықаралық еңбек бөлiнiсiне нақты қатысу мүмкiндiгi оның экономикасының экспортқа бейiмдiлiгiмен анықталады. Импорттық саясатта мемлекеттiң өмiр сүруiне қажет өнiмдерден өзгелерiне икемдi әкiмшiлiк-экономикалық саясат ұстану керек сияқты. Себебi, импортты ынталандыру, практика көрсетiп отырғандай ұлттық iскерлiктi дамытуға зиянын тигiзедi.

Рыноктық экономиканың за»дылықтарынан жасырынып, бұғып қалу ешкiмнiң қолынан келмейтiн iс, дегенмен шетел тауарларымен бәсекелiк күреске түсе алатындай ұлттық өндiрiстiң алғы шарттарынан жасаудың орнына оларды тұншықтыра бергеннен келер пайда жоқ. Импорттық тауарлардың кейбiр түрiне жоғары кеден бажын салу арқылы, дәл сол тауарлардың ұлттық өндiрiсiн қалыптастыруда мемлекеттiк реттеу шараларын қолдану артық болмас едi. Қазақстан экспортының тауарлық құрылымы 1996 жылы мынаны көрсеттi: 48% - астық экспорты, 32% - химия және түстi металдар экспорты 9% - сирек металдар экспорты.

Дамушы елдермен экономикалық қатынастарды қалыптастырып, жандандыруды ол елдерден халық тұтынатын тауарлар, техника мен технологияны импорттау мәселесiне де зер салу қажет. Бұл мәселенi шешу барысында өнеркәсiбi дамыған елдердiң iс-тәжiрибесiнен үйрену арты болмайды. Ең алдымен дамушы елдермен бiрлескен кәсiпорындар құру, сол себептi капиталдарды шоғырландыруды жүзеге асырған жөн. Екiншiден, импорт тепе-теңдiгiне жету бағытында Қазақстанмен сауда балансы оңды елдерден импортты балансы терiс елдерге қарай аудару да естен шықпаған дұрыс.

90-жылдардың тәжiрибесi көрсеткендей, дамушы елдерден, әсiресе "жаңа индустриалды елдермен" өнеркәсiп өнiмдерiнiң, киiмнiң, аяқ киiмнiң, күнделiктi қажет тауарлардың кең ассортиментiн алуға мүмкiндiк бар.

Дамушы елдермен экономикалық қатынастарды кеңейтуде екi жақты және көп жақты ғылыми- өндiрiстiк ынтымақтастықты дұрыс жолға қоюдың да әкелер пайдасы жоқ емес. Мұндай ынтымақтастықты ең алдымен ұлы көршiмiз Қытаймен, Түркиямен, Парсы шығанағы елдерiмен қалыптастырған дұрыс.

Дамушы елдермен экономикалық байланыстарды нығайту үшiн жүйелi әрi ғылыми дәйектi стратегиялық бағыттың бағдарламасы керек






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных