Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Объектілердің көшірмесін жасау. Объектілердің айналы кескіні.




Копируй (Copy) командасын құлама мәзірдің Редактирование (Modify) бөлімінен немесе аспаптар панеліндегі пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Командалық жолда келесі хабар жазылады: Command: _copy Содан соң компьютер көшірмесі алынатын объектілерді нұсқауды сұрайды: Select objects:(Объектілерді таңдаңыз:) Тышқанның сол кнопкасын басу арқылы объектіні белгілейміз. Егер бірнеше объектіден көшірме жасау керек болса, оларды рамкаға алып бәрін белгілейді. Содан соң Enter пернесін басу арқылы объектілерді белгілеуді аяқтаймыз. Содан соң компьютер сұрайды: Specify base point or displacement, or [Multiple]: (Задайте базовую точку или перемещение, или [Несколько]:) (Базалық нүктені беріңіз немесе көшіру, немесе [Бірнеше]:) Базалық нүктенің параметрін немесе көшіруді (жылжыту) координаттары арқылы беруге болады. Дәлдік үшін объектідегі базалық нүктені таңдағанда объектілік байлауды пайдалану керек. Несколько [Multiple] параметрі бір немесе бірнеше объектінің кез-келген мөлшерде көшірмесін жасауға мүмкіндік береді. Екі немесе бірнеше көшірме жасау үшін командалық жолда m әрпін жазамыз. 3.5-суретте көшірме объектісі – шеңбер. Базалық нүктесі – шеңбердің центрі. Specify second point of displacement or: (Задайте вторую точку или:) (Екінші нүктені көрсетіңіз немесе:) Объектінің көшірмесін орнату үшін екінші нүктені курсордың және объектілік байлауды пайдаланып нұсқауға болады, немесе пернетақтада координаттарын енгізу арқылы. Суретте екінші нүктелер осьтік сызықтардың қиылысын объектілік байлау көмегімен көрсетілген.

3.5. Объектілердің айналы кескіні Объектілердің айналы көшірмесін салу үшін Зеркало (Mirror) командасын қолданады (3.6-сурет). Зеркало (Mirror) командасын құлама мәзірдің Редактирование (Modify) бөлімінен немесе аспаптар панеліндегі пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Командалық жолда келесі хабар пайда болады: Command: _mirror Содан соң компьютер айналы көшірмесін жасау керек объектіні белгілеуді ұсынады: Select objects: Specify opposite corner: 6 found Тышқанның сол кнопкасын басу арқылы объектіні белгілейміз. Егер бірнеше объектіні белгілеу керек болса, курсордың көмегімен рамкаға алып, белгілейміз. Белгілеуді Enter пернесін басу арқылы аяқтаймыз. Содан соң компьютер симметрия осінің бірінші және екінші нүктесін көрсетуді ұсынады. Суретте симметрия осі қызылмен көрсетілген. Specify first point of mirror line: (Симметрия осінің бірінші нүктесін нұсқаңыз:) Specify second point of mirror line: (Симметрия осінің екінші нүктесін нұсқаңыз:). Объектілік байлаудың көмегімен осьтік сызықтың ұштарын көрсетесіз. Delete source objects? [Yes/No]: Бастапқы объектіні жою керек пе деген сұраққа жоқ деп жауап беру керек, яғни пернетақтадан N әрпін басасыз. Enter пернесін басқаннан кейін AutoCAD команданы аяқтайды, мониторда бастапқы объектінің айналы көшірмесі пайда болады.

Массив жасау.

Массив (Array) командасы тік бұрышты немесе дөңгелек массивтер жасауға мүмкіндік береді. Массив (Аrray) командасын құлама мәзірдің Редактирование (Modify) бөлімінен немесе аспаптар тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Команданы шақырған кезде экранда диалогтық терезе пайда болады (3.7 сурет). Егер тік бұрышты массив жасау керек болса, массивтің Rectangular (Прямоугольный массив) түрін қабылдаймыз. Содан соң көбейтілетін объектіні таңдаймыз. Ол үшін Выбор объектов деген сөздің қасындағы батырманы басамыз. Объектілерді таңдағаннан кейін, Enter батырмасын басамыз немесе тышқанның оң батырмасын шертеміз. Содан соң қатарлар мен бағандардың сандарын енгіземіз. Қатарлардың арасындағы қашықтықты, одан соң бағандар арасындағы қашықтықты енгіземіз. Қажет болған жағдайда бұрылу бұрышын енгізуге болады. Диалогтық терезенің барлық сұрақтарына жауап бергенде, оның оң жақ бөлігінде нәтиженің кескіні көрсетіледі. Егер нәтиже дұрыс болса, ОК батырмасын басамыз. Экранда берілген объектіден массивтің жасалғанын көреміз. Тік бұрышты массивтің мысалы 3.8-суретте көрсетілген. Егер дөңгелек массив жасау керек болса, массивтің Polar (Круговой массив) түрін қабылдаймыз. Сонда диалогтық терезе 3.9-суреттегідей болады. Содан соң көбейтілетін объектіні таңдаймыз. Объектілерді таңдағаннан кейін, Enter батырмасын басамыз немесе тышқанның оң батырмасын шертеміз. Содан соң массив центрін енгіземіз. Оны координаталармен немесе сызбада нұсқау арқылы енгіземіз. Содан соң массив элементтерінің санын енгіземіз. Толтыру бұрышы енгіземіз. Диалогтық терезенің барлық сұрақтарына жауап берген кезде терезенің оң бөлігінде массивтің алдын-ала көрінісі бейнеленеді. Егер нәтижемен келісетін болсақ, ОК батырмасын басамыз. Дөңгелек массивтің мысалы 3.10-суретте көрсетілген.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных