Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






О. Балалар басылымының тілдік ерекшеліктері.




Тіл дамыту мәселесінің зерттелу жайы туралы түсінік беру.

Тіл және тіл дамыту сұрақтарына тереңірек тоқталсақ. Бұл мәселелерге байланысты көптеген ғалымдар мен зерттеушілер өздерінің еңбектерін арнаған. Тіл дамыту мәселесінің зерттелу тарихында аса елеулі орын алатын тұлғалар:

-Қазақтың дара ұстазы, ұлы перзенті – Ыбырай Алтынсарин. Алғашқы мектеп оқулықтарын жазған ғалым – Ахмет Байтұрсынов. Кезінде жәбір-жапа шегіп, сауатсыз қараңғылықта жүрген халқының көзін ашу, балаларын оқытып, білім алу үшін, “Жарғақ құлағы жастыққа тимей” еңбек еткен, мектеп ашып, оған өзі арнайы оқулық жазған ұлы ағартушы - Ыбырай Алтынсарин.

Халық арасындағы аңыз әңгімелер, қара өлең үлгілері, мақалдары автордың өзі басқа тілдерден аударған, жанынан қосқан тәлімді әңгімелер топтастырылған қазақ тіліндегі алғашқы оқу құралында Ыбырай Алтынсариннің тек тәрбиелік-дидактикалық мәселелерге ғана емес, қазақ тілінің тазалығы мен сөздігінің дұрыс қолдануына да қатты мән бергенін байқауға болады.

Ахмет Байтұрсынов өзінің «Баяншы», «Тіл жұмсар», «Қай әдіс жақсы?» атты мақала еңбектерінде тұтас сөздік әдістерінің тиімділіктері мен кемшіліктерін талдап көрсетумен бірге, оқушыларға сөз мағыналарын оқыту мәселесін тыс қалдырмады. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынов алғаш рет Орынборда басылып, 1925 жылға дейін 7 басылым жарық көрген “Оқу құралы” әліппесінде сөздіктің дыбыстары мен мағыналары арасындағы байланысты оқушыларды дыбыстарды оқытудың тиімді әдісі ретінде алған. Ахмет Байтұрсынов қалыптастырған жаттығу үлгілері мен оқыту әдістері кейінгі оқулықтар мен әдістемелік еңбектерінде одан әрі тереңдетіліп, қазіргі кезге дейін қолданылуда.

Тіл дамыту мәселелерін теориялық және практикалық тұрғыдан К.Б.Баркин, Н.М. Соколов, М.А.Рыбникова, Е.И. Тихеева өз еңбектерінде қарастырған.

Тіл дамыту мәселесіне үлес қосқандар орыс ғалымдары: П.П.Блонский, С.А. Рубинштейн, Б.Г.Ананьев, Н.И. Жинкин; қазақ ойшылдары: Т. Шонанұлы, Ж. Аймауытов,М. Жұмабаев.

Мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселелері М.Жұбанова, С.Рахметова, К.Бозжанова, Б.Баймұратова, Р.Әміров, Т.Әбдікәрімованың ғылыми-әдістемелік еңбектерінде арнайы зерттелді.

Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістерін зерттеуде Қ.Жұбанов, Г.Бегалиев, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, И.Ұйықбаев тіл дамыту, сауат ашу кезіндегі тіл дамыту жұмысының әдістерін арнайы зерттеу обьектілері ретінде таңдамаса да, өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып өткен.

Тіл дамыту – сөзі термин ретінде қазақ тіліне 1930 жылы жазылған әдістемелік еңбектерден бастап ене бастаған. Ертеректе шыққан оқулықтар мен әдістемелік құралдарда «тіл ширату..», «сөз байлығын арттыру» деп әркім өзінше пайдаланып жүрген.

1930 жылы Мұхтар Әуезов жасаған қазақ әдебиетінің мектеп бағдарламасында:

- “Оқуға жаттығу”

- “Жазу тілінде жаттығу”

- “Сөйлеу тілінде жаттығу”

деген арнайы түсініктер бере келе, тіл дамыту жұмысының жүйелілігі мен сабақтастығына баса назар аударылды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных