Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ықтық-сараптамалық мәселелердің баспасөзде көрініс табуы




Қазақтілді сараптамалық баспасөз­дің дәрмені қаншалықты?
– Сараптама жасау үшін ең алдымен заңдық кепілдік пен ақпарат алу және оны тарату бостандығының шынайы тетіктері керек. Ішкі, сыртқы және санадағы цензура атаулының бәрінен арылған абзал. Ол үшін сараптамалық жанрдың ең кең тараған түрі болып табылатын журналистік зерттеуге тоқталайық. Журналистік зерттеудің бұлжымайтын рас дерекке негізделетіндігін айтпағанның өзінде, басты ерекшелігі – мәселенің астарына терең үңіліп, оның қыр-сырын толықтай ашып көрсететіндігінде. Мысалы, үкімет орны елдегі шаруашылық нысандардың кірістеріне салынатын салық туралы заңға өзгертулер енгізуді ұсынып, оны парламент арқылы бекіттіріп алды делік. Заңға неге өзгерістер қажет болды, кімнің мүддесі көзделіп отыр, оның артында кім тұр? – дегенді қазбалап, себебін толықтай табуға зерттеу бағытталуға тиіс. Ол үшін журналист заңдағы өзгерістер бірлі-екілі компания немесе азғана топтар үшін пайдалы құқықтық ахуал қалыптастыруы ықтимал деген болжам жасап алып, оны дәлелдеуді мақсат етеді деген сөз.
Журналистік зерттеу белгілі бір мәсе­ленің өзгеше тұстары мен ұқсас­тықтарын салыстырып, мәнін анықтауды мақсат етеді. Мәселен, банктерді банкротқа ұшырату үрдіс әр сатылап, үкімет орнының шешімімен жасалып келген болса, оны тереңдеп зерттеу арқылы оған кінәлі құрылым ба, әлде, атқарушы биліктің кері әрекетінің қайталануы ма? – дегенді обьективті түрде анықтауға болады. Журналистік зерттеудің күш-қуаты – әлеуметтік төменгі топтарға, баспанасыздарға, жұмыссыздарға жанашыр болып, шынайы ақпарат берумен қатар олардың санасына сенім ұялата алатын­дығында. Осы мағынасына сай журналистік зерттеудің тақырыбы төмендегі басты факторларды өз бойында сақтайды:
– жұртшылықтың сұранысына жауап беру, қажеттілігіне сай келу;
– саяси, қоғамдық маңыздылығы жо­ғары, елдің психологиясына ықпал етер­ліктей ауқымды болу;
– адамдарға әрбір өзгерісті, жаңа бет­­бұ­рысты өзіміз жасай аламыз деген сенім тудыру.
Олай болса, журналистік зерттеудің басты обьектілері төмендегілер болмақ:
– үкімет орны;
– саяси ұйымдар;
– сыртқы қатынас;
– қарулы күштер және ұлттық қауіп­сіздік;
– ірі бизнес орындары, олигархтар;
– білім беру саласы;
– әлеуметтік қамсыздандыру.
Оның сыртында парақорлық, сыбайлас-жемқорлық секілді экономикалық мәселе­лермен тікелей байланысты істер жан-жақты қарастырылады. Журналистік зерттеу құпия қылмыстарды әшкерелеп сынағанымен, ол – сот емес, сондықтан, ешкімді айыптауға, жазалауға қақысы жоқ. Басты қызметі – белгілі бір әрекеттің салдарын, келтірген зиянын іздестіріп тауып, оны нақты деректермен дәлелдеп, жұрттың назары­на ұсыну ғана. Мәселені тиімді шешудің жолдарын журналистік зерттеу көрсетуі де мүмкін. Алайда, онысы – журналистің саяси көзқарасы емес, тек әртүрлі көздерден алын­ған ақпаратқа ғана негізделеді. Олай болса, қазақтілді баспасөздің дәрмені қаншалықты екендігін осы талап тұрғысынан қарасаңыз, бәрі белгілі болатын шығар.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных