Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Блоктарды жасау және қою.




Блок деп AutoCAD объектілерінің бір немесе бірнеше тобын айтады, олардың ортақ бір аты болады және олар бір объект ретінде қарастырылады (75-сурет). Бұл объектілер AutoCAD-тың стандартты объектілерінен тұрады және келесі мақсаттарда қолданылады: - бөлшектердің, олардың түйіндерінің, сызбада жиі қолданылатын элементтердің кітапханасын (қажетті элементтер жиналатын орынды кітапхана деп атау қабылданған) жасау. Оларды кейін жаңа сызбаларға қоюға болады; - сызбаларды жедел және тиімді орындау үшін оларға дайын блоктарды қою. Блоктарды жылжыту, көшіру; - диск кеңістігін үнемдеу және сызба файлын кішірейту мақсаты. Блокты адресті түрде сызбадағы орындарына қою арқылы күрделі сызбаларды өңдеуді жылдамдату; - сызбаның графикалық элементтерінің мәтіндік түсініктемелерімен байланысы үшін, әр түрлі сипаттізімдерді жасау үшін. Блок жасау үшін Блок (block немесе bmake) командасы қолданылады. Блоктың базалық нүктесі болады және ол сызбада блокты қою нүктесін анықтайды. Блок жасау үшін Блок (Block) командасын қолданамыз. Оны пернетақтадан енгізуден бөлек, Рисование (Draw) құлама мәзірінен Блок/Создать (Block/Make) пунктін таңдау арқылы немесе Рисование (Draw) аспаптар панелінде пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Команданы шақырғаннан кейін экранда Описание блока (Block Definition) диалогтық терезесі пайда болады (2.60-сурет). Бұл терезеде блокқа ат қою керек. Блоктың аты 255 символға дейін болуы мүмкін. Ол әріптерден, цифрлардан, жүйемен немесе программамен басқа мақсаттарға қолданылмайтын арнайы символдардан құралуы мүмкін. DIRECT, LIGHT, AVE_RENDER, RM_SDB, SH_SPOT және OVERHEAD деген атаулар блоктың аты бола алмайды. Диалогтық терезенің жолдарын толтырғаннан кейін ОК батырмасын басамыз. Бұдан кейін бұл блок қойылған атпен компьютердің жадында сақталады. Ал енді блокты қою операциясын қарастырайық. Бұл команданы Вставить (Insert) құлама мәзірінен Блок (Block) пунктін таңдау арқылы немесе Рисование (Draw) аспаптар панелінде пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Бұл команда экранға Вставка блока диалогтық терезесін шақырады (2.61-сурет). Жүйе қойылатын блоктың атын сұрайды. Алдында жасалғанблоктың атын жазып ОК батырмасын басамыз. Енді жүйе блокты экранның кез келген жеріне қоюға дайын болады. Экранда блок жіңішке сызықтармен көрінеді, тышқанның көмегімен блоктың орнын анықтаймыз да, тышқанның сол батырмасын шертіп, блокты қажетті орынға қоямыз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных