Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мірфилософиясы.Шопенгауэр мен Ницше философиясындағы адам туралы мәселе.




Экзистенциализм немесе «өмір сүру философиясы» буржуазиялық философиясының иррационалистік бағыттардың біріне саналады. «Экзистенция» ұғымы экзистенциализмде ерекше роль атқарады, оның барлық философиялық қағидаларының бастапқы негізін құрады. Бірақ экзистенциализмнің бастапқы негізі материяның, заттар дүниесінің өмір сүруі емес, жеке адамның өмір сүруі, оның көңіл-күйі, сезімі, ішкі талпынысы, яғни өзінің психикалық сезім құбылыстарының жиынтығы арқылы көрінетін субъектің өмір сүруі. Міне осыдан философияның міндеті келіп шығады – болмыстың ең жалпы формаларын зерттеу емес, сыртқы дүниенің және танымның мәнін ашу. Адам өз болмысының мәнін түсіну арқылы ғана өзінен тыс сыртқы дүниеде не бар екені жайында пікір айта алады.Ницще неміс философы. Ол «өмір философиясының негізін салушы». Оған адамның жаңа нұсқасы туралы ұғым қажет болды. Ол адам өлген Тәңірінің орнын басуға тиіс еді. Ол үшін ол өз - өзіне асып түсуге тиіс. Сондықтан Ницще өз - өзінен мақсат қойған адамды құдай туралы ертегісіз өмір сүре алатын адамды «жоғары адам» (сверхчеловек) деп атаған. «Жоғары адам» бұрынғы құндылықтардың адамын артқа қалдырып, одан асып түседі. Сөйтіп барлық құқықтардың орнатылуын таза биікті құруына жүктейді.

Шопенгауэр Артур (1788-1860жж.) неміс - идалист философы. Негізгі еңбегі «Еріктілік және түсінік іспетті әлем» болып табылады. Ол дүниені ғылыми тұрғыдан түсінуге метафизикалық идеализмді қарама – қарсы қойды. Канттан санаға байланысты түсініктер ретіндегі құбылыстар идеясын алған Шопенгауэр «өзіндік заттың» танылмайтындығын жоққа шығарып, дүниенің мәні парасатсыз дүлей ерік болып табылады деп пайымдады. Оның волюнтаристік идеализмі, (Волюнтаризм – иррационализмнің формасы) дүниеге үстемдік етіп отырған ерік табиғат пен қоғамның заңдылығын және сол арқылы ғылыми танымның мүмкіндігін жояды. Ол озық реалистік өнерге қарсы күресе отырып, өмір шындығын текке шығаратын және адамдардың өмірлік мүдделеріне жат әсемдікті уағыздады. Шопенгауэр идеялық көркем шығармашылыққа көркемдік түйсіктің мақсатсыздығын, енжар пайымдауын қарсы қойды. Оның философиялық жүйесі буддизмнен алынған «нирвандардың - өмірге деген ынтаны» жоятын мүлдем енжарлықтың мистикалық мұратымен аяқталады.

Ницше неміс философы. Ол «өмір философиясының негізін салушы». Оған адамның жаңа нұсқасы туралы ұғым қажет болды. Ол адам өлген Тәңірінің орнын басуға тиіс еді. Ол үшін ол өз - өзіне асып түсуге тиіс. Сондықтан Ницше өз - өзінен мақсат қойған адамды құдай туралы ертегісіз өмір сүре алатын адамды асқан тұлға (сверхчеловек) деп атаған. Асқан тұлға бұрынғы құндылықтардың адамын артқа қалдырып, одан асып түседі. Сөйтіп барлық құқықтардың орнатылуын таза биікті құруына жүктейді. Міне, асқан тұлға дегеніміз осы биікті жүзеге асырушы қаһарман тұлға. Сөйтіп, Ницшені ұғу үшін, асқан тұлға ұғымдардың жеке болмысы мен өзара байланысында зерделегеніміз жөн.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных