Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Спорт тақырыбында жазатын журналист шеберлігі.




«Кезінде Сейдахмет Бердіқұлов, Қалдарбек Найманбаев сынды қаламгерлер спорт тақырыбында жиі жазатын. Мен олардың жазудағы шеберлігімен қоса, спортқа деген қызығушылығын да ерекше құрметтейтінмін. Олар әрбір жарыстың басы-қасында жүріп, соны шебер суреттеп жазушы еді.

Сонымен қатар, әйгілі ақын Сырбай Мәуленовтың да бокс десе, ішер асын жерге қоятын спортқұмар жан екенін де білем. Ол кісі тек қызығып қана қоймай, екі бірдей ұлын да боксқа берді кезінде. Ғазиз және Қасым атты ұлдары бала күнінде менің тәрбиемді көрді», – дегені бар еді. Арқалы ақындардан, белгілі жазушылардан гүрзі жұдырық иелері туады деген ой қаперімде болған емес. Бірақ жақында белгілі журналист Көсемәлі Сәттібайұлының перзенті шаршы алаңның шаңын шығарып жүргенін естігенде, біздің қазақ спорт тақырыбын әруақтанып жазып қана қоймай, сол жолға ұлдарын да баулиды екен деп қуандық.

65. Бүгінгі жаһандану дәуіріндегі БАҚ-тың рөлі.

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор.

БАҚ тұрғындардың, биліктің, бизнес пен сарапшылар қауымдастығының арасындағы делдал болуға тиіс. Сонымен қатар, БАҚ-тың осы бағытты негізге алуы аудиторияның сеніміне кіруге, ішкі проблемаларды шешуге, ақпараттың сапалы болуына ықпалын тигізеді.

66 «Айқын» газетінің ерекшеліктері, айдарлары?

«Айқын» газетінің шыға бастағанына 10 жылға жуық уақыт болыпты. Осы уақыттың ішінде Қазақстанның ақпарат кеңістігінде ӛзіндік бет-бейнесі мен кескін-келбетін, ӛрнекті үнін айшықтай білген «Айқын» бұл күнде талай оқырманның сүйікті газетіне айналды. Қазақстанда күнделікті шығатын газеттер кӛп емес, соның ішінде «Айқынның» алар орны алабӛтен. Газет осы он жылдың бедерінде бірнеше қайта құрылымдаудан ӛтті. Қандай жағдайда да ақпарат майданының бел ортасында болды.

Бұл газеттің ғұмыры туралы кӛп те, аз да айтуға болады. Бәрі ел-жұрттың көз алдында. Ӛсу жолы, ӛркендеу кезеңі халықпен бірге. Осы жылдары «Айқын» ең алдымен Тәуелсіздіктің шежіресін жазып кӛрсетуге ден қойды. Туған тіл, қазақ мемлекеті, тұғырлы Тәуелсіздік, ел мен елдік мәселелер қашанда «Айқынның» назарында болды. Бұл күнде шығармашылық ұжым әбден қалыптасып, газет редакциясы үнемі жаңғыру үдерісінен ӛтіп, ақпарат айдынында ӛзіндік қолтаңбасын айшықтады. «Айқынның» айтары да, жазары да айқын басылым. Газеттің тағдыры да адамның тағдырына ұқсас, жарыққа шығуы, қаз-қаз басуы, үлкен ӛмірге араласуы, ӛзіндік құпиясы, бірде құлдырау, бірде шарықтау кезеңі бар дегендей. «Айқын» республикалық-қоғамдық саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық кӛрген. Әлі бір мүшеліне толмаса да тоғыз жылда «Айқын» алған асулары аз емес. Ең алдымен «Айқынның» қазақ баспасӛзінде бұрын-соңды болмаған жаңа жобамен, яғни апталық газеттерден ӛзгеше, күнделікті ақпаратқа негізделіп шыққанын ауызға алған жӛн. Ал бұл бүгінгі әлемдік ӛркениеттің талабы екені даусыз. «Айқынға» дейін аптасына бес рет шығатын қазақ тілді газет тек «Егемен Қазақстан» ғана еді. Соған орай жаңа идея, жаңа дизайн туындады. Аптасына бес рет шығатын газеттің әрбір саны әуел баста алынған бір-бір асумен тең болғаны да шындық. «Айқын» газетінің бас редакторлығына белгілі журналист, ғалым-профессор Бауыржан Омаров келген соң, газеттің екінші тынысы ашылғаны анық. Жаңаша мазмұнға, тың сапаға ие болды. Кӛптеген жаңа, тұрақты айдарлар пайда болды. Кадр жағынан тың күштер қосылды. Бас редактор президенттік грантқа ие болды. 2009 жылы «Айқын» газеті «Нұр-медиа» холдингінің құрамына кірді. Партиялық газетке айналса да бұқараның мұңын мұңдап, жоғын жоқтауда мүлт кеткен жері жоқ. Тек қана «Мінбер» (бұрынғы «Ақ сӛйле») айдары бойынша қаншама мәдениет, әдебиет, қоғам қайраткерлері, әр саланың билік бұтағында отырған түрлі деңгейдегі үлкенді-кішілі басшы-қосшылар нӛмір сайын сӛз алып келеді. Мұның бәрі «Айқынның» шын мәніндегі халықтық газетке айналғанын айғақтайды.

Президенттен бастап үлкен де, кіші де оқитын басылым екенін дәлелдейді. Бейсенбі күні шығатын 32 беттік «Айқын апта» қосымшасы қызықты материалдарымен қалың оқырман сұранысын қамтамасыз етуде алдыңғы лекті бермей келеді.

Айқын» газетінің бетінде «Ақ сӛйле!», «Мінбер» деген айдарлар аясында еліміздің танымал тарихшылары да сӛз алды. Қазақ тарихының беймәлім қатпарларын ашқан, мәселеге тәуелсіздік тұғырынан қараған академик Манаш Қозыбаевтан алынған «Ел – ебелек емес, ер – кебенек емес», профессор Талас Омарбековтен алынған «Қазақтардың Қытай асуы: дақпырт пен шындық» сұхбат-мақалалары ұлттық сананы қалыптастыруға қызмет етті.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных