Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сас объектілерді жасау. Объектілерді бұру.




Подобие (Оffset) командасының көмегімен сызбадағы объектіге ұқсас және одан белгілі бір қашықтықта орналасқан объектілерді салуға болады. Бұл жерде ұқсас объектіні салу деп отырғанымыз объектінің нормалі бойымен белгілі бір қашықтыққа объектінің сызықтарының ығысуын айтамыз. Подобие (Offset) командасын РЕДАКТИРОВАНИЕ құлама мәзірінен немесе аспаптар тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Командалық жолда келесі хабар шығады: Command: _offset Әрі қарай жүйе ығысу өлшемін енгізуді сұрайды. Жүйеде бастапқы орнатылған өлшем 1 мм-ге тең болады. 3.11, 3.12суреттерде ұқсас объектілердің арасы 15 мм-ден болады. Сондықтан командалық жолда 15 санын енгіземіз: Specify offset distance or [Through] (Введите величину смещения или [Точка]: 15 Содан соң AutoCAD келесі сұрау қояды: Select object to offset or (Выберите объект для создания подобных или): Бұл сұрауға жауап ретінде берілген объектіні нұсқау керек. Specify point on side to offset: (Укажите точку определяющую сторону смещения:) Содан соң берілген объектінің қай жағына жаңа объектіні түсіру керек болса, сол жағында кез-келген нүктені нұсқау керек. AutoCAD келесі сұрақты қояды: Select object to offset or: (Выберите объект для создания подобных или): Егер қажет болса процесті әрі қарай жалғастыруға болады. Егер қажетті объектілерді салып болсаңыз, ENTER пернесін басып, командадан шығасыз. Ығысу өлшемін командалық жолға жазып немесе курсормен экранда екі нүктені белгілеу арқылы енгізуге болады. Бұл екі нүктенің арасындағы қашықтықты жүйе ығысу өлшемі ретінде қабылдайды. Егер ұқсас объектіні сызбада берілген бір нүкте арқылы өтетіндей салу керек болса, Точка [Through] опциясын таңдау керек. Сонда AutoCAD келесі хабарды жазады: Select object to offset or: (Выберите объект для создания подобных или): Объектіні таңдау керек. Specify through point:(через точку:) Жаңа ұқсас объект өтетін нүктені нұсқау керек.

Объектілерді бұру Повернуть (Rotate) командасының көмегімен жүзеге асырылады. Повернуть (Rotate) командасын РЕДАКТИРОВАНИЕ құлама мәзірінен немесе аспаптар тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. 3.13-суретте объектіні 60 градус бұрышқа бұру көрсетілген. Командалық жолда келесі хабар шығады: Command: _ rotate AutoCAD командасын шақырғаннан кейін командалық жолда келесі жүйелік айнымалылар туралы хабар шығады: ANGDIR – бұрышты есептеудің оң бағыты және ANGBASE – базалық бұрыштың бағыты. (Current positiveangle in UCS: ANGDIR=counterclockwise ANGBASE=0) Бұдан кейін объектілерді таңдау ұсынылады: Select objects: Тышқанның сол батырмасын басу арқылы қажетті объектіні таңдаймыз. Егер бірнеше объектіні бұру керек болса, керекті объектілерді курсордың көмегімен рамкаға аламыз, таңдауды ENTER пернесін басу арқылы аяқтаймыз. Содан кейін AutoCAD базалық нүктені сұрайды. Оны координаталарын пернетақтадан енгізу арқылы немесе экранда курсордың көмегімен енгізуге болады. Суретте базалық нүкте ретінде объекті осінің ұшы таңдалған. Specify base point: _endp of (задайте базовую точку:) Объектіні бұру осы нүктенің төңірегінде орындалады. Содан кейін AutoCAD бұру бұрышын енгізуді сұрайды. Specify rotation angle [Reference]: (Задайте угол поворота или [опорный угол]:) Объектіні қажетті бұрышқа бұру үшін бұрыштың шамасын пернетақтадан немесе экранда тышқанның көмегімен енгізуге болады. Базалық нүктені таңдағаннан кейін курсорды қозғалтқан кезде таңдалған объектілер базалық нүктенің айналысында бұрыла бастайды. Керекті бұрышқа бұрылған кезде тышқанның сол батырмасын басып объектіні орнына бекітеміз. Бұл жерде жұмысты жеңілдету үшін объектілік байланысты, содан кейін ОРТО немесе полярлық трассалау режимдерін қолдануға болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных