Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Лемдік және қолданбалы координаталар жүйесі.




. Әлемдік және қолданбалы координаталар жүйесі

AutoCAD графикалық жүйесінде барлық геометриялық

объектілер ғаламдық тік бұрышты абсолюттік координаталар

жүйесіне байланыстырылады. Бұл жүйе әлемдік координаталар

жүйесі, МСК (Мировая система координат) деп аталады.

Жаңа сызбаны бастағанда онда әлемдік координаталар

жүйесі орнатылып тұрады. МСК осьтерінің орналасуы

әдеттегідей болып келеді: X осі көлденең орналасады және оңға

бағытталады, Y осі тік орналасады және жоғары қарай

бағытталады. Сызбаны орындау кезінде МСК орнатылған болса,

оның пиктограммасында Wсимволы болады.

Қолданушы қажет кезінде меншікті қолданбалы

координаталар жүйесін (Пользовательская система координат –

ПСК) орната алады. Қолданбалы координаталар жүйесін

қолданудың үш өлшемді объектілермен жұмыс істеу кезінде

маңызы өте зор. Кейде екі өлшемдік сызбаларда да қолданбалы

координаталар жүйесін қолданған тиімді. Екі өлшемдік сызбада

меншікті ПСК орнату үшін координаталар басы көрсетіліп,

осьтердің бұрылу бұрыштарын енгізу қажет. Бұдан кейін ПСК

басында орналасқан нүктенің координаталары 0,0 болады.

Қолданбалы координаталар жүйесін анықтау үшін AutoCAD

бірнеше параметрлер ұсынады.

ПСК-ны күйге келтіру параметрлері. Меншікті ПСК

орнату үшін Инструменты (Tools) құлама мәзірінің ішінен

Создать ПСК (New UCS) бөлімін таңдап алу керек. Оның ішінде

көптеген командаларды ұсынатын екінші деңгейдегі мәзір

ашылады

Компьютерлік графика

Осы командалар ПСКатты аспаптар панелінде

пиктограммалармен көрстетілген.

Төмендегі кестеде ПСК-ны жасайтын барлық командаларға

түсініктеме берілген.

Параметр Cипаттама

МСК (World) Ағымдық әлемдік координаталар жүйесіне

меңзейді –X осі көлденең, ал Y осі тік

орналасады.

Объект (Object) Таңдалған екі өлшемді объектінің бағытына

сәйкес жаңа ПСК орнатады. XY жазықтығы

таңдалған объектінің жазықтығымен сәйкес

болады. Координаталар басы объектінің ерекше

нүктесіне ауыстырылады (шеңбер, доға, эллипс

центрі,т.б.). Х осінің оң бағытын анықтайтын

нүкте ретінде объектінің екінші бір ерекше нүктесі

алынады.

Вид (View) Координаталар басы ағымдық ПСК-ның бастапқы

нүктесімен сәйкес болатын жаңа ПСК орнатады.

Ал осьтер ағымдық көрініске параллель

орналасады.

Начало (Origin) Бастапқы нүктесін жаңадан көрсетілген нүктеге

ауыстыру арқылы ПСК-ны жазық параллель

көшіру. Осьтердің бағыты өзгермейді.

3 (3 point) ПСК-ның орнын үш нүкте арқылы анықтайды.

Бірінші нүкте координаталар басын анықтайды,

екінші –Х осінің оң бағытын, үшінші –Y осінің оң

бағытын анықтайды.

 

Ось Z Жаңа ПСКZ осінің жаңа бағытын енгізу арқылы

жасалады. Бұл опция XY жазықтығын көлбеу

орналастыру үшін қолданылады. Алдымен жаңа

координаталар басын, содан соң Z осінің жаңа

бағытын анықтайтын нүкте координаталарын

енгізу керек.

X Координаталар жүйесін Х осінен берілген бұрышқа

бұру арқылы жаңа ПСК жасау.

Y Координаталар жүйесін Y осінен берілген бұрышқа

бұру арқылы жаңа ПСК жасау.

Z Координаталар жүйесін Z осінен берілген бұрышқа

бұру арқылы жаңа ПСК жасау.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных