Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тест спецификациясы

Математика» пәні бойынша

«Техникалық ғылымдар және технологиялар»

Бағытындағы барлық мамандықтарға арналған

Тест спецификациясы

1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.

2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.

3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тестке «Математика» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.

 

Мазмұны Тапсырмалар саны
  Сызықты алгебра және аналитикалық геометрия  
  Екінші және үшінші ретті анықтауыштар және олардың қасиеттері. Матрицалар және оларға амалдар қолдану, матрицаның қасиеттері. Кері матрица. Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесі. Крамер ережесі. Сызықты теңдеулер жүйесін матрицалық түрде жазу және оны матрицалық тәсілмен шешу.  
  Векторлық алгебра.  
  R3- үш өлшемді кеңістік. Векторлар және оларға қолданатын сызықты амалдар. Векторлардың сызықты тәуелділігі және тәуелсіздігі. Базис. R2, R3 және Rn кеңістігіндегі декарттық координаттар жүйесі. R3-тегі скаляр және векторлық көбейтінділер. Векторлардың скаляр және векторлық көбейтіділерін координаттық түрде жазу. Векторлар арасындағы бұрыш. Үш вектордың аралас көбейтіндісі. Призма және пирамиданың көлемі.  
  R2 және R3-тегі жазықтық және түзу.  
  Жазықтықтағы түзулердің әртүрлі теңдеулері. Түзулердің арасындағы бұрыш. R3-тегі жазықтық пен түзудің әртүрлі теңдеулері, R3-тегі түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы.  
  Екінші ретті қисықтар. Екінші ретті беттер.  
  Екінші ретті қисықтардың жалпы теңдеуі. Эллипстің, гиперболаның, параболаның канондық теңдеулері. Қисықтардың геометриялық қасиеттері. Екінші ретті беттердің канондық тұлғалары (сфера, эллипсоид, параболоид, гиперболоидтар, конус, цилиндрлік беттер).  
  Бір айнымалы функциялардың дифференциалдық есептеулері.  
  Функция. Функцияның шегі. Үзіліссіздік. Функцияларды салыстыру. Шектерді есептеу. Туынды және дифференциал. Жоғарғы ретті туындылар және дифференциалдар. Анықталмағандықтарды ашу. Функцияларды және олардың графиктерін зерттеу. Дифференциалдық есептеулердің геометрияда қолданылуы (жанама, нормаль).  
  Бір айнымалы функциялардың интегралдық есептеулері.  
  Анықталмаған интеграл. Анықталмаған интегралдың негізгі қасиеттері. Негізгі интегралдар кестесі. Кейбір функцияларды интегралдау әдістері. Анықталған интеграл. Қасиеттері. Ньютон-Лейбниц формуласы. Анықталған интегралдың қолданылуы.  
  Көп айнымалы функциялар.  
  Көп айнымалы функциялардың дифференциалдануы. Бағыт бойынша туынды. Жоғарғы ретті туындылар мен дифференциалдар. Айқын емес функциялар. Көп айнымалы функциялардың экстремумының қажетті шарттары.  
  Дифференциалдық теңдеулер.  
  Дифференциалдық теңдеулердің негізгі ұғымдары. Бірінші ретті дифференциалдық теңдеулер. Айнымалылары ажыратылатын теңдеулер. Сызықтық дифференциалдық теңдеулер. Коэффициенттері тұрақты екінші ретті біртекті сызықтық дифференциалдық теңдеулер.  
  Еселі интегралдар.  
  Екі еселі интеграл. Екі еселі интегралды қайталанба интегралға келтіру.  
  Қатарлар теориясы.  
  Сандық қатарлар және оның қосындысы. Сандық қатарлардың жинақтылығының қажетті шарты. Оң таңбалы қатарлар. Салыстыру белгілері. Салыстырудың шектік белгісі. Даламбер және Коши радикалдық белгілері. Айнымалы таңбалы қатарлар. Абсолютті және шартты жинақтылық. Ауыспа таңбалы қатарлар. Лейбниц теоремасы.  
  Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны  

 

4. Тапсырма мазмұнының сипатамасы:

Тест тапсырмалары математика пәнінің іргесін құрайтын негізгі заңдылықтарды математикалық модельдер жүйесін құруға пайдалану жолындағы студенттің білім деңгейін анықтайды.

5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.

6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
уровень – Уровень А | 


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных