Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Грамматикалық нормалардың (морфологиялық, синтаксистік) ерекшеліктерін ашыңыз.




М.Балақаев былай деп жазды: «Қазақ тілінің грамматикалық амал тәсілдері, тұлғалары, құралу тәртібі белгілі қалыпқа түсіп, жұртқа әбден дағдылы болған: сөз таптарының, сөз тұлғаларының, сөйлем құрылысының алуан түрлі бөлшектері қиюын тауып қалыптасып кетті. Грамматикалық құрылыстың сол қалпын - грамматикалық норма дейміз». Грамматикалық нормалар грамматиканың екіге бөлінуіне орай морфологиялық және синтаксистік нормалар болып екіге бөлінеді. Р.Сыздық былай дейді: «Морфология саласындағы нормалану жайын сөз еткенде кейбір жұрнақтардың активтеніп, кейбірінің сөз жасау әулеті азайып бара жатқанын айтуға болады. Мысалы, -шы, -ші жұрнағының шет елдік түбірлерге жалғануы орын алды: футболшы, гипнозшы деген адамның кәсібін, мамандығын, т.б.» Бүгінде морфологиялық нормалардың әсері жаңа аудармалар жасауда байқалады. Көптеген сөздерді жасауда ман, мен, гер, ым, ім т.с.с. жұрнақтар жиі қолданылады: оралман, кемеңгер, жазылым;

Синтаксистік нормалардың жайына келсек, мұнда тұрақталу бұрыннан жүзеге асқан. Синтаксистік нормалар сөйлем құрастыру мен сөз тіркестерін реттейді, осыған орай оны бұзып жүрген жағдай тек орыс тілінен калькалау әдісімен жасалған құрылымдар. Мысалы, я думаю деген сөйлемнің басында тұратын тіркес тікелей алынып жүр, яғни мен ойлаймын деп сөйлемді бастау орын алған. Синтаксистік норма бойынша ол тіркес, меніңше деген қыстырма сөзден басталуы керек. Синтаксистік норманың ерекшелігі туралы Р.Сыздық былай деп жазды: «Синтаксистік нормаларды ұстану өзге салалардың заңдылықтарына қарағанда әлдеқайда еркіндеу болып келеді. Синтаксис- автор стилінің көрінісі. Сондықтан синтаситік нормалардың көп түрлілігі, құбылып отыатындығы тілдік нормалардың өзіне байланысты емес, шығарма жанрына, авторына, автордың көркемдік идеалына байланысты болады». Грамматикалық нормадан ауытқулар жөнімен және жөнсіз ауытқулар болады. М.Балақаев бұл туралы былай дейді: «Мағыналық, стильдік қызметі бар ерекшеліктерді пайдалану жөнінен ауытқулар болады. Мысалы, болымсыз етістіктің келер шақ тұлғасының бірі 1-жақта –ма-й-мын... болуы - грамматикалық норма. Сонымен қатар, ол ауытқып - ман түрінде де жұмсалады : отырман, жасырман, тұрман; Ал жөнсіз ауытқулар грамматикалық норманы бұзу деп түсінген абзал. Мәселен, баратұғын дегенде тұғын диалектілік жұрнақ, сондықтан оны қолдану жөнсіз ауытқу болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных