Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сфераны, конусты салу.




AutoCAD-та конусты салу үшін арнайы CОNE командасы бар. Бұл команданы шақыру жолдары: 1. Моделирование аспаптар панелі Þ батырмасы; 2. Рисование мәзірі Þ Моделирование Þ Конус; 3. Командалық жолда Конус немесе Cоne сөзін енгізу; 4. Басқару пульті Þ 3D Make (3D построения) Þ Конус. Cоne командасының көмегімен цилиндр сияқты тік конус (4.9-сурет) салынады. Команданы шақырған кезде командалық жолда келесі сұрау шығады: Команда: _cone Specify center point for base of cone or [Elliptical]: Центр основания или [3Т/2Т/ККР/Эллиптический]: Конус табанының центрін енгізгеннен кейін, программа конус табаны шеңберінің радиусын (немесе диаметрін) сұрайды. Specify radius for base of cone or [Diameter]: Радиус основания или [Диаметр]: Радиус немесе диаметр мәнін енгізген соң, конустың биіктігін енгізу керек. Высота или [2Точки/Конечная точка оси/Радиус верхнего основания]: Specify height of cone or [Apex]: Бұл жерде конустың биіктігін немесе оның төбесінің координаталарын [Apex] енгізуге болады. Төбесінің координатасын енгізген кезде конустың биіктігін анықтап қана қоймай, конусты үшөлшемді кеңістікте қалауымызша бағыттауға болады (4.10-сурет). Cоne командасын шақырған соң, оның табанының центрін енгізбей, басқа опцияларды таңдауға болады. 3Т опциясы конус табаны шеңберінің ұзындығын және конустың базалық жазықтығын үш нүктемен анықтайды. 2Т опциясы конус табанының диаметрін екі нүктемен анықтайды. Ккр опциясы конус табанының шеңберін берілген радиуспен және екі объектіге жанама етіп салуға мүмкіндік береді. Эллиптический опциясы табаны эллипс болып келетін конус салуға мүмкіндік береді (4.11-сурет). Бұл опцияны таңдағанда алдымен эллипстің бірінші осінің шеткі нүктесін сұрайды немесе эллипс орталығын енгізуді сұрайды: Конечная точка первой оси или [Орталық]: Нүктені енгізгеннен кейін компьютердің сұрауларына жауап ретінде бірінші осьтің екінші шеткі нүктесін, содан соң екінші осьтің шеткі нүктесін енгізу керек. Одан кейін конустың биіктігін енгізіп, команданы аяқтаймыз (4.10-сурет). Жоғарыда айтылған тәсілдердің бәрінде конус биіктігін енгізетін кезде, конустың үстіңгі табанының радиусын енгізуге болады. Бұл қиық конусты салуға мүмкіндік береді (4.12-сурет).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных