Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Объектілерді бөлшектеу және бөліктеу




Объектіні құрайтын элементтерге бөлшектеу үшін Расчленить (explode) командасы қолданылады. Бөлшектегеннен кейін құрама объектілер (блоктар, полисызықтар, тік төртбұрыштар, көпбұрыштар, мультисызықтар, облыстар, үш өлшемдік торлар мен денелер) жекеленген жәй объектілерге бөлінеді. Расчленить (explode) командасын Редактирование (Modify) құлама мәзірінен немесе аспаптар тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Командалық жолда келесі хабар шығады: Command: _explode (Команда: расчленить) Әрі қарай бөлшектенетін объектіні нұсқауды ұсынады: Select objects: (Выберите объекты). 3.21-суретте бөлшектеу командасының орындалуы көрсетілген. Расчленить (explode) командасы орындалғаннан кейін дұрыс алтыбұрыш жекеленген алты бірдей кесінділерге айналады. Суретте кесіндінің бірі белгіленіп, жоғары жылжытып көрсетілген.

3.15. Объектіні бөліктеу Көптеген геометриялық тұрғызуларды орындаған кезде кесіндіні немесе доғаны бірдей бөліктерге бөлу және олардың бойында белгілі бір ұзындықта белгілеулер қажеттілігі туады. Ол үшін AutoCAD жүйесінде Поделить (divide) және Разметить (Measure) операциялары бар. Бұл операциялардың екеуі де объектіні бөліп тастамайды, тек олардың бойында арнайы объект-нүктелерді немесе блоктарды қойып шығады. Объект-нүктелерді кейін Нүкте объектілік байланысы ретінде қолдануға болады. Бөліктеуге болатын объектілер: кесінділер, доғалар, шеңберлер, эллипстер, эллипстік доғалар, полисызықтар мен сплайндар. Полисызықты бөліктеу кезінде бөліктеу объектісі ретінде полисызықтың жекелеген сегменттері емес, өзі түгелдей қабылданады. Бұл операцияларды орындау алдында AutoCAD тораптық нүктелерде қандай объектілер қойылатыны жөнінде ақпарат сұрайды. Егер бөліктеу кезінде объект-Нүктелер қолданылатын болса, онда нүктенің форматын экранда көрінетіндей етіп орнатып алу керек. Ол үшін құлама мәзірдің Формат бөлімінен Отображение точек (Point Style) бөлімін ашу керек. Экранда пайда болған диалогтық терезеде (3.22-сурет) нүктенің символын таңдап, оның өлшемін қою керек. Егер бөліктеу нүктелерінде блоктар қойылатын болса, блоктың объектімен бағытталуын анықтап алу керек. 3.24- суретте блоктың доғаны бөліктеу кезіндегі келісілген және келісілмеген бағытталуының айырмашылығы көрсетілген. Поделить (Divide) командасы объектіні ұзындығы бірдей бөліктерге бөлу үшін қолданылады. 3.22-суретте кесіндіні бірдей жеті бөлікке бөлу көрсетілген. Бұл команданы шақыру үшін Рисование (Draw) құлама мәзірінен Точка командасы таңдалады. Оның ішінде Поделить командасы шақырылады. 3.23-сурет Командалық жолда келесі хабар пайда болады: Command: divide Әрі қарай жүйе бөлінетін объектіні сұрайды: Select object to divide (Укажите объект для деления): Бөлінетін кесіндіні көрсетеміз. Одан кейін келесі сұрау болады: Enter the number of segments or [Block]: 7 Бұған жауап ретінде 2 мен 32767 сандарының аралығындағы бүтін санды енгізу керек (қарастырып отырған мысалда 7 санын енгіземіз). AutoCAD берілген объектіні қажетті сегменттер санына бөліп, тораптық нүктелерде Точка объектілерін қойып шығады. Команда өзінің жұмысын аяқтайды. Егер Блок (Block) опциясын енгізетін болсақ, AutoCAD блокты қою үшін оның атын сұрайды: Enter name of block to insert: (Введите имя блока для вставки:) Бұл жағдайда командалық жолда блоктың атын енгізу керек болады, бұл блок барлық тораптық нүктелерде қойылады. Блоктың объектіге байланысты бағытталуы келесі сұраудағы таңдауға байланысты болады: Align block with object? [Yes/No]:(Согласовать ориентацию блока с ориентацией объекта? [Да/Нет]:) Иә немесе жоқ деп жауап беріп, содан кейін қажетті бөліктер санын енгізіп, жұмысты аяқтау үшін ENTER пернесін басу керек. 3.25-суретте доғаны бес бөлікке бөлудің блоктың бағыты объектімен келісілген және келісілмеген жағдайлары көрсетілген. Разметить (measure) командасы объектіні берілген ұзындықта бөліктеп шығады. Бұл команданы шақыру үшін Рисование (Draw) құлама мәзірінен Точка командасы таңдалады. Оның ішінде Разметить командасы шақырылады. Командалық жолда келесі хабар пайда болады: Command: measure (Команда Разметить) Содан соң бөліктеу объектісін сұрайды: select object to measure:(Выберите объект для разметки:) Объектіні таңдағаннан кейін келесі сұрау болады: Specify length of segment or [Block]: (Укажите длину сегмента или [Блок]:) 30 Бұған жауап ретінде сегменттің ұзындығын енгізу керек. Оны командалық жолда енгізуге болады немесе экранда екі нүктені көрсету арқылы енгізуге болады, екі нүктенің арасындағы қашықтықты AutoCAD сегменттің ұзындығы ретінде қабылдайды. Содан соң жүйе объктіні берілген ұзындықта бөліп шығады. 3.26-суретте объектіні таңдау кезіндегі таңдау нүктесінің орналасуына байланысты бөліктеудің айырмашылығы көрсетілген. Егер Specify length of segment or [Block]: (Укажите длину сегмента или [Блок]:) сұрауына жауап ретінде Блок опциясын енгізетін болсаңыз, AutoCAD блоктың атын сұрайды. Блоктың атын енгізгеннен кейін жүйе блоктың объектіге қатысты бағытталуын сұрайды: Align block with object? [Yes/No]:(Согласовать ориентацию блока с ориентацией объекта? [Да/Нет]:). Иә немесе жоқ деп жауап беріп, содан кейін қажетті бөліктер санын енгізіп, жұмысты аяқтауүшін ENTER пернесін басу керек.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных