Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Объектілерді тұтқалары арқылы редакциялау




Объектілерді таңдаған кезде, оларды анықтайтын нүктелерде тұтқалар пайда болады (3.2-сурет). Бұл жерде арнайы Редакциялау командаларын шақырусыз таңдау керек. Тұтқалар пайда болуы үшін курсорды объектіге апарып, тышқанның сол батырмасын басып қалу керек. Тұтқалардың көмегімен объектілердің геометриялық қасиеттерін өзгертуге болады. Редакциялауды бастау үшін тұтқаның біреуін таңдап алу керек. Ол үшін тышқанның сол батырмасымен тұтқаның ішіне шерту керек. Бұдан кейін таңдалған тұтқа базалық болады. Оның түсі өзгереді немесе түгелдей бір түске боялады. Егер бірнеше тұтқаны таңдау керек болса, алдымен Shift пернесін басып тұрып, тұтқаларды бірінен соң бірін таңдау керек. Қажет болған жағдайда тұтқаны таңдауды қайтаруға болады, ол үшін Shift пернесін басып тұрып, қайтадан сол тұтқаны шертіп қалу керек. Енді редакциялау үшін Shift пернесін жіберіп, таңдалған тұтқаны ішіне шертіп қалу керек. Командалық жолда келесі хабар шығады: STRETCH Specify stretch point of [Base point/Copy/Undo/exit]: РАСТЯНУТЬ (Точка растягивания или [Базовая точка/Копировать/ Отменить/Выход]:) Бұл хабар бастапқы команда РАСТЯНУТЬ(СОЗУ) екенін айтады және басқа опцияларды таңдауға ұсыныс жасайды. Тұтқалар арқылы редакциялау режимінен шығу үшін екі рет ESC пернесін басу керек. 3.3-суретте кесіндінің 1 төбесі орнында қалап, 2 нүктесін 3 нүктесіне ауыстырып, кесіндіні тұтқаның көмегімен редакциялау мысалы көрсетілген. Ол үшін алдымен кесіндіні таңдаймыз. Содан соң 2 нүктесіне шертіп, оны базалық етіп аламыз. Содан кейін белгіленген тұтқаны 3 нүктесіне алып барып, тұтқаны шертіп қаламыз. Кесінді жаңа орнына келеді. Екі рет Esc пернесін басып, командадан шығамыз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных